Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 20 ноября 1996 года № 3228 «О воинских символах Пограничной службы Комитета национальной безопасности Республики Казахстан, Министерства внутренних дел Республики Казахстан, Национальной гвардии Республики Казахстан, Службы обороны объектов Службы государственной охраны Республики Казахстан»

Жарлық · № 400 · қабылданған 20.11.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-1996-no-3228/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 20 ноября 1996 года № 3228 «О воинских символах Пограничной службы Комитета национальной безопасности Республики Казахстан, Министерства внутренних дел Республики Казахстан, Национальной гвардии Республики Казахстан, Службы обороны объектов Службы государственной охраны Республики Казахстан» Қолданыста Жарлық ·№ 400 ·20.11.2023
20.11.2023 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 20 ноября 1996 года № 3228 «О воинских символах Пограничной службы Комитета национальной безопасности Республики Казахстан, Министерства внутренних дел Республики Казахстан, Национальной гвардии Республики Казахстан, Службы обороны объектов Службы государственной охраны Республики Казахстан»

Қолданыста Жарлық ·№ 400 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 20 ноября 1996 года № 3228 «О воинских символах Пограничной службы Комитета национальной безопасности Республики Казахстан, Министерства внутренних дел Республики Казахстан, Национальной гвардии Республики Казахстан, Службы обороны объектов Службы государственной охраны Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Объектілерді қорғау қызметінің әскери нышандары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 20 қарашадағы № 3228 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Жарлық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
400
Қабылданған күні
20.11.2023
Көрсетілген редакция
20.11.2023 188876_673324.kaz
Соңғы өзгеріс
20.11.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
U2300000400
ЭКБ идентификаторы
188876
Редакция идентификаторы
188876_673324
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 15:35

0 Қазақстан Республикасының

Президенті мен Үкiметі актiлерiнiң
жинағында жариялануға тиiс
«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Шекара қызметінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының, Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік күзет қызметінің Объектілерді қорғау қызметінің
әскери нышандары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 20 қарашадағы № 3228 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1

1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Объектілерді қорғау қызметінің әскери нышандары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 20 қарашадағы № 3228 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1 1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі туының сипаттамасы осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

2 2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі нышанының сипаттамасы осы Жарлыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі ведомстволық құқықтық актілерді осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.

3 3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi туының СИПАТТАМАСЫ

Қазақстан Республикасы
Президентінің
2023 жылғы 20 қарашадағы
№ 400 Жарлығына
1-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
1996 жылғы 20 қарашадағы
№ 3228 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi туының
СИПАТТАМАСЫ
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң туы – көгілдір зүбәржат түстес тiк бұрышты екі жақты мата, ортасында шұғыла шашқан күн мен оның астында қалықтап ұшқан қыранның (Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы элементтерiнің) сары алтын түстес мәнерлi бейнесi орналасқан. Тудың бет жағының сол жақ жоғарғы бұрышында және сырт жағының оң жақ жоғарғы бұрышында Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi нышанының алтын, көгілдір зүбәржат және көкшіл жасыл түстi түрлi-түстi схемалық бейнесi бар. Тудың жалпы енi мен ұзындығының қатынасы – 1:2.
_______________________

2 Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі нышанының СИПАТТАМАСЫ

Қазақстан Республикасы
Президентінің
2023 жылғы 20 қарашадағы
№ 400 Жарлығына
2-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
1996 жылғы 20 қарашадағы
№ 3228 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі нышанының
СИПАТТАМАСЫ
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нышаны үш түсті – алтын, көгілдір зүбәржат түстес және көкшіл жасыл.
Нышанның бүкіл композициясы екі шеңбермен қоршалған, олардың жиектері алтын түстес арқан түрінде жасалған.
Композицияда ішкі шеңберде (көкшіл жасыл түсті) орналастырылған қалықтап ұшқан қыран (алтын түстес етіп жасалған) басты орын алады.
Қыранның артындағы фонда Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметінің негізгі қағидаттары – заңдылықты, бірлікті, азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды және құрметтеуді, ашықтық пен айқындықты білдіретін дөңгелек қалқан (алтын түстес элементтері бар көгілдір зүбәржат түстес), семсер және лавр гүлдестесі (алтын түстес) бейнеленген.
Үлкен және кіші шеңберлердің жиектерінің арасында көкшіл жасыл фонда «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі» деген жазу (алтын түстес) орналастырылып, сөздердің арасында екі жағынан бес бұрышты екі жұлдыз бейнеленген.
_______________________
___

Қолданыстағы