Құжат мәтініне өту

О ратификации Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации об определении статуса технологической нефти в магистральных нефтепроводах «Туймазы – Омск - Новосибирск-2» и «Омск – Павлодар»

Заң · № 195-VІ · қабылданған 21.11.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2-ekb-126017/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О ратификации Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации об определении статуса технологической нефти в магистральных нефтепроводах «Туймазы – Омск - Новосибирск-2» и «Омск – Павлодар» Қолданыста Заң ·№ 195-VІ ·21.11.2018
21.11.2018 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.11.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О ратификации Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации об определении статуса технологической нефти в магистральных нефтепроводах «Туймазы – Омск - Новосибирск-2» и «Омск – Павлодар»

Қолданыста Заң ·№ 195-VІ · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О ратификации Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации об определении статуса технологической нефти в магистральных нефтепроводах «Туймазы – Омск - Новосибирск-2» и «Омск – Павлодар»
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Туймазы – Омбы – Новосибирск-2» және «Омбы – Павлодар» магистральдық мұнай құбырларындағы технологиялық мұнайдың мәртебесін айқындау туралы келісімді ратификациялау туралы
Акт түрі
Заң
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
195-VІ
Қабылданған күні
21.11.2018
Көрсетілген редакция
21.11.2018 126017_385184.kaz
Соңғы өзгеріс
21.11.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
Z1800000195
ЭКБ идентификаторы
126017
Редакция идентификаторы
126017_385184
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 22:32

0 Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Туймазы – Омбы – Новосибирск-2» және «Омбы – Павлодар» магистральдық мұнай құбырларындағы технологиялық мұнайдың мәртебесін айқындау туралы келісімді ратификациялау туралы

2017 жылғы 9 қарашада Челябинскіде жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Туймазы – Омбы – Новосибирск-2» және «Омбы – Павлодар» магистральдық мұнай құбырларындағы технологиялық мұнайдың мәртебесін айқындау туралы келісім ратификациялансын.

1 Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Туймазы - Омбы - Новосибирск-2" және "Омбы - Павлодар" магистральдық мұнай құбырларындағы технологиялық мұнайдың мәртебесін айқындау туралы КЕЛІСІМ

📌 Ескерту.
Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық келісімінің мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық келісімінің жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық келісімдерін тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Туймазы - Омбы - Новосибирск-2" және "Омбы - Павлодар" магистральдық мұнай құбырларындағы технологиялық мұнайдың мәртебесін айқындау туралы
КЕЛІСІМ
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі
1992 жылғы 9 қазандағы Құқықтарды өзара тану және меншік қатынастарын реттеу туралы келісімді назарға ала отырып,
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында мұнай саласында қалыптасқан достық қарым-қатынастарды ескере отырып,
төмендегілер туралы келісті:

1 1-бап

Осы Келісімнің мақсаттары үшін мынадай түсініктер пайдаланылады:
"Омбы - Павлодар" магистральдық мұнай құбырындағы мұнай" - "ҚазТрансОйл" акционерлік қоғамының балансында көрсетілген және Ресей Федерациясының аумағында орналасқан "Омбы - Павлодар" магистральдық мұнай құбырындағы аталған магистральдық мұнай құбырын мақсатына сәйкес өнеркәсіптік пайдалану үшін қажетті технологиялық мұнай ретінде шаруашылық операцияларын жүргізген кезде ескерілетін 141728 тонна мөлшеріндегі мұнай;
"Туймазы - Омбы - Новосибирск-2" магистральдық мұнай құбырындағы мұнай" - "Транснефть - Урал" акционерлік қоғамының ("Транснефть" жария акционерлік қоғамы еншілес қоғамының) балансында көрсетілген және Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан "Туймазы - Омбы - Новосибирск-2" магистральдық мұнай құбырындағы аталған магистральдық мұнай құбырын мақсатына сәйкес өнеркәсіптік пайдалану үшін қажетті технологиялық мұнай ретінде шаруашылық операцияларын жүргізген кезде ескерілетін 62048 тонна мөлшеріндегі мұнай.

2 2-бап

Тараптар:
"Омбы - Павлодар" магистральдық мұнай кұбырындағы мұнай және "Туймазы - Омбы - Новосибирск-2" магистральдық мұнай құбырындағы мұнай өздерінің сапалық сипаттамалары бойынша ұқсас болып табылады;
"Омбы - Павлодар" магистральдық мұнай құбырындағы мұнайдың 62048 тонна мөлшеріндегі бөлігі "Транснефть - Урал" акционерлік қоғамына ("Транснефть" жария акционерлік қоғамының еншілес қоғамына) тиесілі болатын меншік құқығын;
"Омбы - Павлодар" магистральдық мұнай құбырындағы мұнайдың 79680 тонна мөлшеріндегі бөлігі "ҚазТрансОйл" акционерлік қоғамына тиесілі болатын меншік құқығын;
"Туймазы - Омбы - Новосибирск-2" магистральдық мұнай құбырындағы 62048 тонна мөлшеріндегі мұнай "ҚазТрансОйл" акционерлік қоғамына тиесілі болатын меншік құқығын таниды.

3 3-бап

Осы Келісім күшіне енген күннен бастап 10 ай ішінде Тараптар "ҚазТрансОйл" акционерлік қоғамына тиесілі 79680 тонна мұнайды "Омбы - Павлодар" магистральдық мұнай құбыры арқылы Ресей Федерациясының аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына бірнеше партиямен ығыстырып шығаруды қамтамасыз етеді.

4 4-бап

Осы Келісімнің ережелерін іске асыру кезінде Тараптар мемлекеттерінің монополияға қарсы органдарымен келісу талап етілмейді.
Салық салу мақсатында осы Келісімнің 2-бабына сәйкес "ҚазТрансОйл" акционерлік қоғамының және "Транснефть - Урал" акционерлік қоғамының ("Транснефть" жария акционерлік қоғамы еншілес қоғамының) мұнайға меншік құқығын тану Қазақстан Республикасына қатысты - корпоративтік табыс салығын (төлем көзінен ұсталатын салықты қоса алғанда), Ресей Федерациясына қатысты - ұйымдар пайдасына салықты есептеу кезінде кіріс ретінде қаралмайды, сондай-ақ Қазақстан Республикасында және Ресей Федерациясында жанама салықтарды (қосылған құн салығын және акцизді) есептеу үшін өткізу (өткізу бойынша айналым) болып табылмайды, Қазақстан Республикасында салық салынатын импорт деп танылмайды, Қазақстан Республикасы заңнамасында және Ресей Федерациясының заңнамасында белгіленген өзге де салықтар, алымдар және басқа да міндетті төлемдер алуға жатпайды.

5 5-бап

Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруге және (немесе) қолдануға қатысты даулар Тараптар арасында туындаған жағдайда Тараптар оларды келіссөздер немесе консультациялар жолымен шешеді.

6 6-бап

Тараптар өзара уағдаласу бойынша осы Келісімге өзгерістер енгізуі мүмкін, олар жекелеген хаттамалармен ресімделеді және осы Келісімнің ажыратылмас бөлігі болып табылады.

7 7-бап

Осы Келісім Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшіне енеді.
2017 ж. 9 қарашада Челябинск қ. әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі екі мәтіннің де күші бірдей. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінді пайдаланады.
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін

Қолданыстағы