Ауылдық округте көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалықтың 2 айлығын өткізу туралы
ҚР “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңының 35 бабының 1 тармағының 20 тармақшасына сәйкес және “Ауданда көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалықтың 2 айлығын өткізу туралы” аудан әкімиятының 2006 жылғы 9 наурыздағы № 610 қаулысын басшылыққа ала отырып, ШЕШЕМІН:
Ауылдық округте көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалықтың 2 айлығын өткізу туралы от 14.03.2006 г. № 6 (Ауылдық округте көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалықтың 2 айлығын өткізу туралы)
1. 2006 жылғы 15 наурыз - 15 мамыр аралығы Қармақшы ауылдық округінде көркейту, - көгалдандыру және санитарлық тазалықтың 2 айлығы деп жариялансын.
2. Ауылдық округі бойынша көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалықтың 1 айлығын өткізу жөніндегі комиссия кұрамы және іс - шаралар жоспары 1, 2 -қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. Ауыл әкімінің аппаратының маманы Ж.Жақыповаға көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалықтың шараларының іске асырылуына бақылау жасау және осы жайлы аудан әкіміне 10 күн сайын мәлімет беру тапсырылсын.
Ауылдық округі әкімімінің 2006 жылғы
14 наурыздағы №6 санды шешіміне
1 қосымша
Ауылдық округі бойынша көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалықтың 2 айлығын өткізу жөніндегі комиссия құрамы:
Р/с
Аты-жөні
Қызметі
1
Таңбай Нұрлыхан Мұхтарұлы
Комиссия төрағасы (өз келісімімен)
№113 орта мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
2
Темірбек Жирентай
Төраға орынбасары (өз келісімімен)
“Абыла” селолық тұтыну кооперативінің жетекшісі;
3
Жақыпова Жауар Қадырбергенқызы
Комиссия мүшесі
Ауылдық округі әкімінің аппаратының маманы;
4
Жұпаркүл Иманбаева
Комиссия мүшесі (өз келісімімен)
№113 орта мектеп директоры;
5
Науат Ерпанова
Комиссия мүшесі (өз келісімімен)
№ 79 орталау мектеп директоры;
6
Қуанышева Гүлханым Сапарқызы
Комиссия мүшесі (өз келісімімен)
№13 “Балбөбек’ балабақша
медбикесі
7
Күзембаева Шырынкүл
Комиссия мүшесі (өз келісімімен)
“Қармақшы” жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің есепшісі;
Ауылдық округі әкімінің 2006 жылғы
14 наурыздағы №6 санды шешіміне
2 қосымша
Ауылдық округі бойынша көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалықтың 2 айлығын өткізу жөніндегі іс - шаралар жоспары:
р\с
Атқарылатын жұмыстар
Орындалу мерзімі
Орындауға жауаптылар
1
Барлық мекемелер мен ауыл тұрғындарына көктемгі көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалықтың 2 айлығының жарияланғаны туралы таныстыру
Наурыз 2006 жыл
Ауылдық округі әкімінің аппаратты, комиссияя төрағасы (келісімі бойынша), мүшелері (келісімдері бойынша)
2
Тазалық айлығы барысында
сенбіліктер ұйымдастырып отыру
Аптасына бір рет
Ауылдық округі әкімінің аппаратты, селолық тұтыну кооперативі (келісімдері бойынша)
3
Күл-қоқыс, тұрмыстық қалдық
шығаратын орынды қоршау, баратын
жолдарын тазалау
Наурыз-сәуір 2006 жыл
Ауылдық округі әкімі, селолық тұтыну кооперативі (келісімі бойынша)
4
Округтегі барлық мекеме
кеңселері, тұрғын үйлердің әктелуі, темір қақапалары сырланып, аулаларына ағаш
егу, онымен қоса бұрынғы егілген ағаштарға күтім жасау, түбін әктеу
20 наурыз-20 сәуір 2006 жыл
Ауылдық округі әкімі, селолық тұтыну кооперативі (келісімі бойынша) барлық мекеме басшылары (келісімдері бойынша) ауыл тұрғындары (келісімдері бойынша)
5
Ауылдық округі ескерткіштер мен қоршауына жөндеу жүргізу, қосымша бойынша саябақтардың жұмыстарын декаративтік талдар, жеміс ағаштарын егу
Наурыз- мамыр 2006 жыл
Ауылдық округі әкімі, селолық
тұтыну кооперативі (келісімі бойынша)
6
Ауылдық округтегі аяқ су жүретін каналдар мен арықтар қазылып, тазалау жұмыстарын жүргізу
Наурыз-мамыр 2006 жыл
Ауылдық округі әкімі, селолық тұтыну кооперативі
(келісімі бойынша), ауыл тұрғындары
(келісімдері бойынша)
7
Ауылға кіре берістегі жасыл аллеяға кутім жасау, уақытылы суарылыуын қамтамасыз етіп, қоршау жасау
Жыл көлемінде
Ауылдық округі әкімі, селолық
тұтыну кооперативі (келісімі бойынша), ауыл тұрғындары (келісімдері бойынша)
8
Иіркөлден су айдайтын насосқа күрделі жөндеу жүргізу
Наурыз-мамыр 2006 жыл
Ауылдық окрурі әкімі, селолық
тұтыну кооперативі (келісімі бойынша), ауыл тұрғындары (келісімдері бойынша)
9
Атқарылған жұмыстар жайлы аудан әкімінің аппаратына 10 күн сайын мәлімет беріп отыру
Наурыз-мамыр 2006 жыл
Ауылдық округі әкімінің аппараты