Құжат мәтініне өту

Об утверждении Протокола о внесении изменений в Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации о сотрудничестве и взаимных расчетах при утилизации ядерных боеприпасов от 20 января 1995 года и в Протокол от 19 сентября 2017 года к Соглашению между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации о сотрудничестве и взаимных расчетах при утилизации ядерных боеприпасов от 20 января 1995 года

Қаулы · № 964 · қабылданған 31.12.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-1995-19-2017-20-1995/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об утверждении Протокола о внесении изменений в Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации о сотрудничестве и взаимных расчетах при утилизации ядерных боеприпасов от 20 января 1995 года и в Протокол от 19 сентября 2017 года к Соглашению между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации о сотрудничестве и взаимных расчетах при утилизации ядерных боеприпасов от 20 января 1995 года Қолданыста Қаулы ·№ 964 ·31.12.2020
31.12.2020 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.12.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Протокола о внесении изменений в Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации о сотрудничестве и взаимных расчетах при утилизации ядерных боеприпасов от 20 января 1995 года и в Протокол от 19 сентября 2017 года к Соглашению между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации о сотрудничестве и взаимных расчетах при утилизации ядерных боеприпасов от 20 января 1995 года

Қолданыста Қаулы ·№ 964 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Протокола о внесении изменений в Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации о сотрудничестве и взаимных расчетах при утилизации ядерных боеприпасов от 20 января 1995 года и в Протокол от 19 сентября 2017 года к Соглашению между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации о сотрудничестве и взаимных расчетах при утилизации ядерных боеприпасов от 20 января 1995 года
Атауы (қаз.)
1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ядролық оқ-дәрілерді кәдеге жарату кезіндегі ынтымақтастық және өзара есеп айырысу туралы келісімге және 1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ядролық оқ-дәрілерді кәдеге жарату кезіндегі ынтымақтастық және өзара есеп айырысу туралы келісімге 2017 жылғы 19 қыркүйектегі хаттамаға өзгерістер енгізу туралы хаттаманы бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
964
Қабылданған күні
31.12.2020
Көрсетілген редакция
31.12.2020 152387_507591.kaz
Соңғы өзгеріс
31.12.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2000000964
ЭКБ идентификаторы
152387
Редакция идентификаторы
152387_507591
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 10:08

0

1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ядролық оқ-дәрілерді кәдеге жарату кезіндегі ынтымақтастық және өзара есеп айырысу туралы келісімге және 1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ядролық оқ-дәрілерді кәдеге жарату кезіндегі ынтымақтастық және өзара есеп айырысу туралы келісімге 2017 жылғы 19 қыркүйектегі хаттамаға өзгерістер енгізу туралы хаттаманы бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қоса беріліп отырған 1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ядролық оқ-дәрілерді кәдеге жарату кезіндегі ынтымақтастық және өзара есеп айырысу туралы келісімге және 1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ядролық оқ-дәрілерді кәдеге жарату кезіндегі ынтымақтастық және өзара есеп айырысу туралы келісімге 2017 жылғы 19 қыркүйектегі хаттамаға өзгерістер енгізу туралы 2020 жылғы 30 қазанда Мәскеу қаласында жасалған хаттама бекітілсін.

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық Хаттаманың мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық Хаттамасының жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық Хаттамаларын тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады

0 1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ядролық оқ-дәрілерді кәдеге жарату кезіндегі ынтымақтастық және өзара есеп айырысу туралы келісімге және 1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ядролық оқ-дәрілерді кәдеге жарату кезіндегі ынтымақтастық және өзара есеп айырысу туралы келісімге 2017 жылғы 19 қыркүйектегі Хаттамаға өзгерістер енгізу туралы ХАТТАМА

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ядролық оқ-дәрілерді кәдеге жарату кезіндегі ынтымақтастық және өзара есеп айырысу туралы келісімге және 1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ядролық оқ-дәрілерді кәдеге жарату кезіндегі ынтымақтастық және өзара есеп айырысу туралы келісімге 2017 жылғы 19 қыркүйектегі Хаттамаға өзгерістер енгізу туралы
ХАТТАМА
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі төмендегілер туралы келісті:
1-бап
1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ядролық оқ-дәрілерді кәдеге жарату кезіндегі ынтымақтастық және өзара есеп айырысу туралы келісімге (бұдан әрі – Келісім) өзгеріс енгізіліп, Келісімнің 8-бабы мынадай редакцияда жазылсын:
«8-бап
1. Осы Келісім мынадай барлық шарттар:
Қазақстан Республикасы іске асырылған төмен байытылған уранның толық құнын Ресей Федерациясының осыған байланысты тиісті шығындарын шегере отырып алғаннан кейін;
Қазақстан Республикасының үлесін құрайтын іске асырылмаған бастапқы материал үлесі құнының ақшалай баламасын Қазақстан Республикасы алғаннан кейін;
Тараптар ядролық оқ-дәрілерден алынған плутонийді пайдалануға қатысты келісілген шешім қабылдағаннан кейін орындалған деп есептеледі.
2. Тараптар дипломатиялық арналар арқылы осы Келісімнің қолданысын тоқтату күнін келіседі.».
2-бап
1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ядролық оқ-дәрілерді кәдеге жарату кезіндегі ынтымақтастық және өзара есеп айырысу туралы келісімге 2017 жылғы 19 қыркүйектегі Хаттамаға (бұдан әрі – Хаттама) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Хаттаманың 2-бабының 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тараптардың құзыретті органдары осы Хаттама шеңберінде ынтымақтастықты жүзеге асыру үшін мынадай ұйымдарды (бұдан әрі – уәкілетті ұйымдар) тартады:
қазақстандық уәкілетті ұйым – «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
ресейлік уәкілетті ұйым – «Техснабэкспорт» акционерлік қоғамы.»;
Хаттаманың 3 және 4-баптары мынадай редакцияда жазылсын:
«3-бап
1. Америка Құрама Штаттарынан Ресей Федерациясына ауыстырылған, іске асырылмаған бастапқы материалдың жалпы көлемі 2014 жылғы 1 қаңтарда  уран бойынша 37 939 213 килограмды құрады.
2. Қазақстан Республикасының іске асырылмаған бастапқы материалдағы үлесі 1995 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ядролық оқ-дәрілерді кәдеге жарату кезіндегі ынтымақтастық және өзара есеп айырысу туралы келісімге Кәдеге жаратылатын ядролық оқ-дәрілер үшін өзара есеп айырысу мерзімі мен тәртібі туралы хаттамаға сәйкес осы баптың 1-тармағында көрсетілген санның 8,98 пайызы ретінде айқындалады және іске асырылмаған бастапқы материалдың сапасын бақылауды жүзеге асыру үшін іріктелген сынамаларды ескергенде, 2014 жылғы 1 қаңтарда уран бойынша 3 406 783 киллограмды, соның ішінде Куәландырулар туралы келісім қолданылатын уран бойынша 2 654 194 киллограмды (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының үлесі) құрады.
3. Қазақстан Республикасы Келісімнің 3-бабында көзделген құнның белгіленген үлесін алумен қатар Қазақстан Республикасының үлесі құнының ақшалай баламасын алады.
4. Ресей Федерациясы Үкіметінің шешімі бойынша Ресей тарапының құзыретті органы Қазақстан Республикасының үлесін ресейлік уәкілетті ұйымға береді, ол қазақстандық және ресейлік уәкілетті ұйымдар арасында жасалатын шарт негізінде 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап сақтау құнын шегере отырып, Қазақстан Республикасының үлесі құнының нарықтық баға белгіленімдері негізінде есептелген ақшалай баламасын қазақстандық уәкілетті ұйымға аударады.
5. Әр Тараптың құзыретті органы, егер қажет деп тапқан жағдайда, Қазақстан Республикасының үлесі құнының ақшалай баламасын Қазақстан Тарапының алғаны туралы дипломатиялық арналар арқылы Америка Құрама Штаттарының тиісті органын жазбаша түрде хабардар етеді.
4-бап
1.  Қазақстан Республикасының үлесін 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін сақтау Келісімнің 3-бабында көзделгендей, сатылған уранның әрбір партиясының құнында Қазақстан Республикасының белгіленген үлесі есебінен жүзеге асырылып келді.
2. Қазақстан Республикасының үлесін 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап сақтау құны уәкілетті ұйымдар арасындағы шартта оның құнының ақшалай баламасында ескерілді.»;
Хаттаманың 5 және 7-баптары алып тасталсын;
Хаттаманың 8-бабының 3-тармағы алып тасталсын.
3-бап
1. Осы Хаттама қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік 60 күн өткен соң уақытша қолданылады және оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы дипломатиялық арналар арқылы соңғы жазбаша хабарламаны алған күннен бастап күшіне енеді.
2. Осы Хаттама қолданысын Келісім қолданысының тоқтатылуымен бір мезгілде тоқтатады.
2020 жылғы 30 қазанда Мәскеу қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі екі мәтіннің де күші бірдей.
Мәтіндер арасында алшақтықтар болған жағдайда, Тараптар орыс тіліндегі мәтінді пайдаланады.

Қолданыстағы