Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 июня 2022 года № 357 «Об утверждении Положения о Министерстве обороны Республики Казахстан и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан»

Қаулы · № 557 · қабылданған 22.07.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2-2022-no-357-ekb-212690/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 июня 2022 года № 357 «Об утверждении Положения о Министерстве обороны Республики Казахстан и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан» Қолданыста Қаулы ·№ 557 ·22.07.2025
22.07.2025 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.07.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 июня 2022 года № 357 «Об утверждении Положения о Министерстве обороны Республики Казахстан и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан»

Қолданыста Қаулы ·№ 557 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 июня 2022 года № 357 «Об утверждении Положения о Министерстве обороны Республики Казахстан и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 357 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
557
Қабылданған күні
22.07.2025
Қолданысқа енгізілген күні
05.08.2025
Көрсетілген редакция
22.07.2025 212690_775431.kaz
Соңғы өзгеріс
22.07.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2500000557
ЭКБ идентификаторы
212690
Редакция идентификаторы
212690_775431
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 03:10

0 «Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2022 жылғы 2 маусымдағы № 357 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 357 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережеде:
15-тармақта:
76), 77) және 78) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«76) қорғаныс объектілерін салу, реконструкциялау және пайдалану үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша жер учаскесін уақытша өтеусіз пайдалануға беру қағидаларын бекітеді;
77) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша жекеше әріптеске шығындарды өтеу үшін қорғаныс объектілерін иеліктен шығару қағидаларын бекітеді;
78) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша иеліктен шығарылатын қорғаныс объектілерінің тізбесін әзірлейді;»;
116) тармақша алып тасталсын;
116-2), 116-3), 116-4) және 116-5) тармақшалар алып тасталсын;
151) тармақша алып тасталсын;
166) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«166) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастырған кезде Министрліктің, Бас штабтың және Қарулы Күштердің құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 166-1) тармақшамен толықтырылсын:
«166-1) Министрліктің мүддесінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде Министрліктің, Бас штабтың және Қарулы Күштердің құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 285), 286), 287), 288) және 289) тармақшалармен толықтырылсын:
«285) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша Қарулы Күштердің мемлекеттік мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу және оларды өткізуден түскен ақшаны пайдалану қағидаларын бекітеді;
286) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын белгілеу қағидаларын бекітеді;
287) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу қағидаларын бекітеді;
288) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша лизинг шарты шеңберінде жүзеге асырылатын күрделі шығыстардың құны мен нысанасын белгілеу қағидаларын бекітеді;
289) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде резервте әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлық бойынша сабақтардан немесе жиындардан, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындардан өту қағидаларын бекітеді.»;
19-тармақ мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
«13-1) Қарулы Күштердің мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының ұсынысы негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған жағдайларды қоспағанда, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақша өздерінің иелігінде қалатын, кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыруға құқық берілген Қарулы Күштердің мемлекеттік мекемелерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) тарифтерді (бағаларды) бекітеді.».

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы