О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 2 ноября 2021 года № 448 «Об утверждении Методики расчета утилизационного платежа»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 2 ноября 2021 года № 448 «Об утверждении Методики расчета утилизационного платежа»
- Атауы (қаз.)
- «Кәдеге жарату төлемін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 2 қарашадағы № 448 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 138
- Қабылданған күні
- 29.04.2022
- Көрсетілген редакция
- 29.04.2022 167192_572355.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.04.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2200027845
- ЭКБ идентификаторы
- 167192
- Редакция идентификаторы
- 167192_572355
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 02:08
0 «Кәдеге жарату төлемін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің
міндетін атқарушының 2021 жылғы 2 қарашадағы № 448 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Кәдеге жарату төлемін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 2 қарашадағы № 448 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25100 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәдеге жарату төлемін есептеу әдістемесіне 4-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқаруда мемлекеттік саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСЛІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрлігі
«КЕЛІСЛІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
«КЕЛІСЛІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСЛІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
министрлігі
«КЕЛІСЛІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрлігі
0 Автокөлік құралдарына және өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасына қатысты кәдеге жарату төлемінің базалық ставкасы және коэффициенттері
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің м.а.
2022 жылғы 29 сәуірдегі
№ 138
Кәдеге жарату
төлемін есептеу әдістемесіне
4-қосымша
Автокөлік құралдарына және өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасына қатысты кәдеге жарату төлемінің базалық ставкасы және коэффициенттері
Көлік құралдарының және өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының түрлері және санаттары
Базалық мөлшерлеме
Коэффициент
1. М1 санаттағы, оның ішінде өтімділігі жоғары G санаттағы көлік құралдары, сондай-ақ квадроциклдерді, қарбалшықтажүргіш, қар жүргіштерді, мотовездеходтарды және трициклдерді қоспағанда, СЭҚ ТН 8703 кодтары тобына енгізілген өзге де қозғалыс құралдары
Гибридті күш қондырғысы бар көлік құралдарын қоспағанда, электр қозғалтқыштары бар
50 АЕК
0
Қозғалтқыштың жұмыс көлемімен:
1 000 см3-қа дейін
50 АЕК
1,5
1 001 см3-тан 2 000 см3-қа дейін
50 АЕК
3,5
2 001 см3-тан 3 000 см3-қа дейін
50 АЕК
5
3 001 см3-тан жоғары
50 АЕК
11,5
2. N1, N2, N3 санатындағы, оның ішінде G санатындағы жүріп өту мүмкіндігі жоғары көлік құралдары, сондай-ақ СЭҚ ТН 8701 20 101, 8701 20 901, 8704 және 8705 кодтарының топтарына енгізілген өзге де қозғалыс құралдары («X» санатындағы коммуналдық-жинау машиналарын қоспағанда)
Гибридті күш қондырғысы бар көлік құралдарын қоспағанда, электр қозғалтқыштары бар
50 АЕК
0
Толық (техникалық рұқсат етілген ең жоғары) массасы:
2,5 тоннаға дейін
50 АЕК
3,5
2,501 тоннадан 3,5 тоннаға дейін
50 АЕК
7,5
3,501 тоннадан 5 тоннаға дейін
50 АЕК
7,5
5,01 тоннадан 8 тоннаға дейін
50 АЕК
8
8,01 тоннадан 12 тоннаға дейін
50 АЕК
9,5
Ершікті тартқыштардан басқа, 12,01 тоннадан 20 тоннаға дейін
50 АЕК
10,5
Ершікті тартқыштардан басқа, 20,01 тоннадан 50 тоннаға дейін
50 АЕК
20,5
Ершікті тартқыштар
12 тоннадан 50 тоннаға дейін*
50 АЕК
11
3. М2, М3 санатындағы, оның ішінде G санатындағы жүріп өту мүмкіндігі жоғары көлік құралдары, сондай-ақ СЭҚ ТН 8702 кодтары тобына енгізілген өзге де қозғалыс құралдары
Гибридті күш қондырғысы бар көлік құралдарын қоспағанда, электр қозғалтқыштары бар
50 АЕК
0
Қозғалтқыштың жұмыс көлемімен:
2 500 см3-қа дейін
50 АЕК
4
2 501 см3-тан 5 000 см3-қа дейін
50 АЕК
8
5 001 см3-тан 10 000 см3-қа дейін
50 АЕК
10,5
10 001 см3-тан жоғары
50 АЕК
13,5
4. Тракторлар
Қозғалтқыштың номиналды қуатымен:
60 а.к.-ге дейін
50 АЕК
2
61 а.к.-дан 130 а.к.-ге дейін
50 АЕК
5,5
131 а.к.-дан 220 а.к.-ге дейін
50 АЕК
17
221 а.к.-дан 340 а.к.-ге дейін
50 АЕК
29
341 а.к.-дан 380 а.к.-ге дейін
50 АЕК
29
380 а.к.-дан жоғары
50 АЕК
40
5. Астық жинайтын комбайндар, жемшөп жинайтын комбайндар
Қозғалтқыштың номиналды қуатымен:
160 а.к.-ге дейін
50 АЕК
9
161 а.к.-дан 220 а.к.-ге дейін
50 АЕК
23
221 а.к.-дан 255 а.к.-ге дейін
50 АЕК
32
256 а.к.-дан 325 а.к.-ге дейін
50 АЕК
38
326 а.к.-дан 400 а.к.-ге дейін
50 АЕК
38
400 а.к.-дан жоғары
50 АЕК
45
Ескертпе: * автомобиль көлігі саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті орган берген жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат куәлігі болған кезде көлік компаниялары импорттайтын халықаралық тасымалдар үшін пайдаланылатын ершікті тартқыштарға қатысты 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін 0 коэффициенті қолданылады.