О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 августа 2023 года № 627 «О Генеральном плане города Қонаев Алматинской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 августа 2023 года № 627 «О Генеральном плане города Қонаев Алматинской области»
- Атауы (қаз.)
- «Алматы облысы Қонаев қаласының бас жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 2 тамыздағы № 627 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшіне енбеген
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 800
- Қабылданған күні
- 10.09.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 25.09.2026
- Көрсетілген редакция
- 10.09.2026 229966_840920.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.09.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2600000800
- ЭКБ идентификаторы
- 229966
- Редакция идентификаторы
- 229966_840920
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 17.09.2026 03:31
0 «Алматы облысы Қонаев қаласының бас жоспары туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 2 тамыздағы
№ 627 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Алматы облысының Қонаев қаласының бас жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 2 тамыздағы № 627 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі 23-бабының 4) тармақшасына сәйкес Алматы облысы Қонаев қаласының кешенді дамуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
Көрсетілген қаулымен бекітілген Алматы облысы Қонаев қаласының бас жоспары (негізгі ережелерді қоса алғанда) осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 Алматы облысы Қонаев қаласының бас жоспары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2026 жылғы « »
№ қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 2 тамыздағы
№ 627 қаулысымен
бекітілген
Алматы облысы Қонаев қаласының
бас жоспары
1-тарау. Жалпы ережелер
Алматы облысы Қонаев қаласының бас жоспары (бұдан әрі – Бас жоспар) жобаланатын аумақтың ұзақ мерзімді кешенді дамуын айқындайтын негізгі қала құрылысы құжаты болып табылады.
Бас жоспар Құрылыс, Жер, Экология, Су кодекстерінің, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, қала құрылысын жобалау саласына жататын Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілері мен нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес әзірленді.
Бас жоспар (негізгі сызба) осы Бас жоспарға қосымшаға сәйкес перспективалы аумақтық даму шекараларында орындалды.
Бас жоспарда келесі жобалық кезеңдер қабылданды:
бастапқы жыл – 2024 жыл 1 қаңтар;
бірінші кезек – 2032 жыл;
есепті мерзім – 2050 жыл.
2-тарау. Бас жоспардың мақсаты
Бас жоспар – қолданыстағы және болжанатын әлеуметтік-экономикалық, экологиялық және демографиялық жағдайларды ескергенде Қонаев қаласының әлеуметтік-экономикалық және аумақтық дамуының негізгі бағыттарын орта мерзімді және ұзақ мерзімді перспективаға айқындайтын стратегиялық құжат.
Бас жоспар Қонаев қаласы әкімдігінің Заречный ауылдық округінің 10 962 гектар жерін Алатау қаласы үшін Жетіген ауылдық округінің шекарасына беру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 30 қарашадағы № 1065 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымындағы өзгерістер ескеріліп әзірленді.
Бас жоспарда:
1) аумаққа кешенді бағалау жүргізуді, табиғи-климаттық, экологиялық, қалыптасқан және болжанатын демографиялық және әлеуметтік-экономикалық базада жағдайларды ескере отырып, әлеуметтік, рекреациялық, өндірістік, көліктік және инженерлік инфрақұрылымды қоса алғанда елді мекен аумағын дамытудың негізгі бағыттары;
2) аумақты функционалдық аймақтарға бөлу және оларды пайдалану жөніндегі шектеулер;
3) елді мекеннің құрылыс салынған және салынбаған аумағының арақатынасы;
4) жерді басымдықпен иеліктен шығару және сатып алу аймақтары, резервтік аумақтар;
5) аумақтың табиғи және техногендік құбылыстар мен процестердің қауіпті (зиянды) әсерінен қорғалуын, экологиялық ахуалды жақсарту жөніндегі шаралар;
6) аумақтық-көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі құжаттардың бөлімдерін (бөліктерін) қамтитын Бас жоспардың көлік бөлімін әзірлеу жөніндегі негізгі бағыттар;
7) азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының негізгі бағыттары;
8) елді мекенді дамытудың техникалық-экономикалық көрсеткіштері;
9) су объектілерін ластанудан, қоқыстанудан, сарқылудан қорғау жөніндегі шаралар;
10) елді мекеннің орнықты дамуын қамтамасыз ету жөніндегі өзге де шаралар айқындалады.
Бас жоспар:
1) қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының бірінші кезектегі және перспективалы бағдарламаларын;
2) қала аумағын егжей-тегжейлі жоспарлау және құрылыс салу жобаларын;
3) қаланың инженерлік инфрақұрылымының салалық схемаларын;
4) қаланың кешенді көлік схемасын;
5) қысқа мерзімді кезеңдерге арналған кешенді құрылыс салу жоспарларын;
6) тұрғын, қоғамдық, коммуналдық-қойма және өндірістік аумақтарды дамыту және реконструкциялау бағдарламаларын;
7) қала аумағын кешенді түрде абаттандыра және көгалдандыра отырып, қоғамдық кеңістіктерді дамуға бағдарламаларын;
8) рекреациялық аймақтарды және туристік қызметті дамыту бағдарламаларын әзірлеу мен іске асыруға негіз болып табылады.
Бас жоспардың негізгі мақсаты – халықтың тыныс-тіршілігінің заманауи, жайлы және экологиялық қауіпсіз ортасын қалыптастыру, қаланың теңгерімделген кеңістіктік және әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, функционалдық аймақтарды қалыптастыру және дамыту жөніндегі шешімдерді белгілеу, сондай-ақ қаланың әкімшілік шекараларының өзгеруін ескере отырып, қала құрылысы регламенттерін әзірлеу.
Бас жоспардың негізгі міндеттері:
қаланың жоспарлау құрылымының барлық элементтерін кешенді дамыту негізінде экологиялық жағынан қауіпсіз тыныс-тіршілік ортасын қалыптастыру;
тұрғын және қоғамдық-іскерлік аймақтарды дамытуды қоса алғанда, аумақты ұтымды функционалдық аймақтарға бөлуді жүзеге асыру, қаланың қазіргі бөлігін реновациялап, онда әкімшілік орталықтың тораптары мен элементтерін орналастыру, Жаңа Іле алаңында жаңа тұрғын үй орамдары бар көп функционалды қоғамдық-іскерлік орталық пен академиялық қалашық салу, жоғары технологиялы өнеркәсіптік-өндірістік аймақтарды, стратегиялық және базалық салалардың индустриялық парктерін қалыптастыру, сондай-ақ көгалдандырылған кеңістіктер мен рекреациялық аймақтар жүйесін дамыту;
қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын айқындау; модельденген көлік жүйесін қалыптастыру, инженерлік және коммуналдық инфрақұрылымды дамыту, перспективалы өсуді ескеріп, оны жаңғыртуды және қуатын кезең-кезеңімен арттыруды қамтамасыз ету; жайлы әрі қауіпсіз қалалық орта құру;
техникалық және гуманитарлық бағыттар бойынша кәсіпқой кадрлар даярлауды қамтамасыз ететін, кампусы бар өңірлік білім беру орталығын қалыптастыру, техникалық және кәсіптік орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ орта білім берудің негізгі объектісі – дарынды балаларға арналған физика-математика мектеп-интернатын орналастыру.
3-тарау. Қала туралы мәлімет
Қонаев қаласы – Алматы облысының әкімшілік орталығы, ол Қапшағай гидроэлектр станциясының құрылысы кезеңінде құрылған, Алматы агломерациясының солтүстік-батыс бөлігінде, Іле маңы алқабының шегінде орналасқан. Қала аумақтық жағынан Алматы агломерациясының халық тығыз орналасқан бөлігінен алшақ орналасады және оның ядросы – Алматы қаласынан көлікпен бір сағатта жетуге болатын шекте.
Қонаев қаласы Қапшағай су қоймасының батыс жағалауында орналасқан және аумақтық ресурсы мол, туристік, көліктік, энергетикалық және өнеркәсіптік әлеуетке ие. Қонаев қаласы мультимодальды көлік торабының функциясын орындайтын болады, қазірдің өзінде Алматы облысының аудандарымен, Орталық және Шығыс Қазақстан өңірлерімен, сондай-ақ Ресей Федерациясымен және Қытай Халық Республикасымен көліктік-логистикалық және экономикалық байланысты қамтамасыз етеді.
4-тарау. Табиғи-климаттық жағдайлар
Қонаев қаласының аумағы күрт континенттік климатымен сипатталады. Климаттық аудандастыру бойынша қала III-В климаттық шағын ауданына кіреді, бірақ климаттық факторлар кешені бойынша IV-Г шағын ауданына жатқызылған. Қалаға жыл бойы дерлік күннің ашық болу ықтималдығы тән. Қала үшін орташа жылдық ауа температурасы қалыпты және 9,7 ºС құрайды. Жылдың жаз мезгілінде келесі көрсеткіштер тән: шілдедегі ауаның орташа айлық температурасы 25,5ºС, орташа максимум (маусым-тамыз) 33ºС-тан асады. Жаз мезгілінде абсолютті максимумы – 43ºС.
Қыс мезгілінде орташа температура минус 7,6 ºС-ты, орташа минимум минус 12 ºС-ты, абсолютті минимум минус 35 ºС-ты құрайды.
Қонаев қаласының аумағы екі түрлі тектоникалық құрылымның – Қараой тектоникалық-денудациялық үстіртінің және Іле тауаралық ойпатының бір бөлігінің шекарасында орналасқан. Мұнда жер бедері былайша ерекшеленеді: аласа таулы эрозиялық-денудациялық жоталы-төбелі жер бедері, эрозиялық-аккумулятивті төбелі жер бедері, ысырынды конустар шлейфінің аккумуляциялық жер бедері, аккумуляциялық сәл көлбеу, тілімделген жазық, дефляцияға бейім дөңді және құмды-қырқалы эолды жазықтар.
Қапшағай су қоймасының батыс және солтүстік жағалауымен қоса, Қонаев қаласының аумағында сейсмикалығы 6, 7, 8 балл болатын дейінгі үш аймақ бар. Солтүстік жағалауда денудациялық үстіртте орналасқан Самал – Ардагер және Жаңа Іле алаңдарының, сейсмикалығы – 6-7 балл. Қаскелең Мойынқұмының эол жазығында орналасқан оңтүстік-батыс алаңының сейсмикалығы – 8 балл.
Күрделі құрылыс объектілерін орналастыру үшін ең қолайлы аумақтар – қаланың батыс, солтүстік-батыс және шығыс бөліктеріндегі негізгі көлік магистральдарына іргелес жатқан аумақтар. Құрылыс жүргізу жағдайлары ең қолайлы аумақтарға Жаңа Іле алаңы жатады.
5-тарау. Қаланың стратегиялық даму тұжырымдамасы
2050 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясында қаланың артықшылықтарын – бірегей экономикалық-географиялық орналасуын, әкімшілік орталықтың жаңа мәртебесін, қолданыстағы экономикалық база мен адами капиталды барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін негізгі пайымдар мен ұзақ мерзімді дамудың басты бағыттары айқындалып, белгіленген.
Өңірлік және халықаралық деңгейлердегі бәсекелес ортада ұзақ мерзімді кезеңге арналған тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ету мақсатындағы стратегияның пайымдары мынадай:
1-пайым: Алматы облысының заманауи көп функциялы әкімшілік, қаржы және мәдени орталығы, Алматы қаласының контрмагниті – Алматы агломерациясының ядросы.
2-пайым: Алматы облысының жетекші өнеркәсіптік-инновациялық орталығы, Алматы агломерациясының инновациялық-индустриялық белдеу орталығы, Алматы агломерациясының азық-түлік белдеуі орталығы, мұнай өңдеу, газ өңдеу және мұнай-химия орталығы.
3-пайым: Алматы облысының стратегиялық көлік-логистикалық орталығы – халықаралық авиациялық хаб.
4-пайым: Алматы облысының жетекші ғылыми-білім беру орталығы.
5-пайым: Алматы облысының жетекші туристік дестинациясы, су рекреациясы және су спорты, туризм, аңшылық және балық аулау орталығы, арнайы ойын аймағы.
6-пайым: Жетекші республикалық әскери-өнеркәсіптік орталық.
Тұжырымдаманы іске асыру:
мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру;
Бас жоспарға сәйкес аумақтарды кезең-кезеңімен дамыту;
инвестициялық тартымды ортаны қалыптастыру;
инженерлік, көліктік және әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту арқылы жүзеге асырылады.
Тұжырымдаманың ережелері мемлекеттік жоспарлау құжаттарын, қала құрылысы құжаттамасын әзірлеу және басқару шешімдерін қабылдау кезінде міндетті түрде ескеріледі.
6-тарау. Әлеуметтік-экономикалық даму
1-параграф. Демография
Қаланың демографиялық даму сипаты халықтың табиғи және көші-қон қозғалысының көрсеткіштерімен айқындалады, олар экономикалық даму динамикасына, жұмыспен қамту және төленетін еңбекақы деңгейіне, жүргізілетін мемлекеттік және жергілікті әлеуметтік саясатқа, сондай-ақ өзге де әлеуметтік-экономикалық факторларға байланысты болады.
Халық санының есепті мерзімге арналған болжамы халықты табиғи және көші-қон қозғалысындағы ағымдағы және күтілетін өзгерістер ескеріліп орындалды, болжаудың экономикалық-математикалық әдістері қолданылды. Болжамды әзірлеу кезінде Алматы агломерациясының демографиялық дамуының қалыптасқан даму үрдістері, өңір экономикасының даму үрдістері, қолда бар ресурстық әлеует, қала түзуші және қызмет көрсетуші салалардың қалыптасуы, сондай-ақ қаланың Алматы облысының әкімшілік орталығы және Қазақстан Республикасының аса ірі контрмагнит қаласы – Алматы қаласының басым функцияларын іске асыру ескерілді.
Жобалық кезеңдер бойынша қала халқының саны:
бастапқы жыл – 56,5 мың адам;
бірінші кезек – 130,0 мың адам;
есепті мерзім – 205,0 мың адам.
2-параграф. Жұмыспен қамту
Еңбек нарығының негізгі индикаторлары: 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы халық саны немесе қаланың жұмыс күші 28,3 мың адамды, жұмыспен қамтылған халық 27,1 мың адамды, оның ішінде өз бетінше жұмыспен қамтылған жұмыскерлер 5,4 мың адамды, жұмыссыз халық 1,2 мың адамды құрады.
Бас жоспардың есепті мерзімге арналған нысаналы индикаторлары ретінде мына көрсеткіштер белгіленді: экономикалық белсенді халықтың үлесін 91,3 %-ға дейін ұлғайту, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар деңгейін 17,3 %-ға дейін, жұмыссыздық деңгейін 3,8 %-ға дейін және жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін 2,2 %-ға дейін төмендету.
Экономикалық белсенді халық саны есепті мерзімге 107,6 мың адамды, жұмыспен қамтылған халық 103,5 мың адамды, оның ішінде өз бетінше жұмыспен қамтылған жұмыскерлер 18,6 мың адамды, жұмыссыз халық 4,1 мың адамды құрайды.
3-параграф. Тұрғын үй-азаматтық құрылыс
Қаланың бірінші кезектегі және есепті мерзімге арналған сұранысы ескеріліп, Бас жоспарда облыс орталығының әкімшілік мекемелерін, әлеуметтік инфрақұрылым және тұрғын үй құрылысы объектілерінің орналасуы айқындалған.
Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі жобалық шешімдер жаңа әлеуметтік-экономикалық және қала құрылысы жағдайларына бағдарланған және халықтың тиісті көрсетілетін қызметтер мен қызмет көрсету объектілеріне мұқтаждығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Әлеуметтік саланы дамытудың басымдығы – оның Алматы облысының әкімшілік орталығы, сондай-ақ өңірдің туризм, демалыс және рекреация орталығы ретіндегі қала мәртебесіне сәйкес болуын қамтамасыз ету.
2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қаладағы тұрғын үй қорының жалпы ауданы 1108,4 мың м2 құрады, оның ішінде: жеке тұрғын үйлер: 381,7 мың м2; көп пәтерлі тұрғын үйлер: 726,7 мың м2. 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қалада бір тұрғынға шаққанда тұрғын үймен қамтамасыз етілу 19,6 м2 құрады. Бас жоспардың есепті мерзіміне бұл индикатор 27,6 м2 құрайды.
Бас жоспарды іске асырудың есепті мерзіміне жалпы ауданы 4691,6 мың м2 жаңа құрылыс көзделеді. Қолданыстағы тұрғын үй қорының кемуі 147,3 мың м2 құрайды.
Қаланың тұрғын үй қоры мынадай көрсеткіштермен жоспарланған:
бірінші кезек: 3379,0 мың м²;
есепті мерзім: 5652,7 мың м².
4-параграф. Білім беру және мәдениет
Жобалық кезеңдер бойынша қаланың мектепке дейінгі мекемелеріндегі орындардың және жалпы білім беру мекемелерінде оқитындардың саны:
мектепке дейінгі балалар мекемелерінде: бастапқы жылы: 2907 орын (7 мекеме), бірінші кезек: 12191 орын (28 жаңа объект), есепті мерзім: 19593 орын (25 жаңа объект);
жалпы білім беретін мектептерде: бастапқы жылы: 8432 білім алушы (9 мекеме), бірінші кезек: 19550 білім алушы (8 жаңа объект), есепті мерзім: 33308 білім алушы (12 жаңа объект).
Балабақшалар мен жалпы білім беретін мектептер жаяу баруға болатын жерлерде орналасқан, бұл қала аудандары тұрғындарының осы мекемелерді пайдалануының қолайлылығын қамтамасыз етеді.
Бас жоспарда 36,7 мың студентке арналған кампусы бар медициналық және фармацевтикалық ірі университеттер құру, сондай-ақ мына жоғары оқу орындарын орналастыру көзделеді:
2670 студентке арналған Су шаруашылығы академиясы;
2160 студентке арналған Сәулет және кескіндеме мен мүсін институты.
Бұдан басқа, техникалық және кәсіптік орта білім беретін оқу орындарын құру, сондай-ақ дарынды балаларға арналған республикалық физика-математика мектебін салу көзделеді.
Жалпықалалық маңызы бар жоғары және орта оқу орындары жалпықалалық және облыстық маңызы бар қаланың студенттері, оқытушылары мен білім алушыларының көлікпен қолайлы баруын қамтамасыз ететін магистральдарда орналасқан.
Қонаев қаласының Бас жоспарында жалпықалалық орталықтарда қаланың мәдени ортасын құруға, халықтың мәдени құндылықтарға қолжетімділігін қамтамасыз етуге, Алматы облысының жаңа облыс орталығының өңірлік бірегейлігін қалыптастыруға және сақтауға бағытталған жалпықалалық мәдени-ойын-сауық, ағарту, спорт мекемелерін орналастыруға арналған аумақтар да көзделген.
5-параграф. Денсаулық сақтау
Жалпы бейінді тәулік бойғы стационарлардағы төсек-орын саны: бастапқы жылы – 260 төсек-орын, бірінші кезек – 670 төсек-орын, есепті мерзім – 1 607 төсек-орын.
Қалада амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін объектілердің саны: бастапқы жылы – бір ауысымда 950 келуші, бірінші кезек: ауысымда 1915 келуші, есепті мерзім: бір ауысымда 4102 келуші.
Бас жоспарда Алматы облысының тұрғындарына қызмет көрсетуге арналған ведомстволық және мамандандырылған медициналық мекемелердің құрылысы көзделеді:
Полиция департаментінің емханасы бар госпиталі;
жұқпалы аурулар ауруханасы;
балаларды оңалту орталығы;
кардиология орталығы.
Жедел медициналық жәрдем станциялары мен автомобильдер саны: бірінші кезек: 1 станция және 13 автомобиль, есепті мерзім: 1 станция, 2 қосалқы станция және 20 автомобиль.
6-параграф. Экономикалық қызмет
Белгіленген пайымдарға қол жеткізу мақсатында Бас жоспарда экономикалық дамудың мынадай стратегиялық бағыттарын іске асыру көзделеді:
1. Алматы облысының әкімшілік-іскерлік орталығы.
Қаланың Алматы облысының әкімшілік орталығы мәртебесіндегі дамуы қуатты демографиялық өсу және экономиканың түрлі салаларына, соның ішінде өнеркәсіпке, құрылысқа, қызметтер көрсету саласына, ғылым мен мәдениетке инвестиция тарту үшін алғышарт жасайды, бұл оның стратегиялық тұрғыдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының драйвері болады және қалада жұмыс орындарының негізгі үлесін құруға мүмкіндік береді.
2. Алматы агломерациясының инновациялық-индустриялық және азық-түлік белдеуінің өнеркәсіптік-инновациялық орталығы; өнеркәсіптің негізгі салалары ретінде мұнай өңдеу, газ өңдеу және мұнай-химия орталығы.
Бағытты іске асыру өнеркәсіптік маманданудың мынадай негізгі салаларын дамыту арқылы іске асырылады:
Энергияны көп қажет ететін өңдеу арқылы өнеркәсібі, (жаңартылатын электр энергиясының көздері – су, күн және жел арқылы өндірілетін, оның ішінде Ш.Чокин атындағы Қапшағай ГЭС өндіретін арзан электр энергиясының едәуір көлемінің болуы, қалада электр металлургиясы (аз тоннажды қара және түсті металлургия), шыны, фарфор және керамика өнеркәсібі, құрылыс материалдарын (санфаянс, керамогранит, силикат және қаптама кірпіш) және т. б. сияқты өңдеу өнеркәсібінің энергияны көп қажет ететін өндірістерін орналастыру үшін базалық жағдайлар жасайды);
өңірлік агроөнеркәсіптік орталық (2050 жылға қарай болжамды саны 6 млн адамнан асатын Алматы агломерациясының сұранысын қамтамасыз ету үшін көкөніс, ет және балық өнімдерін өндіру саласында маманданған тамақ өнімдерінің кең спектрінің өндірісі);
өз ауыл шаруашылығы шикізаты мен дәрілік өсімдіктерді қайта өңдеу базасындағы жеңіл, фармацевтикалық өнеркәсіп орталығы;
мұнай-газ өңдеу орталығы (Қазақстан Республикасында мұнай өнімдерін өндіру жөніндегі қуаттарды аумақтық орналастырудағы теңсіздікті жою мақсатында ел халқының төрттен бірінен астамы тұратын Алматы агломерациясының сұранысын қамтамасыз ету, сондай-ақ Еуразияның жетекші мультимодальды трансконтинентальдық көлік-логистикалық хабы ретіндегі орынды иемденуде елдің стратегиясын іске асыру шеңберінде транзиттік авиациялық және жерүсті көлік легіне қызмет көрсету мақсатында қала Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы мұнай өңдеу, газ өңдеу және мұнай химиясы орталығын орналастыру үшін перспективалы алаң ретінде қаралады).
Қайта өңдеуге арналған шикізат қолданыстағы Батыс-Шығыс магистральдық құбырларына қосылу есебінен қамтамасыз етіледі.
Кластердің мамандануы – жерүсті (бензин, дизель отыны) және әуе көлігі (авиациялық керосин) үшін ЖЖМ өндіру.
Мұнай өңдеу зауытының базасында қайта өңдеп жасау дәрежесі жоғары және қосылған құны жоғары дайын өнімнің кең спектрін шығаратын мұнай және газ химиясының қайта өңдеу өндірістерінің тізбегін қалыптастыру көзделеді.
Индустриялық аймақтар. Қонаев қаласын индустриялық дамытудың белгіленген бағыттарын іске асыру үшін мамандандырылған индустриялық парктерден тұратын индустриялық аймақтар жүйесі құрылатын болады, кластерлік-салалық қағидат бойынша шикізат пен жартылай фабрикаттарды қайта өңдеп жасауды дайын өнім өндіруге дейін ұлғайтатын және инженерлік және көлік инфрақұрылымымен жарақтандырылатын тік және көлденең салааралық өндірістік тізбектерді құра отырып біріктіріледі.
3. Халықаралық жүк-жолаушылар әуежайы салынатын Алматы облысының стратегиялық мультимодальды көлік-логистикалық орталығы.
Қонаев қаласының трансеуразиялық көлік дәліздерінің қиылысындағы экономикалық-географиялық орны авиациялық құрамдас бөлікке басымдық берілетін халықаралық маңызы бар мультимодальды көлік-логистикалық торапты дамыту үшін алғышарт жасайды. Осыған байланысты халықаралық транзиттік жүк-жолаушылар әуежайын салу көзделеді.
Халықаралық әуежай құрылысының жобасы Қонаев қаласының және Алматы облысының негізгі инфрақұрылымдық нысаны ретінде қарастырылады. Жобаланатын әуежайдың стратегиялық орналасуы Солтүстік Америка мен Оңтүстік – Шығыс Азия елдері арасындағы маршруттарды қоса алғанда, «Батыс-Шығыс» және «Солтүстік-Оңтүстік» бағыттары бойынша трансконтиненталдық жүк және жолаушылар әуе тасымалдарына қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
4. Алматы облысының ғылыми-білім беру орталығын дамыту.
Инновациялық – республикалық және халықаралық деңгейге шығатын ғылыми-білім беру кластерін қалыптастыру басым бағыт болып табылады.
Кластерді дамыту оны өнеркәсіптік дамудың, инженерлік және көлік инфрақұрылымының, логистиканың, туризмнің, рекреацияның және қызмет көрсету саласының негізгі бағыттарымен интеграциялауды көздейді.
5. Қонаев қаласының мәртебесін Алматы облысының жетекші туристік дестинацияларының бірі, су рекреациясы, су спорты, туризм, аңшылық және балық аулау орталығы ретінде бекіту.
Су объектілерінің – Қапшағай су қоймасының, Іле өзені бассейнінің болуы су спорты мен су туризмінің дамуына жағдай жасайды.
«Алтын Емел» ұлттық паркін, Тамғалытас қорығын, көшпенділер қаласын, сондай-ақ Балқаш маңындағы табиғи аумақтарды қоса алғанда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың орналасуы экологиялық, этномәдени, танымдық және агротуризмді дамыту үшін жағдай жасайды.
Халықаралық әуежай жұмыс істеген жағдайда ойын бизнесі аймағын дамыту өңірлік деңгейде қаланың туристік мамандануын күшейтуге ықпал ете алады.
6. Қаланың әскери-өнеркәсіптік мамандануын қалыптастыру.
Қорғаныстық-өнеркәсіптік мамандануды дамыту Қазақстан Республикасының қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету талаптарын ескеріп, қала экономикасын әртараптандыру бағыттарының бірі ретінде қаралады.
Өнеркәсіптік даму перспективасы әскери киім-кешек, жеке қорғаныш құралдарын, қорғаныштық мақсаттағы өзге де өнімдер өндірісін қоса алғанда, қорғаныс-өнеркәсіптік бейіндегі кәсіпорындарды орналастыру мүмкіндігін қарастырады.
7-тарау. Функционалдық аймақтарға бөлу. Резервтік аумақтар
1-параграф. Негізгі ережелер
Бас жоспарда қарастырылып отырған аумақта Қонаев қаласын функционалдық аймақтарға бөлу орындалды және мынадай функционалдық аймақтар айқындалды:
тұрғын және қоғамдық құрылыс аймағы;
әкімшілік орталық аймағы;
іскерлік және мәдени орталық аймағы;
кампусы бар білім беру қалашығының аумағы;
спорт паркінің аймағы;
өнеркәсіптік-өндірістік және коммуналдық-қойма аймағы;
инженерлік және көлік инфрақұрылымы аймағы;
арнайы мақсаттағы аймақ;
режимдік аумақ аймақтары;
санитариялық-қорғаныш аймағы;
су қорғау белдеуі және су қорғау аймақтары;
жалпыға ортақ пайдаланымдағы жасыл желектер аймағы;
рекреациялық орманды саябақ аймағы;
арборетум аймағы;
Ботаникалық бақ аймағы;
жағалау желекжолы бар жағажай аймағы;
резервтік аумақтар.
Әрбір функционалды аймақтың өзіндік мақсаты бар және оны перспективада осы мақсаттың шеңберінде және осы функционалды аймақтың шекараларында қолдануға болады. Аймақтың функцияларына сәйкес келмейтін объектілер меншік нысанына қарамастан орналастырылмайды.
Функционалдық аймақтардың шекаралары әрбір жер учаскесінің тек бір негізгі немесе онымен ілеспе функцияға ғана тиесілі болуы талаптарына сай келуге тиіс.
Функционалдық аймақтар, әдетте, қалалық және аудандық магистральдардың қызыл сызықтарымен шектелген, құрылыс салу, қабат саны, абаттандыру деңгейі, әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің, мәдени-тұрмыстық қызмет көрсетудің жеткілікті болуы жағынан әрбір аймақтың өз параметрлері болады. Бас жоспар жобасының атрибутивтік бөлігінде әрбір функционалдық аймақ ілеспе кіші аймақтарға бөлшектеліп ұсынылған.
Тұрғын үй құрылысы мен қоғамдық құрылыс аймағы тұрғын үй-азаматтық құрылыс объектілерін, оның ішінде әлеуметтік сала объектілерін (әртүрлі қабатты тұрғын үйлер, мектепке дейінгі балалар және мектеп білім беру мекемелері), бөлек орналасқан, кіріктірілген және жапсарлас мәдени-тұрмыстық мақсаттағы қызмет көрсету объектілерін салуға арналған.
Қоғамдық құрылыс кіші аймағында әкімшілік, ғұрыптық ғимараттар мен құрылысжайлар, іскерлік, қаржы және қоғамдық орталықтар орналасады. Қоғамдық-іскерлік аймақтың аумағында санитариялық және экологиялық қорғау жөніндегі арнайы іс-шараларды талап етпейтін, аталған объектілер үшін ашық көлік тұрақтары орналасады.
Өнеркәсіптік және коммуналдық-қойма құрылысы аймақтары қаланың функциялануын қамтамасыз ететін өнеркәсіптік объектілер мен қойма объектілерін орналастыруға арналған.
Қонаев қаласының өнеркәсіптік-өндірістік және коммуналдық-қойма аймағында шамасы объектінің қауіптілік сыныбына байланысты белгіленген санитариялық-қорғаныш аймақтары бар өнеркәсіптік, қойма және коммуналдық мақсаттағы объектілер орналасқан.
Инженерлік және көлік инфрақұрылымы аймағы. Инженерлік және көлік инфрақұрылымы аймақтары (дәліздері) желілер мен құрылыстардың барлық түрлерін, теміржол, автомобиль, өзен, әуе көлігі коммуникацияларын орналастыруға арналған.
Инженерлік және көлік инфрақұрылымы объектілерін орналастыру кезіндегі міндетті шарт: тіршілік ету ортасына зиянды әсер етуді болғызбау үшін осындай объектілерден тұрғын үй, қоғамдық-іскерлік және рекреациялық аймақтардың аумақтарына дейінгі қажетті арақашықтықтарды сақтау.
Егер инженерлік және көлік инфрақұрылымы объектілерінің халық қауіпсіздігіне тікелей зиянды әсер ететін ерекшелігі болса, онда олар қалалық аумақтан (соның ішінде әуежайлардан) тыс жерлерде орналастырылады, көліктік қызметі көрсету объектілері үшін күзет аймағы 50-100 м шегінде белгіленеді.
Инженерлік және көлік инфрақұрылымы объектілері мен олардың санитариялық-қорғаныш аймақтарына бөлінген аумақтарды абаттандыру жөніндегі міндеттер құрылыстар мен коммуникациялардың, көліктің, байланыстың және инженерлік жабдықтардың меншік иелеріне жүктеледі.
Арнайы мақсаттағы аймақтар зираттар, тұрмыстық қатты қалдық полигондары, мал қорымы, сібір жарасы көмінділері және пайдаланылуы қаланың халықтың тұруына, еңбек етуіне және демалуына арналған негізгі функционалдық аймақтарының аумақтарын пайдаланумен үйлеспейтін өзге де объектілерді орналастыру үшін көзделеді, бұл объектілер Бас жоспар бойынша тұрғын аумақтардан нормативтік қашықтықта орналасқан бөлек аумақтарда қарастырылған.
Арнайы мақсаттағы аймақтар шегінде қаланы көліктік және инженерлік қамтамасыз ету объектілері де орналастырылады, олар үшін олардың санитариялық-қорғаныш аймақтары мен санитариялық қорғау аймақтары белгіленеді және олар тұрғын үй құрылысынан едәуір қашықтықта орналасуға тиіс:
дәстүрлі жерлеу зираттары үшін – 300 м;
кәріздік тазарту құрылыстары үшін – 1 000 м;
тұрмыстық қатты қалдықтар полигондары үшін – 1 000 м;
мал қорымдары мен сібір жарасы көмілген жерлер үшін – 1 000 м;
сумен жабдықтау көздері үшін санитариялық қорғау аймағы тиісті жобада айқындалады және халықтың санитариялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісіледі.
Арнайы мақсаттағы аймақтарды пайдалану режимі арнайы нормативтік құжаттарда белгіленеді.
Режимдік аумақтың аймақтарына әскери объектілердің аумағы және оларға қатысты пайдаланудың ерекше режимі белгіленетін объектілерді орналастыруға арналған өзге де аумақтар жатады. Қалалық аумақ шекарасы шегінде режимдік аумақ аймақтарын пайдалану тәртібін арнайы нормативтерге сәйкес ведомстволық министрліктер белгілейді.
Санитариялық-қорғаныш аймағы – бұл тіршілік ету ортасы мен адам денсаулығына қолайсыз әсер ету көзі болып табылатын өнеркәсіптік және басқа объектілердің айналасында орнатылатын арнайы пайдалану режимі бар арнайы аймақ.
Санитариялық-қорғаныш аймақтары халықтың тіршілік әрекетінің экологиялық қолайлы ортасын қалыптастыру жағдайларын қамтамасыз етуге арналған. Санитариялық-қорғаныш аймақтары шегінде аймақтарды белгілеу мақсаттарына сәйкес келмейтін қызмет түрлері шектеледі немесе оларға тыйым салынады.
Санитариялық-қорғаныш аймағының көлемі ластанудың атмосфералық ауаға (химиялық, биологиялық, физикалық) әсерін гигиеналық нормативтерде белгіленген мәндерге дейін азайтуды қамтамасыз етеді.
Рекреациялық аймақтар халықтың демалысын ұйымдастыруға, қолайлы микроклиматты қалыптастыруға және көгалдандырылған қоғамдық кеңістіктер жүйесін дамытуға арналған. Олардың құрамында парктер, бақтар, қалалық ормандар, орман саябақтары және рекреациялық мақсаттағы өзге де объектілер, сондай-ақ серуендеуге және жаппай демалуға арналған абаттандырылған аумақтар көзделеді.
Рекреациялық аймақтарға Қапшағай су қоймасының жағалауында орналасқан ландшафттық аймақтардың, демалыс аймақтарының аумағы, су спортымен айналысуға арналған аумақ, жағажай демалысы, демалыс, тынығу, туризм және қонақүй қызметтерін көрсету объектілерін орналастыру аумағы жатады.
2-параграф. Функционалдық аймақтардың жалпы регламенттері
Қала аумағының, тұрғын үй құрылысы аудандарының, қоғамдық орталықтың және индустриялық аймақтардың үйлесімді, эстетикалы кеңістігін құру үшін қала құрылысы регламенттерін және қала құрылысы мен жобалау құжаттамасын әзірлеу кезектілігін ұстану қажет.
Функционалдық аймақтардың негізгі регламенттері аумақты функционалдық пайдалану аймақтарын және оларды пайдаланудың түрлерін, параметрлерін және шектеулерін айқындайтын қала құрылысы регламенттерін белгілейді.
Функционалдық аймақтардың регламенттері жер пайдалануды және онымен байланысты жылжымайтын мүлікті салық салу, жалдау ақысы және басқа да төлемдер, жер учаскесін бөлу туралы мәселелерді шешу, әртүрлі құрылысжайларды салу және орналастыру жобаларын қарау, келісу үшін бағалау, объектілерді салуға рұқсат беру кезінде қолданылады.
Сондай-ақ функционалды аймақтардың жалпы регламенттері Бас жоспардың және Қонаев қаласының егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларының жобалық шешімдерін іске асыру кезінде қолданылады.
Бас жоспардың жобалық шешімдерін іске асыру кезінде сақталуы қажет құрылыс салудың негізгі регламенттеріне мыналар жатады:
көше-жол желісі мен көлікті ұйымдастыру схемасына, көшелер мен жолдардың көлденең кескініне және жолдардың қызыл сызықтарының жоспарына сәйкес көшелер мен жолдардың қызыл сызықтарын сақтау жөніндегі регламент;
объект орналастырылатын функционалдық мақсаттағы аймақтың шекарасын сақтау жөніндегі регламент;
функционалдық аймақтардың шекараларын сақтау жөніндегі регламент;
аймақтардағы тұрғын үй құрылысы көлемінің тығыздығын сақтау жөніндегі регламент;
өндірістік кәсіпорындардың, көлік объектілерінің, инженерлік желілер мен құрылыстардың күзет аймақтарын сақтау жөніндегі регламент.
Аумақтарды пайдалану жөніндегі әрбір функционалдық-қала құрылысы аймағы өзінің нысаналы мақсаты бар және перспективада қатаң түрде осы нысаналы мақсаттың аясында және осы функционалдық аймақтың шекарасында пайдаланылады.
Аймақтарда объектілердің негізгі функциясына ілеспе учаскелердің, сондай-ақ өтпелерге, тұрақтарға, жасыл екпелерге, шағын сәулет нысандарына, инженерлік қамтамасыз ету объектілеріне арналған аумақтар көзделуі мүмкін.
8-тарау. Аумақты кеңістікте ұйымдастыру
Алматы облысының әкімшілік орталығының перспективалы сәулет-кеңістіктік тұжырымдамасының негізіне Қапшағай су қоймасы мен Іле өзенінің жағалауындағы аумақтарда халықтың қауіпсіз және қолайлы тіршілік ету ортасы құрылатын су маңындағы ықшам заманауи қала идеясы алынған.
Ұсынып отырған жоспарлау құрылымы табиғи-ландшафттық және жоспарлау жағдайлары, қолданыстағы және жоспарланып отырған құрылыс, жаңа әкімшілік және қоғамдық-іскерлік орталық, өндірістік-коммуналдық және көлік аумақтарын орналастыру ескеріліп, аумақты кешенді қала құрылысы бағалауы негізінде орындалды. Қонаев қаласының перспективалы көлік-жоспарлау құрылымы қолданыстағы көше-жол желісімен және сыртқы көлік байланыстарымен өзара байланыстырылған.
Қазіргі кезеңде Қонаев қаласының әрқилы құрылыс салынған аумағы 8 450 гектарды құрайды. Бұл аумақ Қапшағай су қоймасының батыс жағалауында орналасқан. Қаланы дамытудың жобалық аумағы Қапшағай су қоймасы жағалауының батыс және солтүстік бөлігін қамтиды және әкімшілік шекаралардың ұлғаюын ескерсек, 22334 гектарды құрайды.
Бастапқы жылға Қонаев қаласының құрылыспен салынған аумағы 4 202,8 гектарды (49,7 %), құрылыс салынбаған аумағы 4247,2 гектарды (50,3 %), оның ішінде резервтік аумағы 4148,8 гектарды құрады.
Есепті мерзімге ұқсас көрсеткіштер тиісінше 19555,6 гектарды (87,6%) және 2778,4 гектарды (12,4%) құрайды, оның ішінде резервтік аумақтар 2680,0 гектарды құрайды. Резервтік аумақтар қаланың қазіргі аумағынан батыс, солтүстік-батыс бағытта, жұмыс істеп тұрған өнеркәсіптік аймақтардың аумағында, сондай-ақ Қапшағай су қоймасының солтүстік жағалауында орналасатын перспективалы Жаңа Іле ауданының солтүстігінде көзделген.
Перспективалы әлеуметтік-экономикалық, аумақтық және сәулеттік-кеңістіктік дамуды айқындайтын жобалық шешімдер қаланың қазіргі бөлігі мен перспективалы Жаңа Іле ауданының аумағы үшін әзірленген.
Қонаев қаласының қазіргі жоспарлау аумағын реновациялау өнеркәсіптік аймақтардың жекелеген учаскелерінің, саяжай құрылысы аумақтарының және ескі тұрғын үй аудандарының функционалдық мақсатын өзгерту, сондай-ақ Алматы облысының қалалық және облыстық қызметтері бар әкімшілік орталық объектілерін және әлеуметтік инфрақұрылым объектілері бар жаңа көп қабатты тұрғын үй қорын орналастыру арқылы көзделеді.
Бас жоспарда бірінші кезеңде қаланың қазіргі бөлігінің мүмкіндіктерін пайдалану көзделген.
Қаланың солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан саяжай алаптарының аумағы кейіннен көп қабатты тұрғын үй құрылысы үшін аумақты қайта жаңарту, көше-жол желісін қалыптастыру, сондай-ақ инженерлік инфрақұрылыммен және қызмет көрсету объектілерімен қамтамасыз ету арқылы реконструкцияланады.
Бас жоспарда қазіргі көп қабатты көппәтерлі құрылысты, сондай-ақ қаланың оңтүстік бөлігіндегі тұрғын үй құрылысын сақтап қалу көзделеді. Сондай-ақ оңтүстік бөлігінде құрылыс салудан бос аумақтарда орта қабатты құрылыстың жаңа тұрғын орамдарын құру көзделеді. Тұрғын үй құрылысын аумақтық дамытудың перспективалы бағыты тұрудың жайлылығы мен қоныстану аумақтарын кешенді дамыту талаптарын ескере отырып айқындалған. Осы аумақта білім беру және денсаулық сақтау объектілерін, сондай-ақ халыққа әлеуметтік-мәдени және күнделікті қызмет көрсету объектілерін орналастыру көзделеді.
Сондай-ақ бірінші кезекке Гидроқұрылысшылар қалашығында орналасқан тозығы жеткен аз қабатты үйлерді ішінара сүріп тасау және тозығы жетіп сүріп тасталатын тұрғын үйлердің, орта қабатты тұрғын үйлердің орнында кейіннен құрылыс салу көзделген.
Негізгі міндеттердің бірі – Алматы облысының әкімшілік корпусы үшін объектілер салу. Әкімшілік ғимараттар ыңғайлы көлік-жүргінші байланыстары бар әкімшілік кешендерді қалыптастыра отырып, қаланың қолданыстағы шекарасындағы құрылыс салынбаған бос аумақтарда, жұмыс істемейтін және қираған объектілердің учаскелерінде орналастырылатын болады.
Бос аумақтарда қаланың одан әрі аумақтық дамуы Жаңа Іле перспективалы алаңының барынша қолайлы солтүстік-шығыс аумағында қарастырылғын.
Жаңа Іле перспективалы ауданының аумағында мәдени-ағарту, тұрғын үй, білім беру және рекреациялық мақсаттағы объектілерді орналастыру көзделеді.
Іле өзені бөліп жатқан қаланың солтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс бөліктерінің ыңғайлы көлік қатынасын жасау үшін Бас жоспарда Қапшағай су қоймасы арқылы ең қысқа жолмен автомобиль көпірін салу, онымен бірге қолданыстағы теміржол көпірінің бойымен қаланың қазіргі бөлігін перспективалы дамитын оң жағалау аумағымен және Қапшағай су қоймасының солтүстік жағалауында орналасқан демалыс аймақтарымен жалғайтын қалалық автомобиль магистралін құру ұсынылады.
Бас жоспарды іске асырудың бірінші кезегінде және есепті мерзімінде Жаңа Іле перспективалы ауданында тұрғын үй құрылысын дамыту көзделеді, оның ішінде бірінші кезеңде тұрғын үй қорының бір бөлігін салу және есепті мерзімде көппәтерлі тұрғын үйлерді тұрғызу қарастырылған.
Бас жоспарда теңіз жағалауы бульварын, жайлы скверлер мен алаңдарды, сондай-ақ велоинфрақұрылымды қалыптастыру арқылы жалпы қалалық және ауданішілік қоғамдық кеңістіктердің жайлы ортасын құру міндеттері айқындалған. Қаланың қазіргі бөлігінде жазғы уақытта қала тұрғындары, Алматы тұрғындары, сондай-ақ Алматы агломерациясының туристері мен қонақтары талап ететін қалалық демалыс аймақтары бойымен ұзындығы 6,5 км бульвары бар жағажай көзделген.
Бірінші кезеңде: жаяу баруға болатын мұз спорт аренасы, дене шынықтыру-сауықтыру кешені, жаңа мектептер мен балабақшалар, емханалар, медицина орталықтары, ауруханалар, басқа да объектілер салынады.
Перспективалы Жаңа Іле ауданының ландшафттық әлеуеті бай, ол тақырыптық ірі саябақтар, көгалдандырылған тартымды кеңістіктер тәлімбағы бар ботаникалық бақ, табиғи су жылғаларының бойынан бақтар, үй жануарлары бар ландшафттық балалар саябағы, жаяу жүргіншілер променады, қонақүйлер, демалыс және ойын-сауық объектілері, дәмханалары мен мейрамханалары бар жағажай жолын құруға мүмкіндік береді.
Бұл ретте аталған объектілерді орналастыру және салу Қазақстан Республикасының су заңнамасының талаптарына, оның ішінде су қорғау аймақтары мен белдеулерінің режимін сақтау талаптарына сәйкес жүзеге асырылатын болады.
Жаңа құрылыс алаңының маңызды функционалдық бөлігі – Қапшағай су қоймасының жағалауы бойында орналасқан демалыс аймақтары, олар су қоймасының жағалауы бойындағы жағажайды ұзындығы 10,5 км жобаланатын жаяу жүргіншілер гүлзарымен жалғайды.
Қапшағай су қоймасының бүкіл жағалауы бойынан ұзындығы 16 км-ден асатын жаяу жүргіншілер бульвары барлық демалыс аймағын жағалау белдеуінің батыс және солтүстік бөліктерінің жағажайларымен жалғайды. Бұл аймақ облыс орталығының тұрғындары мен қонақтары келетін қаланың басты көрікті жері, еліміздегі ең ірі Алматы агломерациясының судағы демалыс қызметтерінің толық пакеті ұсынылатын басты қоғамдық аймақ, Қонаев қаласының, Алматы агломерациясының қалалары мен ауылдарының тұрғындары мен қонақтары үшін фестивальдер, мерекелер, әлемдік инсталляциялар өткізілетін жағажайлары бар бульварға ұқсас орын болады.
Жобалық шешімдерге сәйкес перспективалы Жаңа Іле ауданының шығыс бөлігінде ат спорты жарыстарын, жаттығу жарыстарын және бұқаралық іс-шараларды өткізуге арналған ипподром салу көзделеді. Объект қолданыстағы қала құрылысы талаптары мен санитариялық талаптар сақталып, қоныстану аймағының шекарасынан тыс орналастырылады.
Осы аумақтарда коммерциялық мақсаттағы объектілерді салу және орналастыру олардың негізгі функциясына сәйкес регламенттелетін болады. Қаланың белсенді аймақтарының мәдени мұраның тарихи элементтерімен байланысы аймақтың бірегейлігін сақтап қалуға және қалаға этномәдени тартымдық беруге мүмкіндік береді.
Аумақтың кешенді қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оны одан әрі қала құрылысы тұрғысынан дамыту үшін жағдай жасау мақсатында Бас жоспарда басты жоспарлау тұрғысынан шектеулері бойынша шешімдер берілді. Тыйым салынған аймағы бар арнайы объектіні (қоймалар және әскери қалашық), сондай-ақ жарылғыш заттар қоймаларын, оқу полигондарын және басқа да объектілерді аумақтан тыс шығару көзделген. Сондай-ақ қала аумағында орналасқан KAZ08 теміржол магистралі мен автомобиль жолының учаскесін қаланың перспективалы аумағынан тыс шығару бойынша ұсыныстар берілді.
Сондай-ақ Бас жоспарда әлеуетті экологиялық тәуекелдерді жою және аумақты қала құрылысын дамытуға тарту мақсатында қаланың солтүстік бөлігінде орналасқан жұмыс істемей тұрған мұнай базасын аумақтан тыс шығару көзделеді. Босатылатын алаңда абаттандыру, көгалдандыру және рекреациялық инфрақұрылым элементтері бар қоғамдық-іскерлік кеңістіктерді құру көзделеді. Бас жоспардың жобалық шешімдері қалалық ортаның сапасын арттыруға, халықтың демалуы үшін қолайлы жағдай жасауға және аумақты қоғамдық-іскерлік және тұрғын үй құрылымына интеграциялауға бағытталған.
Өнеркәсіптік құрылыс Жаңа Іле перспективалы ауданынан солтүстікке қарай, сондай-ақ қазіргі қаланың батысында жасыл санитариялық-қорғаныш аймағы арқылы орналасқан аумақта көзделеді.
Бас жоспардың шешімдерінде су объектілерінің су қорғау белдеулері шегінде тұрғын үй және қоғамдық құрылыс объектілерін орналастыру көзделмеген. Жобалық жоспарлау құрылымы су қорғау режимінің белгіленген шектеулері мен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын сақтай отырып жасалды.
Қонаев қаласының аумағын санитариялық тазалау тұрғысында қаланың орталық бөлігіне жақын орналасқан және 95 % тозған қолданыстағы тұрмыстық қатты қалдықтар полигонын, кәріз тазарту құрылыстарын жабу, жаңа тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарын салу, жаңа зиратты орналастыру және санитариялық-қорғаныш аймақтарын ұйымдастыру ұсынылады.
Бас жоспарда аумақтарды пайдалануда ретке келтіру қағидаты белгіленген: әрбір функционалдық аймақты жобада қабылданған нысаналы мақсат шеңберінде және функционалдық аймақ шекараларында ғана пайдалануға болады.
9-тарау. Көгалды кеңістіктер жүйесін ұйымдастыру
Топырақ-климаттық жағдайларды, жер бедерінің ерекшеліктері және қазіргі көгалдандыруды ескеріп, көгалды кеңістіктерді ұйымдастырудың ұсынылған жүйесі перспективалық сәулет-жоспарлау шешімдеріне негізделген.
Қарастырылып отырған аумақтың жасыл кеңістігін ұйымдастырудың негізгі тұжырымдамасы – жасыл қаңқа құру, оның құрылымы жыра-сай жайылмаларынан қалыптасады, бұлар қала аумағын сыртқы шекарадан су қоймасына қарай кесіп өтіп, жағалау белдеуі мен қалаішілік кеңістікті жобаланған жасыл қорғаныш белдеуі бар рекреациялық аумақтармен жалғастырады.
Қазіргі, сондай-ақ жаңа тұрғын үй аудандарын көгалдандыру алаңдарын ұлғайту мақсатында бір тұрғынға шаққанда 13 м2 көгалды аумақтардың нормативтік ауданына қол жеткізу және есептік мерзімге 266,5 гектар көгалды аумақтардың нормативтік ауданына қол жеткізу мақсатында қаланың барлық дерлік аудандарында, оның ішінде қоныстану аймағында жаяу жүргіншілер мен саябақ аймақтарын, скверлер мен орман саябақтарын орнату жолымен кемінде 250,4 гектар жалпы пайдаланымдағы көгалды жаңа аумақтар құру қажет.
Перспективалы Жаңа Іле ауданының аумағындағы ең ірі саябақ нысаны Қапшағай су қоймасына жақындағанда тереңдігі 30 метрге жететін қолданыстағы жыра-сайда орналасқан арборетум болып табылады. Жаңа өнеркәсіптік кәсіпорындар объектілерінің зиянды шығарындыларынан қорғайтын мың метрлік жасыл тосқауыл құрудың маңызы ерекше болмақ.
Жаңа Іле алаңы Алматы – Өскемен автомобиль трассасын бөліп жатқан қырда тұр, мұнда Бас жоспарда саябақ салу көзделеді. Осы алаңның оңтүстік бөлігінде кампусы бар жоғары оқу орындарының құрылыс аймағын орналастыру көзделеді. Көгалдандыру жүйесін Қапшағай су қоймасының солтүстік жағалауы бойындағы жағалау бульвары аяқтайды.
10-тарау. Стратегиялық экологиялық бағалау
«Алматы облысы Қонаев қаласының бас жоспары. Түзету» жобасы бойынша Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 51-63-баптарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 30 шілдедегі № 280 бұйрығымен бекітілген экологиялық бағалауды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес стратегиялық экологиялық бағалау жүргізілді, бұл нұсқаулық скрининг және қамту аясын анықтау рәсімдерін, СЭБ бойынша есептің сапасын бағалауды және консультациялардың реттілігін егжей-тегжейлі көрсетеді.
Жүргізілген жұмыс нәтижесінде «Алматы облысы Қонаев қаласының бас жоспары. Түзету» жобасына стратегиялық экологиялық бағалау бойынша есептің қанағаттанарлық сапасы туралы Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің 19.112025 жылғы №04-10/21438 қорытындысы алынды.
Қонаев қаласы – Алматы облысының әкімшілік, логистикалық, өнеркәсіптік және туристік орталығы. Есепті мерзімі 2050 жылға дейінгі жаңа Бас жоспардың мақсаты – қаланы әлеуметтік-экономикалық және аумақтық дамытудың негізгі стратегиялық жоспарлау тұрғысынан қала құрылысы құжатын әзірлеу, қолайлы, жайлы өмір сүру ортасын құруға, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге табиғи және мәдени мұраны сақтауға, қолданыстағы Бас жоспар шешімдерінің, бұрын жасалған бөлуді және жүзеге асырылған құрылыс объектілерін ескере отырып, жаңа жобалық шешімдерді әзірлеуге бағытталған. Жобалық кезеңдер былайша қабылданды: бастапқы жыл – 2024 жыл; құрылыстың бірінші кезегі – 2032 жыл; есепті мерзім – 2050 жыл.
Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастырудың негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:
1) қоршаған ортаға теріс әсерді төмендету;
2) табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану;
3) бұзылған табиғи экологиялық жүйелерді қалпына келтіру;
4) қоршаған ортаға зиян келтірудің алдын алу.
Қонаев қаласының Жаңа Іле ауданында орналастырылатын жаңа көпқабатты тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарды жылумен жабдықтау қолданыстағы орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесінің қызмет көрсету аймағынан тыс жерде көзделеді.
Құрылыстың жоғары тығыздығы мен жылу жүктемелерін ескеріп, жылумен жабдықтау жүйелерін дамыту негізгі отын түрі ретінде табиғи газды пайдаланып, орталықтандырылған және топтық жылу көздері базасында көзделеді.
Жаңа тұрғын аудандарды жылумен жабдықтау мынадай жаңа және реконструкцияланатын жылу көздерінен жүзеге асырылады:
Жылумен жабдықтауға арналған аудандық қазандық, қолданыстағы қазандық жүктемесінің бір бөлігін «Қонаев қаласының жылу желілері» ШЖҚ МКК алмастырғанға дейін кейіннен кеңейту;
№ 1 және № 2 топтық қазандықтар;
Жаңа Іле ауданына орамішілік қазандықтар мен автономды блокты-модульдік жылу көздері;
индустриялық және көлік-логистикалық аймақтар үшін жергілікті жылумен жабдықтау көздері.
Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдаланып, автономды энергия тиімді жылумен жабдықтау жүйелерін қолдану көзделеді.
Қолданыстағы жылумен жабдықтау жүйесі жабдықтардың жоғары деңгейде тозуымен сипатталады және біртіндеп жаңа жылу көздеріне көшу арқылы жаңғыртуды талап етеді.
Жобалық шешімдерді іске асыру тиімділігі жоғары заманауи жабдықтарды қолданып, жаңа қазандықтарды, жылу желілерін және инфрақұрылымды кезең-кезеңімен салуды, сондай-ақ құрылыс салудың дамуына қарай жылумен жабдықтау көздерін кейіннен кеңейтуді көздейді.
Жобалық шешімдерді іске асыру мынадай факторлар есебінен атмосфералық ауаның сапасын жақсартуға мүмкіндік береді:
шағын және тиімсіз жергілікті жылыту қондырғыларымен салыстырғанда
ластағыш заттардың жиынтық шығарындыларын азайту;
пайдалы әсер коэффициенті төмен және шығарындылары жоғары тозған және моральдық тұрғыдан ескірген жылумен жабдықтау көздерін ауыстыру;
отынның толық әрі тұрақты жануын қамтамасыз ететін орталықтандырылған ірі газ қазандықтарына көшу және нәтижесінде қара күйе, көміртегі оксидтерінің және толық жанбаған көмірсутектердің шығарындыларын азайту;
жаңа аудандарда жаппай қолданылған жағдайда ауаның ластануына үлесі көп жергілікті әсерді жеке жылыту көздерін жою;
заманауи автоматтандырылған жабдықтар мен жану процесін бақылау жүйелерін қолдану арқылы отынның жану тиімділігін арттыру;
шығарындылар көздерін жеке өндірістік және коммуналдық аймақтарға шығару есебінен тұрғын аймақтардағы, әсіресе жылыту маусымында ластағыш заттардың жергілікті шоғырлануын төмендету.
Жалпы шашыраңқы орналасқан, тиімділігі төмен шығарынды көздерінен орталықтандырылған, тиімділігі жоғары жылумен жабдықтау жүйелеріне көшу күтіледі, бұл Қонаев қаласының тұрғын аудандарындағы атмосфералық ауаның санитариялық-гигиеналық жағдайының жақсаруын қамтамасыз етеді.
Су үнемдеуді арттыру және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық секторында суды тиімді пайдалану мақсатында қалған тұтынушылар үшін су есептеуіш құралдары орнатылады, сондай-ақ су құбыры желілеріндегі су шығынының деңгейі төмендетіледі.
Суды қайта пайдалану – суды сақтау стратегияларының маңызды құрамдас бөлігі. Суды ауыл шаруашылығындағы ирригация, өнеркәсіптік сумен жабдықтау, қала мұқтажына пайдалану, сондай-ақ ландшафтық және рекреациялық мақсаттар сияқты салаларда қайта пайдалануға болады.
Суды қайта пайдаланудың бірқатар артықшылықтары бар:
баламалы су ресурсын алу және су айдындарына су төгуді азайту немесе тоқтату.
Сумен жабдықтау жүйесін дамыту үшін перспективада жерасты суларының жаңа қабаттарын барлау және пайдалану, жаңа ұңғымаларды бұрғылау қажет.
Тазартылған сарқынды суды суару және өнеркәсіптік кәсіпорындардың мұқтажы үшін қайта пайдалану жүйелерін салу, сондай-ақ жауын-шашын суын жинау және пайдалануды ұйымдастыру көзделеді.
Ұсынылып отырған шаралар су қоймасына тәуелділікті азайтып, даму перспективасында қаланы сумен жабдықтау жүйесінің орнықтылығын арттырады.
Сумен жабдықтаудың баламалы көзі ретінде Кербұлақ және Николаев су кен орындарын пайдалану ұсынылады.
Қала маңындағы жерасты суды қоса алғанда бекітілген жерасты су қорының жалпы теңгерімі 2039 жылға дейін 81,3 мың м³/тәулікті құрайды, бұл есепті мерзімде суға деген сұранысты толық қамтамасыз ете алмайды.
Бас жоспар аясында сумен жабдықтау жүйелерін дамыту мынадай іс-шараларды көздейді.
Құрылыстың 1-ші кезегіне:
диаметрі 100-800 мм полиэтилен құбырларынан жалпы ұзындығы 146,2 км
су құбыры желілерін салу;
су құбыры желілерін реконструкциялау – 45 км;
су алу құрылысжайын (Жаңа Іле) салу;
ұңғымалардан тұтынушыларға дейінгі тегеурінді су құбырларын реконструкциялау;
жаңа ұңғымаларды бұрғылау;
1-ші көтергіш жаңа сорғы станциясын реконструкциялау және салу;
6 резервуарды реконструкциялау және жаңаларын салу, барлық технологиялық құбырларды және тиекті арматураны ауыстыру, ғимараттарды күрделі жөндеу;
сумен жабдықтау жүйелерін автоматтандыру және цифрландыру;
халыққа берілетін ауызсудың сапасына мониторинг жүргізуді ұйымдастыру;
су құбыры желілеріне өлшеу аспаптары бақылау, үйлерге су есептеуіш
аспаптар орнату;
су құбырларын салу және жөндеу кезінде өрт гидранттарын орнату;
суды қайта пайдалана отырып, су пайдалануды оңтайландыру жобаларын және санитариялық қорғау аймақтарының жобаларын әзірлеу.
Есепті мерзімге:
диаметрі 100-800 мм полиэтилен құбырларынан жалпы ұзындығы 64,4 км
су құбыры желілерін салу;
қолданыстағы су құбыры желілері реконструкциялау 10,4 км;
халыққа берілетін ауызсудың сапасына мониторинг жүргізуді ұйымдастыру;
Николаев кен орнының жер асты су қорларын қайта бағалау;
қаланы сумен жабдықтаудың қосымша көзі ретінде Кербұлақ кен орнының
жерасты қорларын қайта бағалау;
су құбырларын салу және жөндеу кезінде өрт гидранттарын орнату.
Қонаев қаласы үшін келтірілген сумен жабдықтау жүйесін дамыту шешімдері жобалаудың кейінгі сатыларында нақтылауды талап етеді.
Қалада жинақтаушы тоғандары бар жаңа кәріздік тазарту құрылысжайларының кешенін жобалау және салу ұсынылады. Моральдық және физикалық тұрғыдан ескірген қолданыстағы кәріздік тазарту құрылысжайларын жою қажет.
Қолданыстағы жинақтаушы тоғандардың орнында рекультивация жүргізіп, кейіннен босатылған жер ресурстарын пайдалану керек.
Бас жоспарда қаланы екі әкімшілік ауданға бөлу ұсынылады: қаланың өзі және Жаңа Іле жаңа ауданының алаңы. Әрбір аудан үшін жаңа кәріздік тазарту құрылысжайларын жобалау ұсынылады. Әрбір кәріздік тазарту құрылысжайы тазартылған сарқынды суларды терең тазартатын тазарту станциясы болып табылып, орман екпелерін суару үшін қайта пайдалану үшін тазарту деңгейін қамтамасыз етеді. Бұл таза суды үнемдеуге мүмкіндік береді. Тазартылған сарқынды сулар жобаланатын жинақтаушы тоғанға жіберілуге тиіс.
Бас жоспар аясында су бұру жүйелерін дамыту мыналарды көздейді:
Құрылыстың 1-ші кезегіне:
диаметрі 200-1000 мм, ұзындығы 132,1 км кәріз желілерін салу;
кәріз желілерін реконструкциялау – 13 км;
сарқынды суларды тазарту және тұнбаларды өңдеудің заманауи технологияларын енгізіп, кәріздік тазарту құрылысжайларын жобалау және салу;
магистральдық инженерлік инфрақұрылымды (кәріз) салу;
Қонаев көшесі бойындағы Д-1000 мм бас кәріз коллекторын кәріздік сорғы станциясына дейін реконструкциялау;
су бұру жүйелерін автоматтандыру және цифрландыру;
кәріздік сорғы станцияларын реконструкциялау – 3 бірлік;
кәріздік сорғы станцияларын жобалау және салу – 11 бірлік;
тазартылған сарқынды суды жинақтағыштарды жобалау және салу;
сарқынды сулардың тазартылуына мониторинг жүргізу;
сарқынды суларды тазарту процесінде түзілетін тұнбаларды кәдеге жарату;
орталықтандырылған су бұру жүйесіне қолжетімділікті қамтамасыз ету – 100 %.
Есепті мерзімге:
диаметрі 200-1000 мм, ұзындығы 46,2 км кәріз желілерін салу;
кәріз желілерін реконструкциялау – 2,8 км;
кәріздік сорғы станциясын жобалау және салу – 2 бірлік;
кәріздік тазарту құрылысжайларының өнімділігін арттыру;
су бұру жүйелерін автоматтандыру және цифрландыру;
сарқынды суларды тазартылуна мониторинг жүргізу;
сарқынды суларды тазарту процесінде түзілетін тұнбаларды кәдеге жарату;
орталықтандырылған су бұру жүйесіне қолжетімділікті қамтамасыз ету – 100 %.
Қонаев қаласында тұрмыстық қатты қалдықтарды шығаруды «Қапшағай АТО» және «Эко Сервис Алматы» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері жүзеге асырады. Токсинді қалдықтарды қабылдауды «Жасыл даму» акционерлік қоғамы қамтамасыз етеді, ал құрамында сынабы бар және медициналық қалдықтарды кәдеге жаратуды мамандандырылған ұйымдар жүзеге асырады. Қала аумағында радиоактивті қалдықтар түзілмейді.
Аумағы 19 га қолданыстағы тұрмыстық қатты қалдықтар полигоны бас жоспардың өзгеруіне байланысты жабылып, рекультивацияланады. Кешенді даму жоспары шеңберінде 2027 жылдың соңына дейін қалдықтарды сұрыптау желісі бар жаңа тұрмыстық қатты қалдықтар полигонын салу көзделген.
Перспективада ауданы 30 және 20 га екі жаңа тұрмыстық қатты қалдықтар полигонын орналастыру көзделген. Қалдық шығаруды қоқыс тиеу станциясы арқылы жүзеге асырып, әрі қарай мамандандырылған жаңа полигонға тасымалдау жоспарланып отыр. Жобаланатын полигондарды орналастыру және объектілерді салу мен пайдалану үшін оларға жер учаскелерін беруге қажетті келісімдер алынған.
Қонаев қаласы бас жоспарының шешімдерін іске асыру инженерлік, көліктік және табиғат қорғау инфрақұрылымын кешенді дамыту есебінен экологиялық жағдайға, аумақтың санитариялық жай-күйіне және халықтың тұрмыс сапасына оң әсерін тигізеді.
Жоспарлау шешімдері жалпы пайдаланымдағы көгалдандырылған аумақтардың көлемін ұлғайтуды, Қапшағай су қоймасының жағалауында рекреациялық аймақтарды дамытуды, арнайы мақсаттағы жасыл желектер мен шудан қорғайтын көгал егуді көздейді. Аталған іс-шаралар атмосфералық ауаның сапасын жақсартуға, шу деңгейін төмендетуге және қолайлы микроклимат қалыптастыруға ықпал етеді.
Бас жоспарда көзделген іс-шараларды іске асыру Қонаев қаласының аумағын орнықты дамыту, экологиялық жағдайды жақсарту, табиғи ресурстарды сақтау және халықтың экологиялық қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді.
11-тарау. Көлік инфрақұрылымы және көше-жол желісі
Бас жоспарда айналма көлік дәлізін қалыптастыру арқылы транзиттік автомобиль және теміржол легін Қонаев қаласының аумағынан тыс шығару көзделеді. Транзиттік қозғалыс айналма жолға шығарылып, қолданыстағы KAZ08 (А3) автомобиль жолы сақтап қалынады, оған қалалық бас магистраль және композициялық ось мәртебесі беріліп, оның бойынан әкімшілік, офистік және сауда-ойын-сауық объектілерін орналастыру ұсынылады.
Перспективада түйісетін көшелері бар жалпы қалалық маңызы бар бұл магистраль екі деңгейлі көлік жолайырағын орнату арқылы қаланың негізгі жоспарлау аудандары мен функционалдық аймақтары арасындағы көлік қатынасын қамтамасыз ететін болады.
Бас жоспарда әуежай құрылысы да көзделеді. Оны орналастыруға арналған алаң бұдан бұрын әзірленген өңірлік деңгейдегі жобалармен айқындалған. Учаске республикалық маңызы бар KAZ08 «Алматы – Өскемен» автомобиль жолының солтүстігінде аудан орталығы Алматы облысының Балқаш ауданы, Бақанас ауылы бағытында орналасқан.
Жаңа әуежай Батыс Еуропа мен Оңтүстік-Шығыс Азия арасындағы әуе тасымалдарының транзиттік байланыстырушы торабы ретінде көзделеді, ішкі және халықаралық жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру үшін жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған. Әуежайдың заманауи кешенін қалыптастыру халықаралық мультимодальды ірі көлік хабын құруға мүмкіндік береді, бұл өңірдің туристік әлеуетін дамытуға жаңа серпін береді және жаңа әкімшілік орталықты елордамен – Астана қаласымен және Қазақстан өңірлерінің әкімшілік орталықтарымен байланыстырады.
Алматы, Қонаев қалаларының, Алматы облысының тұрғындарына көліктік қызмет көрсетуді жақсарту және жол жүру уақытын қысқарту мақсатында «қала – әуежай» бағыты бойынша тұрақты автобус және агломерациялық жеңіл рельсті жолаушылар қатынасын ұйымдастыру көзделеді. Көрсетілген іс-шараларды іске асыру әуежайды жеңіл рельсті көлік арқылы Алматы қаласымен тікелей байланыстыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Теміржол магистралі қаланың қоныстану аумағынан тыс жерге шығарылғаннан кейін жаңа айналма автомобиль жолымен қатар қала жолаушыларына қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін жаңа теміржол вокзалын салу көзделеді.
Бас жоспарда Қапшағай су қоймасында су көлігімен жолаушы тасымалын және рекреациялық тасымалды қалпына келтіру көзделеді. Порт ауданында кеме жөндеу шеберханалары мен ілеспе инфрақұрылым орналастырылып, шағын көлемді флот базасын кеңейту және дамыту үшін аумақтар резервтеледі.
Сондай-ақ гондола үлгісіндегі кабиналары бар аспалы жолаушылар арқанжолының құрылысы көзделеді. Ұзындығы 1,2 км желі Іле өзенінің үстінен өтеді және перспективалы Жаңа Іле ауданының қаланың қазіргі бөлігімен көлік қатынасын қамтамасыз етеді.
Әлеуетті және анықталған проблемаларды ескере отырып, өңірдің көлік-логистикалық жүйесін жаңғыртуға және одан әрі дамытуға бағытталған шаралар кешенін іске асыру көзделеді.
Авиациялық, теміржол, автомобиль және су көлігін қамтитын мультимодальды көлік-логистика жүйені қалыптастыру Алматы облысының аумағында өңірлік маңызы бар ірі көлік-логистика торабын құруға мүмкіндік береді.
Бас жоспардың жоспарлау қағидаттарының бірі – Қапшағай су қоймасының батыс жағалауы арқылы көлік өтпежолын құру. Жағалау маңындағы бөгет-жол бүкіл батыс жағалауы бойымен Алатау қаласының солтүстік шекарасына дейін көзделген. Бөгет-жол қаланың оңтүстік бөлігінде жағалау маңындағы аумақтарды су қоймасының суын желдің айдауынан болатын су басудан қорғауға арналған. Сонымен қатар ол қаланың барлық аудандарының, батыс жағалауда орналасқан демалыс аймақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және жалпы қалалық маңызы бар магистральдар арқылы сыртқы автожолдарға шығады.
Бірінші кезекке және есептік мерзімге жасанды көлік құрылысжайларын салу көзделеді.
Атап айтқанда, қолданыстағы теміржол көпіріне параллель Қапшағай су қоймасының солтүстік-батыс шығанағы арқылы қаланың қазіргі бөлігі мен перспективалы Жаңа Іле ауданы арасындағы көлік байланысын қамтамасыз ететін автомобиль көпірін салу жоспарлануда.
Есепті мерзімге магистральдық көшелер мен жолдардың ұзындығы 217,8 км құрайды.
Бас жоспарда қаланың жаңа аудандарына қоғамдық жолаушылар көлігімен қызмет көрсету үшін мыналар ұсынылады:
жаңа айналма автомобиль жолының бойымен қозғалатын қолданыстағы теміржол дәлізінің орнына жеңіл рельсті көлікті ұйымдастыру;
қаланың магистральдық көшелері бойымен жаңа қалаішілік маршруттарды жүргізу;
жаңа аудандарға қызмет көрсетуді ескере отырып, қолданыстағы маршруттардың схемаларын түзету;
демалыс аймақтарына қызмет көрсету үшін бір маусымдық «Автовокзал – Қапшағай су қоймасының жағалауы» маршрутын ұйымдастыру.
сыйымдылығы аз жылжымалы құрамды жаңарту және сыйымдылығы көп автобустармен ауыстыру.
12-тарау. Инженерлік инфрақұрылым
1-параграф. Сумен жабдықтау
Қонаев қаласының сумен жабдықтау көздері Қапшағай су қоймасының жерүсті сулары және Николаев жерасты су көздері болып табылады. Қапшағай су қоймасы 1976 жылы пайдалануға берілген. Сорғы жабдығының өнімділігі 23 мың м3/тәул. құрайды. Қонаев қаласының оңтүстік шекарасына жақын орналасқан Николаев жерасты су көзі жерасты сумен жабдықтау көзі болып табылады. Николаев кен орнындағы су алу құрылысжайына бес пайдалану ұңғымасы кіреді. Тегеурінді екі су құбырының әрқайсысының ұзындығы 16 км, құбырлардың диаметрі – 350-400 мм. Ұңғымалардағы сорғы жабдықтарының өнімділігі 19,2 мың м3/тәул. құрайды.
Николаев жерасты су көзінің шаруашылық-ауыз су қажеттіліктеріне арналған пайдалану қорын МҚК комиссиясы 2014 жылғы 24 желтоқсандағы №1510-14-У хаттамасымен 25 жылға 70,3 мың м³/тәул. көлемінде бекіткен.
Есепті мерзімге диаметрі 100-800 мм шаруашылық-ауызсу құбырының жобаланатын желілерінің болжамды ұзындығы 210,6 км құрайды.
Су тұтынудың жиынтық есепті көлемі мынаны құрайды:
бірінші кезекке: 37,8 мың м3/тәул. немесе 13 517,1 мың м3/жыл;
есептік мерзімге: 57,2 мың м3/тәул. немесе 20 617,1 мың м3/жыл.
2050 жылға қарай Николаев жерасты су көзінің пайдалану қорының болжамды қысқаруын ескере отырып, Кербұлақ жерасты су көзінің сумен жабдықтаудың қосымша көзі ретінде пайдалану мүмкіндігі қарастырылуда.
Бас жоспарда жерүсті және жерасты сумен жабдықтау көздерін ұтымды пайдалану көзделеді. Су үнемдеуді қамтамасыз ету және су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру мақсатында перспективада мынадай іс-шаралар көзделеді:
жаңа ғимараттар мен кәсіпорындарда су үнемдеу жабдықтарын орнату жөніндегі талаптарды сақтау;
жаңбыр суын жинау және пайдалану жүйелерін енгізу, сондай-ақ оны жеке
тұрғын үй құрылысы мен көппәтерлі үйлердің аумақтарын суару кезінде пайдалану үшін жағдайлар жасау;
құбыршектен суарудан тамшылатып суаруды және жасыл желектерді,саябақтар мен скверлерді суарудың автоматтандырылған жүйелерін пайдалануға көшу;
техникалық қажеттіліктер үшін тазартылған сарқынды суды пайдалану;
өнеркәсіпте техникалық суды қайта пайдалану үшін және жасыл желектерді суару кезінде үшінші мәртелік тазарту жүйесі бар заманауи тазарту құрылысжайларын салу.
Бас жоспар шеңберінде сумен жабдықтау жүйесін дамыту бірінші кезекке және есепті мерзімге іс-шаралар кешенін іске асыруды көздейді. Бірінші кезекке диаметрі 100-800 мм полиэтилен құбырларынан 146,2 км су құбыры желілерін салу, қолданыстағы желілердің 45 км реконструкциялау, перспективалы Жаңа Іле ауданында су алу құрылысжайын салу, ұңғымалардан тұтынушыларға дейін тегеурінді су құбырларын реконструкциялау, жаңа ұңғымаларды бұрғылау, бірінші көтергіш сорғы станциясын реконструкциялау және салу, технологиялық құбырларды және бекіту арматурасын ауыстыра отырып, алты резервуарды реконструкциялау және салу, ғимараттарды күрделі жөндеу жоспарланған.
Есепті мерзімге 64,4 км жаңа су құбыры желілерін салу, 10,4 км қолданыстағы желілерді реконструкциялау, ауыз су сапасының мониторингін жалғастыру, Николаев су көзінің жерасты қорын қайта бағалау, сондай-ақ сумен жабдықтаудың қосымша көзі ретінде Кербұлақ су көзінің қорларын қайта бағалау көзделеді.
2-параграф. Су бұру
Қонаев қаласының су бұру жүйесінің жұмыс істеуі кәріздің тазарту құрылысжайларының сыни жай-күйімен күрделеніп отыр, олардың табиғи тозу дәрежесі 100 %-ды құрайды. Қаланың сарқынды суларын тазартуға арналған кәріздің тазарту құрылысжайларының тиісінше жұмыс істемеуі қоршаған ортаға және су ресурстарына антропогендік жүктеменің ұлғаюына алып келеді. Осыған байланысты оларды кешенді жаңғырту және реконструкциялау талап етіледі.
Қонаев қаласының бас жоспарында су жинақтағыш тоғандары бар жаңа кәріз-тазарту құрылысжайларының кешенін салу көзделеді. Моральдық және табиғи тұрғыдан тозумен сипатталатын қолданыстағы кәріз тазарту құрылысжайлары жойылады. Қолданыстағы су жинақтағыш тоғандардың аумақтарын рекультивациялау көзделеді, босатылатын жерлер кейіннен шаруашылық айналымға тартылады.
Жобалық шешімдерге сәйкес Қонаев қаласының аумағы Іле өзенінің сол және оң жағалауында орналасқан екі әкімшілік ауданға – қаланың қазіргі сол жағалау бөлігі мен перспективалы Жаңа Іле оң жағалау ауданына бөлінеді. Әр аудан үшін сарқынды суларды тазарту құрылысжайларының бөлек кешенін салу көзделеді. Әрбір кешен тазартылған сарқынды суды екпе ағаштарды суару үшін қайта пайдалану мүмкіндігімен тазартудың нормативтік дәрежесін қамтамасыз ететін терең биологиялық тазарту станциясын қамтиды, бұл тұщы суды тұтынуды азайтуға мүмкіндік береді. Тазартылған сарқынды суды жобаланатын су жинақтағыш тоғандарға ағызу көзделеді.
Есепті мерзімге диаметрі 200-1000 мм жобаланатын кәріз желілерінің болжамды ұзындығы 194,1 км құрайды.
Су бұрудың жиынтық есепті көлемі мыналарды құрайды:
бірінші кезекке: 24,9 мың м3/тәул. немесе 9 080,9 мың м3/жыл;
есепті мерзімге: 31,8 мың м3/тәул. 11 620,25 мың м3/жыл.
Бірінші кезекке диаметрі 200-1000 мм болатын 132,1 км кәріз желілерін салу және қолданыстағы желілердің 13 км реконструкциялау; сарқынды суларды тазарту мен тұнбаны өңдеудің заманауи технологияларын енгізе отырып, қаланың қазіргі бөлігі және перспективалы Жаңа Іле ауданы үшін кәріз-тазарту құрылысжайларын жобалау және салу; перспективалы Жаңа Іле ауданы кәрізінің магистральдық инженерлік инфрақұрылымын салу; Қонаев көшесі бойымен диаметрі 1000 мм бас кәріз коллекторын кәріздік сорғы станциясына дейін реконструкциялау; су бұру жүйесін автоматтандыру және цифрландыру; үш кәрізде сорғы станциясын реконструкциялау және он бір кәріздік сорғы станциясын салу; тазартылған сарқынды суларды жинақтағыштарды жобалау және салу; сарқынды суларды тазарту сапасының мониторингін ұйымдастыру және түзілетін тұнбаны кәдеге жарату көзделіп отыр. Халықты орталықтандырылған су бұрумен 100 % қамтамасыз ету көзделеді.
Есепті мерзімге диаметрі 200-1000 мм 46,2 км кәріздің желілерін салу және қолданыстағы желілердің 2,8 км реконструкциялау; екі кәріз сорғы станцияларын жобалау және салу; қаланың барлық жобаланатын аумағында кәрізді тазарту құрылыстарының өнімділігін арттыру; жүйені одан әрі автоматтандыру, сарқынды суларды тазарту мониторингі және тұнбаны кәдеге жарату, сондай-ақ аумақты орталықтандырылған су бұрумен толық қамтуды сақтау көзделеді.
3-параграф. Санитариялық тазалау
Қонаев қаласында тұрмыстық қатты қалдықтарды шығаруды екі ұйым жүзеге асырлады:
«Қапшағай АТО» және «Эко Сервис Алматы» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері. Токсинді қалдықтарды қабылдауды «Жасыл даму» акционерлік қоғамының мамандандырылған ұйымы жүзеге асырады. Құрамында сынабы бар шамдарды, аспаптарды және медициналық қалдықтарды кәдеге жаратуды «Сынап плюс» және «Eco Almaty» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері жүзеге асырады. Қала аумағында қауіпті радиоактивті қалдықтар түзілмейді.
Қолданыстағы тұрмыстық қатты қалдықтар (бұдан әрі – ТҚҚ) полигоны «Қарлығаш» тұрғын алабының оңтүстігіне қарай, селитебті аумақтан 700 метр қашықтықта орналасқан.
Қолданыстағы полигонның ауданы 19 га құрайды. Қала аумағында орналасқан полигон ТҚҚ жинауға, сұрыптауға және өңдеуге ғана арналған.
Қазіргі уақытта қаланың полигоны қала әкімдігінің теңгерімінде. Қаланың бас жоспарына өзгерістер енгізілуіне байланысты бұл полигон жабылып, рекультивацияланады. Жаңа полигон салынғаннан кейін полигонды 2026-2027 жылдары рекультивациялау жоспарланған.
Қаланы дамытудың кешенді жоспарына сәйкес 2026 жылдың соңына дейін қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу желісі бар жаңа тұрмыстық қатты қалдықтар полигонын салу жоспарланған.
Жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізуге жіберілді. Полигон құрылысы 2026 және 2027 жылдарға жоспарланған.
Жобада екі ТҚҚ полигонын жобалау ұсынылады: ауданы 30 га 1-ші полигон қаланың қазіргі сол жағалау бөлігіне арналған. Ауданы 20 га 2-ші полигон қаланың оң жағалауындағы перспективалы Жаңа Іле алаңына қызмет көрсетеді.
Аталған жобалық шешімдерді іске асыру үшін Қонаев қаласы әкімдігінің «Қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салу және пайдалану үшін жер учаскесін беру туралы» 2025 жылғы 19 ақпандағы № 144 қаулысы, жер учаскесінің схемасы, таңдау актісі, сондай-ақ жер комиссиясының 2025 жылғы 17 қаңтардағы № 5 хаттамалық шешімі дайындалған.
Қаланың аудандарынан тұрмыстық қатты қалдықтарды жобаланатын қоқыс тиеу-жөнелту станциясына, одан әрі жобаланатын арнайы жабдықталған ТҚҚ полигондарына шығаруды жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Полигондар, сүзілуге қарсы экрандарды, жерүсті суларын жинау және бұру жүйелерін, сондай-ақ объектіні қауіпсіз пайдалануға арналған инфрақұрылыммен аумақты инженерлік қорғаумен жабдықталатын болады.
Полигондардың құрамында қағазды, картонды, пластикті, шыныны және металлды қоса алғанда, қайталама материалдық ресурстарды бөліп алып, қалдықтарды алдын ала сұрыптауды қамтамасыз ететін қоқысты тиеу-жөнелту және қоқыс сұрыптау учаскелері көзделеді. Бұл қалдықтарды қайта өңдеу үлесін арттырып, оларды көму көлемін қысқаруға мүмкіндік береді.
Қоршаған ортаға теріс әсердің алдын алу үшін жобада сүзіндіні жинау және тазарту жүйелері, қоқыс газын жинау жүйелері, жерасты суларының жай-күйін мониторингтеуге арналған байқау ұңғымалары желісі, сондай-ақ тұрақты экологиялық бақылау жүргізу қарастырылады. Осы іс-шараларды іске асыру қалдықтармен экологиялық қауіпсіз жұмыс істеуді, топырақтың, жерасты және жерүсті суларының ластану қаупін азайтуды, сондай-ақ Қонаев қаласы аумағының санитариялық жағдайын жақсартуды қамтамасыз етеді.
Жобада аумақты абаттандыру, санитариялық тазарту жұмыстарын жүргізу көзделген.
Халықтан түзілетін тұрмыстық қатты қалдықтардың болжамды көлемі мынаны құрайды:
бірінші кезекке – 36,400 тонна/жыл немесе 182,000 м³/жыл;
есепті мерзімге – 57,400 тонна/жыл немесе 287,000 м³/жыл.
4-параграф. Электрмен жабдықтау
Қала тұтынушыларына электр энергиясын генерациялаудың негізгі көздері «АЭС» акционерлік қоғамы Қапшағай су электр станциясы және жаңартылатын (күн және жел) энергия көздері болып табылады. Қаланың электр станцияларының жиынтық белгіленген / қолда бар қуаты 474,9 / 227,1 МВт құрайды.
Қала аумағында жиынтық белгіленген қуаты 252 МВА болатын кернеуі 220 кВ екі қосалқы станция және жиынтық белгіленген қуаты 26,3 МВА болатын кернеуі 110 кв бір қосалқы станция орналасқан.
Бірінші кезекке және есепті мерзімге тұтынушылардың санаттары бойынша электр жүктемелерінің өсу динамикасы халықтың болжамды санын, тұрғын үй қорына, қызмет көрсету объектілеріне және өндірістік салаға қажеттілікті талдау негізінде айқындалған.
Орындалған есеп-қисапқа сәйкес электр жүктемелері (бірмезгілдік коэффициентімен) мынаны құрайды:
бірінші кезекке – 69,96 МВт;
есепті мерзімге – 120,69 МВт.
Өнеркәсіптік тұтынушылардың жүктемелері (бірмезгілдік коэффициентімен):
бірінші кезекке – 55,4 МВт;
есепті мерзімге – 94 МВт.
Бірінші кезекке және есепті мерзімге қаланы электрмен жабдықтау жүйесін дамытудың негізгі бағыты:
220 кВ ӘЖ бар жаңа тірек ҚС (Тамаша ҚС) салу арқылы 220 кВ желілерді күшейту;
тұтынушылардың жүктемелерін 110/10 кВ жаңа қосалқы станцияларға ауыстыру және 220 кВ тірек қосалқы станцияларының жүктемесін қамтамасыз ету;
тірек ҚС-нан радиалды блоктың схемалар бойынша 110 кВ жаңа ҚС салу;
табиғи және моральдық тұрғыдан ескірген электр желілік объектілерді реконструкциялау және техникалық қайта жарақтандыру, трансформаторларды үлкен қуатқа ауыстыру, жаңа 110 кВ ҚС салу;
110 кВ әуе желілерін қаланың қоныстану бөлігіндегі кәбілдік желілерге ауыстыру;
«ақылды қала» тұжырымдамасын ендіру, ол тұтынушыларда тікелей орнатылатын «ақылды» есептегіштер (Smart Meters) және «ақылды» желі (Smart Grid) жүйесіне негізделген;
энергия тиімділігі мен энергия үнемдеу мәселелерін күшейту.
5-параграф. Жылумен жабдықтау
Қаланың қолданыстағы жылумен жабдықтау жүйесі орталықтандырылған және орталықтандырылмаған бағыттарды қамтиды. Орталықтандырылған жылумен жабдықтау «Қонаев қаласының жылу желілері» ШЖҚ МКК базасында жүзеге асырылады.
Қазандықтың белгіленген жылу қуаты 192 Гкал/сағат, оның ішінде: су жылыту қазандықтары бойынша 120 Гкал/сағат, бу қазандықтары бойынша 120 т/сағат. Қолда бар жылу қуаты 179,7 Гкал/сағат.
Орталықтандырылмаған жылумен жабдықтау дербес жылыту жүйелерін, өнеркәсіптік қазандықтар мен жылыту пештерін қоса алғанда, жеке жылу көздерінен қамтамасыз етіледі.
Қаланың есепті жылу жүктемесі есепті мерзімге дейін 987 Гкал/сағатқа, оның ішінде жаңа тұрғын үй құрылысын салу есебінен 206 Гкал/сағатқа, қоғамдық-әкімшілік құрылыс есебінен 108 Гкал/сағатқа, өнеркәсіпті дамыту есебінен 673 Гкал/сағатқа ұлғаяды.
Жобалық шешімдерде перспективалы Жаңа Іле ауданының коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы объектілерін жылумен жабдықтауды:
бірінші кезекке: жиынтық жылу қуаты 70 Гкал/сағат газ жағатын жаңа орамдық қазандықтардан және АБМҚ-дан;
есепті мерзімге: жалпы жылу қуаты 140 Гкал/сағат газ жағатын жаңа орамдық қазандықтардан қамтамасыз ету көзделеді.
Қаланың қазіргі бөлігіндегі жаңа көппәтерлі тұрғын үйлері мен қоғамдық құрылыс үшін жылумен жабдықтауды:
бірінші кезекке: газ жағатын орнатылған жылу қуаты 15 Гкал/сағат топтық қазандықтан және газбен жұмыс істейтін жылу қуаты 70 Гкал/сағат топтық қазандықтардан;
есепті мерзімге: жылу қуаты НРК 55 Гкал/сағатқа дейін кеңейтілетін және жылу қуаты 80 Гкал/сағатқа дейін кеңейтілетін топтық қазандықтан ұйымдастыру көзделеді.
Негізгі қорлар жаңартылмаса «Қонаев қаласының жылу желілері» ШЖҚ МКК қазандығының моральдық және табиғи жағынан ескірген жабдықтарын одан әрі пайдалану жылу көзі жұмысының тиімділігін, сондай-ақ жабдықтарды пайдалану қауіпсіздігін және қаланы жылумен жабдықтау сенімділігін қамтамасыз ете алмайды.
Осыған байланысты алдағы уақытта қолданыстағы қазандықтың жылу қуатын алмастыру мақсатында жаңа ҚР (НРК) 180 Гкал/сағатқа кеңейту нұсқасын қарастыра отырып жобалау жұмыстарын орындау ұсынылады.
Жер учаскелері бар меншікжайлы құрылысты жылумен жабдықтауды заманауи автономды жылумен жабдықтау жүйелерінен жүзеге асыру ұсынылады.
Индустриялық аймақтарда орналасатын жаңа өнеркәсіптік кәсіпорындарды жылумен жабдықтауды әр аймақта газ жағатын топтық қазандықтардан жүзеге асыру ұсынылады.
6-параграф. Газбен жабдықтау
Қапшағай өңірін газдандыру «Алматы – Байсерке – Талғар» магистральдық газ құбырынан және «Қапшағай» автоматтандырылған газ тарату станциясынан «Байсерке – Қапшағай» магистральдық бұрма газ құбырымен қамтамасыз етілген.
Бас жоспарға сәйкес газбен жабдықтау жүйесін дамыту «Қонаев» автоматтандырылған газ тарату станциясы перспективалы Жаңа Іле ауданына дейін жоғары қысымды газ құбырын салуды көздейді. Жаңа Іле ауданының аумағында тұтынушыларға дейін орта және төмен қысымды газ тарату желілерін сала отырып, бас газ реттеу пунктінің құрылысы көзделеді.
Сондай-ақ бірінші кезекке мынадай іс-шаралар көзделеді:
қолданыстағы газ құбырының диаметрін 315 мм-ден 530 мм дейін ұлғайту қаланың 10-шы шағын ауданына ұзындығы 0,85 км тармақ, негіздеме: қаланың оңтүстік бөлігінде меншікті инфрақұрылымы мен қазандықтары бар тұрғын үй алаптарын салу перспективасы;
қаланың қазіргі бөлігінде және перспективалы Жаңа Іле ауданында тұтынушыларға дейін жоғары қысымды жеткізгі газ құбырларын, бас газ реттеу пункттерін және әрі қарай орта және төмен қысымды газ құбырларын салу.
Есепті мерзімге:
есепті мерзімде өнеркәсіп пен индустриялық аймақтарды толық қамту үшін «Қазақстан-Қытай» МГ-нен табиғи газдың қажетті көлемін алу мүмкіндігімен өлшегіш торабын («Қазақстан-Қытай» және «Байсерке-Қапшағай» магистральды газ құбыры арасындағы қосқыштар) салу;
қаланың қазіргі бөлігіндегі және перспективалы Жаңа Іле ауданындағы тұтынушыларға дейін жоғары қысымды жеткізгі газ құбырларын, бас газ реттеу пункттерін және әрі қарай орта және төмен қысымды газ құбырларын салу;
жобаланатын аумақтарда газ тарату желілерін салу көзделген.
7-параграф. Телекоммуникация және байланыс
Қазіргі таңда қала аумағындағы объектілер телефон байланысы қызметтерімен қамтамасыз етілген және жоғары жылдамдықты қолжетімді Интернет желісіне ішінара қосылған. Телекоммуникациялық инфрақұрылымның даму деңгейі Алматы облысының жалпы өңірлік көрсеткіштеріне сәйкес келеді.
«Қазақтелеком» АҚ ұлттық байланыс операторы пайдаланушыларға ақпараттық қауіпсіздік, цифрлық телевизия қызметтерін және өзге де сервистерді қоса алғанда, телекоммуникациялық қызметтер кешенін ұсынады.
Қала аумағын Beeline, Altel/Tele2 операторының ұялы байланысымен қамылған, сондай-ақ Интернет желісіне қолжетімділік ұйымдастырылған.
Заманауи телекоммуникациялық қызметтерді ұсынуды қамтамасыз ету үшін қолданыстағы цифрлық станцияны жете жарақтандыру, қабылданған телекоммуникациялық желінің схемасына сәйкес оптикалық тарату шкафтарын орнату, автоматты телефон станциясын электрмен жабдықтау жүйесін жаңғырту және жабдықтау көзделеді. Тарату және магистральдық желінің кәбілдерін жүргізу үшін телефон кәбілі кәрізін салу, сондай-ақ желінің айналмалы көлік құрылымын қалыптастыра отырып, талшықты-оптикалық байланыс желілерін жүргізуде көзделеді.
Бас жоспарда 2050 жылға дейінгі есепті кезеңнің сатылары бойынша қаланың байланыс және телекоммуникация абоненттерін есептеу жүргізілді, соның негізінде цифрлық автоматты телефон станцияларының қажетті саны айқындалды. Байланыс және телекоммуникациялық көрсетілетін қызметтер абоненттерінің болжамды жалпы саны 2050 жылға қарай 100 тұрғынға шаққанда 30 порт есептік телефон тығыздығы кезінде 79200 бірлікті құрайды.
Абоненттерге тексеру талшықты-оптикалық байланыс желілерін жүргізу диаметрі 110 мм және 63 мм полиэтилен құбырларын пайдалана отырып, кәбілдік кәрізде көзделеді. Қарау құрылғылары ретінде қолданыстағы нормативтердің талаптарына сәйкес әртүрлі типтегі темірбетон құдықтарын орнату көзделеді.
13-тарау. Аумақты инженерлік дайындау және оны қауіпті геологиялық әрі техногендік құбылыстардан қорғау
Бас жоспарда қала құрылысының орнықты дамуын қамтамасыз етуге, су жайылуынан және су басудан қорғауға, жерүсті суларын ұйымдастырылған түрде бұруды, сондай-ақ құрылыстың инженерлік-геологиялық жағдайларын жақсартуға бағытталған аумақты инженерлік даярлау жөніндегі іс-шаралар кешені көзделеді.
Негізгі шешімдерде аумақтың табиғи бедері, жекелеген аудандардағы топырақ суларының жоғары деңгейі, сай-жыралар желісінің болуы және Қапшағай су қоймасының әсері ескеріледі. Жекелеген учаскелерді жергілікті түзете отырып табиғи бедерге барынша аз араласу көзделеді.
Негізгі инженерлік іс-шаралар:
Аумақты тігінен жоспарлау. Көше-жол желісінің нормативтік еңістерін және жерүсті суларын ұйымдастырылған түрде бұруды қамтамасыз ету үшін бедерді жергілікті түзету көзделеді.
Жер жұмыстарының негізгі көлемдері мыналарда:
жаңа құрылыс салу аудандарында;
бедердің сай және еңіс түріндегі учаскелерінде;
қаланың оңтүстік бөлігіндегі эолды жазық аумағында шоғырландырылған, мұнда құм төбелерін кесу және шұңқырларға топырақ үю көзделеді.
Бұл ретте жобалық шешімдер перспективада игерілетін аумақтарды қоспағанда, табиғи бедерді айтарлықтай өзгертуді көздемейді.
Жерүсті суын бұруды ұйымдастыру. Аумақтың табиғи еңісін ескере отырып, аралас су бұру жүйесі көзделеді, олар мыналарды қамтиды:
ашық арық желісі;
тегеурінсіз жауын-шашын коллекторлары мен дренажды коллекторлар;
сорғы станциялары;
тегеурінді коллекторлар мен жауын-шашын коллекторлары;
жергілікті тазарту құрылысжайлары.
Тазартылған жерүсті және дренажды суларды:
жасыл желектерді суару;
жол жабындыларын жууға пайдалану көзделеді.
Жауын-шашын ағындарын ұстап қалу үшін бөгет-жол бойында жабық жауын шашын коллекторлары мен дренажды коллектор салу көзделеді.
Жыра-сайларды абаттандыру және эрозиялық процестерден қорғау.
Бас жоспарда:
жыра-сай арналарын тазартуды және түзетуді;
террассаларды жайластыруды;
беткейлерді темірбетон плиталарымен және геоторалармен нығайтуды;
көгалдандыруды ұйымдастыру көзделеді.
Өнеркәсіптік аймақтағы Безымянный сайы көміліп, кейіннен аумақ тігінен жоспарланады. Тасқын су ағынын қырат арығымен ұстап қалып, жинақтаушы тоғанға бұру көзделеді.
Қосымша перспективалы құрылыс салудың батыс шекарасы бойында еріген қар және нөсер суларын қабылдап, жинақтайтын су ұстау арнасы мен тоғандар қарастырылады.
Аумақты су басудан қорғау. Перспективалық құрылыс салу аумақтарында, әсіресе Қапшағай су қоймасының жағалау аймағында су деңгейін төмендеуі көзделеді.
Ол үшін:
өздігінен ағып кететін дренажды коллекторлар салу;
тегеурінді дренаж жүйесін салу;
сорғы станцияларын орналастыру;
дренаж суларын жинақтайтын-буландыратын тоғандар салу жоспарланады.
Дренажды коллекторлармен жауын-шашын коллекторларын біртұтас инженерлік трассада бірге төсеу көзделеді.
Деңгейі жоғары аумақтарда жерасты суларының жайылуынан игеру. Қаланы перспективалы дамытудың оңтүстік аумақтарында:
жерасты суының жоғары деңгейі;
судың жер бетіне шығуы;
шөкпе топырақ болуы байқалады.
Құрылыс жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін:
ыза суының деңгейін төмендету;
су бұру арықтарын орнату;
дренажды суды бұру және тазарту;
топырақты нығыздау;
негіздерді топырақ цементті қадалармен нығайту көзделеді.
Дренажды суларды қайта пайдалану үшін техникалық су резервуарларын салу көзделеді.
Аумақты су басудан қорғау
Қапшағай су қоймасының батыс жағалауы су басуға барынша бейім учаске болып табылады, мұнда ауа райы желді болса, толқын легі болуы мүмкін.
Қазіргі және перспективалы құрылыс салынатын жерлерді қорғау үшін батыс және оңтүстік-батыс жағалау бойымен үйінді жасалатын жер бөгенін салу көзделеді.
Бөген мен жағалауды нығайту құрылысжайларының параметрлері инженерлік іздестіру нәтижелері бойынша жобалаудың кейінгі сатыларында нақтыланады.
Тұжырымдар
Бас жоспарда табиғи, гидрогеологиялық және климаттық жағдайлар ескеріліп, аумақты инженерлік тұрғыдан дайындаудың кешенді тәсілі көзделген.
Инженерлік қорғаудың негізгі бағыттары:
жерүсті суларын бұрып әкетуді ұйымдастыру;
су жайылудан және су басудан қорғау;
жерасты су деңгейін реттеу;
шөгінді топырақты нығайту;
эрозиялық процестердің алдын алу.
Ұсынылып отырған іс-шаралар жағалау маңындағы және проблемалық аумақтарды, оның ішінде топырақ суының деңгейі жоғары аудандарды одан әрі игеру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Тазартылған жауын-шашын және дренажды суларды коммуналдық және ирригациялық қажеттіліктер үшін қайта пайдалануға айтарлықтай назар аударылған.
Су басудан қорғау және гидрогеологиялық жағдайларды реттеу жөніндегі іс-шараларды іске асыру мамандандырылған инженерлік іздестіруді және кейіннен егжей-тегжейлі жобалық пысықтауды талап етеді.
14-тарау. Алматы облысы Қонаев қаласының бас жоспарының негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері
Р/с
№
Көрсеткіштердің атауы
Өлшем бірлігі
Қазіргі жай-күйі
Бірінші кезең
Есепті мерзім
1
2
3
4
5
6
1
Аумағы
1.1
Қала, кент және ауылдық елді мекен шегіндегі елді мекен жерінің ауданы, барлығы
мың га
8,450
16,9298
22,334
оның ішінде:
1.1.1
Тұрғын үй және қоғамдық құрылыс
-//-
0,8802
2,3907
2,7802
соның ішінде:
1.1.1.1
үй (пәтер) жанында жер учаскесі бар меншікжайлы және бөліктелген құрылыс
-//-
0,6487
0,5727
0,5727
1.1.1.2
аз қабатты тұрғын үйлер құрылысы
-//-
0,0051
0,0051
0,013
1.1.1.3
көп қабатты көппәтерлі тұрғын үйлер құрылысы
-//-
0,1124
0,3496
0,5258
1.1.1.4
қоғамдық құрылыс
-//-
0,1140
1,4633
1,6687
1.1.2
Өнеркәсіптік және коммуналдық-қоймалық құрылысы
-//-
0,6056
0,5291
2,5690
соның ішінде:
1.1.2.1
өнеркәсіптік құрылыс
-//-
0,2576
0,3525
1,6353
1.1.2.2
коммуналдық құрылыс
-//-
0,1044
0,1301
0,3872
1.1.2.3
қойма құрылысы
-//-
0,2436
0,0465
0,5465
1.1.3
Көлік, байланыс, инженерлік коммуникациялар, оның ішінде:
-//-
0,3115
3,2306
3,4312
1.1.3.1
сыртқы көлік (теміржол, автомобиль, өзен, теңіз, әуе және құбыржол)
-//-
0,0377
2,3644
2,5439
1.1.3.2
магистральды инженерлік желілер мен құрылыстар
-//-
0,2738
0,8662
0,8873
1.1.3.3
байланыс құрылыстары
-
-
-
1.1.4
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
-//-
-
-
-
соның ішінде:
1.1.4.1
қорықтар
-//-
-
-
-
1.1.4.2
қаумалдар
-//-
-
-
-
1.1.4.3
табиғат ескерткіштері
-//-
-
-
-
1.1.4.4
ормандар мен орман саябақтары
-//-
-
-
-
1.1.5
Су айдындары мен акваториялар
-//-
0,0984
0,0984
0,0984
соның ішінде:
1.1.5.1
өзендер, табиғи және жасанды су айдындары
-//-
0,0910
0,0910
0,0910
1.1.5.2
су қорғау аймақтары
-//-
-
-
-
1.1.5.3
гидротехникалық құрылысжайлар
-//-
0,0074
0,0074
0,0074
1.1.5.4
Су шаруашылығы құрылысжайлары
-//-
-
-
-
1.1.6
Ауыл шаруашылығында пайдаланатын
-//-
-
-
-
соның ішінде:
1.1.6.1
егістік жерлер
-//-
-
-
-
1.1.6.2
бақтар мен жүзімдіктер
-//-
-
-
-
1.1.6.3
шабындықтар, жайылымдар
-//-
-
-
-
1.1.7
Жалпы пайдаланымдағы
-//-
1,8511
6,4265
10,3958
соның ішінде:
1.1.7.1
көшелер, жолдар, өтпежолдар
-//-
0,5556
1,1586
2,8568
1.1.7.2
су айдындары, жағажайлар, жағалаулар
-//-
0,3581
1,0514
3,0151
1.1.7.3
саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар
-//-
0,0070
0,7049
0,8991
1.1.7.4
жалпыға пайдаланымдағы басқа да аумақтық объектілер
-//-
0,9304
3,5116
3,6248
1.1.8
Арнайы мақсаттағы аймақтар
-//-
0,063
0,184
0,184
соның ішінде:
1.1.8.1
зираттар, мал қорымдары аймағы
-//-
0,0336
0,1539
0,1539
1.1.8.2
тұрмыстық қатты қалдықтарды (күресіндер) уақытша сақтау аймағы, ТҚҚ өңдеу кәсіпорындары
-//-
0,0294
0,0301
0,0301
1.1.9
Режимдік аумақтардың аймақтары
0,4914
0,1954
0,1954
оның ішінде:
1.1.9.1
әскери қалашық
-//-
0,2707
0,1954
0,1954
1.1.9.2
артиллериялық және жарылғыш материалдар қоймалары
0,2207
-
-
1.1.10
Резервтік
-//-
4,1488
3,8751
2,680
соның ішінде:
1.1.10.1
селитебті аумақтарды дамыту үшін
-//-
4,1488
3,8751
2,680
1.1.10.2
өнеркәсіп-өндірістік және коммуналдық аумақтарды дамыту үшін
-//-
-
-
-
1.1.10.3
рекреациялық және басқа аймақтарды ұйымдастыру үшін
-//-
-
-
-
1.2
Жерлердің жалпы санынан:
1.2.1*
мемлекеттік меншіктегі жерлер
-//-
-
-
-
1.2.2*
коммуналдық меншіктегі жерлер
-//-
-
-
-
1.2.3*
жеке меншіктегі жерлер
-//-
-
-
-
2
Халық
2.1
Халық саны, барлығы
мың адам
56,46
130,0
205,0
оның ішінде:
2.1.1
қалада
-//-
56,46
130,0
205,0
2.2
Халықтың табиғи қозғалысының көрсеткіштері:
2.2.1
өсім
-//-
-
21,43
97,49
2.2.2
кему
-//-
-
7,52
35,21
2.3
Халықтың көші-қон көрсеткіштері:
2.3.1
өсім
-//-
-
74,64
130,15
2.3.2
кему
-//-
-
14,96
43,86
2.4
Халық тығыздығы
2.4.1
селитебті аумақ шегінде
адам /га
21
15
16
2.4.2
қалалық, кенттік және ауылдық құрылыс аумағының шегінде
-//-
7
8
9
2.5
Халықтың жас құрылымы:
2.5.1
15 жасқа дейінгі балалар
мың адам/%
18,69/
33,1
39,0/
30,0
67,65/
33,0
2.5.2
еңбекке қабілетті жастағы халық
-//-
32,69/
57,9
80,6/
62,0
116,85/
57,0
(ерлер 16-62 жас, әйелдер 16-57 жас)
-//-
32,69/
57,9
80,6/
62,0
116,85/
57,0
2.5.3
еңбекке қабілетті жастан асқан халық
-//-
5,08/
9,0
10,4/
8,0
20,5/
10,0
2.6
Отбасылар мен жалғызбасты тұрғындар саны, барлығы
бірлік
-
35000
56000
соның ішінде:
2.6.1
отбасылар саны
-//-
-
25000
40000
2.6.2
жалғызбасты тұрғындар саны
-//-
-
10000
16000
2.7
Еңбек ресурстары, барлығы
мың адам
32,69
75,0
117,9
соның ішінде:
2.7.1
Экономикалық белсенді халық, барлығы
мың адам/%
28,27/
86,5
66,34/
88,5
107,58/
91,3
соның ішінде:
2.7.1.1
Экономика салаларында жұмыспен қамтылғандар
-//-
27,11/
95,91
63,62/
95,9
103,5/
96,2
1)
қала түзуші топта
-//-
6,83/
25,2
13,04/
20,5
19,66/
19,0
соның ішінде: өзін-өзі жұмыспен қамтығандар
1,31/
4,8
2,88/
4,5
3,4/
3,3
2)
қызмет көрсетуші топта
-//-
20,28/
74,8
50,58/
79,5
83,83/
81,0
2а)
соның ішінде: өзін-өзі жұмыспен қамтығандар
4,10/
15,1
11,76/
18,5
15,22/
14,7
2.7.1.2
Жұмыссыздар
-//-
1,15/
4,1
2,72/
4,1
4,088/
3,8
2.7.2
Экономикалық белсенді емес халық
-//-
4,42/
13,5
8,66/
11,5
10,32/
8,7
2.7.2.1
Өндірістен қол үзіп оқитын еңбекке қабілетті жастағы оқушылар
-//-
-
-
-
2.7.2.2
Экономикалық қызметпен айналыспайтын және оқымайтын еңбекке қабілетті жастағы халық
-//-
-
1,5
1,5
3
Тұрғын үй құрылысы
3.1
Тұрғын үй қоры, барлығы
мың м² жалпы
аудан / %
1108,41/
100
3378,95
/100
5652,72/
100
соның ішінде:
3.1.1*
мемлекеттік қор
-//-
дерек жоқ
дерек жоқ
дерек жоқ
3.1.2*
жеке меншікте
-//-
дерек жоқ
дерек жоқ
дерек жоқ
3.2
Ортақ қордан:
3.2.1
көппәтерлі үйлерде
-//-
726,69/
65,6
3019,31/ 89,4
5362,52/
94,9
3.2.2
меншікжай түріндегі үйлерде
-//-
381,72/
34,4
359,64/
10,6
290,2/
5,1
3.3
70 %-дан астам тозған тұрғын үй қоры, барлығы
-//-
дерек жоқ
дерек жоқ
дерек жоқ
соның ішінде:
3.3.1
мемлекеттік қор
мың м² жалпы
аудан
дерек жоқ
дерек жоқ
дерек жоқ
3.4
Сақталатын тұрғын үй қоры, барлығы
-//-
-
1006,28/
29,8
3333,75/
59
3.5
Тұрғын үй қорын қабат саны бойынша бөлу:
соның ішінде:
3.6.1
аз қабатты
мың м² жалпы
аудан / %
395,57/
35,7
373,49/
11,1
360,25/
6,4
соның ішінде салынып жатқан:
3.6.1.1
үй (пәтер) жанында жер учаскесі бар меншік (коттедж) түрінде
-//-
381,72/
34,4
359,64/
10,6
290,2/
5,1
3.6.1.2
пәтер жанындағы жер учаскесі бар бөліктелген
-//-
-
-
-
3.6.1.3
жер учаскесі жоқ 1-3 қабатты
-//-
13,85/
1,2
13,85/
0,4
70,05/
1,2
3.6.2
орташа қабатты (4-5 қабатты) көппәтерлі
-//-
599,18/
54,1
1947,11/
57,6
2698,99/
47,7
3.6.3
көп қабатты көппәтерлі
-//-
113,66/
10,3
1058,43/
31,3
2593,51/
45,9
3.7
Тұрғын үй қорының кемуі, барлығы
-//-
-
102,13/
9,2
147,32/
4,4
соның ішінде:
3.7.1
техникалық жай-күйі бойынша
-//-
-
-
-
3.7.2
реконструкциялау бойынша
-//-
-
102,13/
9,2
147,32/
4,4
3.7.3
басқа себептер бойынша (үй-жайларды қайта жабдықтау)
-//-
-
-
-
3.7.4
Төмендегілерге қатысты тұрғын үй қорының кемуі:
3.7.4.1
қолданыстағы тұрғын үй қорына
%
-
9,2
4,4
3.7.4.2
жаңа құрылысқа
-//-
-
4,3
3,1
3.8
Жаңа тұрғын үй құрылысы, барлығы, соның ішінде төмендегілердің есебінен:
үй (пәтер) бірлігі/ мың м² жалпы аудан
-
790/
2372,67
1564/
4691,6
3.8.1*
мемлекеттік қаражат
-//-
3.8.2*
кәсіпорындар мен ұйымдар
-//-
-
-
-
3.8.3*
халықтың өз қаражаты
-//-
-
-
-
3.9
Қабат саны бойынша жаңа тұрғын үй құрылысының құрылымы
-//-
-
790/
2372,67
1564/
4691,6
соның ішінде:
3.9.1
аз қабатты
-//-
-
27/80,1
45/ 136,27
соның ішінде:
3.9.1.1
үй (пәтер) жанында жер учаскесі бар меншікжай (коттедж) түрінде
-//-
-
27/80,1
27/80,2
3.9.1.2
пәтер жанындағы жер учаскесі бар бөліктелген
-//-
-
-
-
3.9.1.3
жер учаскесі жоқ 1-3 қабатты
-//-
-
-
19/56,2
3.9.2
орташа қабатты (4-5 қабатты) көппәтерлі
-//-
-
449/
1347,9
759/
2278,43
3.9.3
көп қабатты көппәтерлі
-//-
-
315/
944,8
759/
2277
3.10
Жаңа тұрғын үй құрылысының жалпы көлемінен төмендегілерге орналастырылады:
3.10.1
бос аумақтарда
-//-
-
1028,1
2480,9
3.10.2
қолданыстағы құрылысты реконструкциялау есебінен
-//-
-
1344,57
2210,74
3.11
Жаңа тұрғын үй қорының жалпы ауданының енгізілуі орта есеппен жылына
мың м²
-
263,6
180,4
3.12
Тұрғын үй қорының қамтамасыз етілуі:
3.12.1
су құбырымен
жалпы тұрғын үй қорының %
100
100
100
3.12.2
кәрізбен
-//-
94,3
96
100
3.12.3
электр плиталарымен
-//-
0
10
15
3.12.4
газ плиталары
-//-
99,8
90
85
3.12.5
жылумен
-//-
71,4
80
90
3.12.6
ыстық сумен
-//-
64,8
75
95
3.13
Халықтың пәтерлердің жалпы ауданымен орташа қамтамасыз етілуі
м²/адам
19,6
26
27,6
4
Әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету объектілері
4.1
Мектепке дейінгі балалар мекемелері, барлығы/1000 адамға
орын
2907
12191
19593
4.1.1
қамтамасыз етілу деңгейі
%
104,6
100
100
4.1.2
1000 тұрғынға шаққанда
орын
53
94
96
4.1.3
жаңа құрылыс
-//-
-
9284
16686
4.2
Жалпы білім беретін мекемелер, барлығы/1000 адамға
-//-
8432
19550
33308
4.2.1
қамтамасыз етілу деңгейі
%
63,6
100
100
4.2.2
1000 адамға шаққанда
орын
154
150
162
4.2.3
жаңа құрылыс
-//-
-
11118
24876
4.3
Ауруханалар, барлығы/1000 адамға
төсек
260/4,6
670/5,2
1607/7,8
4.4
Емханалар, барлығы/1000 адамға
ауысымда келу
950/16,8
1915/14,7
4102/20
4.5
Әлеуметтік қамсыздандыру мекемелері (интернат-үйлер) - барлығы/1000 адамға
орын
220/3,9
3201/24,6
5047/24,6
4.6
Ұзақ демалу мекемелері (демалыс үйлері, пансионаттар, оқушы лагерьлері және т. б.), барлығы/1000 адамға
-//-
-
193873
196406
4.7
Дене шынықтыру-спорт ғимараттары, барлығы/1000 адамға
ауданы м²
-
7800/60
12300
4.8
Ойын-сауық, мәдениет мекемелері (театрлар, клубтар, кинотеатрлар, музейлер, көрме залдары және т. б.), барлығы/1000 адамға
орын
217/
3,8
15975/
122,9
24600/
120
4.9
Сауда кәсіпорындары, барлығы/1000 адамға
м² сауда алаңы
15808/
280
36400/
280
57400/
280
4.10
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары, барлығы/1000 адамға
отыратын орын
2258/
40
5200/
40
8200/
40
4.11
Тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындары, барлығы/1000 адамға
жұмыс орны
-
1170/
9
1845/
9
4.12
Өрт сөндіру бекеті
автомобиль саны/бекеттер
1/9
2/17
5/37
4.13
Халыққа әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсетудің өзге де объектілері
тиісті бірліктер
-
-
-
5
Көлікпен қамтамасыз ету
5.1
Қоғамдық жолаушылар көлігі желісінің ұзындығы, барлығы
км
119,0
171,0
278,3
соның ішінде:
5.1.1
Автобус
км қосарлы жол
119,0
169,8
256
5.1.2
Аспалы жол
-//-
-
1,2
1,2
5.1.3
ЖРК
-//-
-
-
21,1
5.2
Магистральды көшелер мен жолдардың ұзындығы, барлығы
км
47,7
132,0
217,8
соның ішінде:
5.2.1
Жүрдек және қозғалысы реттелетін магистральды жолдар
-//-
24,4
57,6
57,6
5.2.2
Үздіксіз қозғалыстың жалпықалалық маңызы бар магистральды көшелері
-//-
-
-
-
5.2.3
қозғалысы реттелетін жалпы қалалық маңызы бар магистральды көшелер
-//-
19,7
62,0
119,8
5.2.4
Аудандық маңызы бар магистральды көшелер
-//-
3,6
12,4
40,4
5.3
Жергілікті маңызы бар көшелер мен жолдар
-//-
15,0
69,2
254,2
5.4
Жасанды құрылыстар
бірлік
13
31
35
5.4
ЖРК депосы
-//-
-
-
1
5.5
Теміржол вокзалы
-//-
1
1
1
5.6
Әуежай
-//-
-
-
1
5.7
Сыртқы көлік
соның ішінде:
5.7.1
Теміржол, соның ішінде:
жолаушылар
мың жолаушы/жылына
77,5
118,6
374,0
жүк
мың тонна/жылына
217,3
1497,1
4600,0
5.7.2
Әуе, соның ішінде:
жолаушылар
мың жолаушы/жылына
-
-
-
жүк
мың тонна/жылына
-
-
-
5.7.3
Автокөлік, соның ішінде:
жолаушылар
мың жолаушы/жылына
-
-
-
жүк
мың тонна/жылына
-
-
-
5.7.4
Құбыржол
мың м³/жылына
-
-
-
5.8
Көше-жол желісінің тығыздығы
5.8.1
қала құрылысы шегінде
км/км²
1,4
0,96
1,15
6
Инженерлік жабдық
6.1
Сумен жабдықтау
6.1.1
Жиынтық тұтыну, барлығы
мың м³/ тәул.
10,16
37,75
57,21
соның ішінде:
6.1.1.1
шаруашылық-ауызсу мұқтажына
-//-
8,47
27,95
44,07
6.1.1.2
өндіріс мұқтажына
-//-
1,69
5,59
8,82
6.1.1.3
өзге
-//-
-
4,21
4,31
6.1.2
Су желілерінің диаметрі
мм
-
100-800
100-800
6.1.3
Пайдаланатын сумен жабдықтау көздері
6.1.3.1
жерасты су жинағыштары
мың м³/ тәулік
+
+
+
6.1.3.2
жерүсті көздерінен су жинау
-//-
+
+
+
6.1.3.3
орталықтандырылмаған су көздері
-//-
-
-
-
6.1.4
МҚК бекіткен жерасты суларының қоры
-//-
70,3
70,3
100,0
(бекітілген күні, есепті мерзімі)
ҚМК комиссиясының 24.12.2014 ж.
№ 1510-14-У хаттамасы, 25 жылға,
яғни 2039 ж. дейін
6.1.5
Тәулігіне орта есеппен 1 адамға су тұтыну
л/тәулік
258
258
258
соның ішінде:
6.1.5.1
шаруашылық-ауызсу мұқтажына
-//-
215
215
215
6.1.6
Суды қайтадан пайдалану
%
-
100,0
100,0
6.1.7
Желілердің ұзындығы
км
288,6
434,8
499,2
6.2
Кәріз
6.2.1
Сарқынды сулардың жалпы түсімі, барлығы
мың м3/тәулігіне
10,16
37,75
57,21
соның ішінде:
6.2.1.1
тұрмыстық кәріз
-//-
8,47
27,95
44,07
6.2.1.2
өндіріс мұқтажына
1,69
5,59
8,82
6.2.1.3
басқа
-//-
-
4,21
4,31
6.2.2
Орта есеппен 1 адамға су бұру
л/тәулік
258
258
258
6.2.3
Желілердің ұзындығы
км
172,0
304,1
498,2
6.3
Электрмен жабдықтау
6.3.1
Жалпы электр энергиясын тұтыну
млн кВт. сағат/жыл
36,5
210,5
360,3
соның ішінде:
6.3.1.1
коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждыққа
-//-
32,4
117,3
202,4
6.3.1.2
басқа мұқтаждыққа
-//-
4,1
93,2
157,9
6.3.2
1 адамға шаққандағы жылына орта есеппен электр тұтыну
кВт. сағат
647
1619
1758
соның ішінде:
6.3.2.1
коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждыққа
-//-
574
900
987
6.3.3
Жүктемені жабу көздері
млн кВт
0,475
0,475
0,516
оның ішінде:
6.3.3.1
су электр станциясы
-//-
0,364
0,364
0,4045
6.3.3.2
жаңартылатын энергия көздері
-//-
0,111
0,111
0,111
6.3.4
Желілердің ұзындығы
км
110
36
48
6.4
Жылумен жабдықтау
6.4.1
Орталықтандырылған көздердің қуаты, барлығы
МВт
209
718
1347
оның ішінде:
6.4.1.1
ЖЭО
-//-
-
-
-
6.4.1.2
аудандық қазандықтар
-//-
209
209
256
6.4.1.3
орамдық қазандықтар
-//-
-
163
365
6.4.1.4
жергілікті көздердің жиынтық қуаты
-//-
-
346
726
6.4.2
Жылыту үшін тұтыну, барлығы
-//-
202
809
1290
соның ішінде:
6.4.2.1
коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждыққа
-//-
103
231
411
6.4.2.2
өндіріс мұқтажына
-//-
99
578
879
6.4.3
Ыстық сумен жабдықтауды тұтыну, барлығы
-//-
13
41
74
соның ішінде:
6.4.3.1
коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждыққа
-//-
12
38
70
6.4.3.2
өндіріс мұқтажына
-//-
1
3
4
6.4.3
Жылумен жабдықтаудың жергілікті көздерінің өнімділігі
-//-
138
313
313
6.4.4
Желілердің ұзындығы
км
58,4
72,7
101,7
6.5
Газбен жабдықтау
6.5.1
Табиғи газды тұтыну, барлығы
млн текше м/жыл
66,8
293,087
457,100
соның ішінде:
6.5.1.1
коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждыққа
-//-
39,0
106,000
172,590
6.5.1.2
өндіріс мұқтажына
-//-
27,8
187,087
284,510
6.5.2.
Сұйытылған газды тұтыну, барлығы
тонна/жылына
деректер жоқ
деректер жоқ
деректер жоқ
6.5.3
Табиғи газ беру көздері
«Қапшағай» АГТС
«Қапшағай» АГТС, «Қонаев», АГТС
«Қонаев-2» АГТС
«Қапшағай» АГТС, «Қонаев», АГТС
«Қонаев-2» АГТС
6.5.4
Қаланың, басқа елді мекеннің отын теңгеріміндегі газдың үлес салмағы
%
40,0
95,0
95,0
6.5.5
Желілердің ұзындығы
км
64,19
182,00
321,00
6.6
Байланыс
6.6.1
Халықты телевизиялық хабар таратумен қамту
% халық
100
100,0
100,0
6.6.2
Халықты ортақ пайдаланымдағы телефон желісімен қамтамасыз ету
100 отбасыға нөмір саны
8
30
30
7
Аумақты инженерлік дайындау
7.1
Нөсер кәрізінің жалпы ұзындығы
км
-
228,0
539,0
7.2
Аумақты су басудан қорғау:
7.2.1
ауданы
га
-
780,0
1320,0
7.2.2
қорғаныш құрылысжайларының ұзындығы
км
-
12,0
22,0
7.4
Жағалауды нығайту
-//-
-
12,0
22,0
7.6
Аумақты инженерлік дайындау бойынша басқа да арнайы шаралар
тиісті бірліктер
7.6.1
Аумақты тігінен жоспарлау
га
-
230,0
6250,0
7.6.2
Нөсер суын тұндырғыштар
дана
-
6
19
7.6.3
Тасқын су тұндырғыштары
-//-
-
3
5
7.6.4
Дренажды суларды тазарту қондырғылары
-//-
-
2
4
7.6.5
Нөсер суының сорғы станциялары
-//-
-
6
14
7.6.6
Қырат арығы
км
-
14,0
18,5
7.6.8
Сорғылық суармалы сумен жабдықтау
дана
-
13
35
7.6.9
Жыра-сайларды абаттандыру (габиондар/темірбетон)
км
-
26/
13
44/
22
8
Халыққа салт-жоралғылық қызмет көрсету
8.1
Зираттардың жалпы саны
га
34,0
92,0
160,0
8.2
Крематорийлердің жалпы саны
бірлік
-
-
-
9
Қоршаған ортаны қорғау
9.1
Атмосфералық ауаға зиянды заттар шығарындыларының көлемі
мың т/жыл
0,763
1,202
1,202
9.2
Ластанған су ағызудың жалпы көлемі
млн м/жыл
-
-
-
9.3
Бүлінген аумақтарды рекультивациялау
га
-
-
-
9.4
Шу деңгейі 65 Дб жоғары аумақтар
-//-
-
-
-
9.5
Экологиялық тұрғыдан қолайсыз аумақтар (химиялық және биологиялық заттармен, зиянды микроорганизмдермен рұқсат етілген шекті концентрациядан жоғары ластанған аумақтар, радиоактивті заттар, рұқсат етілген шекті деңгейден жоғары мөлшерде)
-//-
-
-
-
9.6
Санитариялық-қорғаныш аймақтарында тұратын халық
-//-
-
-
-
9.7
Санитариялық қорғау және су қорғау аймақтарын көгалдандыру
-//-
-
-
-
9.8
Топырақ пен жер қойнауын қорғау
-//-
-
-
-
9.9
Аумақтарды санитариялық тазарту
мың т/жыл
11,5
12,1
12,5
9.9.1
Тұрмыстық қалдықтардың көлемі
-//-
15,8
36,4
57,4
қалдықтарды саралап жинау, соның ішінде
%
-
-
-
9.9.2
Қоқыс өңдеу зауыттары
бірлік/мың т. Жыл
-
-
-
9.9.3
Қоқыс өртеу зауыттары
-//-
-
-
-
9.9.4
Қоқыс тиеу станциялары
-//-
-
+
+
9.9.5
Жетілдірілген қоқыс үйінділері (полигондар)
бірлік/га
1/19
1/30
1/30
9.9.6
Полигондардың жалпы ауданы
га
-
-
-
9.9.7
соның ішінде бейберекет
-//-
-
-
-
9.10
Табиғатты қорғау және табиғатты ұтымды пайдалану жөніндегі өзге де іс-шаралар
тиісті бірліктер
-
-
-
10
Жобалық шешімдерді іске асырудың I кезеңі бойынша инвестициялардың болжамды көлемі
млн теңге
-
1 518 526,85
-
–––––––––––––––––––––––––––––––––
2 Бас жоспар (негізгі сызба)
Алматы облысы
Қонаев қаласының
бас жоспарына қосымша
Бас жоспар (негізгі сызба)
_____________________