О ратификации Рамочного соглашения о финансировании (КАЗ: Инвестиционная программа Транспортный коридор ЦАРЭС 2 (участки Мангистауской области) Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.01.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қаржыландыру туралы негіздемелік келісімді (ҚАЗ: ОАӨЭЫ 2 көлік дәлізі (Маңғыстау облысының учаскелері) инвестициялық бағдарламасы) ратификациялау туралы 2011 жылғы 7 сәуірде Астанада жасалған Қаржыландыру туралы негіздемелік келісім (ҚАЗ: ОАӨЭЫ 2 көлік дәлізі (Маңғыстау облысының учаскелері) инвестициялық бағдарламасы) ратификациялансын. 📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық келісімнің мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық келісімінің жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық келісімдерін тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ТУРАЛЫ НЕГІЗДЕМЕЛІК КЕЛІСІМ (ҚАЗ: ОАӨЭЫ 2 КӨЛІК ДӘЛІЗІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМА (Маңғыстау облысының учаскелері) Та­рап­тар 2011 жы­л­ғы 7 сәу­ір­де­гі осы Қар­жы­лан­ды­ру ту­ра­лы негіз­де­ме­лік ке­лі­сім («ҚНК») Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы (Қа­зақ­стан, Қарыз алушы) мен Азия да­му бан­кі («АДБ») ара­сын­да жа­сал­ды. ҚКТ-ның ин­ве­сти­ци­я­лық бағ­дар­ла­ма­сы Қарыз алушы ОАӨ­ЭЫ 2 кө­лік дә­лі­зі­нің Маң­ғы­стау об­лы­сын­да­ғы учас­ке­ле­рін ре­кон­струк­ци­я­ла­уды («Ин­ве­сти­ци­я­лық бағ­дар­ла­ма») жү­зе­ге асы­ру­ды жос­пар­ла­уда. Ин­ве­сти­ци­я­лық бағ­дар­ла­ма Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да Кө­лік ин­фра­құ­ры­лы­мын да­мы­ту жө­нін­де­гі 2010 - 2014 жыл­дар­ға ар­нал­ған бағ­дар­ла­ма­ның (КИБ), сон­дай-ақ кө­лік сек­то­рын­да және са­уда­ны да­мы­ту­ға жәр­дем­де­су­де­гі ОАӨ­ЭЫ Стра­те­ги­я­сы мен Іс-қи­мыл жос­па­ры­ның ажы­ра­мас бө­лі­гі бо­лып та­бы­ла­ды. Ин­ве­сти­ци­я­лық бағ­дар­ла­ма мен жол кар­та­сы осы Ке­лі­сім­нің 1-қо­сым­ша­сын­да си­паттал­ған. Ин­ве­сти­ци­я­лық бағ­дар­ла­ма­ның жал­пы құ­ны $1.2 мил­ли­ард АҚШ дол­ла­ры­на ба­ла­ма­лы. Қар­жы­лан­ды­ру­дың көп­тран­шты те­ті­гі Қар­жы­лан­ды­ру­дың көп­тран­шты те­ті­гі (ҚКТ) мұн­дай жо­ба­лар осы Ке­лі­сім­нің 4-қо­сым­ша­сын­да жа­зы­л­ған кри­те­рий­лер­ге және осы ҚНК-де жа­зы­л­ған ере­же­лер­ге сәй­кес бо­луы шар­ты­мен Бағ­дар­ла­ма­ға кі­ре­тін жо­ба­лар­ды қар­жы­лан­ды­ру­ға ар­нал­ған. ҚКТ жол­дар­ды және ше­ка­ра ма­ңын­да­ғы ин­фра­құ­ры­лым­ды жақ­сар­ту үшін нақ­ты ин­ве­сти­ци­я­лар­дан, сон­дай-ақ кей­ін­гі жо­ба­ны дай­ын­дау, жо­ба­ны бас­қа­ру, ак­тив­тер­ді бас­қа­ру және ше­ка­ра­дан өту рә­сім­де­рі кі­ре­тін ин­сти­ту­ци­о­нал­дық әле­ует­ті да­мы­ту үшін нақ­ты емес ин­ве­сти­ци­я­лар­дан тұ­ра­ды. Осы Қар­жы­лан­ды­ру ту­ра­лы негіз­де­ме­лік ке­лі­сім Осы ҚНК АДБ та­ра­пы­нан қан­дай да бір қар­жы­лан­ды­ру­ды ұсы­ну бой­ын­ша заң­ды мін­дет­те­ме бо­лып та­был­май­ды. Ти­іс­ті негіз­де­ме ке­зін­де АДБ өз қа­ла­уы бой­ын­ша қар­жы­лан­ды­ру ту­ра­лы Қарыз алушы жі­бер­ген кез кел­ген сұ­рау са­лу­ды ке­рі қай­та­ру­ға, ҚКТ-ның орын­дал­ма­ған бө­лі­гі­нің кү­шін жо­ю­ға және ҚКТ шең­бе­рін­де қан­дай да бір транш­қа сұ­рау са­лу ар­қы­лы Қарыз алушы­ның құқы­ғын ке­рі қай­та­рып алу­ға құқы­ғы бар. АДБ қар­жы­лан­ды­ру тран­шта­рын ҚКТ негіз­ге ала­тын және осы ҚНК-де жа­зы­л­ған та­рап­тар­дың жал­пы мін­дет­те­ме­ле­рі мен кү­те­тін үміт­те­ріне сәй­кес бар­лық ере­же­лер­дің қол­да­ны­ста қа­луы шар­ты­мен бе­руі мүм­кін. Осы ҚНК Қарыз алушы та­ра­пы­нан қан­дай да бір қар­жы­лан­ды­ру­ға сұ­рау са­лу үшін заң­ды мін­дет­те­ме бо­лып та­был­май­ды. Қарыз алушы ҚНК шең­бе­рін­де қар­жы­лан­ды­ру­ға сұ­рау сал­мау­ға құқы­лы. Қарыз алушы сон­дай-ақ ҚКТ-ның кез кел­ген орын­дал­ма­ған бө­лі­гі­нің кү­шін кез кел­ген уа­қыт­та жо­ю­ға құқы­лы. Қарыз алушы мен АДБ ҚКТ-ның неме­се оның орын­дал­ма­ған кез кел­ген бө­лі­гі­нің кү­шін жою жө­нін­де­гі өзде­рі­нің ти­іс­ті құқық­та­рын пай­да­ла­ну­ға құқы­лы және АДБ екін­ші та­рап­қа жа­з­ба­ша ха­бар­ла­ма жі­бе­ру ар­қы­лы өзі­нің қар­жы­лан­ды­ру­ға ар­нал­ған сұ­рау са­лу­ды қа­на­ғат­тан­ды­ру­дан бас тар­ту құқы­ғын пай­да­ла­ну­ға құқы­лы. Жа­з­ба­ша ха­бар­ла­ма­да кү­шін жо­ю­дың неме­се бас тар­ту­дың тү­сі­нік­те­ме­сі ба­ян­да­ла­ды және кү­шін жой­ған жағ­дай­да кү­шін жою кү­шіне ене­тін күн ай­қын­да­лу­ға ти­іс. Қар­жы­лан­ды­ру жос­па­ры 2011 - 2015 жыл­дар ке­зе­ңіне ар­нал­ған Ин­ве­сти­ци­я­лық бағ­дар­ла­ма­ны қар­жы­лан­ды­ру­дың ин­ди­ка­тив­тік жос­па­ры тө­мен­де­гі кесте­де бе­рі­л­ген. Осы ҚНК-нің 1-қо­сым­ша­сын­да ег­жей-тег­жей­лі ба­ян­да­ла­ды. Қар­жы­лан­ды­ру кө­зі Жал­пы со­ма­сы (мил­ли­он АҚШ долл.) Жал­пы со­ма­дан (%) үле­сі Ин­ве­сти­ци­я­лық бағ­дар­ла­ма Азия да­му бан­кі 800.0 67 Үкі­мет 412.0 33 Бар­лы­ғы 1,212 100 1-жо­ба Азия да­му бан­кі 283 85 Үкі­мет 50 15 Бар­лы­ғы 333 100 Ақ­па­рат кө­зі: АДБ-ның ба­ға­ла­уы. Қар­жы­лан­ды­ру шар­тта­ры АДБ қары­здар­ды Бағ­дар­ла­ма шең­бе­рін­де жо­ба­лар­ды қар­жы­лан­ды­ру үшін осы жо­ба­лар­дың қар­жы­лан­ды­ру­ға дай­ын бо­луы­на қа­рай, Қарыз алушы тө­мен­де көр­се­ті­л­ген ере­же­лер­ге сәй­кес бо­луы, ал жо­ба мен оның ком­по­нент­те­рі­нің сол ере­же­лер­ге сәй­кес бо­луы шар­ты­мен бе­ре­ді. Әр­бір қарыз ҚКТ шең­бе­рін­де­гі транш бо­лып та­бы­ла­ды. Әр­бір транш ал­дың­ғы неме­се кей­ін­гі тран­штар­ды қар­жы­лан­ды­ру шар­тта­ры­нан өзге­ше та­лап­тар­ға сәй­кес қар­жы­лан­ды­ры­луы мүм­кін. Қар­жы­лан­ды­ру шар­тын таң­дау транш бой­ын­ша қарыз ту­ра­лы ке­лі­сім­ге қол қою кү­нін­де ба­сым бо­ла­тын жо­ба­ға, ка­пи­тал на­ры­ғы­ның жағ­дай­ла­ры­на және АДБ-ның қар­жы­лан­ды­ру са­я­са­ты­на бай­ла­ны­сты бо­ла­ды. Тран­штар рет­ті­лік­пен неме­се бір мез­гіл­де ұсы­ны­ла ала­ды, кей­бі­ре­уле­рі уа­қы­ты бой­ын­ша бір-бі­рі­мен сәй­кес ке­луі мүм­кін. Тран­штың ең көп және ең аз мөл­ше­рі бел­гі­лен­бе­ген. ҚКТ бой­ын­ша мін­дет­те­ме­лер үшін ко­мис­си­я­лық алым неме­се ке­піл­дік­ті жар­на­лар тө­лен­бе­у­ге ти­іс. Олар  АДБ іс жү­зін­де қарыз ре­т­ін­де бер­ген қар­жы қа­ра­жа­ты­на қа­ты­сты ға­на тө­ле­ну­ге ти­іс. Ре­зерв­те ұста­ға­ны үшін тран­шты бер­ген кез­де қол­да­ны­ста болған ко­мис­сия бой­ын­ша АДБ қа­ғи­да­ла­ры осын­дай транш­қа қол­да­ны­ла­ды. Со­ма ҚКТ шең­бе­рін­де бе­рі­ле­тін қар­жы­лан­ды­ру­дың ең көп со­ма­сы се­гіз жүз мил­ли­он ($800.000000) дол­лар­ды құ­рай­ды. Ол АДБ1-ның қа­ра­пай­ым ка­пи­тал­дық ре­сур­ста­ры­нан бө­лек тран­штар­мен ұсы­ны­ла­тын бо­ла­ды. Әр­бір тран­штың мер­зі­мі мен шар­тта­ры әр­бір тран­штың тү­пм­әті­нін­де ай­қын­да­ла­ды және АДБ-ның ба­сым са­я­са­ты­на сәй­кес бо­ла­ды. Қарыз қа­ра­жа­ты­ның қол­же­тім­ді­лік ке­зе­ңі Кез кел­ген транш бой­ын­ша кез кел­ген тө­лем жүр­гі­зу мүм­кін бо­ла­тын соң­ғы күн - 2017 жы­л­ғы мау­сым. Қар­жы­лан­ды­ру­дың соң­ғы тран­шы 2013 жы­л­ғы мау­сым­нан ке­шік­ті­ріл­мей жүр­гі­зі­лу­ге ти­іс. Мер­зім­де­рі мен Шар­тта­ры Қарыз алушы Бағ­дар­ла­ма бой­ын­ша шы­ғы­стар­ды қар­жы­лан­ды­ру­ға ар­нал­ған әр­бір тран­штың қа­ра­жа­тын осы ҚНК-да көр­се­ті­л­ген шар­ттар­ға және әр­бір транш үшін қары­здар ту­ра­лы ке­лі­сім­дер­ге сәй­кес пай­да­ла­на­тын бо­ла­ды. ҚКТ шең­бе­рін­де­гі қарыз қа­ра­жа­ты заң­ды­лық өл­шем­де­рі мен ма­құл­дау рә­сім­де­рі осы ҚМС-тің 4-қо­сым­ша­сын­да жа­зы­л­ған жо­ба­лар­ды қар­жы­лан­ды­ру үшін пай­да­ла­ны­ла­тын бо­ла­ды. Іс­ке асы­ру Кө­лік және ком­му­ни­ка­ция ми­ни­стр­лі­гі (ККМ) Бағ­дар­ла­ма бой­ын­ша Ат­қа­ру­шы агент­тік бо­лып та­бы­ла­ды. ККМ жа­нын­да­ғы Ав­то­мо­биль жол­да­ры ко­ми­те­ті (АЖК) Іс­ке асы­ру­шы агент­тік ре­т­ін­де жұ­мыс іс­тей­ді. Ат­қа­ру­шы агент­тік Бағ­дар­ла­ма­ны осы Ке­лі­сім­нің 1-қо­сым­ша­сын­да жа­зы­л­ған қа­ғи­дат­тар­ға және әр­бір транш үшін қарыз ту­ра­лы ке­лі­сім­дер­де көз­дел­ген қо­сым­ша заң та­лап­та­ры­на сәй­кес іс­ке асы­ра­тын бо­ла­ды. Қар­жы­лан­ды­ру­ға мер­зім­ді сұ­рау са­лу Қарыз алушы сұ­рау са­луы мүм­кін және АДБ Қар­жы­лан­ды­ру­ға ар­нал­ған мер­зім­ді сұ­рау са­лу­ды (ҚМС) ал­ған­нан кей­ін, ҚКТ құ­ра­мы­на кі­ре­тін Бағ­дар­ла­ма­лар мен жо­ба­лар­ды қар­жы­лан­ды­ру үшін оның шең­бе­рін­де қарыз бе­ру­ге ке­лі­суі мүм­кін. Әр­бір ҚМС-ны Қарыз алушы ұсы­ну­ға ти­іс, Қарыз алушы ҚМС-те көр­се­ті­л­ген және транш үшін қарыз ту­ра­лы ке­лі­сім­дер­ге сәй­кес транш қа­ра­жа­тын ККМ-ге ұсы­на­ды. АДБ ҚМС-ті қа­рай­ды және егер олар­ды қа­на­ғат­та­нар­лық деп тап­са, қарыз ту­ра­лы ти­іс­ті ке­лі­сім­ді дай­ын­дай­ды. ҚНК шең­бе­рін­де қар­жы­лан­ды­ру сұ­ра­ла­тын жо­ба­лар осы Ке­лі­сім­нің 4-қо­сым­ша­сын­да көр­се­ті­л­ген өл­шем­дер­ге сәй­кес ірік­те­лу­ге ти­іс, ти­іс­ті қар­жы­лық және эко­но­ми­ка­лық тал­да­удан қа­на­ғат­та­нар­лық­тай өту­ге ти­іс, ти­іс­ті та­би­ғат қор­ғау ша­ра­ла­ры мен фу­ди­ци­ар­лық негіз­дер және бас­қа да құ­жат­тар дай­ын­да­лу­ға ти­іс. АДБ мен Қа­зақ­стан ти­іс­ті іс-қи­мыл­дар мей­лін­ше жыл­дам ба­ста­луы үшін ҚКТ-ны әкім­ші­лен­ді­ру жө­нін­де­гі нұс­қау (ӘН) пен кесте­ні ке­лі­сіп алу­ға ти­іс, Түп­кі­лік­ті ӘН ҚНК мен бі­рін­ші транш бой­ын­ша қарыз ту­ра­лы ке­лі­сім жө­нін­де­гі ке­ліс­сө­здер ке­зін­де рас­та­ла­тын бо­ла­ды. Қа­зақ­стан өзге­ше ха­бар­ла­ма ұсын­ған­ға дей­ін, Қар­жы ми­ни­стр­лі­гі ҚМС-ке қол қою мақ­са­тын­да Қа­зақ­стан­ның уәкі­лет­ті өкі­лі бо­лып та­бы­ла­ды. Іс­ке асы­ру­дың жал­пы құ­ры­лы­мы ҚКТ жал­пы құ­ры­лым­ға және осы Ке­лі­сім­нің 3-қо­сым­ша­сын­да көр­се­ті­л­ген іс­ке асы­ру жө­нін­де­гі іс-ша­ра­лар­ға сәй­кес іс­ке асы­ры­ла­тын бо­ла­ды. Рә­сім­дер ҚКТ шең­бе­рін­де бе­рі­ле­тін тран­штар мы­на­дай рә­сім­дер мен мін­дет­те­ме­лер­ге жа­та­ды: (і) Қарыз алушы ҚМС-ны бе­ру­ден бұ­рын ал­да­ғы ҚМС ту­ра­лы АДБ-ны ал­дын ала ха­бар­дар ете­ді. (іі) Қарыз алушы ҚМС-ны АДБ-мен ке­лі­сі­л­ген пі­шім­де жі­бе­ре­ді. (ііі) АДБ өз қа­ла­уы бой­ын­ша ке­ліс­сө­здер жүр­гі­зу­ден және транш үшін қарыз ту­ра­лы кез кел­ген ке­лі­сім­ге қол қо­ю­дан бас тар­туы мүм­кін. (іv) Егер АДБ ҚМС-ны қа­был­да­ға­нын рас­та­ған бол­са, та­рап­тар ке­ліс­сө­здер жүр­гі­зе­ді және қарыз ту­ра­лы ке­лі­сім­ге қол қо­яды. ҚМС-ға ақ­па­рат ҚМС, негі­зі­нен, осы Ке­лі­сім­ге қо­са бе­рі­ле­тін ны­сан­да ұсы­ны­лу­ға және ол мы­на­дай ере­же­лер­ді қам­ту­ға ти­іс: (і) Қарыз со­ма­сы; (іі) Қар­жы­лан­ды­ры­ла­тын жо­ба­лар­дың/ком­по­нент­тер­дің си­па­ты; (ііі) Шы­ғын­дар сме­та­ла­ры мен қар­жы­лан­ды­ру жос­па­ры; (іv) Жо­ба үшін ай­қын­дал­ған іс­ке асы­ру те­тікте­рі; (v) Жал­ға­сып отыр­ған іс-қи­мыл мен осы Ке­лі­сім­нің ере­же­ле­ріне сүй­е­ну­ді рас­тау; (vі) Ал­дың­ғы Ке­лі­сім/Ке­лі­сім­дер бой­ын­ша ере­же­лер­ге сәй­кест­ікті рас­тау; және (vіі) ҚКТ әкім­ші­лен­ді­ру нұс­қа­уы бой­ын­ша сұ­ра­ты­луы мүм­кін неме­се АДБ негіз­дел­ген түр­де та­лап ете ала­тын бас­қа ақ­па­рат. Та­би­ғат қор­ғау ша­ра­ла­ры 5-қо­сым­ша­да ҚКТ-ны Іс­ке асы­ру ке­зін­де сақ­та­лу­ға ти­іс та­би­ғат­ты қор­ғау ша­ра­ла­ры жө­нін­де­гі негіз­де­ме­лік құ­жат­тар қо­са бе­рі­ле­ді. Транш бой­ын­ша қарыз ту­ра­лы ке­лі­сім­ге қол қой­ы­л­ған кү­ні қол­да­ны­ла­тын АДБ-ның та­би­ғат қор­ғау ша­ра­ла­ры жө­нін­де­гі са­я­са­ты ту­ра­лы мә­лім­де­ме (2009) осын­дай транш бой­ын­ша қар­жы­лан­ды­ры­ла­тын жо­ба­лар­ға қа­ты­сты қол­да­ны­ла­тын бо­ла­ды. Са­тып алу ҚКТ шең­бе­рін­де қар­жы­лан­ды­ры­ла­тын бар­лық та­у­ар­лар, жұ­мыстар және көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер АДБ-ның са­тып алу жө­нін­де­гі нұс­қа­уы­на сәй­кес са­тып алы­ну­ға ти­іс (2010 ж., оған ке­зең-ке­зе­ңі­мен ен­гі­зі­ле­тін то­лық­ты­ру­ла­ры­мен). Кон­суль­та­ци­я­лық қыз­мет­тер көр­се­ту ҚКТ шең­бе­рін­де қар­жы­лан­ды­ры­ла­тын бар­лық кон­суль­та­ци­я­лық қыз­мет­тер көр­се­ту АДБ-ның кон­суль­тант­тар­ды тар­ту жө­нін­де­гі нұс­қа­уы­на сәй­кес са­тып алы­ну­ға ти­іс (2010 ж., оған ке­зең-ке­зе­ңі­мен ен­гі­зі­ле­тін то­лық­ты­ру­ла­ры­мен). Са­тып алу бой­ын­ша ал­дын ала рә­сім­дер Са­я­са­ты мен рә­сім­де­ріне сәй­кес АДБ әр­бір транш шең­бе­рін­де құ­ры­лыс жұ­мыста­ры мен көр­се­ті­ле­тін кон­сал­тинг­тік қыз­мет­тер­ді са­тып алу бой­ын­ша ал­дын ала рә­сім­дер­ді ма­құл­дай ала­ды. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы са­тып алу бой­ын­ша ал­дын ала рә­сім­дер­ді кез кел­ген ма­құл­дау АДБ-ның осы­ған бай­ла­ны­сты жұм­сал­ған шы­ғы­стар­ды неме­се осы­ған бай­ла­ны­сты жо­ба­ны қар­жы­лан­ды­ру жө­нін­де­гі мін­дет­те­ме­сі бо­лып та­был­май­ты­нын рас­тай­ды. Қа­ра­жат­ты иге­ру Тө­лем­дер АДБ-ның қа­ра­жат­ты иге­ру жө­нін­де­гі нұс­қа­уы­на сәй­кес жүр­гі­зі­ле­тін бо­ла­ды (2007 ж., оған ке­зең-ке­зе­ңі­мен ен­гі­зі­ле­тін то­лық­ты­ру­ла­ры­мен). Жер са­тып алу мен қо­ныс ауда­ру көз­дел­ген жо­ба­лар­да құ­ры­лыс жұ­мыста­ры үшін қа­жет­ті жер учас­ке­ле­рі мен бө­лін­ген жо­лақ­тар­дың бар­лы­ғы са­тып алын­бай­ын­ша және үшін­ші та­рап­тың қан­дай да бір құқық­та­ры­нан неме­се та­лап­та­ры­нан неме­се қан­дай да бір бас­қа ке­дер­гі­лер­ден боса­тыл­май­ын­ша қарыз қа­ра­жа­тын құ­ры­лыс жұ­мыста­ры­на ақы тө­леу үшін пай­да­ла­ну жү­зе­ге асы­ры­ла ал­май­ды. Мо­ни­то­ринг, ба­ға­лау және есеп­ті­лік бой­ын­ша іс-ша­ра­лар Мо­ни­то­ринг, ба­ға­лау және есеп­ті­лік осы Ке­лі­сім­нің Қо­сым­ша­сын­да жа­зы­л­ған және ӘН-де ег­жей-тег­жей­лі си­паттал­ған іс-ша­ра­лар­ға сәй­кес жү­зе­ге асы­ры­ла­тын бо­ла­ды. Мін­дет­те­ме­лер 6-қо­сым­ша­да ҚКТ-ға қа­ты­сты Қарыз алушы­ның өзіне ала­тын мін­дет­те­ме­ле­рі кел­ті­рі­л­ген. _____________________ 1Әрбір қарызға 2001 жылғы 1 шілдедегі АДБ Қарапайым Капитал Ресурстарынан ИВОР негізінде қарыздарға қолданылатын Қарапайым Операциялардың Қарыздары туралы қағидалардың ережелері, егер Қарыз туралы келісім шеңберінде өзгеріс енгізілген болса, бұлар ескеріле отырып, қолданылатын болады (аталған Қарапайым Операциялардың Қарыздары туралы қағидалар, егер ондайлар болса, өзгерістерімен бірге бұдан әрі «КОҚ Қарыздары туралы қағидалар» деп аталады. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ      АЗИЯ ДАМУ БАНКІ _____________________       ______________________ Уәкілетті өкілдің аты       Уәкілетті өкілдің аты
Басқа 1. ЖОЛ СЕКТОРЫНЫҢ КАРТАСЫ, СТРАТЕГИЯЛЫҚ ТҮПМӘТІН, ІС-ҚИМЫЛДАР ЖОСПАРЫ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМА
1-ҚОСЫМША ЖОЛ СЕКТОРЫНЫҢ КАРТАСЫ, СТРАТЕГИЯЛЫҚ ТҮПМӘТІН, ІС-ҚИМЫЛДАР ЖОСПАРЫ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМА А. Жол секторының картасы
Тармақ 1. 1. Стратегиялық мақсат
1. Стратегиялық мақсат
Тармақ 1
1. Үкімет Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын (барлық секторлар үшін - 2010 жылғы 1 ақпанда мақұлданған) және 2010 жылғы 19 наурызда мақұлданған Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын (ҮИИДМБ) әзірледі. Бағдарлама экономикалық құрылымды әртараптандыру жолымен ел экономикасын нығайтуға және барлық секторларды дамыту бағдарламаларын бір топтық құжатқа2 біріктіруге бағытталған.
Тармақ 2
2. Стратегия мен ҮИИДМБ-ны тиімді қолдау үшін 2006 - 2012 жылдарға арналған автожолдарды дамытудың алдыңғы жоспары (АДЖ) пысықталды және 2010 жылғы қыркүйекте Үкімет мақұлдаған Қазақстан Республикасының көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама (КИБ) болып кеңейтілді. КИБ (1) көлік жүйесі жоғары технологиялы, бәсекеге қабілетті және халықаралық стандарттарға сәйкес келеді; (2) қауіпсіз және (3) экономиканың, ұлттық қауіпсіздіктің, геосаясаттың және бизнестің мүдделерін ескереді деген пайымдаумен халықаралық көлік жүйесіне біріктірілген тиімді көлік жүйесін құрады. _____________________ 2 ОАӨЭЫ 1-ге арналған АДБ-ның 1-ші КҚТ мақұлданған Қазақстанның 2006 - 2015 жылдарға арналған алдыңғы көлік стратегиясы оны қолдау үшін Стратегия 2020-ға, ҮИИДМБ-ға және КИБ-ға біріктірілген болатын. Көлік секторы бағдарламасының негізгі мақсаттары өзгеріссіз қалды: (1) қол жетерлік және қол жетімді, қауіпсіз және қоршаған орта талаптарына сай келетін жүйе; (2) өзін-өзі ақтайтын инвестициялар мен операциялары бар; және (3) көрсетілген көліктік қызметтерді жеке сектордың ұсынуы.
Тармақ 2. 2. Уақыт талабы
2. Уақыт талабы
Тармақ 3
3. Темір жолдар мен су жолдарының тығыздығы салыстырмалы түрде төмен болған кезде автомобиль жолдары қатынас құралдарының үстем түрі болып табылады. Қазақстандағы жолдардың ұзындығы шамамен 148,000 км құрайды, оның ішінде 93,600 км қоғамдық пайдаланудағы жолдар болып табылады. Қоғамдық пайдаланудағы жолдар республикалық және жергілікті болып жіктеледі. Халықаралық және республикалық маңызы бар жолдар қоғамдық пайдаланудағы жолдардың 25 %-ын және барлық тасымалдардың 50 %-ын құрайды.
Тармақ 4
4. Еуропа мен Азия арасындағы көлік ағындарының ортасында орналасқан Қазақстан тез дамып келе жатқан трансқұрлықтық бағыттар бойынша стратегиялық магистральдарды қамтамасыз ететіндіктен, зор транзиттік әлеуетке ие. Жер үсті көлігінің бірнеше бағыты ғана солтүстікті оңтүстікпен және батысты шығыспен жалғастыра отырып, Қазақстанның аумағын айналып шыға алады. 2009 жылы 700 миллиард АҚШ долларына жеткен Азия мен Еуропаның арасындағы сауда көлемін 2015 жылға қарай 1 триллион АҚШ доллары көрсеткішіне жеткізу межеленіп отыр, олардың 20 %-ы Қазақстанның аумағы арқылы өтеді. Болжам бойынша бұл транзиттік тасымалдар Қазақстанға 1.1 миллиард АҚШ долларына жуық кіріс жинайды.
Тармақ 5
5. Өзінің зор әлеуетіне қарамастан, транзиттік қозғалыс халықаралық негізгі алты дәліздің тозған инфрақұрылымына байланысты төмендеді. Бұл негізгі дәліздердің жамылғылары негізінен асфальтты, бірақ өздерінің техникалық-пайдалану сипаттамалары (тегістігі мен беріктігі) олардың рұқсат етілген жүктемелері мен көлемдерінен аса отырып, халықаралық стандарттардан қалыс қалған. Негізгі халықаралық транзит дәліздерінің бірі Еуропа-Кавказ-Азия көліктік дәлізі бойындағы қозғалыстың орташа жылдамдығы сағатына 20 км-ден төмен. Шекаралардан өту үшін тосқауылдар транзиттік қозғалыс пен сауданы ұлғайтуға тағы бір кедергі болып табылады. Негізгі шектеулер мынаны: (1) кеден мен шекаралық инспекциядағы негізсіз кідіртулер және күрделендірілген рәсімдер; (2) Қазақстан Республикасының көлік саласындағы ұлттық заңнамасы мен халықаралық стандарттар арасындағы сәйкессіздіктер; (3) транзит пен қозғалысты реттеу жөніндегі халықаралық шарттардың болмауы3. Транзиттік қозғалысты тарту Үкіметтің Стратегия шеңберіндегі негізгі басымдығы болып табылады және негізгі шаралар негізгі халықаралық дәліздерді реконструкциялау мен шекарадан өту кезіндегі шектеулерді жоюға шоғырланған.
Тармақ 6
6. Қазақстанда 2008 жылы 13,739 жол-көлік оқиғасы тіркелген болатын, олардың салдарынан 3,351 адам қаза тапты және 16,400 адам жарақаттанды. ЖКО саны жыл сайын 7-8 %-ға қысқарып отырғанына қарамастан, көбінесе жылдамдықты арттыру және жолдар үшін сәйкес келмейтін жобалық шешімдер жол апаттарының жиі кездесетін себептері болып табылады. Жол операциялары мен қозғалысты басқарудың жеткіліксіз жүйесі өлім-жітімнің жоғары көрсеткіштері, көлік құралдары жүктемесінің шамадан тыс артық болуы сияқты көптеген проблемалардың себебі болып табылады, транзиттік операциялардан түсетін болмашы кіріс те ішінара соның нәтижесі. Жол операциялары мен қозғалысты басқару жолдар желісінің барлық аспектілері туралы дәйекті және дәл деректерді талап етеді. Алдын ала ақпарат жүйесі әлеуетті түрде қолданылуы және біліктік жүктеме мониторингі мен бақылау объектілерін, жолдардағы ауа райы жағдайы туралы ақпарат жүйесін, магистральдардағы радио хабарламалар мен электрондық белгілерді, сондай-ақ қозғалысты тіркеуге арналған жабдықты қамтуы мүмкін еді. Мұндай жүйе жолдардағы кедергілердің азаюын және шығындардың төмендеуін қамтамасыз ететін дұрыс шешімдер қабылдау үшін, сондай-ақ пайдаланушыларды жолдардың жай-күйі туралы уақтылы хабардар ету үшін қызмет көрсету жөніндегі менеджерлер талап ететін деректерді беріп отыратын болады.
Тармақ 7
7. Жолдар және қозғалыс туралы толық деректер тиімді жоспарлау процесі кезінде өте маңызды рөл атқарады. Үкімет елдегі іске асырылып жатқан стратегиялар мен жоспарлардың ұзақ мерзімді нәтижелерінің сенімді индикаторын беретін жол деректерін басқару жүйесін әзірлейді. Жолдарды тексеру мен трафикті шолудың қолданыстағы жүйесі жолдардың жай-күйі, сондай-ақ жол жұмыстарына қажеттіліктер туралы деректер жиналатындай түрде өзгертілуге тиіс. Трафикті шолу да жол-көлік оқиғалары туралы деректердің сапасы сияқты күшейтілуге және кеңейтілуге тиіс, бұл авариялардың себептерін анықтауға мүмкіндік береді. _____________________ 3Белгілі бір жақсарулардың жүзеге асырылуына және транзит пен саудаға жәрдемдесу жөніндегі келіссөздер жүргізілуіне қарамастан, жүктер рұқсат етілген шектеулерге сәйкес келтіріліп тексерілуіне байланысты шекаралардағы ұзақ кідірістерді ескергенде, шекараны кесіп өту әлі де айтарлықтай уақытты қажет етеді.
Тармақ 3. 3. Сыртқы көмек пен алынған сабақтар
3. Сыртқы көмек пен алынған сабақтар
Тармақ 8. В. Көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі бағдарлама (КИБ)
8. АДБ көлік, кедендік ынтымақтастық және Қазақстан мүшесі болып табылатын саудаға қолдау көрсету жөніндегі ОАӨЭЫ іс-шаралары секторындағы жетекші ұйым болып табылады. Қазақстанның жол секторына тартылған Халықаралық Қаржы Институттары (ХҚИ) АДБ-ны, ЕҚДБ-ны, Ислам даму банкін, ЖХЫА-ны және Дүниежүзілік банкті қамтиды. АДБ тиісінше 2002 және 2006 жылдары аяқталған Гүлшат-Ақшатау және Алматы-Бішкек жол учаскелерін қаржыландырды. Тұтастай алғанда, бірінші жоба табысты деп бағаланды4. Үкімет институционалдық даму мен жол секторын реформалауда белгілі бір табысқа жетті. Жолдарға техникалық қызмет көрсетуге бөлінген бюджет ұлғайтылды. Екінші жоба қанағаттанарлық деп бағаланды5. АДБ 2008 жылы бірінші МКТ мен бірінші транш үшін 340 миллион АҚШ доллары сомасындағы қарызды, 2009 жылы екінші транш үшін 189 миллион АҚШ доллары сомасындағы қарызды мақұлдады. 2010 жылы да үшінші транш үшін 173 миллион сомасындағы қарыз мақұлданады деп күтіліп отыр. Алғашқы екі жоба қаржыландыру туралы негіздемелік келісім мен қарыз туралы келісімдердің талаптарына сәйкес келеді. _____________________ 4 АДБ. 2006. Қазақстанда жолдарды қалпына келтіру бойынша жобаның тиімділігін бағалау туралы есептің жобасы (Қарыз 1455). Манила. 5 АДБ. 2002. Қазақстанда Алматы-Бішкек жолын қалпына келтіру жобасы бойынша қорытынды есептің жобасы (Қарыз 1774). Манила. В. Көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі бағдарлама (КИБ)
Тармақ 9
9. Үкімет халықаралық транзит дәліздеріне және оларға қосылатын жолдарға салынатын кешенді инвестицияларға баса мән береді. Нақты инвестициялар дәліздерді реконструкциялауға, сондай-ақ халықаралық жүйеге кіріктірілген тиімді көлік жүйесін құру үшін жол операцияларын жақсартуға және жолдарды күтіп ұстау жүйесіне шоғырландырылған.
Тармақ 1. 1. Нақты инвестициялар
1. Нақты инвестициялар
Тармақ 10. 1-кесте: 2010 - 2014 жылдарға арналған жол санаттары бойынша құрылыс жұмыстары (км)
10. Стратегия шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтетін халықаралық негізгі алты дәліз бойынша ұзындығы 4417 км республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын реконструкциялауға жоспарлануда. Басым инвестициялық жобалар: (1) «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» дәлізін реконструкциялау; (2) ұзындығы 4,417 км 12: Щучье-Көкшетау-Петропавл-РФ шекарасы; РФ шекарасы-Орал-Ақтөбе; Астана- Қостанай-Челябі; Жетібай-Түркменстан шек.; Астана-Қарағанды; Алматы-Қапшағай; Ташкент-Бақты; Орал-Достық; Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан шек.; Омбы-Павлодар-Майқапшағай; Күрті-Бурылбайтал; Бейнеу-Ақтау учаскелерін реконструкциялау, сондай-ақ Батыс-Шығыс және Солтүстік-Оңтүстік бағытында басқа да әлеуетті транзиттік бағыттарды енгізу. Үкімет (1) республикалық маңызы бар жолдардың 7,127 км-ін салуды немесе жақсартуды және 9,951 км-ін жөндеуді және (2) жергілікті маңызы бар 12,485 км жолға жөндеу жүргізуді және жақсартуды жоспарлауда. 1-кесте: 2010 - 2014 жылдарға арналған жол санаттары бойынша құрылыс жұмыстары (км) 2010 2011 2012 2013 2014 2010 - 2014 Рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар жол­дар Са­лу неме­се ре­кон­струк­ци­я­лау 550 1,290 1,914 2,001 1,370 7,127 Жөн­деу 1,429 2,720 3,424 4,942 4,563 17,078 Жер­гі­лік­ті ма­ңы­зы бар жол­дар 2,274 2,313 2,273 2,805 2,820 12,485 Жиы­ны 3,703 5,033 5,697 7,747 7,383 29,563 *Концессиялық негізде іске асыруға жататын учаскелерді қоса алғанда Ақпарат көзі: ҚР ККМ 2-кесте: 2010 - 2014 жылдары жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша жол жұмыстарының көлемі (млрд. теңге) 2010 2011 2012 2013 2014 2010 - 2014 Рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар жол­дар­ды Са­лу және ре­кон­струк­ци­я­лау 153.9 290.6 448.22 454.9 239.5 1,587.1 Жөн­деу 20.0 25.0 27.0 27.0 30.0 129.0 Кі­ші жиы­ны 173.9 315.6 475.2 489.9 269.5 1716.1 Жер­гі­лік­ті ма­ңы­зы бар жол­дар 38.1 41.3 53.9 60.8 67.3 261.3 Жиы­ны 212.0 356.4 529.1 542.7 336.8 1,977.4 2010 2011 2012 2013 2014 2010 - 2014 Сырт­қы қарыз алу 89.6 153.0 182.5 21.2 43 489.3 Кон­цес­сия 94.2 215.9 257.4 39.2 606,7 Т=Теңге *Концессиялық негізде іске асыруға жататын учаскелерді қоса алғанда Ақпарат көзі: ҚР ККМ 2. Нақты емес инвестициялар
Тармақ 11
11. Стратегия басқару және стратегиялық жоспарлау әлеуетін жақсартуға; нарықтық реформаларды ілгерілетуге; қауіпсіздікті, құрылыс және күтіп ұстау стандарттарын күшейтуге; жеке сектордың тасымалдарға қатысуын жылжытуға бағытталған. Ол транзиттік жүктер қозғалысындағы нақты емес тосқауылдарды (оның ішінде шекаралардан өту) азайтуға, барлық мүдделі тараптардың арасында шектеулі үйлестіру, шекара пункттеріндегі жабдықтың жеткіліксіздігі, құқық саласындағы ақпаратты нашар басқару және т.б. мәселелерді шешуге шоғырландырылған. Көлік саласын реформалау бірқалыпты өтуде. Көліктік қызметтер көрсетуді ұсыну кезінде бәсекелес орта Қазақстандық көлікті халықаралық жүйеге кіріктіруді жеделдету және елдің транзиттік әлеуетін іске асыру мақсатында құрылатын болады.
Тармақ 12. С. Стратегиялық түпмәтін
12. Нақты емес инвестициялардың мүмкіндіктері жолдардың жекелеген учаскелеріне жеке сектордың қатысуын ілгерілетуге, шығындарды өтеу қағидаттарын қолдануға, ашықтықты және жоба демеушілерін конкурстық негізде іріктеуді қамтамасыз ететін жеке сектордың қатысу негізін құруға, тәуекелдерді басқару жүйесін дамытуға және жолдарды күтіп ұстауды басқару жүйесінің тиімділігін жақсартуға бағытталған. Бұл тиімді басқару мен есептілікті, сондай-ақ жол секторының орнықтылығын жақсартуға мүмкіндік береді. Жақсартылған басқару мен есептілікке ККМ-нің есептілігі мен әлеуетін жақсарту, мемлекеттік органдардың әртүрлі деңгейлері арасындағы функционалдық міндеттердің анықтығы және қорғау талаптарына неғұрлым қатаң сәйкестігі арқылы да қол жеткізуге болады. Жол қауіпсіздігін жан-жақты және келісілген бағдарламалар арқылы жақсарту, жол ережелерін жақсартудың жалғасуы және көлік секторын дамытудың жақсартылған және есепті бағдарламасын дайындау Үкімет жоспары болып табылады. С. Стратегиялық түпмәтін
Тармақ 13
13. Инвестициялық бағдарлама АДБ-ның 2020 стратегиясы мен операциялық қызметтің Бизнес Жоспарына (2010 - 2011) сәйкес келеді6. Инвестициялық бағдарлама ҚР Үкіметінің Стратегиясы мен КИБ-ға да, сондай-ақ ОАӨЭЫ-ның Іс-қимыл жоспары және сауда мен көлікке көмек көрсету стратегиясына сәйкес келеді. ОАӨЭЫ 2 дәлізі Кавказды Орталық Азия елдері арқылы Шығыс Азиямен жалғастырады. Инвестициялық бағдарлама Маңғыстау облысындағы дәліз учаскелеріне бағытталған.
Тармақ 14. D. Стратегияның негізі
14. ОАӨЭЫ Стратегиясы және іс-қимыл жоспары. Өңірлік жүйеде негізгі рөл атқаратын республикалық жолдар желісіне бағытталған Инвестициялық бағдарлама өңірлік сауда үшін нақты және нақты емес тосқауылдарды азайтуға және тауарлар мен адамдардың қозғалысына ықпал етеді. _____________________ 6 АДБ. 2008. ОАӨЭЫ Көлікті және сауданы дамыту стратегиясы мен Іс-әрекеттер жоспары. Манила. КСДС және 2008 - 2017 жылдарға арналған Іс-қимыk жоспары өңірдің өзара байланысын және бәсекеге қабілеттілігін жақсартуға бағытталған. D. Стратегияның негізі
Тармақ 15
15. 2006 - 2012 жылдарға арналған жол секторын дамытудың негізі әзірленіп, бірінші ҚКТ-ға енгізілді (ОАӨЭЫ 1 дәлізі)7. Ол басқару мен есептіліктегі, орнықты қаржыландырудағы, саяси және реттеуші негіздердегі, институционалдық реформалар мен әлеуетті дамудағы, жол қауіпсіздігіндегі, жол секторының орнықтылығы мен жол операцияларындағы базалық операциялық қағидаттар мен озық тәжірибені айқындайды. Секторды дамыту негізі шеңберінде ККМ мынадай табысқа қол жеткізді: (1) концессиялық жобалар бойынша конкурстық рәсімдер іс жүзінде аяқталды, (2) концессиялар туралы заң 10 пысықталды, (3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі нұсқау мақұлданды, (4) қаржылық басқарудың ашық тетігі үшін ККМ-де қаржы департаменті құрылды және (5) фидуциарлық мәселелер жөніндегі қызметкерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі нұсқауды тиімді іске асыру үшін оқытудан өтуде.
Тармақ 16. 3-кесте: ЖОЛ СЕКТОРЫН ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗІ (2010 - 2014 жылдар)
16. Секторды дамытудың негізі осы жетістіктер мен жоспарланған іс-шараларды көрсете отырып, 2010 - 2014 жылдарға кеңейтілген. Инвестициялық бағдарлама мақұлданғаннан кейін секторды дамытудың алдыңғы негізі мына 3-кестеге ауыстырылатын болады. _____________________ 7 АДБ. 2008. Президенттің Директорлар Кеңесіне есебі және ұсыныстары: Қазақстан Республикасына ұсынылып отырған [Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық транзит дөлізі] ОАӨЭЫ 1 (Жамбыл облысындағы учаскелер) көлік дәлізі үшін Инвестициялық бағдарламаға арналған, қаржыландыру мен әкімшілік етудің көп траншты тетігі. Манила. 3-кесте: ЖОЛ СЕКТОРЫН ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗІ (2010 - 2014 жылдар) Ре­фор­ма жос­па­ры Іс-қи­мыл Мәр­те­бе­сі Жос­пар­лан­ды Ти­ім­ді бас­қа­ру және есеп­ті­лік Жо­ба­лар­дың де­ме­у­ші­ле­рін ашық және бә­се­ке­лі ірік­теу ар­қы­лы ти­ім­ді бас­қа­ру­ды қам­та­ма­сыз ете­тін же­ке­мен­шік сек­тор­дың қа­ты­суы үшін стра­те­ги­я­ны қа­лып­та­сты­ру АДБ және ЕҚДБ-ның қа­ты­суы­мен Ал­ма­ты-Қор­ғас жо­лы үшін бі­рін­ші кон­цес­си­я­лық жо­ба - ке­ліс­сө­здер жүр­гі­зі­лу­де «ОҚО ше­ка­ра­сы­нан Өзбек­стан ше­ка­ра­сы­на дей­ін» жол жо­ба­сы үшін тен­дер­лік құ­жат­тар ЕҚДБ-ның жәр­дем­де­суі ар­қы­лы әзір­ле­ну са­ты­сын­да 2010 жы­л­ғы сәу­ір­де Кон­цес­си­я­лар ту­ра­лы заң­ға өзге­рі­стер ен­гі­зіл­ді - Аста­на-Қа­ра­ған­ды және Ал­ма­ты-Қап­ша­ғай жо­ба­ла­рын кон­цес­си­я­лық негіз­де кон­курс өт­кізу­ге, сон­дай-ақ Аста­на-Щу­чье жо­лын­да ЗКЖ ен­гізу­ге кі­рі­су. Кө­лік және ком­му­ни­ка­ция ми­ни­стр­лі­гі­нің есеп­ті­лі­гін жақ­сар­ту ПТС ти­ім­ді­лік көр­сет­кіш­те­рі үшін мақ­сат­тар бел­гі­лен­ді. ХҚДБ-ның Сы­бай­лас жем­қор­лық­қа қар­сы кү­рес жө­нін­де­гі нұс­қа­уын ККМ ма­құл­да­ды Он­лайн фо­рум іс­ке қо­сыл­ды - ККМ Дү­ни­е­жү­зі­лік­банк дай­ын­да­ған сы­бай­лас жем­қор­лық­қа қар­сы іс-қи­мыл­дар жос­па­ры­мен жұ­мыс іс­те­у­ге мін­дет­те­не­ді Үкі­мет­тің әр­түр­лі дең­гей­ле­рі бой­ын­ша функ­ци­о­нал­дық мін­дет­тер­ді бө­лу ККМ АЖК жол үшін жа­у­ап­ты Жер­гі­лік­ті жол­ды да­мы­ту үшін бюд­жет­тік транс­ферт­тер Рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар ав­то­мо­биль жол­да­рын кү­тіп ұста­уды Қа­за­қав­то­жол, ал жер­гі­лік­ті жол­дар­ды же­ке­мен­шік мер­ді­гер­лер жү­зе­ге асы­ру­да Құ­ры­лыс ма­те­ри­ал­да­ры­ның және құ­ры­лыс жұ­мыста­ры­ның са­па­сын ба­қы­лау үшін «Об­л­Жол­зерт­ха­на» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі құ­рыл­ды. Құ­ры­лы­сты қа­да­ға­лау қыз­ме­ті же­ке­мен­шік сек­тор­ға бе­рі­ле­ді. Қа­уіп­сіз­дік тех­ни­ка­сы­на неғұр­лым қа­таң сәй­кест­ік Қор­ша­ған ор­та­ға әсер ету­ді ба­ға­лау бой­ын­ша есеп­тер 2004 жы­лы ен­гі­зіл­ді Бар­лық жо­ба­лар та­би­ғат­ты қор­ғау және әле­умет­тік ке­піл­дік­тер­ге сәй­кес бо­лу қа­жет Жер ко­дек­сіне және заң­ға өзге­рі­стер ен­гі­зіл­ді Им­порт­та­ла­тын бі­рақ бұ­рын пай­да­ла­ны­л­ған ав­то­мо­биль­дер үшін қа­таң та­лап­тар ен­гі­зіл­ді және Еуро-4 стан­дар­ты­на кө­шу Тұ­рақ­ты қар­жы­лан­ды­ру Қай­та­рым­ды­лық қа­ғи­дат­та­рын қол­да­ну Ай­қын­дал­ған жол учас­ке­ле­рін­де же­ке­мен­шік сек­тор­дың қа­ты­суы­на жәр­дем­де­су Тәу­е­кел-ме­недж­мент жүй­е­сін қол­да­ну Шы­ғын­дар­ды өтеу және жол қоз­ға­лы­сы­на қа­ты­су­шы­лар­дан алы­на­тын алым­дар­ды зер­де­леу орын­дал­ды ЕҚДБ-ның жәр­дем­де­суі ар­қы­лы кон­цес­си­я­лық жо­ба­лар бой­ын­ша кон­курс Ұсы­ны­ла­тын кон­цес­си­я­лық жо­ба­лар бой­ын­ша кон­кур­стық ре­сім­дер­ге дай­ын­дық жүр­гі­зі­лу­де ЕҚДБ-ның жәр­дем­де­суі ар­қы­лы тәу­е­кел­дер­ді бө­лу стра­те­ги­я­сын дай­ын­дау Са­я­сат және рет­теу стра­те­ги­я­сы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ұлт­тық жол заң­на­ма­сын же­тіл­ді­ру және сек­тор­ды да­мы­ту бағ­дар­ла­ма­сын дай­ын­дау Ав­то­жол­дар ту­ра­лы заң 2001 жы­лы то­лық­ты­ры­лып, 2006 және 2008 жыл­да­ры өзгер­тіл­ді Кө­лік сек­то­ры­ның стра­те­ги­я­сы Үде­ме­лі ин­ду­стри­я­лық-ин­но­ва­ци­я­лық да­му бағ­дар­ла­ма­сы­на ен­гі­зіл­ді Ха­лы­қа­ра­лық нор­ма­лар­ға сәй­кес бо­лу үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ұлт­тық заң­на­ма­сын үй­ле­сті­ру Ин­сти­ту­ци­о­нал­дық ре­фор­ма және әле­ует­ті да­мы­ту Жол­ды бас­қа­ру са­ла­сын­да әлем­дік дә­ре­же­ге қол жет­кі­зу Жол сек­то­ры­ның ин­сти­ту­ци­о­нал­дық ре­фор­ма­сы аяқ­тал­ды - Жос­пар­лау және бас­қа­ру жүй­е­сін қа­лып­та­сты­ру қа­жет Са­тып алу ту­ра­лы жа­ңа заң 2008 жы­л­ғы қаң­тар­да кү­шіне ен­ді. Қар­жы­лық бас­қа­ру жүй­е­сі қол­да­ны­ла­тын бо­ла­ды. Қар­жы­лық жос­пар­лау және жол­дар­ды бас­қа­ру үшін бағ­дар­ла­ма­лық қам­та­ма­сыз ету Ин­но­ва­ция және да­му Жол сек­то­ры­ның пер­со­на­лын және же­ке­мен­шік мер­ді­гер­лер­ді ке­лі­сім шар­ттар­ды бас­қа­ру және олар­ды орын­да­уды үй­ре­ту Өңір­лік оқу ор­та­лық­та­ры Кадр­лық пер­со­нал­ды да­мы­ту жос­па­ры орын­дал­ды Қа­рау са­ты­сын­да ба­ға эс­ка­ла­ци­я­сы­на бай­ла­ны­сты мә­се­ле­лер­ді ти­ім­ді ше­шу жө­нін­де­гі қа­ғи­да­лар Жол қа­уіп­сіз­ді­гі Жан-жақ­ты және үй­ле­сті­рі­л­ген бағ­дар­ла­ма­лар ар­қы­лы жол­да­ғы қа­уіп­сіз­дік­ті арт­ты­ру Жол­ды рет­теу қа­ғи­да­сы 1997 жы­лы қа­был­дан­ды Жол по­ли­ци­я­сы ко­ми­те­ті құ­рыл­ды Кө­лік құ­рал­да­ры­ның га­ба­рит­те­ріне және жол қа­уіп­сіз­ді­гіне қа­ты­сты қа­ғи­да­лар 2004 жы­лы қол­да­ны­сқа ен­гі­зіл­ді. ЖКО және қа­уіп­сіз­дік ша­ра­ла­ры ту­ра­лы ақ­па­рат­ты жи­нақ­тау жос­па­ры дай­ын­дал­ды Жол қа­уіп­сіз­ді­гін қам­та­ма­сыз ету мақ­са­тын­да жо­ба­лау үшін қа­ғи­да­лар заң­ды кү­шіне ен­ді Жол бой­ын­да­ғы жо­лақ­та қор­шау ор­на­ту ен­гі­зіл­ді. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның жол қа­уіп­сіз­ді­гі бой­ын­ша іс-қи­мыл­дар жос­па­рын­да қа­уіп­сіз­дік­ті рет­теу әле­уе­тін зерт­теу нәти­же­сі Жол қа­уіп­сіз­ді­гі са­ла­сын­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ұлт­тық заң­на­ма­сын және құ­жат­тар­ды үй­ле­сті­ру ЗКЖ ен­гі­зі­ле­тін бо­ла­ды Жол сек­то­рын ор­нық­ты да­мы­ту Жол­дар­ды тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту­ді бас­қа­ру жүй­е­сі­нің ти­ім­ді­лі­гін арт­ты­ру Тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту бой­ын­ша бас­шы­лық аяқ­тал­ды Тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту­ге бө­лі­не­тін қа­ра­жат со­ма­сы арт­ты. Құ­ры­лыс жұ­мыста­рын ай­тар­лық­тай қай­та бө­лу - жұ­мыстар­дың 95 %-ы же­ке мен­шік мер­ді­гер­лер­ге бе­ріл­ді. Жол­дар­ға тұ­рақ­ты түр­де ди­а­гно­сти­ка жүр­гі­зі­лу­де Жол­дар­ға тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту­ді қар­жы­лан­ды­ру те­ті­гі ту­ра­лы есеп Жү­зе­ге асы­ры­ла­тын қыз­мет­тер­дің са­па­сын ба­ға­лау негі­зін­де тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту­ге және тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту жүй­е­сіне кон­кур­стық са­уда­ны ен­гі­зу Жол кө­лі­гін пай­да­ла­ну Ше­ка­ра­лар­ды ке­дер­гі­сіз ке­сіп өту Ше­ка­ра­лар­да­ғы ше­ка­ра пункт­те­рін­де кө­лік­тік және са­ни­тар­лық ба­қы­лау бе­кет­те­рі алып та­стал­ды. Ке­ліс­сө­здер жүр­гі­зі­лу­де. ОА ел­де­рі­нен кө­лік құ­рал­да­ры­на қа­ты­сты сал­мақ және га­ба­рит бой­ын­ша мә­се­ле­лер жоқ. Тран­с­ше­ка­ра­лық ке­лі­сім­дер іс­ке асы­ры­ла­тын бо­ла­ды және ке­ден­дік нор­ма­лар мен рә­сім­дер үй­ле­сті­рі­ле­тін бо­ла­ды. Кө­лік құ­рал­да­ры­ның сал­ма­ғы мен га­ба­рит­те­ріне үй­ле­сім­ді шек­те­улер бо­ла­ды. Ақ­па­рат­тық тех­но­ло­ги­я­лар­ды ен­гі­зу Жыл­дам­дық ре­жи­мін тір­кей­тін ка­ме­ра­лар пай­да­ла­ны­лу­да Бағ­дар­шам­дар­дың кей­бір жүй­е­ле­рі үй­ле­сті­рі­лу­де ОАӨ­ЭЫ 1 бой­ын­ша АДБ-ның жо­ба­сы шең­бе­рін­де ЗКЖ әзір­леу үшін кон­сал­тинг­тік қыз­мет­тер­ді ірік­теу жүр­гі­зі­лу­де Ел­де­гі ав­то­жол­дар же­лі­сі үшін ЗЖК тех­но­ло­ги­я­сын ен­гі­зу бой­ын­ша жос­пар әзір­леу. Ал­ғаш­қы ҚКТ үшін жаб­дық ерекше­лік­те­рін іс­ке асы­ру жос­па­рын, ор­на­ла­сты­ру жос­па­рын дай­ын­дау АДБ = Азия Даму Банкі, ЕҚДБ = Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі, ЗКЖ = зияткерлік көлік жүйесі, км = километр, ККМ = Көлік және коммуникация министрлігі, ҮИИДМБ = Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы, КИБ = Көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша бағдарлама Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиясы, КИБ, ҮИИДМБ Е. Ұсынылатын инвестициялық бағдарлама
Тармақ 17
17. Ұсынылатын инвестициялық бағдарлама Маңғыстау облысындағы ОАӨЭЫ 2 көлік дәлізінің 790 км жолын реконструкциялауға мүмкіндік береді. Инвестициялық бағдарламаның жолдары Қазақстанды Әзірбайжанмен, Еуропамен және батыстағы Каспий теңізі арқылы Түркиямен; солтүстікте Ресеймен, оңтүстік-шығыста Өзбекстанмен; оңтүстікте Түрікменстанмен қосады. Дәліздің 790 км учаскесінің 430 км Ақтау-Манаштан, 84 км учаскесі Бейнеу-Ақжігіт (Өзбекстан шекарасы) және 237 км Жетібай-Фетисоводан тұрады (4-кесте).
Тармақ 18. 4-кесте: Ұсынылатын инвестициялық жоспар
18. 1-транш Ақтау-Манаш жолының 200 км (372.6 км және 514.3 км 574 км және 632.3 км) учаскелері үшін (1) нақты инвестициялардан тұратын болады; және (2) жоспарлау, жобаны басқару, жолдарды басқару және шекара маңындағы инфрақұрылым мен жабдықтауды жақсарту үшін ККМ мен АЖК әлеуетін күшейту үшін жобаны басқару және институционалдық қолдау. Бұл құрылысты қадағалауды және жобаны басқаруды қамтитын болады; (2) кейінгі жобалардың ТЭН-і мен егжей-тегжейлі жобасы; және (3) құрылыс салу мен жолдарды күтіп ұстау әлеуетін дамыту, сатып алу жоспарын, келісімшарттарды басқару, қоршаған ортаны қорғау және көшіру жөніндегі қорғау іс-шараларын күшейту, сондай-ақ шекараны кесіп өту жөніндегі іс-шаралар. 4-кесте: Ұсынылатын инвестициялық жоспар Ұзынды­ғы (км) Со­ма­сы (млн. $) А. Ав­то­жол­дар­ды да­мы­ту құ­ра­уы­шы Бей­неу-Ма­наш 40 55.0 - Ма­наш-Бе­кі 303 406.7 - Бе­кі-Ақ­тау 127 259.8 - Бей­неу-Ақ­жі­гіт (Өзбек­стан ше­ка­ра­сы) 84 100.0 - Же­ті­бай-Фе­ти­со­во (Түрк­мен­стан ше­ка­ра­сы) 237 235.0 - Ше­ка­ра­лық ин­фра­құ­ры­лым, тех­ни­ка­лық құ­рал­дар 3.0 Кү­тіл­ме­ген шы­ғы­стар 117.5 В. Әле­ует­ті ұзар­ту құ­ра­уы­шы 35.0 Жиы­ны (А+В) 791 1,212 Мемлекеттік бюджеттен төленетін салықтар мен жарналарды қоса алғанда Бағаның өзгеруіне байланысты нақты және күтілмеген шығыстар негізгі шығындардың 10% мөлшерінде есептеледі Ақпарат көзі: АДБ және ҚР ККМ 5-кесте: Инвестициялық Бағдарламаны қаржыландыру жоспары Ақ­па­рат кө­зі Со­ма­сы ($ мил­ли­он) Қар­жы­лан­ды­ру үле­сі (%) АДБ ҚР Үкі­ме­ті Жиы­ны 800 412.0 1,212.0 66.0 33.0 100.0 Ақпарат көзі: АДБ және ҚР ККМ
Басқа 2. ҚКТ МОНИТОРИНГІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ НЕГІЗІ
2-ҚОСЫМША ҚКТ МОНИТОРИНГІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ НЕГІЗІ Құ­ры­лым си­патта­ма­сы Ти­ім­ді­лік­тің ны­са­на­лы көр­сет­кіш­те­рі мен ба­за­лық ин­ди­ка­тор­ла­ры Де­реккөз­дер мен есеп­ті­лік те­тікте­рі Ал­ғы­шар­ттар мен тәу­е­кел­дер Мақ­са­ты ОАӨ­ЭЫ шең­бе­рін­де ор­нық­ты эко­но­ми­ка­лық да­му­ға және өңір­лік ын­ты­мақ­та­стық­қа жәр­дем­де­су 2020 жы­л­ға қа­рай Қа­зақ­стан ЖІӨ-нің ұл­ға­юы ша­ма­мен $114 млрд-тан (2009) $300 млрд-қа дей­ін Ста­ти­сти­ка жө­нін­де­гі ұлт­тық агент­тік ұсын­ған рес­пуб­ли­ка­лық және жер­гі­лік­ті дең­гей­де­гі әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық ста­ти­сти­ка Ал­ғы­шар­ттар Үкі­мет эко­но­ми­ка­лық өсу­ге ық­пал ете­тін са­я­сат­ты жүр­гі­зу­ді жал­ға­сты­ра­ды және ре­фор­ма­лар жүр­гі­зу, өңір­лік ын­ты­мақ­та­стық және бі­рі­гу жо­лын ұста­на­ды. Нәти­же Кө­лік бай­ла­ны­ста­ры­ның өсуі және ти­ім­ді­лік, жақ­сар­ты­л­ған ин­сти­ту­ци­о­нал­дық ти­ім­ді­лік си­патта­ма­сы 2016 жы­л­ға қа­рай (2009 жы­лы) Қоз­ға­лыс қар­қын­ды­лы­ғы­ның өсуі 1,000 ккқ-дан (1 күн­де­гі кө­лік құ­ра­лы) 3,500 ккқ-ға дей­ін (2010 жы­лы) Жүр­гі­зу­ші­нің шы­ғы­нын $0,64/ав­то-км-ден $0,43/ав­то-км-ге дей­ін азай­та­ды Рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар жол­дар­дың қа­уіп­сіз­ді­гі жө­нін­де­гі стра­те­гия мен іс-қи­мыл­дар жос­пар­ла­ры дай­ын­дал­ды және іс­ке асы­ры­лу­да Ақ­тау және Бей­неу ара­сын­да­ғы жол­ды жү­ріп өту уа­қы­тын 12 са­ғат­тан (2009 жы­лы) 4 са­ғат­қа дей­ін қы­сқар­ту. Ше­ка­ра­ны ке­сіп өту бе­кет­те­рін­де жүк ав­то­мо­биль­де­рін ре­сім­де­удің ор­та­ша уа­қы­тын 1,5 са­ғат­тан 30 ми­нут­қа дей­ін қы­сқар­ту Ин­ве­сти­ци­я­лық бағ­дар­ла­ма ая­сын­да­ғы жол­дар­да жы­лы жыл сай­ын­ғы ЖКО-ның са­нын 152-ден 140-қа дей­ін қы­сқар­ту Ста­ти­сти­ка жө­нін­де­гі ұлт­тық агент­тік ұсын­ған ұлт­тық, рес­пуб­ли­ка­лық және жер­гі­лік­ті ста­ти­сти­ка Қоз­ға­лыс қар­қын­ды­лы­ғы бой­ын­ша мер­зім­ді жүй­е­лі есеп­тер және ЖКО бой­ын­ша де­ректер жүй­е­сі ОАӨ­ЭЫ дә­лі­зі­нің ти­ім­ді­лі­гі­нің мо­ни­то­рин­гі мен ба­ға­ла­уы бой­ын­ша есеп­тер Маң­ғы­стау об­лы­сын әле­умет­тік эко­но­ми­ка­лық шо­лу бой­ын­ша ақ­па­рат Ал­ғы­шар­ттар Ин­ве­сти­ци­я­лық бағ­дар­ла­ма­ны жақ­сар­ту нәти­же­сін­де кө­лік қыз­мет­те­рін көр­се­ту­ге қол­же­тім­ді­лік және оның са­па­сы­ның өсуі Қа­зақ­стан мен Өзбек­стан ара­сын­да­ғы ше­ка­ра бе­кет­те­рін­де­гі же­тіл­ді­рі­л­ген объ­ек­ті­лер мен ше­ка­ра­дан өту­дің же­ңіл­де­ті­л­ген рә­сім­де­рі Мак­ро­эко­но­ми­ка­лық көр­сет­кіш­тер­ді тұ­рақ­ты түр­де жақ­сар­ту Тәу­е­кел­дер Жол­дар­ды кү­тіп ұста­у­ға ар­нал­ған қар­жы ре­сур­ста­ры жет­кі­лік­сіз Ак­тив­тер­ді бас­қа­ру жүй­е­сі же­тіл­ді­ріл­ме­ген Нәти­же­ле­рі 1. ОАӨ­ЭЫ 2 кө­лік дә­лі­зі Маң­ғы­стау об­лы­сы­ның қай­та жа­ңар­ты­л­ған учас­ке­сі 2016 жы­л­ға қа­рай ке­мін­де 4 м/км жа­мы­л­ғы­ның ке­дір-бұ­дыр­лы­ғы­ның ха­лы­қа­ра­лық тех­ни­ка­лық көр­сет­кі­шіне сәй­кес ша­ма­мен 790 км тро­туар­ла­ры бар жол­ды ре­кон­струк­ци­я­лау 2011 жы­л­ға қа­рай АИТВ мен адам­дар­дың кон­тра­бан­да­сы ту­ра­лы ақ­па­рат­ты та­ра­ту бой­ын­ша бағ­дар­ла­ма ККМ-нің жо­ба­ны іс­ке асы­ру ба­ры­сы ту­ра­лы есеп­те­рі Маң­ғы­стау об­лы­сын әле­умет­тік эко­но­ми­ка­лық шо­лу бой­ын­ша ақ­па­рат Ал­ғы­шар­ттар қо­са қар­жы­лан­ды­ру ре­сур­ста­рын уақ­ты­лы қам­та­ма­сыз ету Мер­ді­гер­лер ха­лы­қа­ра­лық кон­кур­стық са­уда­ға сәй­кес жал­дан­ған Жер­гі­лік­ті тұр­ғын­дар та­ра­пы­нан қол­дау 2. ККМ-нің ак­тив­тер­ді және жо­ба­ны бас­қа­ру­да­ғы әле­уе­ті кү­шей­тіл­ді Бағ­дар­ла­ма­ны бас­қа­ру то­бы ти­ім­ді жұ­мыс іс­тей­ді. Кей­ін­гі тран­штар­ға сұ­рау са­лу­лар АДБ-ға уақ­ты­лы ұсы­ныл­ды Ком­пью­тер­лен­ді­рі­л­ген жол бас­қа­ру жүй­е­сі 2016 жы­л­ға қа­рай ен­гі­зі­ле­тін бо­ла­ды Са­па негі­зін­де­гі жал­пы тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту­ге ар­нал­ған шарт пи­лот­ты түр­де 2015 жы­л­ға қа­рай ен­гі­зі­ле­ді 3-транш жо­ба­сы кон­суль­тант­тар­дың үле­сін ба­рын­ша аз тер­те оты­рып, негі­зі­нен ККМ-нің кү­ші­мен дай­ын­дал­ды ККМ-нің жо­ба­ны іс­ке асы­ру ба­ры­сы ту­ра­лы есеп­те­рі ҚМС АДБ-ға ұсы­ны­ла­ды Оқу­дан (тре­нинг­тен) өт­кен пер­со­нал­дың ті­зі­мі және олар­дың оқу бағ­дар­ла­ма­ла­ры­ның ег­жей-тег­жейі Үкі­мет жол сек­то­рын бұ­дан әрі ре­фор­ма­ла­уды ұста­на­ды ККМ мен АЖК әле­ует­те­рін ны­ғай­ту­ды ұста­на­ды Әле­ует­те­рін ны­ғай­ту үшін бі­лік­ті са­рап­шы­лар уақ­ты­лы жал­дан­ған Оқы­ту­дан ой­да­ғы­дай өт­кен пер­со­нал ин­ве­сти­ци­я­лық бағ­дар­ла­ма­ны іс­ке асы­ру жө­нін­де­гі жұ­мысты жал­ға­сты­ру­да 3. Ше­ка­ра­лар­дан өту үшін ин­фра­құ­ры­лым мен жаб­дық­тар жақ­сар­тыл­ды Өзбек­стан мен Қа­зақ­стан ше­ка­ра­ла­ры­нан өту пункт­те­рін­де­гі жаб­дық пен ин­фра­құ­ры­лым 2016 жы­л­ға қа­рай жаң­ғыр­ты­ла­ды Өзбек­стан ше­ка­ра­сын­да жұ­мыс іс­тей­тін қыз­мет­кер­лер­ді оқы­ту 2016 жы­л­ға қа­рай аяқ­тал­ды ККМ-нің жо­ба­ны іс­ке асы­ру ба­ры­сы ту­ра­лы есеп­те­рі Дә­ліз ти­ім­ді­лі­гі­нің мо­ни­то­рин­гі және оны ба­ға­лау Ал­ғы­шар­ттар Әр­түр­лі ти­іс­ті ор­ган­дар ара­сын­да­ғы қа­лып­тас­қан үй­ле­сім­ді­лік Тәу­е­кел­дер Ше­ка­ра­лар­дан өту және ше­ка­ра ма­ңын­да­ғы са­уда ту­ра­лы СВ­ТА ке­лі­сі­мін іс­ке асы­ру рә­сім­де­рін жақ­сар­ту­да­ғы ке­шік­ті­ру Қыз­мет­тің ма­ңы­зды ке­зең­де­рі 1-транш 1.1 Құ­ры­лы­сты қа­да­ға­лау және бағ­дар­ла­ма­ны бас­қа­ру үшін 2011 жы­л­ғы сәу­ір­ге дей­ін кон­суль­тант­та­рын жал­дау 1.2. Құ­ры­лыс жұ­мыста­ры­на ар­нал­ған ке­лі­сім шар­ттар­ды 2011 жы­л­ғы ма­мыр­ға дей­ін бе­ру 1.3 Жо­ба­ны іс жү­зін­де 2014 жы­л­ғы ақ­пан­ға дей­ін аяқ­тау 1.4 Әле­ует­ті кү­шей­ту жос­па­ры 2011 жы­л­ғы ма­мыр­ға дей­ін әзір­лен­ген 1.5 Пер­со­нал­ды оқы­ту бағ­дар­ла­ма­ла­ры 2011 жы­л­ғы мау­сым­да ба­стал­ды және 2016 жы­л­ғы жел­тоқ­сан­ға дей­ін аяқ­тал­ды 2-транш 1.1 Құ­ры­лыс жұ­мыста­ры­на ар­нал­ған ке­лі­сім­шар­ттар­ды 2011 жы­л­ғы шіл­де­ге дей­ін бе­ру 1.2 Құ­ры­лыс жұ­мыста­рын 2014 жы­л­ғы жел­тоқ­сан­ға дей­ін аяқ­тау 3-транш 1.1 Құ­ры­лыс жұ­мыста­ры­на ар­нал­ған ке­лі­сім­шар­ттар­ды 2013 жы­л­ғы ақ­пан­ға дей­ін бе­ру 1.2 Құ­ры­лыс жұ­мыста­рын 2016 жы­л­ғы мау­сым­ға дей­ін аяқ­тау Са­лым­дар АДБ: $800 млн-нан ас­пай­тын ҚМТ Үкі­мет: $412 млн Бар­лы­ғы: $1,212 млн. АДБ = Азия Даму Банкі, ОАӨЭЫ = Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы, СВТА = Шекаралық сауда туралы келісім, СРММ = дәліз қызметін бағалау және мониторингілеу, ЖІӨ - жалпы ішкі өнім, км = километр, ҚМТ = Қаржыландырудың мультитранштық тетігі, ККМ = Көлік және коммуникация министрлігі, ҚМС = қаржыландыруға арналған мерзімді сұрау салу, РІU = жобаны іске асыру жөніндегі бөлім, тсд = бір күндегі көлік құралы. Дереккөзі: ҚР ККМ мен АДБ.
Басқа 3. ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ НЕГІЗДЕМЕЛІК ҚҰЖАТ
3-ҚОСЫМША ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ НЕГІЗДЕМЕЛІК ҚҰЖАТ Жобаны орындаушы
Тармақ 1. Бағдарламаны басқару
1. ҚМТ (Қаржыландырудың мультитранштық тетігі) бойынша атқарушы орган осы қаржыландыру туралы негіздемелік келісімнің (ҚНК) 1-қосымшасында сипатталғандай, ККМ болады; ал бұл жұмыста оған жобаларды күнделікті басқаруға жауап беретін, бағдарламаны іске асыру жөніндегі ведомство ретінде Автомобиль жолдары комитеті (мұнда және бұдан әрі Комитет) жәрдемдесетін болады. Комитетке оның Маңғыстау департаменті көмек көрсететін болады. Бағдарламаны басқару
Тармақ 2. Жоба бойынша есептілік аудиті
2. Комитеттің бағдарламаны басқару жөніндегі тобы (ББТ) Комитет төрағасы орынбасарының бақылауымен және басшылық етуімен жоба бойынша барлық қызмет түрлерін жүзеге асыратын болады. ББТ-ға Комитет персоналының арасынан тағайындалған, сондай-ақ жағдайға байланысты сырттан жалданған техникалық персонал кіретін болады. Қаржылық басқаруға қатысы бар қызметті Комитеттің қаржы бөлімі жүзеге асырады. Сондай-ақ ББТ мынадай іс-қимылдарды орындайды: (і) есептер дайындайды, (іі) жобаның іске асырылуына бағалау, мониторинг пен талдау жүргізеді, және (ііі) АДБ мен Үкіметтің мақұлдауын алады. Бағдарлама бойынша негізінен табиғат қорғау және әлеуметтік кепілдіктер сапасындағы және ББТ-ға қолдау көрсету үшін сатып алу бойынша сырттан тартылатын мамандар жалданатын болады. Жоба бойынша есептілік аудиті
Тармақ 3
3. Комитет қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді, алынған қаржы көздерін, сондай-ақ жоба бойынша келтірілген шығындарды және пайдаланылған жергілікті қаржыландыру көздерін айқындау үшін жоба бойынша құжаттама мен бухгалтерлік құжаттарды бөлек жүргізуге тиіс. Жоба бойынша қаржылық есептілікті қолданыстағы аудит стандарттарына сәйкес жыл сайынғы негізде АДБ үшін қолайлы тәуелсіз аудитор тексеретін болады. Қарыз алушы АДБ-ға ҚКТ-ны іске асыру барысында әрбір қаржы жылы аяқталғаннан кейін 6 ай ішінде жыл сайынғы аудиторлық есептерді ұсынатын болады. Аудиторлық есепте арнайы шоттар мен шығыс ведомостарын тексеру жөніндегі аудиторлық пікір бөлек көрсетілуге тиіс.
Тармақ 4. Шолу
4. Қарыз алушы ҚКТ бойынша қаржыландырылатын әрбір жоба үшін жыл сайынғы жұмыс істеу аудитін жүргізіп отыруға тиіс, олар АДБ-ға қолайлы техникалық тапсырмаға сәйкес аяқталатын болады. Шолу
Тармақ 5
5. АДБ, ККМ, Комитет және Қаржы министрлігі қажетіне қарай әрбір жекелеген траншты және іске асыру тетігіндегі немесе кемшіліктерді жою жөніндегі транш жобасының және тұтастай алғанда қаржылық бағдарламаның мақсаттарына қол жеткізу үшін қабылдау қажет болатын шаралардағы қандай да бір өзгерістерді талқылау үшін тұрақты түрде кездесіп отыруға тиіс.
Тармақ 6. Мониторинг және бағалау
6. ҚКТ бойынша қаржыландыратын жобаны аралық шолуды АДБ мен Қазақстан Республикасы жобаны іске асырудың үшінші жылында қолға алатын болады. Жобаны аралық шолу жобаны іске асыру процесінде ҚКМ-ге, оның транштарына немесе жекелеген жобалар мен олардың одан әрі іске асырылуына теріс әсер етуі мүмкін даулы мәселелерді, проблемаларды немесе әлсіз тұстарды, сондай-ақ басқарушылық, әкімшілік, ұйымдық, техникалық, экологиялық, әлеуметтік, экономикалық, қаржылық аспектілерді, кедейлікті азайту мен қоныс аудару т.б. мәселелерді қарауды қамтитын болады. Шолу шеңберінде қоныс аудару үдерісін, қоршаған ортаға және халықтың кедейшілігін төмендетуге әсерді, сондай-ақ ҚКТ-да көрсетілген куәландыруларға сәйкестігі және Инвестициялық бағдарламаның мақсатына қол жеткізу үшін қажетті қандай да бір өзгерістер туралы уағдаластықты тексеру жүргізілетін болады. Инвестициялық бағдарламаға аралық шолуды АДБ мен ҚР Азия Даму Банкінің ҚКТ-ны мақұлдаған күнінен бастап үшінші жылы қолға алатын болады. Мониторинг және бағалау
Тармақ 7
7. Комитет қадағалау жөніндегі консультанттардың жәрдемімен жобалық объектілерді тиімді басқару мен жобадан барынша жоғары пайда алуды қамтамасыз ету үшін жоба әсерінің мониторингі мен оны бағалауды жүзеге асыруға тиіс. Комитет қадағалау жөніндегі консультанттардың жобаның бастапқы сатысында, ол аяқталғанда және жоба аяқталғаннан кейін 3 жыл өткен соң АДБ-мен келісім бойынша деректерді жинауын қамтамасыз етеді.
Тармақ 8
8. ҚКТ-ның әрбір траншы бойынша қарыз туралы келісім күшіне енген күннен бастап 3 ай ішінде АЖК Инвестициялар бағдарламасы мен жоба тиімділігінің көрсеткіштеріне сәйкес нысаны мен мазмұны тұрғысынан АДБ-ны қанағаттандыратын жобаның тиімділігін бағалау жүйесін (ЖТБЖ) әзірлейді. Жоба мен ҚКТ мониторингінің құрылымы 2-қосымшада сипатталады. Комитет ЖТБЖ-ға сәйкес әрбір жекелеген транш үшін, сондай-ақ Инвестициялар жоспары үшін жобаның көлемін, іске асыру тетіктерін, оны жүзеге асыру қарқынын және нақты жоба мен тұтастай Инвестициялар жоспарының мақсаттарына қол жеткізуді бағалау үшін жобаны іске асыруға мерзімді шолу жүргізетін болады.
Тармақ 9
9. Комитет ҚКТ-ның әрбір жобасы бойынша жұмыстардың барысы туралы тоқсандық есептер дайындап, АДБ-ға ұсынады. Есептер нақты жүргізілген жұмыстардың сипатын, туындаған проблемалар мен қиындықтарды, сондай-ақ қарыз бойынша кезеңдегі, жылдың өткен кезеңіндегі және ағымдағы күнге дейінгі жалпы шығыстардан тұратын қысқа қаржылық есепті қамтуға тиіс, сондай-ақ қоршаған ортаны басқару келісімшарттары мен жоспарында көрсетілгендей, теріс әсерлерді төмендету жөнінде қабылданған шаралар, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау талаптарына жауап беретін сатып алуды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы есеп ұсынылуға тиіс.
Тармақ 10
10. Жобаның аяқталуы туралы есеп АДБ-ға әрбір жоба аяқталғаннан кейін 3 ай ішінде жіберілетін болады. ҚКТ-ның аяқталуы туралы есеп АДБ-ға Инвестициялық бағдарлама аяқталғаннан кейін 3 ай ішінде ұсынылады. Жобалардың аяқталуы туралы есептер ҚКТ шеңберінде қаржыландырылған жобаларды және тұтастай алғанда, ҚКТ-ны оның ішінде жобаның дизайнын, шығыстарды, мердігерлер мен консультанттардың жұмысын, әлеуметтік, экологиялық және экономикалық әсерді, жобаның экономикалық рентабельділігін егжей-тегжейлі бағалауды және АДБ талап ететіндей әрбір жоба бойынша басқа да нақтылықтарды қамтуға тиіс.
Басқа 4. ҚКТ ШЕҢБЕРІНДЕ ЖОБАЛАРДЫ ІРІКТЕУ ӨЛШЕМДЕРІ МЕН КЕЛІСУ РӘСІМДЕРІ
4-ҚОСЫМША ҚКТ ШЕҢБЕРІНДЕ ЖОБАЛАРДЫ ІРІКТЕУ ӨЛШЕМДЕРІ МЕН КЕЛІСУ РӘСІМДЕРІ
Тармақ 1. А. Іріктеу өлшемдері
1. АДБ (і) осы ҚНК-нің (Қаржыландыру туралы негіздемелік келісімге) 1-қосымшасында сипатталған Инвестициялар бағдарламасының және Инвестициялар жоспарының бір бөлігі болып табылатын, (іі) осы ҚНК-нің 3-қосымшасында келтірілген іске асыру тетігін ұстанатын; (ііі) осы ҚНК-нің 4-қосымшасында көрсетілген жарамдылық талаптарына сай келетін; сондай-ақ (іv) осы ҚНК-нің 5-қосымшасында көрсетілген әлеуметтік сипаттамаларға толық сәйкес келетін және қауіпсіздік шеңберіндегі жобаларды ғана қаржыландыратын болады. А. Іріктеу өлшемдері
Тармақ 2. В. Келісу рәсімдері
2. Ұсынылатын жоба немесе кіші жобалар ҚМТ қаржыландыруы үшін мынадай өлшемдерге сәйкес болуға: (і) Көлік секторын дамыту бағдарламасын іске асыруға үлес қосатын жолдарды салуға, жақсарту мен жаңартуға және Қазақстанның көлік стратегиясының мақсаттарына қол жеткізуге және жол секторын дамытуға бағытталған болуға; (іі) ҚР мен АДБ-ның инженерлік, қаржылық, экономикалық, экологиялық және әлеуметтік талаптарына сай келетін бекітілген техникалық ерекшеліктеріне сай болуға; (ііі) Жұмыстар кестесіне сәйкес жобаны немесе кіші жобаны іске асыруға және жобалық/кіші жобалық объектілерді аяқталғаннан кейін жұмыстарға дейін ұстауға арналған қоса қаржыландыру жеткілікті болуға; және (іv) Тиісті мемлекеттік органдар мақұлдаған, тиісінше ресімделген болуға тиіс. В. Келісу рәсімдері
Тармақ 3
3. ҚКТ бойынша қаржыландыруға ұсынылатын жобалар бойынша келісу рәсімдері Комитеттің осы ҚНК-нің 5-қосымшасында сипатталған қосымша талаптарына сәйкес ішкі мемлекеттік рәсімдер мен келісу процестеріне сай жүзеге асырылатын болады.
Тармақ 4
4. ҚКТ-нің тиісті транштарымен қаржыландыруға арналған барлық жобалар үшін келісу рәсімдері мынадай болуға тиіс: (і) Комитет іріктеу өлшемдеріне сәйкестігін растайды және Қарыз алушы қаржыландыруға мерзімді сұрау салуды (ҚМС) АДБ үшін қолайлы пішінде дайындайды - Қарыз алушы АДБ-ға техникалық-экономикалық негіздеме жөніндегі тұжырымдармен және техникалық есептеулермен (егер қажет болса), консультанттар жалдау жөніндегі техникалық тапсырмамен, кез келген қабылданған іс-қимылдың нәтижелерімен, экономикалық және қаржылық бағалаулармен (қажет болған жағдайларда) және сатып алу жоспарымен, ҚКТ үшін дайындалған табиғат қорғау және әлеуметтік кепілдіктер жөніндегі негіздемелік құжаттар талап ететіндей кепілдіктерді іске асыру жоспарларын қоса алғанда, табиғат қорғау және әлеуметтік кепілдіктер туралы тиісті құжаттармен бірге ҚМС, сондай-ақ жобаның және оның мониторингінің құрылымын ұсынады. (іі) Көлік секторын дамыту бағдарламасын жаңарту барысында қосылған жобалар үшін барлық заңнамалық рұқсаттар/санкциялар АДБ-ға тиісті ҚМС ұсынылғанға дейін алынуға тиіс. (ііі) ККМ, Комитет және АДБ АДБ-ның кезеңді шолу миссиялары және жұмыстардың барысы туралы тоқсандық есептері арқылы байланыс жасайтын болады және осы рәсімдерде ҚМС АДБ-ға ұсынғанға дейін олар бойынша алдын ала консультациялар жүргізу көзделуі мүмкін. (іv) Ұсынылатын жобалардың іріктеу өлшемдері және келісу рәсімдері қанағаттандырған жағдайда және АДБ-ның тиісті саясатына сәйкес АДБ мен Қарыз алушы жобаны келісу үшін қарыз бойынша келіссөздер жүргізеді және бұл келіссөздер ойдағыдай аяқталғаннан кейін осы жобаны қаржыландыру үшін АДБ-ның мақұлдауы алынатын болады. (v) АДБ-дан қаржыландыруға мақұлдау алынғаннан кейін Комитет АДБ-ның Сатып алу жөніндегі нұсқауына сәйкес тендерлік рәсімдерге кіріседі.
Басқа 5. ӘЛЕУМЕТТІК СИПАТТАМАЛАР МЕН ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ ТАЛАПТАРЫ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК ТАЛАПТАР
5-ҚОСЫМША ӘЛЕУМЕТТІК СИПАТТАМАЛАР МЕН ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ ТАЛАПТАРЫ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК ТАЛАПТАР
Тармақ 1
1. Қарыз алушы, осы Қосымшада сипатталған талаптар және ҚМТ мен бірінші траншқа қатысты дайындалған және көшірмелері АДБ-ға ұсынылған, сондай-ақ осы құжаттың құрамына енгізілген төменде келтірілген негіздемелік құжаттар мен жоспарлардың, атап айтқанда: (і) 2010 жылғы 12 тамыздағы Қоршаған ортаны бағалау қағидаттары туралы негіздемелік құжаттың, (іі) 2010 жылғы 11 тамыздағы Жерлерді сатып алу және қоныс аудару жөніндегі негіздемелік құжаттың, және (ііі) бірінші транш үшін 2010 жылғы 11 тамыздағы Жерлерді сатып алу және қоныс аудару жоспары (ЖСКЖ) ҚКТ бойынша қаржыландырылатын жобалардың дайындау және оларды іске асыру барысында сақталуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 2
2. Негіздемелік құжаттар тікелей ҚКТ-ға қатысты ақпаратты және АДБ-ның әлеуметтік және экологиялық қорғау саясаттарына сәйкес талаптарды қамтиды: (і) ҚКТ бойынша қаржыландырылатын жобалардың немесе жобалар бөлігінің қоршаған ортаға және мәжбүрлі қоныс аударуға жалпы күтілетін әсері; (іі) жобаларды және жобалардың компоненттерін таңдау кезінде пайдаланылатын әлеуметтік және экологиялық қорғау өлшемдері; (ііі) әсерді іріктеу мен санаттаудан, бағалаудан, басқару жоспарларын әзірлеуден, қоғамдық тыңдаулардан және ақпаратты ашудан (егер қолданылу мүмкін болса, әдетте ақпаратты ашу үшін 120 күнді қоса алғанда) кейін болатын талаптар мен рәсімдер, сондай-ақ мониторинг пен есептілік; сондай-ақ (іv) институционалдық іс-шаралар (бюджет және әлеует бойынша талаптарды қоса алғанда) және қорғау құжаттарын дайындаудағы, қарау мен мақұлдаудағы тапсырыс беруші мен АДБ-ның міндеттері мен өкілеттіктері.
Тармақ 3
3. Әрбір ҚМС дайындалғанға дейін қоршаған ортаға және қоныс аударуға әсерін бағалау жөніндегі әрбір негіздемелік қорғау құжатының қолданылу мүмкіндігі және негізділігі мезгіл-мезгіл енгізілетін өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге Қазақстан Республикасының қолданылатын ұлттық заңнамасына және АДБ-ның қорғау шараларының саясаты жөніндегі АДБ-ның Ережесіне (2009) сәйкес болуы және дәйектілігі үшін қайта қаралады және жаңартылатын болады.
Тармақ 4
4. Барлық жағдайларда, әрбір жаңа ҚМС-ты дайындау үшін Комитет ҚКТ жөніндегі ағымдағы жобаларды олар бойынша қорғау шаралары жоспарларымен және негіздемелік құжаттармен олардың сәйкестігін тексеру үшін қайта қарайтын болады, сондай-ақ АДБ-ға осы жобаларға жататын, траншқа енгізілген және іске асыру сатысындағы қорғау шаралары жөніндегі басқа құжаттармен бірге осындай шолулар бойынша есептер ұсынатын болады. Кез келген жағдайда, егер қолданыстағы жобаларды шолу барысында айтарлықтай сәйкессіздік табылатын болса, Түзету іс-шараларының жоспары дайындалады және АДБ-ға ұсынылатын болады.
Тармақ 5. Қоршаған орта
5. ҚКТ шеңберінде қаржыландырылатын барлық жобалар АДБ-ның Табиғатты қорғау және әлеуметтік кепілдіктері жөніндегі саясатына (2009 ж.) және Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау және әлеуметтік кепілдіктер саласында қолданылатын ұлттық заңнамасына сәйкес болуға тиіс. Алайда, АДБ Саясатының талаптары мен ережелері және Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасы арасында сәйкессіздік болған жағдайда сәйкессіздікті жою бойынша тиісті стратегияны АДБ-мен консультациядан кейін қорғау шаралары саясатының талаптары мен қағидаларын қамтамасыз ету үшін Қарыз алушы ұсынатын болады. Қоршаған орта
Тармақ 6
6. Қарыз алушы, Инвестициялық бағдарламаның барлық объектілері жобалануын, салынуын, пайдалануға енгізілуін, ал Инвестициялық бағдарламаның барлық жобалары Қоршаған ортаны бағалау қағидаттары туралы негіздемелік құжатпен, қоршаған ортаға әсерді тиісті бағалаумен (ҚОӘБ) немесе қоршаған ортаны алдын ала экологиялық бағалауымен (АҚОЭБ), сондай-ақ төменде көрсетілгендей ҚОБЖ-мен келісілген, Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына, АДБ-ның Қорғау шаралары жөніндегі саясаттарына (2009) сәйкес іске асырылуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 7
7. Комитет қоршаған ортаны бағалау қағидаттары туралы негіздемелік құжатқа сәйкес ҚКТ бойынша қаржыландырылатын әрбір жоба үшін қоршаған ортаға әсерді бағалауды (ҚОӘБ) немесе қоршаған ортаны алдын ала экологиялық бағалауды (АҚОӘБ) (нақты жағдайға қарай) дайындайды және барлық ҚОӘБ-терді/АҚОӘБ-терді ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне келісуге және АДБ-ға тексеру және өзінің веб-сайтында жариялау үшін ұсынады. Мұндай жобаларды жобалау, салу және жұмыс істеу үдерісінде бекітілген ҚОӘБ/АҚОӘБ-ні ұстану қажет.
Тармақ 8
8. Комитет жобаларда ҚОӘБ қолдануды қамтамасыз етеді. Барлық ҚОБЖ ұсынымдары олардың сақталуын қамтамасыз ету үшін құрылыс жұмыстарына арналған тендерлік құжаттар мен келісімшарттарға енгізілетін болады.
Тармақ 9
9. Комитет: (і) мердігердің ҚОБЖ-ны қолдануын қадағалайтын болады; (іі) құрылыстық мердігерге және консалтингтік қызмет көрсетуге арналған шарттарда ҚОБЖ-ны дайындау, оны іске асыру және мониторингі бойынша арнайы ережелердің қамтылуын қамтамасыз етеді, (ііі) ҚОБЖ-дан теріс әсерді азайту жөніндегі шараларды мердігерлердің соларға барабар қолдануын қамтамасыз етеді, және (іv) осы қызметті жүзеге асыру үшін жеткілікті бюджет қаражатын береді. Комитет сондай-ақ құрылыс аяқталғаннан кейін үш жыл өткен соң жобада ҚОБЖ-ны іске асыру жөніндегі жартыжылдық мониторингтік есептерді АДБ-ға уақтылы ұсынуға кепілдік береді.
Тармақ 10. Жерлерді сатып алу және қоныс аудару
10. Жоба шеңберіндегі құрылыс жұмыстарына арналған келісімшарттарға, ҚКТ қаржыландыратын жоба талап ететіндей, тиісті қоршаған ортаны алдын ала экологиялық бағалауды немесе қоршаған ортаға әсерін бағалауды АДБ мақұлдағанға дейін қол қойылмайтын болады. Жерлерді сатып алу және қоныс аудару
Тармақ 11
11. Қарыз алушы, жоба үшін қажетті жер учаскелері мен бөлу жолақтары үшінші тұлғалардың кез келген және барлық құқықтары мен талаптарынан және кез келген басқа да кедергілерден уақтылы босатылуын, сондай-ақ қоныс аудару жоспарының (ҚЖ) ережелері (і) ҚР барлық қолданылуы мүмкін заңдары мен қаулыларына, (іі) қорғау шаралары жөніндегі АДБ-ның саясатына (2009) және келісілген Көшіру жөніндегі негіздемелік құжатқа (ҚНҚ) сәйкес жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді. (і) ҚНҚ жылына кемінде бір рет, сондай-ақ ҚКТ бойынша әрбір траншты дайындау басында қайта қаралуға, қажет болса - жаңартылуға және АДБ-ға ұсынылуға тиіс. Қайта қаралған және жаңартылған ҚНҚ-мен келісілетін ҚЖ ҚКТ бойынша қаржыландыруға ұсынылған әрбір жоба үшін дайындалуға және жобада мүдделері қозғалатын адамдарға ашық болуға тиіс. (іі) ҚКТ үшін ҚНҚ және ҚНҚ-мен келісілетін 1-жоба үшін ҚЖ-ні дайындау ҚКТ мен транштың мұндай бағалауы үшін шарт болуға тиіс. (ііі) ҚНҚ қайта қарау мен жаңарту және ҚНҚ-мен келісілетін әрбір келесі жоба үшін ҚЖ дайындау жобаның мұндай бағалауы үшін талап болып табылуға тиіс. (іv) Техникалық жобаға негізделген және ҚНҚ-мен келісілетін әрбір жоба үшін жаңартылған ҚЖ дайындау және оның ашық болуы құрылыс жұмыстарына арналған тиісті шарт (шарттар) жасасу үшін шарт болуға тиіс. (v) Толық ҚЖ іске асыруды аяқтау құрылыс жұмыстарын бастау шарты болуға тиіс. Комитет бұл талапты құрылыс жұмыстарына арналған шартқа (шарттарға) енгізеді.
Тармақ 12
12. АДБ-ның Қорғау шаралары саясаты жөніндегі (2009) ережесіне сәйкес мыналар қажетті болып табылады: (і) Өтемақылар бекітілген ҚНҚ мен Қоныс аудару жоспарында ескерілгендей, тиесілі төлемдер түрінде қамтамасыз етілетін болады немесе бағасы тең жер учаскелерін іздестіру жүзеге асырылатын болады; (іі) Құқық белгілеу құжаттарының болмауы қоныс аудару немесе жерлерді немесе кез келген басқа шығындарды қалпына келтіру кезінде ықпал ету үшін кедергі болмайды; (ііі) Қоса қаржыландыру мен төлемдер мүдделері қозғалатын тұлғаларға кез келген жер учаскелері, үй немесе басқа мүлік мәжбүрлеп алынғанға дейін оларға ұсынылған келісілген өтемақылармен және оңалтулармен бірге уақтылы жүргізілетін болады; (vi) Қарыз алушы, ҚМК шеңберіндегі қорғау шараларының негіздемелік қағидаттарына сәйкес жобаны іске асыру барысында туындауы мүмкін болатын әлеуметтік және экологиялық сипаттағы қандай да бір алдын ала көріп-білу мүмкін болмаған әсерлерге байланысты шығыстарды өтейді; (v) Инвестициялық жоба бойынша қоныс аударуға қатысты консультациялар мен шағымдар құжатталуға тиіс; (vі) Көшіру жоспарлары өзгерістер немесе қоныс аударуға қосымша әсер ету жағдайында жаңартылуы тиіс; және қоныс аудару жөніндегі іс-шаралар бойынша ақпарат Комитеттің тоқсан сайынғы есептері шеңберінде АДБ-ға ұсынылады.
Тармақ 13
13. ККМ мен Комитет (і) экологиялық бағалау және жерлерді сатып алу жоспары жөніндегі құжаттарды ақпаратты қарау және ашу үшін АДБ-ға ұсынады, сондай-ақ (іі) жобада мүдделері қозғалатын тұлғалар үшін осы құжаттарға қол жеткізуді уақтылы қамтамасыз етеді.
Тармақ 14. Әлеуметтік әсер және басқа да мәселелер
14. Комитет тиісті транш бойынша қарыз туралы келісім күшіне енген күнінен бастап 3 ай ішінде қоныс аудару процесінің мониторингін және оның әсерін бағалауды жүргізу үшін АДБ-ға қолайлы тәуелсіз сарапшыны тартады. Тәуелсіз сарапшының мониторинг жөніндегі есептері АДБ-ға тоқсан сайын ұсынылатын болады. Әлеуметтік әсер және басқа да мәселелер
Тармақ 15
15. Қарыз алушы ҚКТ-ны іске асыру барысында, жергілікті атқарушы органдармен, жергілікті тұрғындармен және үкіметтік емес ұйымдармен консультациялар жүргізу кезінде әлеуметтік әсер етудің тәуелсіз мониторингін жүргізуді қамтамасыз етеді. Осыған байланысты Комитет құрылыс жұмыстары бойынша барлық мердігерлердің (і) қолданылуы мүмкін барлық еңбек заңдарына сәйкес болуын, (iі) ҚКТ бойынша қаржыландырылатын жобаны/кіші жобаны орындау аймағымен көршілес тұратын тұрмысы нашарларды қоса алғанда, әйелдер мен жергілікті халықты жалдау үшін мүмкін болатын барлық шаралардың қабылдануын, (iіі) құрылыс жұмыстары кезіндегі денсаулық қауіпсіздігі туралы ақпараттың жұмыс орындарында жалданған халық арасында таратылуын, (iv) әйелдер мен ерлерге ұқсас түрдегі жұмыс үшін тең жалақының қамтамасыз етілуін, (v) ерлер мен әйелдерге оларға мәдени тұрғыдан қолайлы келетін қауіпсіз жұмыс жағдайларын және жекелеген ғимараттармен қамтамасыз етілуін, сондай-ақ (vі) балалар еңбегін тартудан бас тартылуын қамтамасыз етеді. ҚКТ бойынша қаржыландырылатын барлық жобаларға/кіші жобаларға арналған келісімшарттар осы мәселелер бойынша ерекше шарттарды қамтуға тиіс және оларға сәйкестік ОАӨЭЫ 2 көлік дәлізін салу жөніндегі бүкіл инвестициялық бағдарлама ішінде қатаң қадағаланатын болады. Комитет ЖБТ-ның осы ережелерге сәйкестікті қадағалап отыруына кепілдік беруге тиіс.
Басқа 6. МІНДЕТТЕМЕЛЕР
6-ҚОСЫМША МІНДЕТТЕМЕЛЕР ҚКТ бойынша жекелеген транштар жөніндегі қарыздар туралы келісімдерге енгізілетін негізгі міндеттемелерге қосымша ретінде Қарыз алушы ҚКТ шеңберінде мынадай іс-шараларды жүргізеді: Секторды дамыту құрылымы және диалог
Тармақ 1. Бюджеттік ресурстар
1. Қарыз алушы (і) осы ҚНК-нің 1-қосымшасында көрсетілген автожолдарды дамыту жоспарына және секторды дамыту құрылымына қатысты міндеттемені қолдауды қамтамасыз етеді, (іі) Инвестициялық бағдарламаны қолдап, қаржыландыру жоспарын орындайтын болады; (ііі) АДБ-ны автожолдарды дамыту жоспарындағы, секторды дамыту құрылымындағы, инвестициялық бағдарламадағы және қаржыландыру жоспарындағы кез келген өзгерістер туралы хабардар етеді; сондай-ақ (іv) осы элементтердің кез келгеніне әсер ететін саясатты әзірлеу мәселелері бойынша диалог арқылы АДБ-мен консультация жүргізетін болады. Бюджеттік ресурстар
Тармақ 2
2. Қарыз алушы ККМ-ге бюджет қаражатын жыл сайын бөлу арқылы инвестициялық бағдарламаны уақтылы және тиімді іске асыру үшін қажетті қоса қаржыландыру қаражатын беруді қамтамасыз етеді және ККМ өзінің жыл сайынғы даму бағдарламасында инвестициялық бағдарламаны іске асыруға арналған қаржыландыру жөніндегі талаптарды жаңартып отыруы үшін Қарыз алушы қажетті ресурстарды уақтылы бөлуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 3. Құрылыс сапасы
3. Қарыз алушы ККМ-ге Көлік секторын дамытудың 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес ағымдағы қызмет көрсетуге жұмсалатын бюджетті бөлуді қамтамасыз етеді және 2012 жылдан кейін әрбір есепті жыл ішінде осы бюджет қаражатының жыл сайынғы инфляция қарқынынан кем емес сомаға артуын және бұл ретте ағымдағы қаржылық теңгерімді әрдайым ұстап тұруды қамтамасыз етеді. Қарыз алушы жоғарыда айтылғанның жалпы сипатын шектемей бағдарламаны іске асыру үшін жеткілікті қаражат бөлуді және уақтылы беруді қамтамасыз етеді, сондай-ақ КИБ-ге кіретін жол учаскелеріне қолданылатын стандарттар мен ең үздік халықаралық іс-тәжірибеге сәйкес қызмет көрсетілуін қамтамасыз етеді. Мұндай шығыстар жыл сайын тексерілетін болады, ал нәтижелері алғаш талап етілуі бойынша АДБ-ға ұсынылатын болады. Құрылыс сапасы
Тармақ 4. Жол қауіпсіздігі
4. Қарыз алушы ККМ арқылы (і) инвестициялық бағдарламаның жобасы бойынша автожолдар техникалық тапсырмаға сәйкес қалпына келтірілуін немесе салынуын; және (іі) құрылысты қадағалау, сапаны бақылау және келісімшарттарды басқарудың халықаралық мойындалған стандарттарға сәйкес орындалуын қамтамасыз етеді. Жол қауіпсіздігі
Тармақ 5. Басқару және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
5. Қарыз алушы Комитеттің жобаны іске асыру кезеңі ішінде және ол аяқталғаннан кейін ескерту жол белгілері, жолдың жүру бөлігін ажырату жолақтары, жол белгілері мен көрсеткіштері, байланыс пункттері, қауіпті учаскелерді қоршау және жол қозғалысы мониторингі құралдары сияқты қажетті жол белгілері мен объектілерін орнатуын - барлығы Қазақстан қол қойған тиісті халықаралық конвенцияларға, сондай-ақ жұмыстарды жүргізудің ең үздік салалық іс-тәжірибесіне сәйкес болуын Комитет арқылы қамтамасыз етеді. Басқару және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
Тармақ 6
6. Қарыз алушы, жоба жөніндегі атқарушы агенттік және іске асырушы агенттік (і) АДБ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі саясатының (1998 жылғы, бүгінгі күні енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен) талаптарын сақтауы және АДБ-ның Жобаға қатысы бар болжанатын сыбайлас жемқорлық, алаяқтық жағдайларын, сөз байласу және мәжбүрлеу жөніндегі әрекетті тексерулерді тікелей немесе өзінің агенттері арқылы жүргізу құқығын өзіне қалдыратынын мойындауға; және (іі) осындай кез келген тексеруге жәрдемдесуге, сондай-ақ қажетті жәрдемдесуді мұндай тексеру қанағаттанарлық түрде аяқталғанға дейін қолдануға тиіс.
Тармақ 7. Жобаларды іріктеу және оларды іске асыру
7. Қарыз алушы мына шаралардың қолданылуын қамтамасыз етеді: (і) егер олар ИКТ мен инвестициялар бағдарламасының жобаларына/кіші жобаларына қатысты болса, атқарушы ұйымдардың және барлық мердігерлердің, жеткізушілердің, консультанттардың және басқа көрсетілетін қызметтерді жеткізушілердің есептері мен шоттарының аудиті мен тексеруге АДБ-ның құқығын белгілейтін ережелерді қоса алғанда, АДБ үшін қолайлы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қатысты ережелер барлық тендерлік құжаттар мен келісімшарттарға енгізілетін болады; (іі) сатып алуға қатысты барлық шешімдерді Сатып алу жөніндегі АДБ нұсқауына (2010 ж., мезгіл-мезгіл енгізілетін түзетулерімен) сәйкес ККМ және басқа тиісті органдардың өкілдерінен тұратын тендерлік комитет қабылдайтын болады; (ііі) қадағалау жөніндегі консультанттар келісімшарттардың жұмыс сызбаларына және техникалық шарттарына сәйкес мердігерлердің инвойстарын тексеру үшін жалданатын болады; сондай-ақ (іv) консультанттар мен мердігерлерді іріктеу жөніндегі ақпарат жергілікті газеттер мен ККМ веб-сайты арқылы жария етіледі. Жобаларды іріктеу және оларды іске асыру
Тармақ 8. Фидуциарлық бақылау
8. Қарыз алушы (а) инвестициялық бағдарлама бойынша барлық жобалар АДБ үшін қанағаттанарлықтай, осы ҚНК-нің 4-қосымшасында көрсетілген өлшемдер мен рәсімдік талаптарға сай болуын, және (b) жобаларды дайындау мен іске асыру кезінде осы ҚНК-нің 3-қосымшасында көрсетілген шаралардың, сондай-ақ АДБ-ның қорғау шаралары мен әлеуметтік сипаттамалар жөніндегі, сатып алу, төлемдер, басқару және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және гендерлік мәселелер жөніндегі саясаты мен рәсімінің (әсіресе осы ҚНК-ге 5-қосымшада көрсетілген талаптардың) сақталуын қамтамасыз етеді. Фидуциарлық бақылау
Тармақ 9. Бағдарламаны әкімшілендіру жөніндегі нұсқау (БӘН)
9. Қарыз алушы жобаның барлық шоттарын біліктілігі, тәжірибесі және жұмыстарды орындау мерзімдері АДБ үшін қолайлы болатын тәуелсіз аудиторлардың тексеруін және осы аудиторлық есептердің тиісті есепті жыл аяқталғаннан кейін 6 ай ішінде АДБ-ға ұсынылуын қамтамасыз етеді, Қарыз алушы осы ҚНК-нің 3-қосымшасында көрсетілген бухгалтерлік есеп, аудит және есептілік жөніндегі тиісті талаптарға сәйкестігін одан әрі қамтамасыз етеді. Бағдарламаны әкімшілендіру жөніндегі нұсқау (БӘН)
Тармақ 10
10. Қарыз алушы, инвестициялық бағдарлама бойынша барлық жобалар БӘН-де егжей-тегжейлі ашып жазылған іс-шараларға сәйкес қолданылуын қамтамасыз етеді. БӘН-дегі кез келген кейінгі өзгерістер осы өзгерістерді Қарыз алушы мен АДБ бекіткеннен кейін ғана жарамды болады. Жоба бойынша БӘН мен қарыз туралы келісім арасына қандай да бір сәйкессіздіктер туындаған жағдайда, қарыз туралы келісімнің ережелері басым сипатқа ие болады. Осымен 2011 жылғы 7 сәуірде Астана қаласында жасалған Қаржыландыру туралы негіздемелік келісімнің (ҚАЗ: ОАӨЭЫ 2 көлік дәлізі (Маңғыстау облысының учаскелері) инвестициялық бағдарламасы) осы аудармасы ағылшын тіліндегі мәтінге сәйкес келетінін куәландырамын.