Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 октября 2020 года № 633 «Об утверждении Правил организации деятельности торговых рынков, требований к содержанию территории, оборудованию и оснащению торгового рынка»

Қаулы · № 233 · қабылданған 17.03.2023
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2-2020-no-633-ekb-179199/on/2026-09-18/
Басып шығарылды 2026-09-18 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 октября 2020 года № 633 «Об утверждении Правил организации деятельности торговых рынков, требований к содержанию территории, оборудованию и оснащению торгового рынка» Күшін жойған Қаулы ·№ 233 ·17.03.2023
12.07.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 октября 2020 года № 633 «Об утверждении Правил организации деятельности торговых рынков, требований к содержанию территории, оборудованию и оснащению торгового рынка»

Күшін жойған Қаулы ·№ 233 · 18.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 октября 2020 года № 633 «Об утверждении Правил организации деятельности торговых рынков, требований к содержанию территории, оборудованию и оснащению торгового рынка»
Атауы (қаз.)
«Сауда базарларының қызметін ұйымдастыру қағидаларын, сауда базарының аумағын күтіп-ұстауға, оны жабдықтауға және жарақтандыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 2 қазандағы № 633 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
233
Қабылданған күні
17.03.2023
Көрсетілген редакция
12.07.2023 179199_643323.kaz
Соңғы өзгеріс
12.07.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2300000233
ЭКБ идентификаторы
179199
Редакция идентификаторы
179199_643323
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 20:11

0 «Сауда базарларының қызметін ұйымдастыру қағидаларын, сауда базарының аумағын күтіп-ұстауға, оны жабдықтауға және жарақтандыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 2 қазандағы № 633 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Сауда базарларының қызметін ұйымдастыру қағидаларын, сауда базарының аумағын күтіп-ұстауға, оны жабдықтауға және жарақтандыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 2 қазандағы № 633 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2-8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Сауда базарларының қызметін ұйымдастыру қағидаларында, сауда базарының аумағын күтіп-ұстауға, оны жабдықтауға және жарақтандыруға қойылатын талаптарда:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Сауда базарларының қызметін ұйымдастыру қағидалары, сауда базарының аумағын күтіп-ұстауға, оны жабдықтауға және жарақтандыруға қойылатын талаптар (бұдан әрі – Қағидалар) «Сауда қызметiн реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 2-8-тармағына, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы», «Техникалық реттеу туралы», «Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы» заңдарына сәйкес әзiрленді және Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан сауда базарларының қызметін ұйымдастыру тәртібін, сауда базарының аумағын күтіп-ұстауға, оны жабдықтауға және жарақтандыруға қойылатын талаптарды айқындайды.
Осы Қағидалар сауда базарының барлық субъектiлерiне қолданылады.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Базарды ұйымдастырған кезде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 4 тамыздағы № ҚР ДСМ-73 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23856 болып тіркелген) бекітілген «Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының (бұдан әрі – санитариялық қағидалар), өрт қауіпсіздігі талаптары, сәулет, құрылыс, ветеринариялық, экологиялық және басқа да талаптар сақталуға тиiс.»;
10-тармақ алып тасталсын;
12-тармақ алып тасталсын;
18-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) қажет болған жағдайда сауда базарының барлық субъектілеріне танысу үшін мынадай нормативтік құқықтық актілерді қағаз немесе электрондық түрде ұсынуға тиіс:
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
«Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
осы Қағидалар;
санитариялық қағидалар.»;
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Сауда базарының меншік иесі (иегері) және (немесе) сауда объектілерін, сауда объектілеріндегі сауда орындарын, оның ішінде сауда базарларында, жалға (пайдалануға) беруші дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық міндеттемелерін орындайды.»;
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«28. Сауда қызметiнiң субъектiлерi және халықтың декреттелген тобына жататын базар жұмыскерлерi санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-131/2020 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21443 болып тіркелген) бекітілген міндетті медициналық қарап-тексерулерді жүргізу қағидалары мен мерзімділігіне және «Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өткізу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес медициналық қарап-тексеруден өтуге тиіс.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы