Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 2 февраля 2024 года № 34 «Об утверждении Содержания и Правил организации профессиональной служебной (профессиональной) и физической подготовки сотрудников и военнослужащих органов гражданской защиты»

Бұйрық · № 207 · қабылданған 27.05.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2-2024-no-34/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 2 февраля 2024 года № 34 «Об утверждении Содержания и Правил организации профессиональной служебной (профессиональной) и физической подготовки сотрудников и военнослужащих органов гражданской защиты» Қолданыста Бұйрық ·№ 207 ·27.05.2025
27.05.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.05.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 2 февраля 2024 года № 34 «Об утверждении Содержания и Правил организации профессиональной служебной (профессиональной) и физической подготовки сотрудников и военнослужащих органов гражданской защиты»

Қолданыста Бұйрық ·№ 207 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 2 февраля 2024 года № 34 «Об утверждении Содержания и Правил организации профессиональной служебной (профессиональной) и физической подготовки сотрудников и военнослужащих органов гражданской защиты»
Атауы (қаз.)
«Азаматтық қорғау органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің кәсіби қызметтік (кәсіби) және дене шынықтыру дайындығын ұйымдастырудың мазмұны мен қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2024 жылғы 2 ақпандағы № 34 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
207
Қабылданған күні
27.05.2025
Көрсетілген редакция
27.05.2025 211143_764163.kaz
Соңғы өзгеріс
27.05.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G25O0000207
ЭКБ идентификаторы
211143
Редакция идентификаторы
211143_764163
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 04:13

0

«Азаматтық қорғау органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің кәсіби қызметтік (кәсіби) және дене шынықтыру дайындығын ұйымдастырудың мазмұны мен қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2024 жылғы 2 ақпандағы № 34 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Азаматтық қорғау органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің кәсіби қызметтік (кәсіби) және дене шынықтыру дайындығын ұйымдастырудың мазмұны мен қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2024 жылғы 2 ақпандағы № 34 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің кәсіби қызметтік (кәсіби) және дене шынықтыру дайындығын ұйымдастыру қағидаларында:
4-тармақтың үшінші абзацы алып тасталсын;
12-тармақтың төртінші абзацы алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 26-1-тармақпен толықтырылсын:
«26-1. Дене шынықтыру дайындығының деңгейін айқындау үшін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің немесе оның міндетін атқарушы адамның шешімі бойынша қызметкерлер мен әскери қызметшілердің кәсіби дене шынықтыру дайындығына аралық тексеру жүргізіледі.
Бұл ретте кәсіби дене шынықтыру дайындығын аралық тексеруді жүргізу күні бұйрықтың өзінде ескертіледі.
Нормативтерді орындау, қабылдау, бағалау және тексеруден босату тәртібі осы Қағидалардың 28, 29, 30, 31, 32 және 33-тармақтарында көзделген ұқсас тәртіппен айқындалады.»;
Қағидаларға 5-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2

2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр және тәрбие жұмысы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Кәсіби дене шынықтыру дайындығы бойынша қызметкерлер мен әскери қызметшілердің санаттары

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2025 жылғы «__» маусымдағы
№___ бұйрығына
қосымша
Азаматтық қорғау органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің кәсіби қызметтік (кәсіби) және дене шынықтыру дайындығын ұйымдастыру қағидаларына
5-қосымша
Кәсіби дене шынықтыру дайындығы бойынша қызметкерлер мен әскери қызметшілердің санаттары

1 1. «А» санатындағы қызметкерлер мен әскери қызметшілер:

1 1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі - ТЖМ) Төтенше жағдайлар департаменттері (бұдан әрі - ТЖД):

жүргізуші-қызметкерді қоспағанда, өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі бөлімшелердің қызметкерлері;

2 2) ТЖМ ТЖД-ның Төтенше жағдайлар басқармалары (бөлімдері) (бұдан әрі - ТЖБ(Б)):

өрт сөндіру автомобилін жүргізу жөніндегі аға нұсқаушыны, өрт сөндіру автомобильдерінің аға жүргізуші-қызметкерін, өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізуші-қызметкерін, аға байланыс шеберін, радиотелефонистті, газ түтіннен қорғау қызметі базасының бастығын, газ түтіннен қорғау қызметінің аға шеберін, дәрігерлерді, фельдшерлерді, сондай-ақ кадр жұмысы бөлімшелерінің қызметкерлерін қоспағанда, барлық қызметкерлер;

3 3) ТЖМ білім беру ұйымының барлық қызметкерлері мен әскери қызметшілері;

4 4) азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің барлық әскери қызметшілері.

2 2. «Б» санатындағы қызметкерлер мен әскери қызметшілер:

1 1) ТЖМ аппараты мен ведомстволарының барлық қызметкерлері мен әскери қызметшілері;

2 2) ТЖМ ТЖД:

осы қосымшаның 1-тармағының 1) тармақшасында аталған қызметкерлерді қоспағанда, барлық қызметкерлер;

3 3) ТЖБ (Б):

өрт сөндіру автомобилін жүргізу жөніндегі аға нұсқаушы, өрт сөндіру автомобильдерінің аға жүргізуші-қызметкері, өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізуші-қызметкері, аға байланыс шебері, радиотелефонист, газ түтіннен қорғау қызметі базасының бастығы, газ түтіннен қорғау қызметінің аға шебері, дәрігер, фельдшер, сондай-ақ кадр жұмысы бөлімшелерінің қызметкерлері.

Қолданыстағы