О внесении изменения в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 2 сентября 2020 года № 349 «Об утверждении Межотраслевых типовых нормативов численности работников служб охраны труда»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 2 сентября 2020 года № 349 «Об утверждении Межотраслевых типовых нормативов численности работников служб охраны труда»
- Атауы (қаз.)
- «Еңбекті қорғау қызметтерінің жұмыскерлері санының салааралық үлгілік нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 2 қыркүйектегі № 349 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 108
- Қабылданған күні
- 31.03.2022
- Көрсетілген редакция
- 31.03.2022 165887_566092.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.03.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2200027347
- ЭКБ идентификаторы
- 165887
- Редакция идентификаторы
- 165887_566092
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 02:45
0 «Еңбекті қорғау қызметтерінің жұмыскерлері санының салааралық үлгілік нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 2 қыркүйектегі № 349 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Еңбекті қорғау қызметтерінің жұмыскерлері санының салааралық үлгілік нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 2 қыркүйектегі № 349 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21164 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген еңбекті қорғау қызметтерінің жұмыскерлері санының салааралық үлгілік нормативтері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықтың ресми жариялануынан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі А.Ә. Сарбасовқа жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 Еңбекті қорғау қызметтерінің жұмыскерлері санының салааралық үлгілік нормативтері
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2022 жылғы 31 наурыздағы
№ 108
бұйрығына қосымша
Еңбекті қорғау қызметтерінің жұмыскерлері санының салааралық үлгілік нормативтері
Р/с
№
Ұйым жұмыскерлерінің орташа жылдық саны, бірлік
Сан нормативтері, бірлік
1
50-ге дейін
0,5
2
51-100
1
3
101-150
1,5
4
151-200
2
5
201-250
2,5
6
251-300
3
7
301-350
3,5
8
351-400
4
9
401-450
4,5
10
451-500
5
11
500-1000
5,5
12
1001-1500
6
13
1501-2000
6,5
14
2001-2500
7
15
2501-3000
7,5
16
3001-3500
8
17
3501-4000
8,5
18
4001-4500
9
19
4501-5000
9,5
20
5001 және одна көп
10
Ескертпе:
Бүтін емес мәні бар сан нормативтері көрсетілген шекті мәннен кем емес санды анықтайды.
0,5 мәні еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі міндетті басқа маманға жүктеуді немесе қызмет ерекшелігін ескере отырып, жеке бір маманды бекітуді білдіреді. Мәні 1,5, 2,5, 3,5, 4,5, 5,5, 6,5, 7,5, 8,5, және 9,5 жұмыс берушінің қызметтің ерекшелігін ескере отырып, қажеттілікті толығымен дөңгелектеу арқылы өз бетінше анықтау мүмкіндігін білдіреді.
Еңбекті қорғау қызметі жұмыскерлерінің саны (Ч) мына формула бойынша есептеледі:
мұндағы Ч – жұмыскерлердің саны, адам;
Фn - бір жұмыскердің бір жылдағы жұмыс уақытының пайдалы қоры. Бір жылдағы жұмыс күндерінің оның орташа ұзақтығына туындысы ретінде айқындалады.
Tн – нормаланатын жұмыстың жылдық еңбек сыйымдылығы, адам-сағ.;
Нормаланатын жұмыстардың жылдық еңбек сыйымдылығы (Тн) орындалатын жұмыстың әр түрінің көлемін ескере отырып мынадай формула бойынша айқындалады:
мұндағы Нврi – жұмыстың нақты нормаланатын түрін орындаудың уақыт нормалары, адам-сағ.;
Vi – жыл ішінде орындалатын нақты жұмыс түрінің көлемі i = 1, 2, ..., n - орындалған жұмыс түрлері.
Жұмысты орындау уақытының нормативі (Нвр) мынадай формула бойынша айқындалады:
Мұндағы Нвр – нақты бір жұмыс түрін (функцияны) орындау уақыты, адам-сағ.;
Ton – норматив бойынша белгіленген нормаланатын жұмысты орындау уақытының нормативі, адам-сағ.;
К – жұмыс орнына ұйымдық-техникалық қызмет көрсетуге, демалысқа (жұмысты орындау кезінде мәжбүрлі үзілістерді, гимнастикалық жаттығуларды қосқанда) және жеке қажеттіліктерге, сондай-ақ дайындық-қорытынды жұмыстарға кететін уақытты жедел уақыттың пайыздық қатысынан ескеретін коэффициент. Жұмыскерлердің жұмыс уақытын хронометражды қадағалауды талдау нәтижелері бойынша К жедел уақыт көлемінің 10%-ына тең болып қабылданады.