Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 января 2000 года № 99

Қаулы · № 508 · қабылданған 12.05.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 25.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2000-no-99/on/2026-08-25/
Басып шығарылды 2026-08-25 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 января 2000 года № 99 Күшін жойған Қаулы ·№ 508 ·12.05.2011
30.12.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
25.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.12.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 января 2000 года № 99

Күшін жойған Қаулы ·№ 508 · 25.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 января 2000 года № 99
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 20 қаңтардағы № 99 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
508
Қабылданған күні
12.05.2011
Көрсетілген редакция
30.12.2015 AI58924_2.kaz
Соңғы өзгеріс
30.12.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1100000508
ЭКБ идентификаторы
58924
Редакция идентификаторы
AI58924_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:23

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 20 қаңтардағы № 99 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Мемлекеттік қызметшілердің мүлкін сенімді басқаруға берудің тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 20 қаңтардағы № 99 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік қызметшілердің мүлкін сенімгерлік басқаруға беру қағидасын бекіту туралы»;
кіріспедегі «және Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 1999 жылғы 23 тамыздағы № 72 өкімін орындау үшін» деген сөздер алынып тасталсын;
1-тармақтағы «сенімді басқаруға берудің тәртібі туралы ереже» деген сөздер «сенімгерлік басқаруға беру қағидасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілердің мүлкін сенімді басқаруға берудің тәртібі туралы ережеде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік қызметшілердің мүлкін сенімгерлік басқаруға беру қағидасы»;
мәтіндегі «Сенімді», «сенімді» деген сөздер «Сенімгерлік», «сенімгерлік» деген сөздермен ауыстырылсын;
кіріспедегі «Ереже» деген сөз «Қағида» деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақтағы «Ережеде» деген сөз «Қағидада» деген сөзбен ауыстырылсын;
5-тармақта:
«Ереженің» деген сөз «Қағиданың» деген сөзбен ауыстырылсын;
«беруге міндетті» деген сөздер «береді» деген сөзбен ауыстырылсын;
6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Мемлекеттік қызметші мүлікті сенімгерлік басқаруға арналған шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі нотариалды куәландырылған күнінен бастап он күн мерзімде жұмыс орны бойынша мемлекеттік органның кадр қызметіне береді.
7. Тараптардың біреуі мүлікті сенімгерлік басқаруға арналған шартты бұзған жағдайда, мемлекеттік қызметші бұл туралы жұмыс орны бойынша кадр қызметіне бір ай мерзімде хабарлайды, ал сенімгерлік басқаруға беруге жататын мүлік шарт бұзылғаннан кейін бір ай мерзімде осы Қағидада белгіленген тәртіппен шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесін жұмыс орны бойынша кадр қызметіне беріп, қайтадан сенімгерлік басқаруға беріледі.»;
8-тармақта:
«Сенімді» деген сөз «Мүлікті сенімгерлік» деген сөздермен ауыстырылсын;
«ақпарат жұмыс орны бойынша мемлекеттік органның кадр қызметіне ұсынылады» деген сөздер «ақпаратты мемлекеттік қызметші көрсетілген оқиғалар орын алғаннан кейін бір ай ішінде жұмыс орны бойынша мемлекеттік органның кадр қызметіне ұсынады» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мүлікті сенімгерлік басқару шарты қайтадан жасалған кезде оның нотариалды куәландырылған көшірмесі осы Қағидада белгіленген тәртіппен жұмыс орны бойынша мемлекеттік органның кадр қызметіне беріледі.»;
12-тармақта:
орыс тіліндегі мәтіні өзгертілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;
орыс тіліндегі мәтіні өзгертілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы