О внесении изменений и дополнения в приказ Заместителя Премьер-Министра – Министра искусственного интеллекта и цифрового развития Республики Казахстан от 2 июня 2026 года № 279/НҚ «Об утверждении Правил формирования и ведения реестра доверенных цифровых объектов, а также определение видов цифровых объектов, включаемых в реестр»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в приказ Заместителя Премьер-Министра – Министра искусственного интеллекта и цифрового развития Республики Казахстан от 2 июня 2026 года № 279/НҚ «Об утверждении Правил формирования и ведения реестра доверенных цифровых объектов, а также определение видов цифровых объектов, включаемых в реестр»
- Атауы (қаз.)
- «Сенім білдірілген цифрлық объектілердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ тізілімге енгізілетін цифрлық объектілердің түрлерін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 2 маусымдағы № 279/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 494/НҚ
- Қабылданған күні
- 20.08.2026
- Көрсетілген редакция
- 20.08.2026 I229224_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.08.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2600039668
- ЭКБ идентификаторы
- 229224
- Редакция идентификаторы
- I229224_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 26.08.2026 03:30
0
«Сенім білдірілген цифрлық объектілердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ тізілімге енгізілетін цифрлық объектілердің түрлерін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 2 маусымдағы № 279/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Сенім білдірілген цифрлық объектілердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ тізілімге енгізілетін цифрлық объектілердің түрлерін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 2 маусымдағы № 279/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38903 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сенім білдірілген цифрлық объектілердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ тізілімге енгізілетін цифрлық объектілердің түрлерін айқындау қағидаларында:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) Ұлттық инновациялық жүйенің «бірыңғай терезесі» (бұдан әрі – ҰИЖБТ) – инновациялық қызметті қолдау туралы, оның ішінде бірыңғай портал арқылы мемлекеттік қолдау шаралары мен инновациялар туралы ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ететін цифрлық жүйе. «Астана Хаб» дербес кластерлік қоры Ұлттық инновациялық жүйенің «бірыңғай терезесін» құруды, дамытуды және сүйемелдеуді қамтамасыз етуге уәкілеттік берілген ұйым болып табылады.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Өтініш ҰИЖБТ, «цифрлық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz немесе www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) арқылы беріледі.»;
8-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 3 маусымдағы № 111/НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18795 болып тіркелген) бекітілген «Цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілерінің және аса маңызды цифрлық объектілердің киберқауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу әдістемесі мен қағидаларында белгіленген тәртіппен берілген киберқауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтардың оң нәтижелері бар сынақтар хаттамаларының немесе «Ақпараттық технологиялар. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету әдістері мен құралдары. Ақпараттық технологиялардың қауіпсіздігін бағалау өлшемшарттары. 3-бөлім. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету компоненттері» ҚР СТ ISO/IEC 15408-3 сәйкес цифрлық объектілер үшін кемінде 4 сенімділік деңгейіндегі киберқауіпсіздік талаптарына сәйкес келу сертификаты көшірмесінің болуы;»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Өтініштерді портал немесе ҰИЖБТ арқылы берілген кезде «жеке кабинетке» өтініштің қабылданғаны туралы хабарлама мәртебесі жіберіледі.»;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Өтінішті қарау нәтижесі өтініш берушіге портал немесе ҰИЖБТ арқылы өтініш берушінің «жеке кабинетіне» 5, 6, 7 және 8-қосымшаларға сәйкес электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат түрінде жіберіледі.».
2 2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Цифрлық активтер және серпінді технологиялар комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.