О внесении изменения в постановление акимата города Шымкент от 2 июня 2020 года № 319 «Об утверждении Государственного списка памятников истории и культуры местного значения города Шымкент»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата города Шымкент от 2 июня 2020 года № 319 «Об утверждении Государственного списка памятников истории и культуры местного значения города Шымкент»
- Атауы (қаз.)
- «Шымкент қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 2 маусымдағы № 319 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1486
- Қабылданған күні
- 29.06.2023
- Көрсетілген редакция
- 29.06.2023 183531_639596.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.06.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23E0018617
- ЭКБ идентификаторы
- 183531
- Редакция идентификаторы
- 183531_639596
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 18:08
0 «Шымкент қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 2 маусымдағы № 319 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Шымкент қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 02 маусымдағы № 319 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 107 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. «Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Шымкент қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігі
7 Шымкент қаласы
әкімдігінің 2023 жылғы
«29» маусымдағы
№ 1486 қаулысына
қосымша
8 Шымкент қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі
Шымкент қаласы әкімдігінің
2020 жылғы «2» маусымдағы
№ 319 қаулысына
қосымша
Шымкент қаласының жергілікті маңызы бар тарих
және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі
р/с №
Ескерткіштің атауы
Ескерткіштің түрі
Ескерткіштің орналасқан жері
1
Металлургтар сарайы 1950 ж. ортасы
қала құрылысы
және сәулет
Тұран ауданы,
1 Мамыр көшесі, 10
2
Тұрғын үй ХХ ғ. басы
қала құрылысы
және сәулет
Әл-Фараби ауданы,
А.Анаров көшесі, 22
3
Никольский шіркеуі ХХ ғ. басы
қала құрылысы
және сәулет
Әл-Фараби ауданы,
Қазыбек би көшесі, 34
4
Мектеп 1950 ж. ортасы
қала құрылысы және сәулет
Тұран ауданы,
Ш.Қалдаяқов көшесі, 12
5
Шымкент қалашығы б.з.д ІІІ-ІІ ғғ. б.з.-ХІХ ғғ.
археология
Әл-Фараби ауданы,
Әйтеке би көшесі, № 30/29
6
Оба (патшалық) І-ІV ғғ.
археология
Қаланың солтүстік бөлігі,
Д.Қонаев даңғылы мен Т.Рысқұлов көшесінің қиылысы
7
Оба қорымы (4)
б.з.д. І мың ж.
археология
Бадам өзенінің сол жағасы, Шымкент қаласынан Ташкент қаласына шығар жолда
8
Жеке оба
б.з.д. І мың ж.
археология
Бадам өзенінің сол жағасы, «Шымкентмай» АҚ қарсы бетте