О внесении изменений в решение маслихата района Биржан сал от 2 февраля 2021 года № С-2/3 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в районе Биржан сал»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение маслихата района Биржан сал от 2 февраля 2021 года № С-2/3 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в районе Биржан сал»
- Атауы (қаз.)
- Біржан сал ауданы мәслихатының 2021 жылғы 2 ақпандағы № С-2/3 «Біржан сал ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- С-4/4
- Қабылданған күні
- 18.08.2023
- Көрсетілген редакция
- 15.08.2024 185224_716779.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.08.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23BJ860903
- ЭКБ идентификаторы
- 185224
- Редакция идентификаторы
- 185224_716779
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 17:16
0 Біржан сал ауданы мәслихатының 2021 жылғы 2 ақпандағы № С-2/3 «Біржан сал ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Біржан сал ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. «Біржан сал ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» Біржан сал ауданы мәслихатының 2021 жылғы 2 ақпандағы № С-2/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8353 тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
3 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 «Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20498 болып тіркелген) сәйкес есептейді.»;
4 тармағының төртінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.»;
5 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«5. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының 10 (он) пайыз мөлшерінде шекті жол берілетін деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.».