О внесений изменения в приказ исполняющего обязанности Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 2 ноября 2021 года № 448 «Об утверждении Методики расчета утилизационного платежа»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесений изменения в приказ исполняющего обязанности Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 2 ноября 2021 года № 448 «Об утверждении Методики расчета утилизационного платежа»
- Атауы (қаз.)
- «Кәдеге жарату төлемін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 2 қарашадағы № 448 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 281
- Қабылданған күні
- 13.10.2023
- Көрсетілген редакция
- 13.10.2023 187302_661083.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.10.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300033553
- ЭКБ идентификаторы
- 187302
- Редакция идентификаторы
- 187302_661083
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 16:21
0 «Кәдеге жарату төлемін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 2 қарашадағы № 448 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Кәдеге жарату төлемін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 2 қарашадағы № 448 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25100 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәдеге жарату төлемін есептеу әдістемесінде:
3-тармақ алып тасталсын.
2
2. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 2 қарашадағы № 448 бұйрығымен бекітілген Кәдеге жарату төлемін есептеу әдістемесінің 3-тармағының қолданысын тоқтата тұру туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 27 желтоқсандағы № 778 бұйрықтын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31321 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі