О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 20 января 1998 года N 3827
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 20 января 1998 года N 3827
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы N 3827 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Жарлық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1226
- Қабылданған күні
- 15.11.2003
- Көрсетілген редакция
- 05.05.2018 17483_341900.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.05.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- U030001226_
- ЭКБ идентификаторы
- 17483
- Редакция идентификаторы
- 17483_341900
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 20:48
0 Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы N 3827 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
"Республикалық баспасөзде және
"Президент пен Үкімет актілерінің
жинағында" жариялануға тиіс
"Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының 4-бабына сәйкес қаулы етемін:
1 1. Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасындағы кәсiптік мерекелер мен атаулы күндер туралы"
1998 жылғы 20 қаңтардағы N 3827 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 1, 1-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсін:
1 1) тақырыбындағы "кәсiптiк мерекелер мен атаулы күндер" және 1-тармақтағы "кәсiптiк мерекелер мен атаулы күндердiң" деген сөздер тиiсiнше септелiп "кәсiптiк және өзге де мерекелер" деген сөздермен ауыстырылсын;
2 2) аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк мерекелер мен атаулы күндердiң тiзбесi осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшіне енеді.
5 Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелердiң тiзбесi
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2003 жылғы 15 қарашадағы
N 1226 Жарлығына
Қосымша
Қазақстан Республикасы
Президентiнің
1998 жылғы 20 қаңтардағы
N 3827 Жарлығымен
Бекітілген
Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелердiң тiзбесi
Отан қорғаушы күні - 7 мамыр
Саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын еске - 31 мамыр
алу күні
Медицина қызметкері күні - маусымның
үшiншi жексенбiсi
Баспасөз, теледидар және радио күнi - маусымның соңғы
жексенбісі
Металлург күні - шілденің үшінші
жексенбісі
Көлік және байланыс қызметкерлері күні - тамыздың бірінші
жексенбісі
Құрылысшы күні - тамыздың екінші
жексенбісі
Спорт күні - тамыздың үшінші
жексенбісі
Шахтер күні - тамыздың соңғы
жексенбісі
Бiлiм күнi - 1 қыркүйек
Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні - қыркүйектің
бірінші жексенбісі
Қазақстан Республикасының халықтары - қыркүйектің
тілдерінің күнi үшінші жексенбісі
Мұғалiм күнi - қазанның бiрiншi
жексенбiсi
Ұлттық валюта күні - 15 қараша
Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні - қарашаның
үшiншi жексенбiсi
Энергетик күні - желтоқсанның
үшінші жексенбісі