Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 июля 1999 года N 1018

Қаулы · № 385 · қабылданған 15.05.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-1999-n-1018/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 июля 1999 года N 1018 Күшін жойған Қаулы ·№ 385 ·15.05.2007
30.06.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.06.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 июля 1999 года N 1018

Күшін жойған Қаулы ·№ 385 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 июля 1999 года N 1018
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 шілдедегі N 1018 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
385
Қабылданған күні
15.05.2007
Көрсетілген редакция
30.06.2014 AI33217_2.kaz
Соңғы өзгеріс
30.06.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P070000385_
ЭКБ идентификаторы
33217
Редакция идентификаторы
AI33217_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 15:38

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 шілдедегі N 1018 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

1 1. "Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында кадрлар

даярлауды мемлекеттік білімдік несиелендіру туралы" Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 шілдедегі N 1018 қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 35, 317-құжат) мынадай
өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында мамандарды даярлауды несиелендірудің ережесінде:
20-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қарыз алушы қайтыс болған не ол қайтыс болды деп жарияланған жағдайда қарыз алушының кепілдік берушілері сенім білдірілген өкілге (агентке) қарыз алушының қайтыс болуы туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмесін және еркін нысанда жазбаша түрде жасалған өтінішті ұсынған кезде мемлекеттік білім беру несиелері бойынша талаптар тоқтатылады.";
31-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қарыз алушы қайтыс болған не ол қайтыс болды деп жарияланған жағдайда қарыз алушының кепілдік берушілері сенім білдірілген өкілге (агентке) қарыз алушының қайтыс болуы туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмесін және еркін нысанда жазбаша түрде жасалған өтінішті ұсынған кезде мемлекеттік студенттік несиелер бойынша талаптар тоқтатылады.".

2 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы