Алдашбай Ахун ауылында көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалықтың 2 айлығын өткізу туралы
Қазақстан Республикасындағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 35 бабының 1 тармағы 20 тармақшасына сәйкес және аудан әкімиятының «Ауданда көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалықтың 2 айлығын өткізу туралы» 9 наурыз 2006 жылғы №610 Қаулысын басшылыққа ала отырып ШЕШЕМІН:
Алдашбай Ахун ауылында көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалықтың 2 айлығын өткізу туралы от 13.03.2006 г. № 19 (Алдашбай Ахун ауылында көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалықтың 2 айлығын өткізу туралы)
1. 2006 жылғы 15 наурыз - 15 мамыр аралығы Алдашбай Ахун ауылдық округі бойынша көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалықтың 2 айлығы деп жариялансын.
2. Алдашбай Ахун ауылдық округінде көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалықтың 2 айлығын өткізу жөніндегі комиссия құрамы және Алдашбай Ахун ауылдық округінде көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалықтың 2 айлығын өткізуге жасалған іс-шара тиісінше 1, 2 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
3. Көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалық шараларының іске асырылуы жайлы аудан әкіміне 10 күн сайын хабарлап тұру Алдашбай Ахун ауылдық округі әкімі аппаратының маманы Ш. Ермаханөваға тапсырылсын.
4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Алдашбай Ахун ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы М. Шоқбаровқа жүктелсін.