Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановление акимата города Шымкент от 2 июня 2020 года № 319 «Об утверждении Государственного списка памятников истории и культуры местного значения города Шымкент»

Қаулы · № 1486 · қабылданған 29.06.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 18.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2-2020-no-319/on/2026-09-18/
Басып шығарылды 2026-09-18 · adilet.kz
О внесении изменения в постановление акимата города Шымкент от 2 июня 2020 года № 319 «Об утверждении Государственного списка памятников истории и культуры местного значения города Шымкент» Қолданыста Қаулы ·№ 1486 ·29.06.2023
29.06.2023 редакциясы
18.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.06.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в постановление акимата города Шымкент от 2 июня 2020 года № 319 «Об утверждении Государственного списка памятников истории и культуры местного значения города Шымкент»

Қолданыста Қаулы ·№ 1486 · 18.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановление акимата города Шымкент от 2 июня 2020 года № 319 «Об утверждении Государственного списка памятников истории и культуры местного значения города Шымкент»
Атауы (қаз.)
«Шымкент қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 2 маусымдағы № 319 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1486
Қабылданған күні
29.06.2023
Көрсетілген редакция
29.06.2023 183531_639596.kaz
Соңғы өзгеріс
29.06.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V23E0018617
ЭКБ идентификаторы
183531
Редакция идентификаторы
183531_639596
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 18:08

0 «Шымкент қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 2 маусымдағы № 319 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Шымкент қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 02 маусымдағы № 319 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 107 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. «Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Шымкент қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Келісілді
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігі

7 Шымкент қаласы

әкімдігінің 2023 жылғы
«29» маусымдағы
№ 1486 қаулысына
қосымша

8 Шымкент қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі

Шымкент қаласы әкімдігінің
2020 жылғы «2» маусымдағы
№ 319 қаулысына
қосымша
Шымкент қаласының жергілікті маңызы бар тарих
және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі
р/с №
Ескерткіштің атауы
Ескерткіштің түрі
Ескерткіштің орналасқан жері
1
Металлургтар сарайы 1950 ж. ортасы
қала құрылысы
және сәулет
Тұран ауданы,
1 Мамыр көшесі, 10
2
Тұрғын үй ХХ ғ. басы
қала құрылысы
және сәулет
Әл-Фараби ауданы,
А.Анаров көшесі, 22
3
Никольский шіркеуі ХХ ғ. басы
қала құрылысы
және сәулет
Әл-Фараби ауданы,
Қазыбек би көшесі, 34
4
Мектеп 1950 ж. ортасы
қала құрылысы және сәулет
Тұран ауданы,
Ш.Қалдаяқов көшесі, 12
5
Шымкент қалашығы б.з.д ІІІ-ІІ ғғ. б.з.-ХІХ ғғ.
археология
Әл-Фараби ауданы,
Әйтеке би көшесі, № 30/29
6
Оба (патшалық) І-ІV ғғ.
археология
Қаланың солтүстік бөлігі,
Д.Қонаев даңғылы мен Т.Рысқұлов көшесінің қиылысы
7
Оба қорымы (4)
б.з.д. І мың ж.
археология
Бадам өзенінің сол жағасы, Шымкент қаласынан Ташкент қаласына шығар жолда
8
Жеке оба
б.з.д. І мың ж.
археология
Бадам өзенінің сол жағасы, «Шымкентмай» АҚ қарсы бетте

Қолданыстағы