Алдашбай Ахун ауылында көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалықтың 2 айлығын өткізу туралы Қолданыста
Басқа 0
Алдашбай Ахун ауылында көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалықтың 2 айлығын өткізу туралы
Қазақстан Республикасындағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 35 бабының 1 тармағы 20 тармақшасына сәйкес және аудан әкімиятының «Ауданда көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалықтың 2 айлығын өткізу туралы» 9 наурыз 2006 жылғы №610 Қаулысын басшылыққа ала отырып ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. 2006 жылғы 15 наурыз - 15 мамыр аралығы Алдашбай Ахун ауылдық округі бойынша көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалықтың 2 айлығы деп жариялансын.
Тармақ 2
2. Алдашбай Ахун ауылдық округінде көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалықтың 2 айлығын өткізу жөніндегі комиссия құрамы және Алдашбай Ахун ауылдық округінде көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалықтың 2 айлығын өткізуге жасалған іс-шара тиісінше 1, 2 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалық шараларының іске асырылуы жайлы аудан әкіміне 10 күн сайын хабарлап тұру Алдашбай Ахун ауылдық округі әкімі аппаратының маманы Ш. Ермаханөваға тапсырылсын.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Алдашбай Ахун ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы М. Шоқбаровқа жүктелсін.