Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 2 августа 2024 года № 511 «Об определении зон деятельности органов государственных доходов»

Бұйрық · № 625 · қабылданған 15.09.2026
Заңдық күші: Күшіне енбеген · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2-2024-no-511-ekb-230060/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 2 августа 2024 года № 511 «Об определении зон деятельности органов государственных доходов» Күшіне енбеген 15.09.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 2 августа 2024 года № 511 «Об определении зон деятельности органов государственных доходов»

Күшіне енбеген Бұйрық № 625 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 2 августа 2024 года № 511 «Об определении зон деятельности органов государственных доходов»
Атауы (қаз.)
«Мемлекеттік кірістер органдарының қызмет аймақтарын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 2 тамыздағы № 511 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшіне енбеген
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
625
Қабылданған күні
15.09.2026
Қолданысқа енгізілген күні
29.09.2026
Көрсетілген редакция
15.09.2026 I230060_0.kaz
Соңғы өзгеріс
15.09.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G26E0000625
ЭКБ идентификаторы
230060
Редакция идентификаторы
I230060_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
19.09.2026 03:40
Актінің мәртебесі расталмаған. Тізілім коды танылмады, сондықтан бұл бет актінің заңдық күші туралы ештеңе айтпайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.09.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Мемлекеттік кірістер органдарының қызмет аймақтарын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 2 тамыздағы № 511 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мемлекеттік кірістер органдарының қызмет аймақтарын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 2 тамыздағы № 511 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен айқындалған Мемлекеттік кірістер органдарының қызмет аймақтарында:
реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
4.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті
Қазақстан Республикасы Алматы облысы Іле ауданының Жетіген ауылдық округі, Алматы-Жетіген автотрассасы 41 километр, 204А құрылыс, кадастрлық нөмірі 03:046:221:715; Қазақстан Республикасы Алматы облысының Іле ауданы Казциков ауылдық округінің КазЦик ауылы Бережинский Алексей Федорович көшесі 2А учаскесі, кадастрлық нөмірі 03:046:310:015; Қазақстан Республикасы Алматы облысының Қарасай ауданы Елтай ауылдық округінің Көкөзек ауылы 060 есептік кварталы 653 учаскесі, кадастрлық нөмірі 03:047:062:653; Қазақстан Республикасы Алматы облысының Қарасай ауданы, Елтай ауылдық округінің, Көкөзек ауылы, 156 учаскесі, кадастрлық нөмірі 03:047:062:4491; Қазақстан Республикасы Алматы облысының Іле ауданы, 71-ші индустриалды аймақ өткелі, Боралдай ауылы, 32Б учаскесі, кадастрлық нөмірі 03:046:043:1696; Қазақстан Республикасы Алматы облысының Іле ауданы, Боралдай ауылы, 216 учаскесі, кадастрлық нөмірі 03:046:045:216; Қазақстан Республикасы Алматы облысының Іле ауданы, 71-ші индустриалды аймақ өткелі, Боралдай ауылы, 42 учаскесі, кадастрлық нөмірі 03:046:043:1275 жер учаскелерін қоспағанда әкімшілік-аумақтық шекарасы шегінде
»;
реттік нөмірі 19-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
19.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті
Алматы қаласының, оның ішінде Қазақстан Республикасы Алматы облысы Іле ауданының Жетіген ауылдық округі, Алматы-Жетіген автотрассасы 41 километр, 204А құрылыс, кадастрлық нөмірі 03:046:221:715; Қазақстан Республикасы Алматы облысының Іле ауданы Казциков ауылдық округінің КазЦик ауылы Бережинский Алексей Федорович көшесі 2А учаскесі, кадастрлық нөмірі 03:046:310:015; Қазақстан Республикасы Алматы облысының Қарасай ауданы Елтай ауылдық округінің Көкөзек ауылы 060 есептік кварталы 653 учаскесі, кадастрлық нөмірі 03:047:062:653; Қазақстан Республикасы Алматы облысының Қарасай ауданы, Елтай ауылдық округінің, Көкөзек ауылы, 156 учаскесі, кадастрлық нөмірі 03:047:062:4491; Қазақстан Республикасы Алматы облысының Іле ауданы, 71-ші индустриалды аймақ өткелі, Боралдай ауылы, 32Б учаскесі, кадастрлық нөмірі 03:046:043:1696; Қазақстан Республикасы Алматы облысының Іле ауданы, Боралдай ауылы, 216 учаскесі, кадастрлық нөмірі 03:046:045:216; Қазақстан Республикасы Алматы облысының Іле ауданы, 71-ші индустриалды аймақ өткелі, Боралдай ауылы, 42 учаскесі, кадастрлық нөмірі 03:046:043:1275 жер учаскелерін қоспағанда әкімшілік-аумақтық шекарасы шегінде
».

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін он жұмыс күні ішінде осы

тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң кейін қолданысқа енгізіледі.