Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан, имеющий силу Закона, от 20 октября 1995 г. N 2581 "О судах Республики Казахстан"

Жарлық · № 2634 · қабылданған 14.11.1995
Заңдық күші: Қолданыста · 17.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-1995-n-2581/on/2026-09-17/
Басып шығарылды 2026-09-17 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан, имеющий силу Закона, от 20 октября 1995 г. N 2581 "О судах Республики Казахстан" Қолданыста Жарлық ·№ 2634 ·14.11.1995
14.11.1995 редакциясы
17.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.11.1995. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан, имеющий силу Закона, от 20 октября 1995 г. N 2581 "О судах Республики Казахстан"

Қолданыста Жарлық ·№ 2634 · 17.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан, имеющий силу Закона, от 20 октября 1995 г. N 2581 "О судах Республики Казахстан"
Атауы (қаз.)
"Қазақстан Республикасының соттары туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 20 қазандағы N 2581 заң күшi бар Жарлығына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы
Акт түрі
Жарлық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
2634
Қабылданған күні
14.11.1995
Көрсетілген редакция
14.11.1995 3990_543668.kaz
Соңғы өзгеріс
14.11.1995
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
U9500002634
ЭКБ идентификаторы
3990
Редакция идентификаторы
3990_543668
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 02:29

0 "Қазақстан Республикасының соттары туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 20 қазандағы N 2581 заң күшi бар Жарлығына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қаулы етемiн:

I 1. "Қазақстан Республикасының соттары туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 20 қазандағы N 2581 заң күшi бар Жарлығына мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1. 6-бап мынадай редакцияда берiлсiн:

"6-бап.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Пленумы, Төралқасы, Төрағасы және шаруашылық iстер жөнiндегi алқасы, облыстық және Алматы қалалық соттарының төрағалары, осы соттардың шаруашылық iстер жөнiндегi алқалары Республиканың жаңа iс жүргiзу заңдары қабылданғанға дейiн Конституцияға, осы Жарлыққа қайшы келмейтiн бөлiгiнде "Қазақстан Республикасының төрелiк соты туралы" және "Қазақстан Республикасы төрелiк соттарының шаруашылық дауларын шешу тәртiбi туралы" заңдарын басшылыққа алады және тиiстi сот сатыларының және Республиканың таратылған төрелiк соттағы лауазымды адамдарының функцияларын жүзеге асырады. Жоғарғы Соттың шаруашылық iстер жөнiндегi алқаларының судьялары қабылдаған шешiмдердiң заңдылығы мен негiздiлiгiн бақылау Жоғарғы Соттың шаруашылық iстер жөнiндегi алқасы үш судьясының құрамында алқалы түрде жүзеге асырылады".

2. Мынадай мазмұндағы 7, 8-баптармен толықтырылсын.

"7-бап.
Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда Жоғарғы Сот Төрағасының мiндетiн оның уәкiлдiк беруiмен Жоғарғы Сот алқасы төрағаларының бiрi атқарады.
8-бап.
Республика Жоғарғы Соты алқасының Төрағасы:
1) Жоғарғы Соттың тиiстi алқасына басшылықты жүзеге асырып, оның жұмысын ұйымдастырады;
2) қадағалау ретiнде тексеру үшiн, сондай-ақ сот практикасын зерделеу мен қорыту үшiн iстердi сұратып алдыртады;
3) тиiстi алқаның жүргiзуiне жататын iстер бойынша Жоғарғы Соттың алқасына, Төралқасына немесе Пленумына қарсылық кiргiзу туралы Жоғарғы Соттың Төрағасына ұсыныс енгiзедi.
4) тиiстi алқа мәжiлiстерiнде төрағалық етедi;
5) сот статистикасын жүргiзу, сот практикасын зерделеу,
Жоғарғы Сот Пленумының немесе Төралқасының қарауына материалдар
дайындау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
6) Жоғарғы Соттың Төралқасына Жоғарғы Соттың тиiстi
алқасының қызметi туралы есеп бередi;
7) мiндеттер бөлiнiсiне сәйкес Жоғарғы Сот аппаратының
тиiстi құрылымдық бөлiмшелерiнiң жұмысына басшылықты жүзеге
асырады;
8) азаматтарды жеке қабылдауды жүргiзедi;
9) Республика Заң актiлерiмен өзiне берiлген басқа да
өкiлеттiктердi жүзеге асырады".

3. 7-бап 9-бап деп саналсын және мынадай редакцияда

жазылсын:
"9-бап.
Осы Жарлық:
1) Республиканың сот жүйесi туралы конституциялық заң
мен жаңа iс жүргiзу заңдары қабылданғанға дейiн қолданылады;
2) жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi".

II. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының Президентi

Қолданыстағы