Об утверждении Протокола к Соглашению между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации о сотрудничестве и взаимных расчетах при утилизации ядерных боеприпасов от 20 января 1995 года
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Протокола к Соглашению между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации о сотрудничестве и взаимных расчетах при утилизации ядерных боеприпасов от 20 января 1995 года
- Атауы (қаз.)
- 1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ядролық оқ-дәрілерді кәдеге жарату кезіндегі ынтымақтастық және өзара есеп айырысу туралы келісімге хаттаманы бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 921
- Қабылданған күні
- 29.12.2017
- Көрсетілген редакция
- 31.12.2020 117262_522109.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1700000921
- ЭКБ идентификаторы
- 117262
- Редакция идентификаторы
- 117262_522109
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 02:12
0 1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ядролық оқ-дәрілерді кәдеге жарату кезіндегі ынтымақтастық және өзара есеп айырысу туралы келісімге хаттаманы бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған 1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ядролық оқ-дәрілерді кәдеге жарату кезіндегі ынтымақтастық және өзара есеп айырысу туралы келісімге 2017 жылғы 19 қыркүйекте Вена қаласында жасалған хаттама бекітілсін.
2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық хаттаманың мәтіні ресми болып табылмайды.
ҚР халықаралық хаттаманың жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық хаттамаларын тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2017 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 92 қаулысымен
бекітілген
1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ядролық оқ-дәрілерді кәдеге жарату кезіндегі ынтымақтастық және өзара есеп айырысу туралы келісімге
ХАТТАМА
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі,
1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ядролық оқ-дәрілерді кәдеге жарату кезіндегі ынтымақтастық және өзара есеп айырысу туралы келісімді (бұдан әрі – Келісім) басшылыққа ала отырып,
1993 жылғы 18 ақпандағы Ресей Федерациясының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Ядролық қарудан шығарылған жоғары байытылған уранды пайдалану туралы келісімді ескере отырып,
1993 жылғы 18 ақпандағы Ресей Федерациясының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Ядролық қарудан шығарылған жоғары байытылған уранды пайдалану туралы келісімді іске асыру мақсатында 1999 жылғы 24 наурызда жасалған Ресей Федерациясының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Америка Құрама Штаттарынан Ресей Федерациясына ауыстырылған табиғи материалға қатысты куәландырулар туралы келісімді ескере отырып,
1993 жылғы 23 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді назарға ала отырып,
1999 жылғы 24 наурыздағы Ресей Федерациясының Атом энергиясы жөніндегі министрлігі мен Америка Құрама Штаттарының Энергетика министрлігі арасындағы Ресей Федерациясына бастапқы материалды өткізуге қатысты келісімді (бұдан әрі – Өткізу туралы келісім) ескере отырып, төмендегілер туралы келісті:
1 1-бап
Осы Хаттаманың мақсаттары үшін «іске асырылмаған бастапқы материал» термині бастапқыда Америка Құрама Штаттарының аумағынан сатылмаған және Өткізу туралы келісімге сәйкес Америка Құрама Штаттарынан Ресей Федерациясына өткізілген Америка Құрама Штаттарына жеткізілген төмен байытылған уранды алу үшін шикізат ретінде есептесу арқылы айқындалған көлемде Америка Құрама Штаттарының аумағында Ресей Тарапына берілген құрамында уран-235 изотопының 0,711 пайызы бар, табиғи уранның гексафториді нысанындағы уранды білдіреді.
2 2-бап
1 1. Осы Хаттаманы орындау мақсаттары үшін Тараптар мынадай құзыретті органдарды тағайындайды:
Қазақстан Тарапынан – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі;
Ресей Тарапынан – «Росатом» атом энергиясы жөніндегі мемлекеттік корпорация.
2 2. Тараптардың құзыретті органдары осы Хаттама шеңберінде ынтымақтастықты жүзеге асыру үшін мынадай ұйымдарды (бұдан әрі – уәкілетті ұйымдар) тартады:
қазақстандық уәкілетті ұйым – «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
ресейлік уәкілетті ұйым – «Техснабэкспорт» акционерлік қоғамы.
3
3. Тараптар құзыретті органдарының, олардың атауларының не функцияларының өзгергені немесе жаңа құзыретті органдардың тағайындалғаны туралы бір-бірін жазбаша нысанда дипломатиялық арналар арқылы дереу хабардар етеді. Уәкілетті ұйымдардың ауыстырылуы немесе жаңадан тағайындалуы туралы Тараптардың құзыретті органдары бір-біріне жазбаша нысанда хабарлайды.
3 3-бап
1 1. Америка Құрама Штаттарынан Ресей Федерациясына ауыстырылған, іске асырылмаған бастапқы материалдың жалпы көлемі 2014 жылғы 1 қаңтарда уран бойынша 37 939 213 килограмды құрады.
2
2. Қазақстан Республикасының іске асырылмаған бастапқы материалдағы үлесі 1995 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ядролық оқ-дәрілерді кәдеге жарату кезіндегі ынтымақтастық және өзара есеп айырысу туралы келісімге Кәдеге жаратылатын ядролық оқ-дәрілер үшін өзара есеп айырысу мерзімі мен тәртібі туралы хаттамаға сәйкес осы баптың 1-тармағында көрсетілген санның 8,98 пайызы ретінде айқындалады және іске асырылмаған бастапқы материалдың сапасын бақылауды жүзеге асыру үшін іріктелген сынамаларды ескергенде, 2014 жылғы 1 қаңтарда уран бойынша 3 406 783 киллограмды, соның ішінде Куәландырулар туралы келісім қолданылатын уран бойынша 2 654 194 киллограмды (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының үлесі) құрады.
3 3. Қазақстан Республикасы Келісімнің 3-бабында көзделген құнның белгіленген үлесін алумен қатар Қазақстан Республикасының үлесі құнының ақшалай баламасын алады.
4
4. Ресей Федерациясы Үкіметінің шешімі бойынша Ресей тарапының құзыретті органы Қазақстан Республикасының үлесін ресейлік уәкілетті ұйымға береді, ол қазақстандық және ресейлік уәкілетті ұйымдар арасында жасалатын шарт негізінде 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап сақтау құнын шегере отырып, Қазақстан Республикасының үлесі құнының нарықтық баға белгіленімдері негізінде есептелген ақшалай баламасын қазақстандық уәкілетті ұйымға аударады.
5 5. Әр Тараптың құзыретті органы, егер қажет деп тапқан жағдайда, Қазақстан Республикасының үлесі құнының ақшалай баламасын Қазақстан Тарапының алғаны туралы дипломатиялық арналар арқылы Америка Құрама Штаттарының тиісті органын жазбаша түрде хабардар етеді.
4 4-бап
1 1. Қазақстан Республикасының үлесін 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін сақтау Келісімнің 3-бабында көзделгендей, сатылған уранның әрбір партиясының құнында Қазақстан Республикасының белгіленген үлесі есебінен жүзеге асырылып келді.
2 2. Қазақстан Республикасының үлесін 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап сақтау құны уәкілетті ұйымдар арасындағы шартта оның құнының ақшалай баламасында ескерілді.
5 5-бап
6 6-бап
Осы Хаттаманы қолдануға және (немесе) түсіндіруге қатысты Тараптар арасындағы даулар Тараптардың құзыретті органдары арасындағы консультациялар мен келіссөздер арқылы шешіледі.
7 7-бап
8 8-бап
1 1. Осы Хаттама қол қойылған күнінен бастап 60 күн өткен соң уақытша қолданылады және оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы дипломатиялық арналар арқылы соңғы жазбаша хабарламаны алған күннен бастап күшіне енеді.
2 2. Осы Хаттама өз қолданысын Келісім қолданысының тоқтатылуымен бір мезгілде тоқтатады.
3 2017 жылғы 19 қыркүйекте Вена қаласында қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі екі мәтіннің де күші бірдей.
Мәтіндер арасында алшақтықтар болған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінді пайдаланады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін
Ресей Федерациясының
Үкіметі үшін