Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в решения акима области от 20 сентября 1999 года №180 и от 15 декабря 1999 года №243

Өзге акт · № 162 · қабылданған 21.08.2000
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-1999-no180-15-1999-no243/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в решения акима области от 20 сентября 1999 года №180 и от 15 декабря 1999 года №243 Күшін жойған 21.08.2000 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений и дополнений в решения акима области от 20 сентября 1999 года №180 и от 15 декабря 1999 года №243

Күшін жойған Өзге акт № 162 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в решения акима области от 20 сентября 1999 года №180 и от 15 декабря 1999 года №243
Атауы (қаз.)
Облыс әкімінің 1999 жылғы 20 қыркүйектегі № 180 және 1999 жылғы 15 желтоқсандағы № 243 шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
162
Қабылданған күні
21.08.2000
Көрсетілген редакция
21.08.2000 13796_241593.kaz
Соңғы өзгеріс
21.08.2000
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V00S000146_
ЭКБ идентификаторы
13796
Редакция идентификаторы
13796_241593
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:18
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.08.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Облыс әкімінің 1999 жылғы 20 қыркүйектегі № 180 және 1999 жылғы 15 желтоқсандағы № 243 шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 26.02.2002 № 2 шешімімен
"Ең төменгі күнкөріс шегі туралы" Қазақстан Республиксы Заңын, "Кедейшілік шегін айқындау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 8 сәуірдегі № 537 қаулысын орындау үшін және мемлекеттік мекен-жайлык әлеуметтік көмек алушылар контингетінің іс жүзінде өзгерулеріне байланысты ШЕШІМ қабылдаймын:

1

"Облыстың аз қамтамасыз етілген азаматтарына мекен-жайлық әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уақытша ережені бекіту туралы" 1999 жылғы 20 қыркүйектегі № 180 және "Облыстың аз қаматамасыз етілген азаматтарына мекен-жайлық әлеуметтік көмек көрсету туралы уақытша ережені бекіту туралы" облыс әкімінің 1999 жылғы 20 қыркүйектегі № 180 шешіміне толықтырулар енгізу туралы" облыс әкімінің 1999 жылғы 15 желтоқсандағы № 243 шешімдеріне төмендегі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Жоғарыда көрсетілген мекен-жайлық әлеуметтік көмек көрсету туралы уақытша ереженің:
I тарауының 1.2 тармағы төмендегі мазмұндағы азат жолмен толықтырылсын:
"Ең төменгі күнкөріс шегі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 қарашадағы № 474-1;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 8 сәуірдегі № 537 қаулысымен бекітілген:
"Кедейшілік шегін бекіту туралы " тоқсан сайын басып шығарылатын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Кедейшілік шегін айқындау ережесі" Заңы.
II тарау 2.1 тармақ:
"жұмыссыздарды жерлеуге" деген сөзден кейін "бала туғанда" деген сөзбен толықтырылсын;
"жыл сайын бекітілетін республикалық Бюджет туралы Заңда бекітілетін" екі реткі есептік көрсеткіш көлемі" тоқсан сайын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау мнистрлігінің бұйрығымен бекітілетін кедейшілік шегі" сөзімен алмастырылсын.
I азат жолдың 2.2 тармағында:
"отбасы мүшелерінің кірісі туралы анықтама"; "қосалқы шаруашылығы туралы салық комитетінің анықтамасы"; "тұрмысының материалдық-техникалық жағдайы" деген сөздер алынып тасталсын;
" АХАЖ органдарының № 4 нысандағы анықтамасы, егер жекебасты әйел болса".
III тараудың 3.І.тармағы төменгі редакцияда баяндалсын: "Аудандар мен Петропавл қаласының жергілікті бюджеттерінен көзделген қаржыларға қарай, әлеуметтік көмек мыналарға беріледі:
- бала туғанда - 4 айлық есепті көрсеткіш мөлшеріндегі бірмезгілдік, жұмыс істеушілерге немесе жұмыссыз мәртебесі барларға;
- жұмыс істеген немесе жұмыссыз азаматтарды (заңды тәртіпте танылған) жерлеуге - бірмезгілдік 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
балалары бар, мемлекет бекіткен ресми кедейшілік шегінен төмен тұратындарға мына мөлшерде:
0-3 жасқа дейінгі балаға -1,25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ай сайын;
3-18 жасқа дейінгі балаға1,3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ай сайын;
жұмыссыздарға материалдық көмек - 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір айда.
бұл мәртебені белгіленген тәртіпте алған, бірмезгілде әлеуметтік көмек алу құқы бар балалы отбасы және жұмыссыз ретінде материалдық көмек алуға кұқы барларға олардың таңдаулары бойынша әлеуметтік көмектің бір ғана түрі беріледі;
үйінде оқитын мүгедек балаларға көмек тоқсанына бір рет 6,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалады;
7 жасқа дейінгі 4 және одан көп балалары бар жұмыс істемейтін аналарға айына бір рет 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көмек тағайындалады.
ІҮ тарау мына тармақтармен толықтырылсын:
4.4 бұрын тағайындалған әлеуметтік көмек түрлері 2000 жылдың 1 қаңтарынан қайта есептеліп, жоғарыда көрсетілген үстеме төленсін;
4.5 Қаржы департаментіне жыл басында бөлінген ассигнацияны аудандар арасында олардың аумақтарында тұратын жәрдемақы алушылар контингентінің болуына қарай трансферттер арқылы қайта бөлу тапсырылсын.