Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в совместный приказ Министра финансов Республики Казахстан от 2 апреля 2021 года № 298 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 21 апреля 2021 года № 45 «Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочных листов в области бухгалтерского учета и финансовой отчетности для организаций публичного интереса, за исключением финансовых организаций, деятельности аккредитованных профессиональных организаций бухгалтеров и аккредитованных организаций по професс

Бұйрық · № 512 · қабылданған 17.05.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2-2021-no-298-21-2021-no-45-ekb-181637/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменения в совместный приказ Министра финансов Республики Казахстан от 2 апреля 2021 года № 298 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 21 апреля 2021 года № 45 «Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочных листов в области бухгалтерского учета и финансовой отчетности для организаций публичного интереса, за исключением финансовых организаций, деятельности аккредитованных профессиональных организаций бухгалтеров и аккредитованных организаций по професс Қолданыста Бұйрық ·№ 512 ·17.05.2023
17.05.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.05.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в совместный приказ Министра финансов Республики Казахстан от 2 апреля 2021 года № 298 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 21 апреля 2021 года № 45 «Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочных листов в области бухгалтерского учета и финансовой отчетности для организаций публичного интереса, за исключением финансовых организаций, деятельности аккредитованных профессиональных организаций бухгалтеров и аккредитованных организаций по професс

Қолданыста Бұйрық ·№ 512 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в совместный приказ Министра финансов Республики Казахстан от 2 апреля 2021 года № 298 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 21 апреля 2021 года № 45 «Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочных листов в области бухгалтерского учета и финансовой отчетности для организаций публичного интереса, за исключением финансовых организаций, деятельности аккредитованных профессиональных организаций бухгалтеров и аккредитованных организаций по професс
Атауы (қаз.)
Қаржы ұйымдарын қоспағанда, жария мүдделі ұйымдар, бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымдарының және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйымдардың қызметі үшін бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 2 сәуірдегі № 298 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 21 сәуірдегі № 45 бірлескен бұйрығына
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
512
Қабылданған күні
17.05.2023
Көрсетілген редакция
17.05.2023 181637_633954.kaz
Соңғы өзгеріс
17.05.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300032531
ЭКБ идентификаторы
181637
Редакция идентификаторы
181637_633954
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 18:57

0

Қаржы ұйымдарын қоспағанда, жария мүдделі ұйымдар, бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымдарының және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйымдардың қызметі үшін бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 2 сәуірдегі № 298 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 21 сәуірдегі № 45 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫЗ:

1

1. «Қаржы ұйымдарын қоспағанда, жария мүдделі ұйымдар, бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымдарының және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйымдардың қызметі үшін бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 2 сәуірдегі № 298 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 21 сәуірдегі № 45 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22602 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бірлескен бұйрыққа 1 және 3-қосымшалар осы бірлескен бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3

3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі
комитеті

1 Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
2023 жылғы 17 мамырдағы № 71 мен
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
2023 жылғы 17 мамырдағы № 512
Бірлескен бұйрыққа
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 2 сәуірдегі № 298 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2021 жылғы 21 сәуірдегі № 45
бірлескен бұйрығына
1-қосымша
Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 141-бабына және 143-бабына және «Реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту және «Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидаларын және тексеру парақтарының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2022 жылғы 22 маусымдағы № 48 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28577 болып тіркелген) және «Тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шiлдедегi № 3 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген) сәйкес, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласында қызметті жүзеге асыратын бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелеріне жатқызу үшін әзірленді.

2 2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылды:

1 1) балл – тәуекелді есептеудің сандық өлшемі;

2 2) бақылау субъектісі (объектісі) – жария мүдделі ұйымдар (қаржы ұйымдарын қоспағанда), бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымдары және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйымдар;

3 3) болмашы бұзушылықтар – Консультативтік органда бақылау субъектісі өкілінің ұсынбау;

4 4) деректерді қалыпқа келтіру – әртүрлі шәкілдерде өлшенген мәндерді шартты түрде жалпы шәкілге келтіруді көздейтін статистикалық рәсім;

5 5) елеулі бұзушылықтар – әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқтырмайтын Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарын бұзу;

6 6) өрескел бұзушылықтар – «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартуға әкеп соқтыратын Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарын бұзу;

7 7) тексеру парағы – бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге алып келетін талаптар тізбесі;

8 8) тәуекел – бақылау субъектісінің қызметі нәтижесінде жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне салдарларының ауырлық дәрежесін ескере отырып зиян келтіру ықтималдығы;

9

9) тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі – тиісті қызмет салаларында тәуекелдің жол берілетін деңгейін қамтамасыз ете отырып, кәсіпкерлік еркіндігін шектеудің ең төменгі ықтимал дәрежесі мақсатында бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) рұқсаттама талаптарға сәйкестігін (бұдан әрі – талаптарға сәйкестігін тексеру) тексерулерді кейіннен жүзеге асыру үшін бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелері бойынша бөлу арқылы қолайсыз факторлардың туындау ықтималдығын азайтуға бағытталған, сондай-ақ нақты бақылау субъектісі (объектісі) үшін тәуекел деңгейін өзгертуге бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдау және (немесе) осындай бақылау субъектісін (объектісін) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексеруден босату процесі;

10

10) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – белгілі бір қызмет саласында тәуекел дәрежесіне байланысты және жеке бақылау субъектісіне (объектісіне) тікелей байланыссыз бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

11

11) тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары – бақылау субъектісінің тікелей қызметімен, салалық даму ерекшеліктерімен және осы дамуға әсер ететін факторлармен байланысты, бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің әртүрлі дәрежелеріне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы;

12 12) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты бақылау субъектісінің (объектісінің) қызметі нәтижелеріне байланысты бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

13 13) іріктеме жиынтық (іріктеме) – Кодекстің 143-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік бақылаудың нақты саласында бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобына жатқызылатын бағаланатын субъектілердің (объектілердің) тізбесі.

2 2-тарау. Бақылау субъектілерінің (объектілерінің) талаптарға сәйкестігін тексеру және профилактикалық бақылау жүргізу кезінде тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру тәртібі

3

3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеруді жүзеге асыру кезінде тәуекелдерді басқару мақсаттары үшін бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласында бақылау субъектілерін (объектілерін) талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеру және профилактикалық бақылау жүргізу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын объективті және субъективті өлшемшарттарды айқындау (Шешімдерді мультиөлшемшартты талдау) арқылы қалыптастырылады.

4 4. Бірінші кезеңде объективті өлшемшарттар бойынша бақылау субъектілерін (объектілерін) мынадай тәуекел дәрежелерінің біріне жатқызады:

1 1) жоғары тәуекел;

2 2) орташа тәуекел.

Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекелдің жоғары және орташа дәрежелеріне жатқызылған бақылау субъектілері (объектілері) үшін талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеру, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

5 5. Екінші кезеңде субъективті өлшемшарттар жөніндегі бақылау субъектілерін (объектілерін) мынадай тәуекел дәрежелерінің біріне жатқызады:

1 1) жоғары тәуекел;

2 2) орташа тәуекел.

Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша бақылау субъектісі (объектісі) мыналарға:

1 1) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 71-ден 100-ді қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің жоғары дәрежесіне;

2 2) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 31-ден 70-ті қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің орташа дәрежесіне жатқызылады.

6

6. Ықтимал тәуекел мен проблеманың маңыздылығына, бұзушылықтың біржолғы немесе жүйелі сипатына, әрбір ақпарат көзі бойынша бұрын қабылданған шешімдерді талдауға байланысты бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын талаптар өрескел, елеулі және болмашы бұзушылық дәрежелеріне сәйкес келеді.
Субъективті өлшемшарттарды қалыптастыру кезінде бұзушылық дәрежесі (өрескел, елеулі, болмашы) осы Өлшемшарттарға 1-қосымшаға сәйкес профилактикалық бақылау жүргізу үшін субъективті өлшемшарттарға сәйкес және осы Өлшемшарттарға 2-қосымшаға сәйкес талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеруді жүргізу үшін субъективті өлшемшарттарға сәйкес өрескел, елеулі және болмашы бұзушылықтардың белгіленген анықтамаларына сәйкес беріледі.

1 1-параграф. Тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары

7 7. Объективті өлшемшарттарды айқындау тәуекелді айқындау арқылы жүзеге асырылады.

8 8. Барлық ықтимал тәуекелдерге талдау жүргізгеннен кейін бақылау субъектілері (объектілері) тәуекелдің екі дәрежесі (жоғары және орта) бойынша бөлінеді.

9 9. Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі жоғары бақылау субъектілеріне жария мүдделі ұйымдар (қаржы ұйымдарын қоспағанда) жатады.

10 10. Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі орташа бақылау субъектілеріне бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйымдар және бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымдары жатады.

2 2-параграф. Тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары

11 11. Субъективті өлшемшарттарды айқындау мынадай кезеңдерді қолдана отырып жүзеге асырылады:

1 1) дерекқор қалыптастыру және ақпарат жинау;

2 2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау.

12 12. Дерекқор қалыптастыру және ақпарат жинау Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасын бұзатын бақылау субъектілерін (объектілерін) анықтау үшін қажет.

Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу үшін субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекелдер дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:

1 1) бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтер оның ішінде уәкілетті органға, қаржылық есептілік депозитарийін (бұдан әрі – депозитарий) пайдалана отырып, мониторинг нәтижелері;

2 2) бақылау субъектілеріне (объектілеріне) алдыңғы тексерулер мен бару арқылы профилактикалық бақылаудың нәтижелері.

Талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізу үшін субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекелдер дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:

1 1) бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтер, оның ішінде уәкілетті органға, депозитарийді пайдалана отырып, мониторинг нәтижелері;

2 2) бақылау субъектілеріне (объектілеріне) алдыңғы тексерулерің нәтижелері.

13 13. Қолда бар ақпарат көздерінің негізінде бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы уәкілетті орган талдауға және бағалауға жататын субъективті өлшемшарттар бойынша деректерді қалыптастырады.

Субъективті өлшемшарттарды талдау және бағалау ең жоғары ықтимал тәуекелі бар бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеру жүргізуді және профилактикалық бақылауды шоғырландыруға мүмкіндік береді.
Бұл ретте, талдау және бағалау кезінде нақты бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты бұрын ескерілген және пайдаланылған субъективті өлшемшарттардың деректері не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап қою мерзімі өткен деректер қолданылмайды.
Алдыңғы жүргізілген бару арқылы профилактикалық бақылаудың және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексерудің қорытындылары бойынша берілген бұзушылықтарды толық көлемде жойған бақылау субъектілеріне қатысты оларды мемлекеттік бақылаудың кезекті кезеңіне кестелер мен тізімдерді қалыптастыру кезінде енгізуге жол берілмейді.

14

14. Қолданылатын ақпарат көздерінің басымдығын негізге ала отырып, субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткішін есептеу тәртібіне сәйкес осы Өлшемшарттардың 3-тарауына сәйкес субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі.
Қолданылатын ақпарат көздерінің басымдығы және субъективті өлшемшарттар көрсеткіштерінің маңыздылығы осы Өлшемшарттарға 3, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін айқындауға арналған субъективті өлшемшарттар тізбесіне сәйкес тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында белгіленеді.
Субъективті өлшемшарттар көрсеткіштерінің маңыздылығы бойынша үлес салмағы мемлекеттік бақылаудың әрбір саласындағы бақылау субъектілерінің (объектілерінің) әрбір біртекті тобы үшін тәуекелді бағалаудағы көрсеткіштің маңыздылығына байланысты айқындалады. Субъективті өлшемшарттар көрсеткіштерінің жол берілетін мәндері Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен регламенттеледі.

3 3--параграф. Тәуекелдерді басқару

15

15. Адал бақылау субъектілерін көтермелеу және бұзушыларға бақылауды шоғырландыру қағидатын іске асыру мақсатында бақылау субъектілері (объектілері) субъективті өлшемшарттарды қолдану арқылы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарымен айқындалатын кезеңге бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексеру жүргізуден босатылады.

16

16. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда осындай негіздер көзделген болса, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына сәйкес тәуекелдерді бағалау мен талдаудың, аудиттің, сараптамалардың қолданылатын баламалы (тәуелсіз) жүйелері негізінде бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан және (немесе) талапқа сәйкестігіне тексеру жүргізуден босату мүмкін болады.

3 3-тарау. Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін есептеу тәртібі

17 17. Бақылау субъектісін тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін осы Өлшемшарттардың 3-тармағына сәйкес тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеудің мынадай тәртібі қолданылады.

Осы Өлшемшарттардың 12-тармағына сәйкес көздерден субъективті өлшемшарттар бойынша ақпарат жиналады және дерекқор қалыптастырылады.
Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін (R) есептеу автоматтандырылған режимде, алдыңғы тексерулер мен бақылау (SP) субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелеріне сәйкес бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші мен кейіннен деректер мәндерін 0-ден 100 баллға дейінгі диапозонға қалыпқа келтіре отырып, осы Өлшемшарттардың (SC) 14-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін жинақтау жолымен, депозитарийде жүзеге асырылады.
Rарал = SP + SC , мұнда
Rарал – субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші,
SР – бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші,
SC – осы Өлшемшарттардың 14-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші.
Есеп бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының әрбір бақылау субъектісі (объектісі) бойынша жүргізіледі. Бұл ретте мемлекеттік бақылаудың бір саласының бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобына жатқызылатын, бағаланатын бақылау субъектілерінің (объектілерінің) тізбесі деректерді кейіннен қалыпқа келтіру үшін іріктеу жиынтығын (іріктемені) құрайды.

18 18. Алдыңғы тексерулер мен бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша алынған деректер бойынша 0-ден 100-ге дейінгі баллмен бағаланатын бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші қалыптастырылады.

Осы Өлшемшарттардың 12-тармағында көрсетілген ақпарат көздерінің кез келгені бойынша бір өрескел бұзушылық анықталған кезде бақылау субъектісіне 100 балл тәуекел дәрежесінің көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеру немесе бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.
Өрескел бұзушылықтар анықталмаған кезде бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші елеулі және болмашы дәрежедегі бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткішпен есептеледі.
Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады.
Бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:
SРз = (SР2 х 100/SР1) х 0,7, мұнда
SРз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;
SР1 – елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;
SР2 – анықталған елеулі бұзушылықтардың саны.
Болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады.
Бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:
SРн = (SР2 х 100/SР1) х 0,3, мұнда
SРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;
SР1 – болмашы бұзушылықтардың талап етілетін саны;
SР2 – анықталған болмашы бұзушылықтардың саны.
Бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (SР) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы айқындалады:
SР = SРз + SРн, мұнда
SР – бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші;
SРз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;
SРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.
Бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің алынған мәні субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің есебіне енгізіледі.

19 19. Осы Өлшемшарттардың 14-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу 0-ден 100 балға дейінгі шәкіл бойынша жүргізіледі және мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

xi - субъективті өлшемшарт көрсеткіші,
wi - субъективті өлшем көрсеткішінің үлес салмағы xi
n – көрсеткіштер саны.
Осы Өлшемшарттардың 14-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің алынған мәні субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің есебіне енгізіледі.

20 20. R көрсеткіші бойынша субъектілер (объектілер) бойынша есептелген мәндер 0-ден 100 балға дейінгі диапазонға қалыпқа келтіріледі. Деректерді қалыпқа келтіру әрбір іріктемелі жиынтық (іріктеме) бойынша мынадай формула әдісін пайдалана отырып жүзеге асырылады:

R – бақылау жеке субъектісінің (объектісінің) субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (қорытынды);
Rmax – бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің шәкілі бойынша ең жоғарғы ықтимал мән (шәкілдің жоғарғы шекарасы);
Rmin – бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің шәкілі бойынша ең төменгі ықтимал мән (шәкілдің төменгі шекарасы);
Rарал – осы Өлшемшарттардың 17-тармағына сәйкес есептелген субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші.

1.1 Профилактикалық бақылау жүргізу үшін нормативтік құқықтық актілер талаптарының бұзылу дәрежесі

Бухгалтерлік есеп және қаржылық
есептілік саласындағы тәуекел
дәрежесін бағалау өлшемшарттарына
1 қосымша
Профилактикалық бақылау жүргізу үшін нормативтік құқықтық актілер талаптарының бұзылу дәрежесі

Талаптар
Бұзушылық дәрежесі
1. Жария мүдделі ұйымдар (қаржы ұйымдарын қоспағанда) бойынша
1
Дәйекті, бұрмаланбаған қаржылық есептiлiктi ұсыну, бухгалтерлiк есепте көрсетiлуге жататын деректердi жасырмау, сол сияқты бухгалтерлiк құжаттаманы жоймау
Өрескел
2
Қаржылық есептілікті белгіленген мерзімді бұзбай ұсыну не оны құрылтай құжаттарына сәйкес ұйымдардың құрылтайшыларына (қатысушыларына), тіркелген жері бойынша мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға, мемлекеттік бақылау органдарына дәлелді себеппен және қаржылық есептілік депозитарийіне ұсынбау
Өрескел
3
Жария мүдделі ұйымдардың бас бухгалтерінде кәсіби бухгалтер сертификатының болуы
Өрескел
4
Жария мүдделі ұйым кәсіби бухгалтер болып табылатын бас бухгалтерінің қаржылық есептілікке қол қоюы
Өрескел
5
Коммерциялық құпияны құрайтын бухгалтерлік ақпаратты оған рұқсаты бар тұлғалардың жария етпеуі
Өрескел
2. Бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымдары бойынша
1
Бухгалтерлердің кәсіби ұйымы аккредиттелген кезден бастап бір ай ішінде Консультативтік органның құрамына бухгалтерлік және (немесе) аудиторлық қызмет саласында кемінде жеті жыл жұмыс тәжірибесін, Assocіatіon of Chartered Certіfіed Accountants (ACCA) (Зэ Исоушиэйшн оф Чартерд Сертифаид Экаунтэнтс) (ЭЙСИСИЭЙ), не Certіfіed Publіc Accountant (CPA) (Сертифаид Паблик Экаунтэнт) (СИПИЭЙ) толық біліктілігін, не Dіploma іn the Іnternatіonal Fіnancіal Reportіng (DіpІFR ACCA) (Диплоумэ ин зэ Интернашнэл Файнаншл Рипортин) (ДИайпиАЙЭФАР ЭЙСИСИЭЙ) дипломының, не «аудитор» біліктілігін беру туралы біліктілік куәлігінің, не кәсіби бухгалтер сертификатының, экономика, қаржы, бухгалтерлік есеп, аудит саласындағы (ғылыми) дәрежесінің бар екенін растай отырып бір өкілді ұсыну
Болмашы
2
Өз қызметін Кәсіби бухгалтерлердің әдеп кодексіне сәйкес жүзеге асыру
Елеулі
3
Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген бір немесе бірнеше ұйымдармен өзара іс-қимыл туралы келісім жасасу
Елеулі
4
Бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымына кірген (шыққан) бухгалтерлердің, кәсіби бухгалтерлердің және бухгалтерлік ұйымдардың саны туралы есепті уәкілетті органға есепті жылдан кейінгі жылдың 15 наурызына дейінгі мерзімде ұсыну
Өрескел
5
Бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымы мүшелерінің біліктілігін арттыру туралы есепті уәкілетті органға есепті жылдан кейінгі жылдың 15 наурызына дейінгі мерзімде ұсыну
Өрескел
6
Бухгалтерлік есеп пен есептілік саласында халықаралық ұйымдармен ынтамақтастық туралы есепті уәкілетті органға есепті жылдан кейінгі жылдың 15 наурызына дейінгі мерзімде ұсыну
Өрескел
7
Бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымының жұмыс органдары құрылымының өзгеруі туралы есепті уәкілетті органға есепті жылдан кейінгі жылдың 15 наурызына дейінгі мерзімде ұсыну
Өрескел
8
Атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген, қайта ұйымдастырылған жағдайда аккредиттеу рәсімінен өту
Елеулі
9
Заңды мекенжайы өзгерген жағдайда бухгалтерлердің кәсіби ұйымының аккредиттелгені туралы куәлікті қайта ресімдеу
Елеулі
3. Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйымдар бойынша
1
«Қаржылық есеп және халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша есептілік», «Басқарушылық есеп», «Қаржы және қаржы менеджменті», «Салықтар», «Құқық (азаматтық құқық, банк ісі, сақтандыру және зейнетақы заңнамасы)», «Этика» пәндері бойынша жаңартылған емтихан модульдерінің болуы және оларды халықаралық қаржылық есептілік стандартына және Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер қолданысқа енгізілген күннен бастап тоқсан күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органға ұсыну
Елеулі
2
Кәсіби бухгалтерлерге кандидаттарды сертификаттау бағдарламалары бойынша материалдарды әзірлеу, басып шығару және тарату, емтихан процесін ұйымдастыру
Елеулі
3
Кәсіби бухгалтерлікке кандидат сертификаттаудан қабылдау үшін аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясы берген «аудитор» біліктілігін беру туралы біліктілік куәлігі бар тұлғаны қоспағанда мынадай құжаттарды:
1) пәннің (пәндердің) атауы көрсетілген өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) жоғары білімін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
4) бухгалтерлік, экономикалық, қаржылық, аудиторлық, бақылау-тексеру, есепке алу-талдау салаларында немесе жоғары, орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарындағы бухгалтерлік есеп және аудит жөніндегі ғылыми-оқытушылық жұмыс саласында кемінде соңғы үш жыл жұмыс өтілін растайтын құжаттардың нотариат немесе кадр қызметі немесе жұмыс беруші куәландырған көшірмелері;
5) адвокаттың немесе нотариустың не соттың (бар болса) біліктілік емтиханын тапсырғанын растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
6) тиісті халықаралық сертификаттардың көшірмелері (болған жағдайда);
7) жазбаша хабарлама немесе жекелеген емтихандарды тапсырғаны туралы өзге де құжат (бар болса).
Елеулі
4
Өзара іс-қимыл туралы келісім жасалған кәсіби ұйыммен бірлесіп бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау бойынша емтихандар өткізу
Елеулі
5
Уәкілетті органға бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйым таныған және берген сертификаттары туралы есепті емтихандар өткізу, танылған және берілген сертификаттар күнінен бастап, сондай-ақ емтихан модульдеріне өзгерістер енгізілген күннен бастап үш ай ішінде ұсыну
Өрескел
6
Емтихандар өткізу, танылған және берілген сертификаттар күнінен бастап, сондай-ақ емтихан модульдеріне өзгерістер енгізілген күннен бастап үш ай ішінде пәндер бойынша өткізілген емтихандар туралы және емтихан модульдерінің өзгеруі туралы есепті уәкілетті органға ұсыну
Өрескел
7
Атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген, қайта ұйымдастырылған жағдайда аккредиттеу рәсімінен өту
Елеулі
8
Заңды мекенжайы өзгерген жағдайда бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымның аккредиттелгені туралы куәлікті қайта ресімдеу
Елеулі
9
Емтихан онлайн режимінде өткізілген жағдайда комиссияның өзінің қашықтықтан веб-порталы, сондай-ақ онлайн режимінде емтихан өткізудің үздіксіз және сапалы тәртібін қамтамасыз ететін және оған тәуелсіз бақылаушылардың қол жеткізуін қамтамасыз ететін өз бағдарламасы (платформасы) болады.
Елеулі

1.2 Талаптарға сәйкестігіне тексеруді жүргізу үшін нормативтік құқықтық актілер талаптарының бұзылу дәрежесі

Бухгалтерлік есеп және қаржылық
есептілік саласындағы тәуекел
дәрежесін бағалау өлшемшарттарына
2 қосымша
Талаптарға сәйкестігіне тексеруді жүргізу үшін
нормативтік құқықтық актілер талаптарының бұзылу дәрежесі

Та­лап­тар
Бұ­зу­шы­лық дә­ре­же­сі
1. Бух­гал­тер­лер­дің ак­кре­дит­тел­ген кә­сі­би ұй­ым­да­ры бой­ын­ша
1
Кә­сі­би ұй­ым­ның құ­ра­мын­да ке­мін­де үш жүз кә­сі­би бух­гал­тер­лер­дің бо­луы
Еле­улі
2
Мы­на­дай:
1) ха­лы­қа­ра­лық қар­жы­лық есеп­ті­лік стан­дарт­та­ры бой­ын­ша;
2) бух­гал­тер­лер­дің бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­ру бой­ын­ша;
3) әдеп мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша;
4) да­у­лар­ды қа­рау бой­ын­ша жұ­мыс ор­ган­да­ры­ның бо­луы
Еле­улі
3
Өз мү­ше­ле­рі­нің бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­ру жүй­е­сі­нің бо­луы
Еле­улі
2. Бух­гал­тер­лер­ді кә­сі­би сер­ти­фи­кат­тау жө­нін­де­гі ак­кре­дит­тел­ген ұй­ым­дар бой­ын­ша
1
«Қар­жы­лық есеп және ха­лы­қа­ра­лық қар­жы­лық есеп­ті­лік стан­дарт­та­ры бой­ын­ша есеп­ті­лік», «Бас­қа­ру­шы­лық есеп», «Қар­жы және қар­жы ме­недж­мен­ті», «Са­лық­тар», «Құқық (аза­мат­тық құқық, банк ісі, сақ­тан­ды­ру және зей­не­та­қы заң­на­ма­сы)», «Эти­ка» пән­де­рі бой­ын­ша ем­ти­хан мо­дуль­де­рі­нің бо­луы және олар­ды ха­лы­қа­ра­лық қар­жы­лық есеп­ті­лік стан­дар­ты­на және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­на өзге­рі­стер қол­да­ны­сқа ен­гі­зі­л­ген күн­нен ба­стап тоқ­сан күн­тіз­бе­лік күн ішін­де уәкі­лет­ті ор­ган­ға ұсы­ну
Еле­улі
2
Ем­ти­хан нәти­же­ле­рін ба­ға­лау тәр­ті­бін­де:
1) ем­ти­хан би­лет­те­рін қа­лып­та­сты­ру қа­ғи­да­ла­ры­ның;
2) ем­ти­хан­ның нәти­же­ле­рін ба­ға­лау қа­ғи­да­ла­ры­ның;
3) ем­ти­хандық жұ­мыстар­ды код­тау/код­ты алып та­стау қа­ғи­да­ла­ры­ның бо­луы
Өрес­кел
3
Ак­кре­дит­теу ту­ра­лы ку­ә­лік бе­рі­л­ген кез­ден ба­стап ал­ты ай өт­кен соң бір неме­се бір­не­ше бух­гал­тер­лер­дің ак­кре­дит­тел­ген кә­сі­би ұй­ым­да­ры­мен өза­ра іс-қи­мыл ту­ра­лы ке­лі­сім­нің бо­луы
Еле­улі
4
Оқы­ту­ға тәу­ел­сiз ем­ти­хан жүй­есiнiң бо­луы
Еле­улі

1.3 Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін айқындауға арналған субъективті өлшемшарттар тізбесі

Бухгалтерлік есеп және қаржылық
есептілік саласындағы тәуекел
дәрежесін бағалау өлшемшарттарына
3 қосымша
Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін айқындауға арналған субъективті өлшемшарттар тізбесі
Р/с №
Субъ­ек­тив­ті өл­шем­шар­ттар көр­сет­кі­ші
Субъ­ек­тив­ті өл­шем­шарт көр­сет­кі­ші бой­ын­ша ақ­па­рат кө­зі
Ма­ңыз-ды­лы­ғы бой­ын­ша үлес сал­ма­ғы, балл (бар­лы­ғы 100 бал­л­ға дей­ін бо­луы ти­іс), wi
Шар­ттар / мән­дер, xi
1-шар­ты / мәні
1
2
3
4
5
Ба­ру ар­қы­лы про­фи­лак­ти­ка­лық ба­қы­лау үшін
1
Қар­жы­лық есеп­ті­лік­ті бел­гі­лен­ген мер­зім­ді бұ­за оты­рып, ұсы­ну не оны құ­ры­л­тай құ­жат­та­ры­на сәй­кес ұй­ым­дар­дың құ­ры­л­тай­шы­ла­ры­на (қа­ты­су­шы­ла­ры­на), тір­кел­ген же­рі бой­ын­ша мем­ле­кет­тік ста­ти­сти­ка са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган­ға, мем­ле­кет­тік ба­қы­лау ор­ган­да­ры­на дәлел­ді се­беп­пен және қар­жы­лық есеп­ті­лік де­по­зи­та­рий­іне көрi­неу анық емес қар­жы­лық есеп­тiлiк­тi ұсы­ну
Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сі (объ­ек­ті­сі) ұсы­на­тын есеп­ті­лік пен мә­лі­мет­тер мо­ни­то­рин­гі­нің нәти­же­ле­рі
100
1 факт
100%
2
Жа­рия мүд­де­лі ұй­ым­дар­дың бас бух­гал­терi ла­у­а­зы­мы­на кәс­i­би бух­гал­тер сер­ти­фи­ка­ты жоқ адам­ды та­ғай­ын­дау
Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сі (объ­ек­ті­сі) ұсы­на­тын есеп­ті­лік пен мә­лі­мет­тер мо­ни­то­рин­гі­нің нәти­же­ле­рі
Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сіне (объ­ек­ті­сіне) ба­ра оты­рып, про­фи­лак­ти-ка­лық ба­қы­лау жүр­гі­зу­дің жар­ты­жыл-дық ті­зі­міне ен­гі­зу
1 факт
100%
3
Қар­жы­лық есеп­ті­лік­ке жа­рия мүд­де­лі ұй­ым­ның кә­сі­би бух­гал­тер бо­лып та­был­май­тын бас бух­гал­те­рі­нің қол қо­юы
Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сі (объ­ек­ті­сі) ұсы­на­тын есеп­ті­лік пен мә­лі­мет­тер мо­ни­то­рин­гі­нің нәти­же­ле­рі
Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сіне (объ­ек­ті­сіне) ба­ра оты­рып, про­фи­лак­ти-ка­лық ба­қы­лау жүр­гі­зу­дің жар­ты­жыл-дық ті­зі­міне ен­гі­зу
1 факт
100%

1.4 Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін айқындауға арналған субъективті өлшемшарттар тізбесі

Бухгалтерлік есеп және қаржылық
есептілік саласындағы тәуекел
дәрежесін бағалау өлшемшарттарына
4 қосымша
Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін айқындауға арналған субъективті өлшемшарттар тізбесі
Р/с №
Субъ­ек­тив­ті өл­шем­шар­ттар көр­сет­кі­ші
Субъ­ек­тив­ті өл­шем­шарт көр­сет­кі­ші бой­ын­ша ақ­па­рат кө­зі
Ма­ңы­зды-лы­ғы бой­ын­ша үлес сал­ма­ғы, балл (бар­лы­ғы 100 бал­л­ға дей­ін бо­луы ти­іс), wi
Шар­ттар / мән­дер, xi
1-шар­ты / мәні
1
2
3
4
5
Ба­ру ар­қы­лы про­фи­лак­ти­ка­лық ба­қы­лау үшін
1
Уәкі­лет­ті ор­ган­ға есеп­ті жыл­дан кей­ін­гі жыл­дың 15 на­уры­зы­на дей­ін­гі мер­зім­де бух­гал­тер­лер­дің ак­кре­дит­тел­ген кә­сі­би ұй­ы­мы­на кір­ген (шық­қан) бух­гал­тер­лер­дің, кә­сі­би бух­гал­тер­лер­дің және бух­гал­тер­лік ұй­ым­дар­дың са­ны ту­ра­лы есеп­ті ұсын­бау
Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сі (объ­ек­ті­сі) ұсы­на­тын есеп­ті­лік пен мә­лі­мет­тер мо­ни­то­рин­гі­нің нәти­же­ле­рі
20
1 факт
100%
2
Уәкі­лет­ті ор­ган­ға есеп­ті жыл­дан кей­ін­гі жыл­дың 15 на­уры­зы­на дей­ін­гі мер­зім­де бух­гал­тер­лер­дің ак­кре­дит­тел­ген кә­сі­би ұй­ы­мы мү­ше­ле­рі­нің бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­ру ту­ра­лы есеп­ті ұсын­бау
Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сі (объ­ек­ті­сі) ұсы­на­тын есеп­ті­лік пен мә­лі­мет­тер мо­ни­то­рин­гі-нің нәти­же­ле­рі
20
1 факт
100%
3
Есеп­ті жыл­дан кей­ін­гі жыл­дың 15 ақ­па­ны­на дей­ін­гі мер­зім­де бух­гал­тер­лік есеп пен есеп­ті­лік са­ла­сын­да ха­лы­қа­ра­лық ұй­ым­дар­мен ын­та­мақ­та­стық ту­ра­лы есеп­ті ұсын­бау
Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сі (объ­ек­ті­сі) ұсы­на­тын есеп­ті­лік пен мә­лі­мет­тер мо­ни­то­рин­гі­нің нәти­же­ле­рі
20
1 факт
100%
4
Уәкі­лет­ті ор­ган­ға есеп­ті жыл­дан кей­ін­гі жыл­дың 15 на­уры­зы­на дей­ін­гі мер­зім­де бух­гал­тер­лер­дің ак­кре­дит­тел­ген кә­сіп­тік ұй­ы­мы­ның жұ­мыс ор­ган­да­ры құ­ры­лы­мы­ның өзге­руі ту­ра­лы есеп­ті ұсын­бау
Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сі (объ­ек­ті­сі) ұсы­на­тын есеп­ті­лік пен мә­лі­мет­тер мо­ни­то­рин­гі­нің нәти­же­ле­рі
20
1 факт
100%
5
Ата­уы, ұй­ым­дық-құқық­тық ны­са­ны өзгер­ген, қай­та ұй­ым­да­сты­ры­л­ған жағ­дай­да ак­кре­дит­теу рә­сі­мі­нен өт­пеу
Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сі (объ­ек­ті­сі) ұсы­на­тын есеп­ті­лік пен мә­лі­мет­тер мо­ни­то­рин­гі­нің нәти­же­ле­рі
10
1 факт
100%
6
Заң­ды ме­кен­жайы өзгер­ген жағ­дай­да бух­гал­тер­лер­дің кә­сі­би ұй­ы­мы­ның ак­кре­дит­тел­ге­ні ту­ра­лы ку­ә­лік­ті қай­та ре­сім­де­меу
Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сі (объ­ек­ті­сі) ұсы­на­тын есеп­ті­лік пен мә­лі­мет­тер мо­ни­то­рин­гі­нің нәти­же­ле­рі
10
1 факт
100%
Та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гін тек­се­ру үшін
1
Кә­сі­би ұй­ым­ның құ­ра­мын­да ке­мін­де үш жүз кә­сі­би бух­гал­тер­лер­дің бол­мауы
Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сі (объ­ек­ті­сі) ұсы­на­тын есеп­ті­лік пен мә­лі­мет­тер мо­ни­то­рин­гі­нің нәти­же­ле­рі
Та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гін тек­се­ру кесте­сіне ен­гі­зу
1 факт
100%
2
Мы­на­дай:
1) ха­лы­қа­ра­лық қар­жы­лық есеп­ті­лік стан­дарт­та­ры бой­ын­ша;
2) бух­гал­тер­лер­дің бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­ру бой­ын­ша;
3) әдеп мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша;
4) да­у­лар­ды қа­рау бой­ын­ша жұ­мыс ор­ган­да­ры­ның бол­мауы
Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сі (объ­ек­ті­сі) ұсы­на­тын есеп­ті­лік пен мә­лі­мет­тер мо­ни­то­рин­гі­нің нәти­же­ле­рі
100
1 факт
100%

1.5 Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін айқындауға арналған субъективті өлшемшарттар тізбесі

Бухгалтерлік есеп және қаржылық
есептілік саласындағы тәуекел
дәрежесін бағалау өлшемшарттарына
5 қосымша
Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін айқындауға арналған субъективті өлшемшарттар тізбесі
Р/с №
Субъ­ек­тив­ті өл­шем­шар­ттар көр­сет­кі­ші
Субъ­ек­тив­ті өл­шем­шарт көр­сет­кі­ші бой­ын­ша ақ­па­рат кө­зі
Ма­ңы­зды-лы­ғы бой­ын­ша үлес сал­ма­ғы, балл (бар­лы­ғы 100 бал­л­ға дей­ін бо­луы ти­іс), wi
Шар­ттар / мән­дер, xi
1-шар­ты / мәні
1
2
3
4
5
Ба­ру ар­қы­лы про­фи­лак­ти­ка­лық ба­қы­лау үшін
1
«Қар­жы­лық есеп және ха­лы­қа­ра­лық қар­жы­лық есеп­ті­лік стан­дарт­та­ры бой­ын­ша есеп­ті­лік», «Бас­қа­ру­шы­лық есеп», «Қар­жы және қар­жы ме­недж­мен­ті», «Са­лық­тар», «Құқық (аза­мат­тық құқық, банк ісі, сақ­тан­ды­ру және зей­не­та­қы заң­на­ма­сы)», «Эти­ка» пән­де­рі бой­ын­ша жа­ңар­ты­л­ған ем­ти­хан мо­дуль­де­рі­нің бо­луы және олар­ды ха­лы­қа­ра­лық қар­жы­лық есеп­ті­лік стан­дар­ты­на және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­на өзге­рі­стер қол­да­ны­сқа ен­гі­зі­л­ген күн­нен ба­стап тоқ­сан күн­тіз­бе­лік күн ішін­де уәкі­лет­ті ор­ган­ға ұсын­бау
Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сі (объ­ек­ті­сі) ұсы­на­тын есеп­ті­лік пен мә­лі­мет­тер мо­ни­то­рин­гі­нің нәти­же­ле­рі
50
1 факт
100%
2
Уәкі­лет­ті ор­ган­ға бух­гал­тер­лер­ді кә­сі­би сер­ти­фи­кат­тау жө­нін­де­гі ак­кре­дит­тел­ген ұй­ым та­ны­ған және бер­ген сер­ти­фи­кат­та­ры ту­ра­лы есеп­ті ем­ти­хандар өт­кі­зу, та­ны­л­ған және бе­рі­л­ген сер­ти­фи­кат­тар кү­ні­нен ба­стап, сон­дай-ақ ем­ти­хан мо­дуль­де­ріне өзге­рі­стер ен­гі­зі­л­ген күн­нен ба­стап үш ай ішін­де ұсын­бау
Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сі (объ­ек­ті­сі) ұсы­на­тын есеп­ті­лік пен мә­лі­мет­тер мо­ни­то­рин­гі­нің нәти­же­ле­рі
15
1 факт
100%
3
Ем­ти­хандар өт­кі­зу, та­ны­л­ған және бе­рі­л­ген сер­ти­фи­кат­тар кү­ні­нен ба­стап, сон­дай-ақ ем­ти­хан мо­дуль­де­ріне өзге­рі­стер ен­гі­зі­л­ген күн­нен ба­стап үш ай ішін­де пән­дер бой­ын­ша өт­кі­зі­л­ген ем­ти­хандар ту­ра­лы және ем­ти­хан мо­дуль­де­рі­нің өзге­руі ту­ра­лы есеп­ті уәкі­лет­ті ор­ган­ға ұсын­бау
Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сі (объ­ек­ті­сі) ұсы­на­тын есеп­ті­лік пен мә­лі­мет­тер мо­ни­то­рин­гі­нің нәти­же­ле­рі
15
1 факт
100%
4
Ата­уы, ұй­ым­дық-құқық­тық ны­са­ны өзгер­ген, қай­та ұй­ым­да­сты­ры­л­ған жағ­дай­да ак­кре­дит­теу рә­сі­мі­нен өт­пеу
Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сі (объ­ек­ті­сі) ұсы­на­тын есеп­ті­лік пен мә­лі­мет­тер мо­ни­то­рин­гі­нің нәти­же­ле­рі
10
1 факт
100%
5
Заң­ды ме­кен­жайы өзгер­ген жағ­дай­да бух­гал­тер­лер­ді кә­сі­би сер­ти­фи­кат­тау жө­нін­де­гі ұй­ым­ның ак­кре­дит­тел­ге­ні ту­ра­лы ку­ә­лік­ті қай­та ре­сім­де­меу
Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сі (объ­ек­ті­сі) ұсы­на­тын есеп­ті­лік пен мә­лі­мет­тер мо­ни­то­рин­гі­нің нәти­же­ле­рі
10
1 факт
100%
Та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гін тек­се­ру үшін
1
«Қар­жы­лық есеп және ха­лы­қа­ра­лық қар­жы­лық есеп­ті­лік стан­дарт­та­ры бой­ын­ша есеп­ті­лік», «Бас­қа­ру­шы­лық есеп», «Қар­жы және қар­жы ме­недж­мен­ті», «Са­лық­тар», «Құқық (аза­мат­тық құқық, банк ісі, сақ­тан­ды­ру және зей­не­та­қы заң­на­ма­сы)», «Эти­ка» пән­де­рі бой­ын­ша ем­ти­хан мо­дуль­де­рі­нің бо­луы және олар­ды ха­лы­қа­ра­лық қар­жы­лық есеп­ті­лік стан­дар­ты­на және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­на өзге­рі­стер қол­да­ны­сқа ен­гі­зі­л­ген күн­нен ба­стап тоқ­сан күн­тіз­бе­лік күн ішін­де уәкі­лет­ті ор­ган­ға ұсын­бау
Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сі (объ­ек­ті­сі) ұсы­на­тын есеп­ті­лік пен мә­лі­мет­тер мо­ни­то­рин­гі­нің нәти­же­ле­рі
Та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гін тек­се­ру кесте­сіне ен­гі­зу
1 факт
100%
2
Ем­ти­хан нәти­же­ле­рін ба­ға­лау тәр­ті­бін­де:
1) ем­ти­хан би­лет­те­рін қа­лып­та­сты­ру қа­ғи­да­ла­ры­ның;
2) ем­ти­хан­ның нәти­же­ле­рін ба­ға­лау қа­ғи­да­ла­ры­ның;
3) ем­ти­хандық жұ­мыстар­ды код­тау/код­ты алып та­стау қа­ғи­да­ла­ры­ның бол­мауы
Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сі (объ­ек­ті­сі) ұсы­на­тын есеп­ті­лік пен мә­лі­мет­тер мо­ни­то­рин­гі­нің нәти­же­ле­рі
100
1 факт
100%

2 Тексеру парағы

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
2023 жылғы 17 мамырдағы № 71 мен
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
2023 жылғы 17 мамырдағы № 512
Бірлескен бұйрыққа
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 2 сәуірдегі № 298 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2021 жылғы 21 сәуірдегі № 45
бірлескен бұйрығына
3-қосымша
Тексеру парағы
________________бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы________________
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес
____________бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымдарына_________________қатысты
бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы
Тексеруді/ бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық
бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган ___________________________________________
__________________________________________________________________________________
Тексеруді/бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық
бақылау тағайындау туралы акті______________________________________________________
күні №
__________________________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы______________________________________________
__________________________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі)
бизнес-сәйкестендіру нөмірі _________________________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы______________________________________________________

Та­лап­тар тіз­бе­сі
Та­лап­тар­ға сәй­кес ке­ле­ді
Та­лап­тар­ға сәй­кес кел­мей­ді
1
2
3
4
1
Бух­гал­тер­лер­дің кә­сі­би ұй­ы­мы ак­кре­дит­тел­ген кез­ден ба­стап бір ай ішін­де Кон­суль­та­тив­тік ор­ган­ның құ­ра­мы­на бух­гал­тер­лік және (неме­се) ауди­тор­лық қыз­мет са­ла­сын­да ке­мін­де же­ті жыл жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сін, Assocіatіon of Chartered Certіfіed Accountants (ACCA) (Зэ Ис­о­у­ши­эйшн оф Чар­терд Сер­ти­фа­ид Эка­унт­энтс) (ЭЙ­СИ­СИ­ЭЙ), не Certіfіed Publіc Accountant (CPA) (Сер­ти­фа­ид Па­б­лик Эка­унт­энт) (СИ­ПИ­ЭЙ) то­лық бі­лік­ті­лі­гін, не Dіploma іn the Іnternatіonal Fіnancіal Reportіng (DіpІFR ACCA) (Ди­пло­умэ ин зэ Ин­тер­наш­нэл Фай­нан­шл Ри­пор­тин) (ДИ­ай­пи­АЙ­ЭФАР ЭЙ­СИ­СИ­ЭЙ) ди­пло­мы­ның, не «ауди­тор» бі­лік­ті­лі­гін бе­ру ту­ра­лы бі­лік­ті­лік ку­ә­лі­гі­нің, не кә­сі­би бух­гал­тер сер­ти­фи­ка­ты­ның, эко­но­ми­ка, қар­жы, бух­гал­тер­лік есеп, аудит са­ла­сын­да­ғы (ғы­лы­ми) дә­ре­же­сі­нің бар еке­нін рас­тай оты­рып бір өкіл­ді ұсы­ну
2
Өз қыз­ме­тін Кә­сі­би бух­гал­тер­лер­дің әдеп ко­дек­сіне сәй­кес жү­зе­ге асы­ру
3
Бух­гал­тер­лер­ді кә­сі­би сер­ти­фи­кат­тау жө­нін­де­гі ак­кре­дит­тел­ген бір неме­се бір­не­ше ұй­ым­дар­мен өза­ра іс-қи­мыл ту­ра­лы ке­лі­сім жа­са­су
4
Уәкі­лет­ті ор­ган­ға есеп­ті жыл­дан кей­ін­гі жыл­дың 15 на­уры­зы­на дей­ін­гі мер­зім­де бух­гал­тер­лер­дің ак­кре­дит­тел­ген кә­сі­би ұй­ы­мы­на кір­ген (шық­қан) бух­гал­тер­лер­дің, кә­сі­би бух­гал­тер­лер­дің және бух­гал­тер­лік ұй­ым­дар­дың са­ны ту­ра­лы есеп­ті ұсы­ну
5
Уәкі­лет­ті ор­ган­ға есеп­ті жыл­дан кей­ін­гі жыл­дың 15 на­уры­зы­на дей­ін­гі мер­зім­де бух­гал­тер­лер­дің ак­кре­дит­тел­ген кә­сі­би ұй­ы­мы мү­ше­ле­рі­нің бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­ру ту­ра­лы есеп­ті ұсы­ну
6
Есеп­ті жыл­дан кей­ін­гі жыл­дың 15 ақ­па­ны­на дей­ін­гі мер­зім­де бух­гал­тер­лік есеп пен есеп­ті­лік са­ла­сын­да ха­лы­қа­ра­лық ұй­ым­дар­мен ын­та­мақ­та­стық ту­ра­лы есеп­ті ұсы­ну
7
Уәкі­лет­ті ор­ган­ға есеп­ті жыл­дан кей­ін­гі жыл­дың 15 на­уры­зы­на дей­ін­гі мер­зім­де бух­гал­тер­лер­дің ак­кре­дит­тел­ген кә­сі­би ұй­ы­мы­ның жұ­мыс ор­ган­да­ры құ­ры­лы­мы­ның өзге­руі ту­ра­лы есеп­ті ұсы­ну
8
Ата­уы, ұй­ым­дық-құқық­тық ны­са­ны өзгер­ген, қай­та ұй­ым­да­сты­ры­л­ған жағ­дай­да ак­кре­дит­теу рә­сі­мі­нен өту
9
Заң­ды ме­кен­жайы өзгер­ген жағ­дай­да бух­гал­тер­лер­дің кә­сі­би ұй­ы­мы­ның ак­кре­дит­тел­ге­ні ту­ра­лы ку­ә­лік­ті қай­та ре­сім­деу
Лауазымды адам (-дар)_________________________________ ______________
лауазымы қолы
________________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Бақылау субъектісінің басшысы___________________________ _____________
лауазымы қолы
_________________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Қолданыстағы