Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 июня 2022 года № 357 «Об утверждении Положения о Министерстве обороны Республики Казахстан и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан»

Қаулы · № 92 · қабылданған 16.02.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2-2022-no-357-ekb-193365/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 июня 2022 года № 357 «Об утверждении Положения о Министерстве обороны Республики Казахстан и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан» Қолданыста Қаулы ·№ 92 ·16.02.2024
16.02.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.02.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 июня 2022 года № 357 «Об утверждении Положения о Министерстве обороны Республики Казахстан и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан»

Қолданыста Қаулы ·№ 92 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 июня 2022 года № 357 «Об утверждении Положения о Министерстве обороны Республики Казахстан и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 357 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
92
Қабылданған күні
16.02.2024
Көрсетілген редакция
16.02.2024 193365_684374.kaz
Соңғы өзгеріс
16.02.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2400000092
ЭКБ идентификаторы
193365
Редакция идентификаторы
193365_684374
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 13:10

0 «Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2022 жылғы 2 маусымдағы № 357 қаулысына
толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 357 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережеде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 265), 266), 267) және 268) тармақшалармен толықтырылсын:
«265) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен, Ұлттық қауіпсіздік комитетімен, Мемлекеттік күзет қызметімен, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери бөлімі мен мекемесінің Жауынгерлік Туына арналған Қазақстан Республикасы Президентінің Грамотасы бланкісінің сипаттамасы мен үлгісін бекітеді;
266) Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуын объективті бақылауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
267) Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясы авиациялық персоналының сыныптық біліктілігін беру (растау және төмендету) туралы нұсқаулықты бекітеді;
268) Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясында ұшу жұмысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекітеді.».
19-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бұйрығымен бекітілетін Қазақстан Республикасының аумағында сыртқы барлау саласындағы заңдылықтың сақталуын жоғары қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті прокурорлар тізбесін келіседі;».

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы