Ауылдық округте көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалықтың 2 айлығын өткізу туралы Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.03.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ауылдық округте көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалықтың 2 айлығын өткізу туралы ҚР “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңының 35 бабының 1 тармағының 20 тармақшасына сәйкес және “Ауданда көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалықтың 2 айлығын өткізу туралы” аудан әкімиятының 2006 жылғы 9 наурыздағы № 610 қаулысын басшылыққа ала отырып, ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. 2006 жылғы 15 наурыз - 15 мамыр аралығы Қармақшы ауылдық округінде көркейту, - көгалдандыру және санитарлық тазалықтың 2 айлығы деп жариялансын.
Тармақ 2
2. Ауылдық округі бойынша көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалықтың 1 айлығын өткізу жөніндегі комиссия кұрамы және іс - шаралар жоспары 1, 2 -қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Ауыл әкімінің аппаратының маманы Ж.Жақыповаға көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалықтың шараларының іске асырылуына бақылау жасау және осы жайлы аудан әкіміне 10 күн сайын мәлімет беру тапсырылсын.
Басқа 4
Ауылдық округі әкімімінің 2006 жылғы 14 наурыздағы №6 санды шешіміне 1 қосымша Ауылдық округі бойынша көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалықтың 2 айлығын өткізу жөніндегі комиссия құрамы: Р/с Аты-жөні Қызметі 1 Таңбай Нұрлыхан Мұхтарұлы Комиссия төрағасы (өз келісімімен) №113 орта мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары; 2 Темірбек Жирентай Төраға орынбасары (өз келісімімен) “Абыла” селолық тұтыну кооперативінің жетекшісі; 3 Жақыпова Жауар Қадырбергенқызы Комиссия мүшесі Ауылдық округі әкімінің аппаратының маманы; 4 Жұпаркүл Иманбаева Комиссия мүшесі (өз келісімімен) №113 орта мектеп директоры; 5 Науат Ерпанова Комиссия мүшесі (өз келісімімен) № 79 орталау мектеп директоры; 6 Қуанышева Гүлханым Сапарқызы Комиссия мүшесі (өз келісімімен) №13 “Балбөбек’ балабақша медбикесі 7 Күзембаева Шырынкүл Комиссия мүшесі (өз келісімімен) “Қармақшы” жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің есепшісі;
Басқа 5
Ауылдық округі әкімінің 2006 жылғы 14 наурыздағы №6 санды шешіміне 2 қосымша Ауылдық округі бойынша көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалықтың 2 айлығын өткізу жөніндегі іс - шаралар жоспары: р\с Атқарылатын жұмыстар Орындалу мерзімі Орындауға жауаптылар 1 Барлық мекемелер мен ауыл тұрғындарына көктемгі көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалықтың 2 айлығының жарияланғаны туралы таныстыру Наурыз 2006 жыл Ауылдық округі әкімінің аппаратты, комиссияя төрағасы (келісімі бойынша), мүшелері (келісімдері бойынша) 2 Тазалық айлығы барысында сенбіліктер ұйымдастырып отыру Аптасына бір рет Ауылдық округі әкімінің аппаратты, селолық тұтыну кооперативі (келісімдері бойынша) 3 Күл-қоқыс, тұрмыстық қалдық шығаратын орынды қоршау, баратын жолдарын тазалау Наурыз-сәуір 2006 жыл Ауылдық округі әкімі, селолық тұтыну кооперативі (келісімі бойынша) 4 Округтегі барлық мекеме кеңселері, тұрғын үйлердің әктелуі, темір қақапалары сырланып, аулаларына ағаш егу, онымен қоса бұрынғы егілген ағаштарға күтім жасау, түбін әктеу 20 наурыз-20 сәуір 2006 жыл Ауылдық округі әкімі, селолық тұтыну кооперативі (келісімі бойынша) барлық мекеме басшылары (келісімдері бойынша) ауыл тұрғындары (келісімдері бойынша) 5 Ауылдық округі ескерткіштер мен қоршауына жөндеу жүргізу, қосымша бойынша саябақтардың жұмыстарын декаративтік талдар, жеміс ағаштарын егу Наурыз- мамыр 2006 жыл Ауылдық округі әкімі, селолық тұтыну кооперативі (келісімі бойынша) 6 Ауылдық округтегі аяқ су жүретін каналдар мен арықтар қазылып, тазалау жұмыстарын жүргізу Наурыз-мамыр 2006 жыл Ауылдық округі әкімі, селолық тұтыну кооперативі (келісімі бойынша), ауыл тұрғындары (келісімдері бойынша) 7 Ауылға кіре берістегі жасыл аллеяға кутім жасау, уақытылы суарылыуын қамтамасыз етіп, қоршау жасау Жыл көлемінде Ауылдық округі әкімі, селолық тұтыну кооперативі (келісімі бойынша), ауыл тұрғындары (келісімдері бойынша) 8 Иіркөлден су айдайтын насосқа күрделі жөндеу жүргізу Наурыз-мамыр 2006 жыл Ауылдық окрурі әкімі, селолық тұтыну кооперативі (келісімі бойынша), ауыл тұрғындары (келісімдері бойынша) 9 Атқарылған жұмыстар жайлы аудан әкімінің аппаратына 10 күн сайын мәлімет беріп отыру Наурыз-мамыр 2006 жыл Ауылдық округі әкімінің аппараты