Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 20 июля 2000 года № 301 "Об утверждении Правил замены находящихся в обращении денежных знаков национальной валюты при изменении их дизайна (формы)"

Қаулы · № 202 · қабылданған 29.12.2004
Заңдық күші: Күшін жойған · 25.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2000-no-301-ekb-22721/on/2026-08-25/
Басып шығарылды 2026-08-25 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 20 июля 2000 года № 301 "Об утверждении Правил замены находящихся в обращении денежных знаков национальной валюты при изменении их дизайна (формы)" Күшін жойған Қаулы ·№ 202 ·29.12.2004
19.12.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
25.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.12.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 20 июля 2000 года № 301 "Об утверждении Правил замены находящихся в обращении денежных знаков национальной валюты при изменении их дизайна (формы)"

Күшін жойған Қаулы ·№ 202 · 25.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 20 июля 2000 года № 301 "Об утверждении Правил замены находящихся в обращении денежных знаков национальной валюты при изменении их дизайна (формы)"
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Айналыстағы ұлттық валютаның ақша белгілерінің дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды ауыстыру ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 20 шілдедегі № 301 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
202
Қабылданған күні
29.12.2004
Көрсетілген редакция
19.12.2015 AI22721_2.kaz
Соңғы өзгеріс
19.12.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V040003392_
ЭКБ идентификаторы
22721
Редакция идентификаторы
AI22721_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 19:18

0 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Айналыстағы ұлттық валютаның ақша белгілерінің дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды ауыстыру ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 20 шілдедегі № 301 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Айналыстағы ұлттық валютаның ақша белгілерінің дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды ауыстыру ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 20 шілдедегі № 301 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1232 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" баспа басылымдарында 2000 жылғы 28 тамыз - 10 қазанда жарияланған, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1671 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" баспа басылымдарында 2001 жылғы 5-18 қарашада жарияланған 2001 жылғы 29 қыркүйектегі № 376 және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2457 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" баспа басылымдарында 2003 жылғы 11-24 тамызда жарияланған 2003 жылғы 25 шілдедегі № 234 қаулыларымен бекітілген өзгерістерімен бірге) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспедегі "Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Заң күші бар Жарлығының" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Айналыстағы ұлттық валютаның ақша белгілерінің дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды ауыстыру ережесінде:
1-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Заң күші бар Жарлығына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына" деген сөздермен ауыстырылсын;
17, 18, 19 және 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Жаңа үлгідегі ақша белгілері айналысқа енгізілген күннен бастап Ұлттық Банктің филиалдары:
1) ескі және жаңа үлгідегі ақша белгілерінің сомаларын есепке алу үшін баланстық шоттардың тиісті субшоттары бойынша жеке шоттар ашады: "Ұлттық Банк бөлімшелерін толықтыру үшін дайындалған ұлттық валютаның банкноттары мен монеталары" 105 000, "Ұлттық Банк бөлімшелерінің қоймасындағы ұлттық валютаның тозған банкноттары және ақаулы (бүлінген) монеталары" 107 000, "Ұлттық Банк бөлімшелерін толықтыру үшін айналысқа шығарылғанға дейін дайындалған ұлттық валютаның банкноттары мен монеталары" 305 000, "Ұлттық Банк бөлімшелерінің қоймасындағы айналыстан алынған ұлттық валютаның тозған банкноттары және ақаулы (бүлінген) монеталары" 307 000;
2) "Ұлттық Банк бөлімшесінің кассасындағы ұлттық валютаның банкноттары мен монеталары" 101 000 баланстық шоттың тиісті субшоттары бойынша айналым кассасындағы жеке шотқа ескі үлгідегі ақша белгілерінің толық емес бумаларын есепке алады, мұндайда оларды айналым кассасы қалдығының лимитінен шығарады.
18. Жаңа және ескі үлгілердегі ақша белгілерінің айналыста қатар жүру кезеңі аяқталғаннан кейін ескі үлгідегі барлық ақша белгілері, оның ішінде айналым кассасындағы толық емес бумалар да Ұлттық Банктің тиісті баланстық шоттарының субшоттары бойынша жеке шотқа есептелуге тиіс.
19. Ұлттық Банктің филиалдарына түскен ескі үлгідегі ақша белгілері жаңа және ескі үлгілердегі ақша белгілерінің айналыста қатар жүру кезеңі аяқталғаннан кейін сол күні "Ұлттық Банк бөлімшесінің кассасындағы ұлттық валютаның банкноттары мен монеталары" 101 000 баланстық шоттың тиісті субшоттары бойынша Ұлттық Банктің айналым кассасындағы жеке шотқа есептелуге тиіс және сол күні "Ұлттық Банк бөлімшесінің қоймасындағы ұлттық валютаның тозған банкноттары және ақаулы (бүлінген) монеталары" 107 000 және "Ұлттық Банк бөлімшесінің қоймасындағы айналыстан алынған ұлттық валютаның тозған банкноттары және ақаулы (бүлінген) монеталары" 307 000 баланстық шоттар бойынша тиісті субшоттардың жеке шоттарына есептеледі.
20. Ескі үлгідегі ақша белгілерінің айналыстан алынуына қарай оларды жою Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен жүргізіледі.".

2 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

3 3. Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу басқармасы (Мәжитов Д.М.):

1 1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

2

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, филиалдарына, екінші деңгейдегі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.

4 4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны алған күннен бастап үш күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қабылдасын.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Г.З.Айманбетоваға жүктелсін.

Қолданыстағы