О внесении изменении в постановление акимата Казалинского района от 2 апреля N 121 "Об организации проведения призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменении в постановление акимата Казалинского района от 2 апреля N 121 "Об организации проведения призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года"
- Атауы (қаз.)
- "2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізуді ұйымдастыру туралы" Қазалы ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 2 сәуірдегі N 121 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 158
- Қабылданған күні
- 11.05.2012
- Көрсетілген редакция
- 08.01.2013 65437_203848.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.01.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12LD000175
- ЭКБ идентификаторы
- 65437
- Редакция идентификаторы
- 65437_203848
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:16
0 "2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізуді ұйымдастыру туралы" Қазалы ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 2 сәуірдегі N 121 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213 Заңына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-ІІ Заңына сәйкес Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. "2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында
азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізуді ұйымдастыру
туралы" Қазалы ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 2 сәуірдегі N 121 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылғы 6 сәуірде 10-4-171 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 11 сәуірде "Тұран Қазалы" газетінің N 29 (826) санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазалы ауданындағы әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткермеген азаматтарды 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.".
2 2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазалы ауданы
әкімінің орынбасары Б. Жолтаевқа жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Қызылорда облысының
денсаулық сақтау басқармасының
"Қазалы аудандық емханасы"
шаруашылық жүргізу құқығындағы
мемлекеттік коммуналдық
кәсіпорнының бас дәрігері
Қ. Әзіров ______________
КЕЛІСІЛДІ
"Қызылорда облысы
Қазалы ауданының қорғаныс
істері жөніндегі бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы Б. Шаймерденов ______________
КЕЛІСІЛДІ
"Қызылорда облысының
Ішкі істер Департаменті
Қазалы ауданының ішкі істер
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
бастығының міндетін атқарушы
А. Бегалиев ___________