О внесении изменений в решение Созакского районного маслихата от 2 июня 2022 года № 108 «Об установлении повышенных на двадцать пять процентов окладов и тарифных ставок специалистам в области социального обеспечения, культуры являющимся гражданскими служащими и работающим в сельской местности, финансируемых из районного бюджета»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Созакского районного маслихата от 2 июня 2022 года № 108 «Об установлении повышенных на двадцать пять процентов окладов и тарифных ставок специалистам в области социального обеспечения, культуры являющимся гражданскими служащими и работающим в сельской местности, финансируемых из районного бюджета»
- Атауы (қаз.)
- Созақ аудандық мәслихатының 2022 жылғы 2 маусымдағы № 108 «Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын, азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 67
- Қабылданған күні
- 29.11.2023
- Көрсетілген редакция
- 29.11.2023 189488_669235.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.11.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G23UL00067M
- ЭКБ идентификаторы
- 189488
- Редакция идентификаторы
- 189488_669235
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 15:18
0 Созақ аудандық мәслихатының 2022 жылғы
2 маусымдағы № 108 «Аудандық бюджеттен
қаржыландырылатын, азаматтық қызметші
болып табылатын және ауылдық елді мекендерде
жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру,
мәдениет саласындағы мамандарға жиырма бес
пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік
мөлшерлемелер белгілеу туралы» шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Созақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Созақ аудандық мәслихатының 2022 жылғы 2 маусымдағы №108 «Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын, азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тізілімінде № 28351 болып тiркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын, азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы»;
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
1
«1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленсін.».