О работе Акимов Бескарагайского и Зайсанского районов по обеспечению выполнения решения Акима области от 20 февраля 1998 года №473 "О плане мероприятий по реализации протокола Республиканского совещания работников агропромышленного комплекса 23 декабря 1997 года и протокола совещания с акимами областей Республики Казахстан 10 февраля 1998 года"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О работе Акимов Бескарагайского и Зайсанского районов по обеспечению выполнения решения Акима области от 20 февраля 1998 года №473 "О плане мероприятий по реализации протокола Республиканского совещания работников агропромышленного комплекса 23 декабря 1997 года и протокола совещания с акимами областей Республики Казахстан 10 февраля 1998 года"
- Атауы (қаз.)
- Бесқарағай және Зайсан аудандары әкімдерінің "Агроұнеркәсіп кешені қызметкерлерінің 1997 жылғы 23 желтоқсандағы Республикалық кеңестің хаттамасын және Қазақстан Республикасы облыстарының әкімдерімен 1998 жылғы 10 ақпанда болған кеңестің хаттамасын жүзеге асыру жөніндегі шаралар жоспары туралы" облыс Әкімінің 1998 жылғы 20 ақпандағы № 473 шешімін орындауды камтамасыз ету жөніндегі жұмысы туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 575
- Қабылданған күні
- 01.09.1998
- Көрсетілген редакция
- 01.09.1998 1314_258950.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.09.1998
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V98V0000083
- ЭКБ идентификаторы
- 1314
- Редакция идентификаторы
- 1314_258950
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 01:33
0
Бесқарағай және Зайсан аудандары әкімдерінің "Агроұнеркәсіп кешені қызметкерлерінің 1997 жылғы 23 желтоқсандағы Республикалық кеңестің хаттамасын және Қазақстан Республикасы облыстарының әкімдерімен 1998 жылғы 10 ақпанда болған кеңестің хаттамасын жүзеге асыру жөніндегі шаралар жоспары туралы" облыс Әкімінің 1998 жылғы 20 ақпандағы № 473 шешімін орындауды камтамасыз ету жөніндегі жұмысы туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2004 жылғы 24 қыркүйектегі № 100 шешімімен.
Агроөнеркәсiп кешенi қызметкерлерiнiң Республикалық кеңесiнiң хаттамасын және Қазақстан Республикасы облыстарының әкiмдерiмен кеңес хаттамасын орындау жөнiнде облыс Әкiмiнiң 1998 жылғы 20 ақпандағы № 473 шешiмiмен бекiтiлген жоспар-шараларды басшылыққа ала отырып, Бесқарағай және Зайсан аудандарының әкiмдерi селода экономикалық реформаларды тереңдету және саланы қаржылық сауықтыру жөнiнде практикалық жұмыс жүргiзуде.
Реформалау процесiнде құрылған ауыл шаруашылығының құрылымдары қолданылып жүрген заңдылыққа сәйкес құқылық статусқа келтiрiлдi.
Аудандарда экономикалық реформаларды тереңдету және селолық экономиканы қаржылық сауықтыру жөнiнде жұмыс топтары құрылып, жұмыс iстеуде.
Ауыл шаруашылығы құрылымдарының экономикалық және қаржылық жағдайына жүргiзiлген зерттеудiң негiзiнде барлық шаруашылық жүргiзушi субъектiлер үш топқа бөлiнген. 2-шi және 3-шi топтарға жатқызылған шаруашылықтармен банкроттық процедураны қоса реабилитациялық және санациялау шараларын нақты жүзеге асыру жөнiнде жұмыс жүргiзiлуде.
Нарықтық инфрақұрылым объектiлерi қалыптастырылуда және құрылуда, жер реформасы жалғастырылуда.
Сонымен қатар Бесқарағай және Зайсан аудандарының әкiмдерi қойылған мiндеттердi тиiстi дәрежеде орындауды қамтамасыз етпеуде.
Жарамсыз санатына (II-топ) жатқызылған ауыл шаруашылығы құрылымдарында дағдарыстан шығу жөнiнде кешендi реабилитациялық өндiрiстiк бағдарлама жоқ, оларды инвесторлардың басқаруына беру немесе оларды сату практикаға енгiзiлмеген. 3-топқа жатқызылған шаруашылық субъектiлерiн банкроттыққа шығару ұзаққа созылуда, заңды статусы бар шаруашылықтарда жер үлестерiн заттай дербестендiру жөнiндегi жұмыс баяу жүргiзiлуде, жер учаскелерiн сату жөнiнде конкурстар мен жер аукциондары жүргiзiлмеуде, нарықтық инфрақұрылым құру жөнiнде жұмыс нашарлаған. Ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерi ауыл шаруашылығы өндiрiсiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асырмауда.
Селодағы экономикалық реформалар мен саланы қаржылық сауықтыруға бiрқалыптылық және жүйелiлiк беру мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентi Үкiмет мүшелерiмен және облыс әкiмдерiмен 1998 жылғы 10 шiлдеде өткiзген кеңесте берген тұжырымдарды жүзеге асыру мақсатында ШЕШIМ қабылдаймын:
1. Бесқарағай ауданының әкiмi (Уәлиев М.С.) және Зайсан ауданы әкiмiнiң мiндетiн атқарушы (Қинашев Б.К.) агроөнеркәсiп кешенiнде экономикалық реформаларды тереңдету және оны дамыту перспективалары жөнiнде облыс Әкiмiнiң 1998 жылғы 20 ақпандағы № 473 шешiмiмен белгiленген мiндеттердi орындауды тиiстi дәрежеде қамтамасыз етпеуде деп атап көрсетiлсiн.