Об установлении права ограниченного целевого землепользования (публичный сервитут) сроком на 2 года на земельный участок товариществу с ограниченной ответственностью «Қызылжар Су»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении права ограниченного целевого землепользования (публичный сервитут) сроком на 2 года на земельный участок товариществу с ограниченной ответственностью «Қызылжар Су»
- Атауы (қаз.)
- «Қызылжар су» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскесіне 2 жыл мерзімге шектеулі нысаналы пайдалану (қауымдық сервитут) құқығын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 38
- Қабылданған күні
- 27.08.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 12.09.2026
- Көрсетілген редакция
- 27.08.2026 229508_839091.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.08.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26SHO0038B
- ЭКБ идентификаторы
- 229508
- Редакция идентификаторы
- 229508_839091
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 18.09.2026 04:06
0 «Қызылжар су» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскесіне 2 жыл мерзімге шектеулі нысаналы пайдалану (қауымдық сервитут) құқығын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес, 2026 жылғы 07 тамыздағы «Қызылжар су» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өтініші, «Қызылжар аудандық жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының 2026 жылғы 06 тамыздағы № 323 бұйрығымен бекітілген орналастыру жобасына сәйкес Прибрежный ауылдық округінің әкімі ШЕШТІМ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Прибрежный ауылдық округі, Тепличное ауылы бойынша 1 көтергіштің сорғы станциясынан су тазарту құрылыстарына дейін су тартқышты реконструкциялау үшін (2-ші желі) «Қызылжар су» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жалпы алаңы 1,1174 га, оның ішінде: бекітілген алаңы 0,3365 га жер учаскесіне 2 жыл мерзімге шектеулі нысаналы пайдалану (қауымдық сервитут) құқығын белгіленсін.
Сонымен қатар жер учаскесінде 0,7809 га бөтен жер пайдаланушылардың алаңы бар: кадастрлық нөмірі 15-220-021-943 – 0,7809 га.
Жер учаскесіндегі шектеулер, ауыртпалықтар: жер учаскелерін қауымдық сервитут киып өтеді: «Қызылжар су» ЖШС.