О внесении изменения в Указ Президента Республики Казахстан от 20 января 1998 года № 3827 "О профессиональных и иных праздниках в Республике Казахстан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в Указ Президента Республики Казахстан от 20 января 1998 года № 3827 "О профессиональных и иных праздниках в Республике Казахстан"
- Атауы (қаз.)
- "Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Жарлық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 164
- Қабылданған күні
- 20.10.2011
- Көрсетілген редакция
- 05.05.2018 60930_341868.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.05.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- U1100000164
- ЭКБ идентификаторы
- 60930
- Редакция идентификаторы
- 60930_341868
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:26
0 "Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
және республикалық баспасөзде
жариялануға тиіс
«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1
1. «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 1, 1-құжат; 2003 ж., № 44, 469-құжат; 2007 ж., № 18, 197-құжат; 2008 ж., № 23, 212-құжат; 2009 ж., № 32, 293-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелердің тізбесі осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
3 Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелердің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2011 жылғы 20 қазандағы
№ 164 Жарлығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Президентінің
1998 жылғы 20 қаңтардағы
№ 3827 Жарлығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелердің тізбесі
1.
Геолог күні
-
сәуірдің бірінші жексенбісі
2.
Ғылым қызметкерлері күні
-
12 сәуір
3.
Отан қорғаушы күні
-
7 мамыр
4.
Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні
-
31 мамыр
5.
Химия өнеркәсібі қызметкерлерінің күні
-
мамырдың соңғы жексенбісі
6.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні
-
4 маусым
7.
Эколог күні
-
5 маусым
8.
Қаржы полициясы күні
-
6 маусым
9.
Полиция күні
-
23 маусым
10.
Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлерінің күні
-
маусымның екінші жексенбісі
11.
Медицина қызметкері күні
-
маусымның үшінші жексенбісі
12.
Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні
-
28 маусым
13.
Дипломатиялық қызмет күні
-
2 шілде
14.
Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің күні
-
13 шілде
15.
Металлург күні
-
шілденің үшінші жексенбісі
16.
Көлік қызметкерлері күні
-
тамыздың бірінші жексенбісі
17.
Құрылысшы күні
-
тамыздың екінші жексенбісі
18.
Спорт күні
-
тамыздың үшінші жексенбісі
19.
Шахтер күні
-
тамыздың соңғы жексенбісі
20.
Білім күні
-
1 қыркүйек
21.
Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні
-
қыркүйектің бірінші жексенбісі
22.
Қазақстан халқы тілдерінің күні
-
қыркүйектің үшінші жексенбісі
23.
Атом саласының қызметкерлерінің күні
-
28 қыркүйек
24.
Әділет органдары қызметкерлерінің күні
-
30 қыркүйек
25.
Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні
-
қыркүйектің соңғы жексенбісі
26.
Машина жасаушы күні
-
қыркүйектің соңғы жексенбісі
27.
Мұғалім күні
-
қазанның бірінші жексенбісі
28.
Құтқарушы күні
-
19 қазан
29.
Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні
-
қазанның соңғы жексенбісі
30.
Статистика күні
-
8 қараша
31.
Ұлттық валюта – теңге күні, Қазақстан Республикасының қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіптік мерекесі
-
15 қараша
32.
Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні
-
қарашаның үшінші жексенбісі
33.
Прокуратура күні
-
6 желтоқсан
34.
Кеден органдары қызметкерлерінің күні
-
12 желтоқсан
35.
Энергетик күні
-
желтоқсанның үшінші жексенбісі