Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение маслихата от 2 сентября 2020 года № 352 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»

Ереже · № 364 · қабылданған 28.10.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2-2020-no-352-ekb-147933/on/2026-09-14/
Басып шығарылды 2026-09-14 · adilet.kz
О внесении изменений в решение маслихата от 2 сентября 2020 года № 352 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан» Күшін жойған Ереже ·№ 364 ·28.10.2020
14.11.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение маслихата от 2 сентября 2020 года № 352 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»

Күшін жойған Ереже ·№ 364 · 14.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение маслихата от 2 сентября 2020 года № 352 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
Атауы (қаз.)
Мәслихаттың 2020 жылғы 2 қыркүйектегі № 352 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
364
Қабылданған күні
28.10.2020
Көрсетілген редакция
14.11.2023 147933_666116.kaz
Соңғы өзгеріс
14.11.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20NK009527
ЭКБ идентификаторы
147933
Редакция идентификаторы
147933_666116
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 12:07

0 Мәслихаттың 2020 жылғы 2 қыркүйектегі № 352 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Мәслихаттың «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 2 қыркүйектегі № 352 шешіміне (2020 жылғы 14 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiнде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9443 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
14, 15-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
«14. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округтің әкіміне мынадай құжаттармен:
1) жеке басын куәландыратын құжатпен;
2) осы Қағидалардың 6-тармағының 4) тармақшасы екінші абзацында, 7-тармағының 5), 6) тармақшаларында көрсетілген адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтермен;
3) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актімен және/немесе құжатпен қоса өтініш береді.
15. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары ұсынылады, содан кейін құжаттардың төлнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.».

2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы