Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 июня 2022 года № 357 «Об утверждении Положения о Министерстве обороны Республики Казахстан и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан»

Қаулы · № 813 · қабылданған 11.09.2026
Заңдық күші: Күшіне енбеген · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2-2022-no-357-ekb-229968/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 июня 2022 года № 357 «Об утверждении Положения о Министерстве обороны Республики Казахстан и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан» Күшіне енбеген 11.09.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 июня 2022 года № 357 «Об утверждении Положения о Министерстве обороны Республики Казахстан и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан»

Күшіне енбеген Қаулы № 813 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 июня 2022 года № 357 «Об утверждении Положения о Министерстве обороны Республики Казахстан и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 357 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшіне енбеген
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
813
Қабылданған күні
11.09.2026
Қолданысқа енгізілген күні
25.09.2026
Көрсетілген редакция
11.09.2026 I229968_0.kaz
Соңғы өзгеріс
11.09.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2600000813
ЭКБ идентификаторы
229968
Редакция идентификаторы
I229968_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
15.09.2026 03:30
Актінің мәртебесі расталмаған. Тізілім коды танылмады, сондықтан бұл бет актінің заңдық күші туралы ештеңе айтпайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.09.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 357 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 357 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережеде:
12-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер Министрлікке заңдармен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджет кірісіне жіберіледі.»;
13-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) агрессияға тойтарыс беруге, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығы мен Егемендігін қаруланып қорғауға, мемлекеттік және әскери объектілерді күзетуге және қорғауға, әуе кеңістігін күзетуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес міндеттерді орындау үшін Қарулы Күштердің жауынгерлік әзірлігін және жауынгерлік қабілеттілігін қамтамасыз ету.»;
15-тармақта:
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) Қарулы Күштер түрлерінің, Арнаулы операциялар күштерінің, әскер тектерінің, арнаулы әскерлердің жедел мақсаты мен міндеттерін, олардың басқа да әскерлермен және әскери құралымдармен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттердің қарулы күштерімен өзара іс-қимыл жасауда қолданылуын айқындайды;»;
45) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«45) астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, Қарулы Күштердің аумақтық әскерлеріне басшылық жасауды жүзеге асырады;»;
89) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«89) əскери атташе аппараты мен әскери өкілдер аппараты əскери қызметшілерінің қызметін және қызмет өткеру шарттарын ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;»;
112) тармақшада орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
178) және 179) тармақшалар алып тасталсын;
194) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«194) әуе шабуылына тойтарыс беру немесе әуе кеңістігінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасын бұзуды болғызбау және (немесе) тоқтату жөнінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Егемендігіне, аумақтық тұтастығына және қауіпсіздігіне қарсы күш қолдануды немесе күш қолдану қатерін жою бойынша шаралар қабылдайды;»;
мынадай мазмұндағы 340), 341), 342) және 343) тармақшалармен толықтырылсын:
«340) әскери қызметшінің кәсіби құзыретін, негізгі көрсеткіштерін айқындаудың және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтингісін) есептеп шығарудың тәртібі мен әдістерін айқындайды;
341) "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын үлгілік біліктілік талаптары негізінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;
342) мемлекеттік қызметшілер еңбек тәртіптемесінің үлгілік қағидалары негізінде еңбек тәртіптемесінің қағидаларын бекітеді;
343) мемлекеттік заңды тұлғаларда басқарушылық функцияларды атқарумен байланысты лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын үлгілік біліктілік талаптары негізінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.