Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 20 апреля 2001 года N 120 "Об утверждении Правил осуществления актуарной деятельности на страховом рынке, выдачи, приостановления действия и отзыва лицензии актуариев, о порядке сдачи квалификационного экзамена актуариями и о полномочиях квалификационной комиссии уполномоченного государственного органа, осуществляющего регулирование и надзор финансового рынка и финансовых организаций"

Қаулы · № 153 · қабылданған 28.05.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2001-n-120-ekb-24770/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 20 апреля 2001 года N 120 "Об утверждении Правил осуществления актуарной деятельности на страховом рынке, выдачи, приостановления действия и отзыва лицензии актуариев, о порядке сдачи квалификационного экзамена актуариями и о полномочиях квалификационной комиссии уполномоченного государственного органа, осуществляющего регулирование и надзор финансового рынка и финансовых организаций" Күшін жойған Қаулы ·№ 153 ·28.05.2005
16.07.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.07.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 20 апреля 2001 года N 120 "Об утверждении Правил осуществления актуарной деятельности на страховом рынке, выдачи, приостановления действия и отзыва лицензии актуариев, о порядке сдачи квалификационного экзамена актуариями и о полномочиях квалификационной комиссии уполномоченного государственного органа, осуществляющего регулирование и надзор финансового рынка и финансовых организаций"

Күшін жойған Қаулы ·№ 153 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 20 апреля 2001 года N 120 "Об утверждении Правил осуществления актуарной деятельности на страховом рынке, выдачи, приостановления действия и отзыва лицензии актуариев, о порядке сдачи квалификационного экзамена актуариями и о полномочиях квалификационной комиссии уполномоченного государственного органа, осуществляющего регулирование и надзор финансового рынка и финансовых организаций"
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру рыногында актуарийлік қызметті жүзеге асыру, актуарийлерге лицензия беру, қолданылуын тоқтату және қайтарып алу және сақтандыру қызметін реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның біліктілік комиссиясының өкілеттіктері туралы ережені бекіту жөнінде" 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 120 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
153
Қабылданған күні
28.05.2005
Көрсетілген редакция
16.07.2014 AI24770_2.kaz
Соңғы өзгеріс
16.07.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V050003725_
ЭКБ идентификаторы
24770
Редакция идентификаторы
AI24770_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 18:40

0

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру рыногында актуарийлік қызметті жүзеге асыру, актуарийлерге лицензия беру, қолданылуын тоқтату және қайтарып алу және сақтандыру қызметін реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның біліктілік комиссиясының өкілеттіктері туралы ережені бекіту жөнінде" 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 120 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Сақтандыру рыногында актуарийлердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

1

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру рыногында актуарийлік қызметті жүзеге асыру, актуарийлерге лицензия беру, қолданылуын тоқтату және қайтарып алу және сақтандыру қызметін реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның біліктілік комиссиясының өкілеттіктері туралы ережені бекіту жөнінде" 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 120 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 1532 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2001 жылғы 18 маусымда - 1 шілдеде жарияланған, Агенттік Басқармасының 2004 жылғы 16 ақпандағы N 38 қаулысымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2753 тіркелген), Агенттік Басқармасының 2004 жылғы 27 қарашадағы N 320 қаулысымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3306 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
атауында және 1-тармақта "актуарийлерге лицензия беру, қолданылуын тоқтату және қайтарып алу және сақтандыру қызметін реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның біліктілік комиссиясының өкілеттіктері туралы" деген сөздер "актуарийлік қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қолданылуын тоқтату және қайтарып алу, актуарийлердің біліктілік емтиханын тапсыру тәртібі туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:

1

1) тармақшадағы "және Сақтандыру рыногында актуарийлiк қызметтi жүзеге асыру, актуарийлерге лицензия беру, қолданылуын тоқтату және қайтарып алу және актуарийлердiң бiлiктiлiк емтиханын тапсыру тәртiбi туралы және қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның бiлiктiлiк комиссиясының өкiлеттiктерi туралы ереженің" деген сөздер алып тасталсын;

2

2) тармақшада "және Сақтандыру рыногында актуарийлiк қызметтi жүзеге асыру, актуарийлерге лицензия беру, қолданылуын тоқтату және қайтарып алу және актуарийлердiң бiлiктiлiк емтиханын тапсыру тәртiбi туралы және қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның бiлiктiлiк комиссиясының өкiлеттiктерi туралы ереженің" деген сөздер алып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру рыногында актуарийлік қызметті жүзеге асыру, актуарийлерге лицензия беру, қолданылуын тоқтату және қайтарып алу және сақтандыру қызметін реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның біліктілік комиссиясының өкілеттіктері туралы ережеде:
атауында "актуарийлерге лицензия беру, қолданылуын тоқтату және қайтарып алу және сақтандыру қызметін реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның біліктілік комиссиясының өкілеттіктері туралы" деген сөздер "актуарийлік қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қолданылуын тоқтату және қайтарып алу, актуарийлердің біліктілік емтиханын тапсыру тәртібі туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;
барлық мәтін бойынша "кандидаттың", "кандидат", "кандидатқа" деген сөздер "өтініш берушінің", "өтініш беруші", "өтініш берушіге" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта:
"жүргізуге" деген сөз "жүзеге асыруға" деген сөзбен ауыстырылсын;
", сондай-ақ сақтандыру қызметін реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның (бұдан әрі - уәкілетті мемлекеттік орган) біліктілік комиссиясының өкілеттіктерін" деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақта "уәкілетті мемлекеттік органның" деген сөздер "қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган)" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта "жүргізуге" деген сөз "жүзеге асыруға" деген сөзбен ауыстырылсын;
19-тармақта:
1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысының 6-қосымшасына сай нысан бойынша өтініш;
2) осы Ереженің 4-қосымшасына сай нысан бойынша лицензия алуға өтініш беруші (бұдан әрі - өтініш беруші) туралы мәліметтер;";
23-тармақта "он күннің" деген сөздер "бір айдың" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 23-1-23-12-тармақтармен толықтырылсын:
"23-1. Өтініш беруші Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңдарын білуіне тестілеуден өткеннен кейін оған сақтандыру рыногында актуарийлік қызметті жүзеге асыруға лицензия беріледі.
Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңдарын білуіне тестілеуді уәкілетті мемлекеттік орган 30 сұрақ бойынша 30 минут ішінде компьютерлік тестілеу нысанында жүзеге асырады. Тест сұрақтарында жауаптардың кемінде үш нұсқасы болуы және олардың біреуі дұрыс болуы тиіс.
Тестілеу сұрақтарын уәкілетті мемлекеттік органның бірінші басшысы немесе оның орнындағы адам бекітеді.
23-2. Уәкілетті мемлекеттік органның бөлімшесі өтініш берушіні (актуарийді) тестілеудің өткізілетін күні туралы жазбаша түрде хабардар етеді. Өтініш беруші (актуарий) дәлелді себептермен белгіленген мерзімде тестілеуден өту үшін келмеген жағдайда ол уәкілетті мемлекеттік органға келмей қалған себептерін және тестілеуден өту күнін көрсете отырып бұл жөнінде хабардар етеді.
23-3. Тестілеу кезінде тестіленетін адаммен бірге бір бөлмеде тек уәкілетті мемлекеттік органның жауапты бөлімшесі қызметкерлерінің және қажет болса, аудармашының қатысуына ғана рұқсат етіледі.
Өтініш беруші (актуарий) тестілеуден өткен кезде қандай да бір жазбаша, электрондық немесе басқа да ақпараттық материалдарды пайдалануға рұқсат етілмейді. Осы тармақта аталған талаптарды бұзу тестілеудің теріс қорытындыларына теңестіріледі.
23-4. Өтініш беруші дұрыс жауаптардың кемінде 70 процентін алған жағдайда тестілеу қорытындылары оң деп саналады.
Өтініш беруші тестілеуден өткеннен кейін дереу қол қоя отырып тест қорытындыларымен танысады.
23-5. Өтініш беруші тестілеу қорытындыларымен келіспеген жағдайда ол тестілеу рәсімі аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде уәкілетті мемлекеттік органға жазбаша түрде шағымдана алады.
23-6. Аппеляциялық комиссияның құрамы уәкілетті мемлекеттік органның бірінші басшысының бұйрығымен бекітіледі.
23-7. Аппеляциялық комиссия шағымды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны қарайды.
23-8. Аппеляциялық комиссияның мәжілісін өткізу үшін кворум Аппеляциялық комиссияның Төрағасын (Төрағаның орынбасарын) қоса алғанда, Аппеляциялық комиссия мүшелері санының кемінде үштен екісі құрайды.
Аппеляциялық комиссияның әрбір мүшесі бір дауысқа ие. Аппеляциялық комиссияның шешімдері Аппеляциялық комиссияның мәжілісіне қатысып отырған мүшелері санының жай көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар саны тең болған жағдайда Аппеляциялық комиссия Төрағасының дауысы не ол болмаған жағдайда Аппеляциялық комиссия Төрағасы орынбасарының дауысы шешуші болып табылады.
23-9. Аппеляциялық комиссияның шешімдері хаттамамен ресімделеді және ол екі дана етіп жасалып, оған осы мәжіліске қатысқан Аппеляциялық комиссияның барлық мүшелері қол қояды.
23-10. Аппеляциялық комиссия мәжілісінің хаттамасын Аппеляциялық комиссия мүшелерінің арасынан тағайындалатын хатшы жүргізеді.
23-11. Аппеляциялық комиссия шағымды қарау нәтижелері бойынша мына шешімдердің бірін қабылдайды:
тест қорытындыларын өзгеріссіз қалдыруға, ал шағымды қанағаттандырмауға;
өтініш берушінің (актуарийдің) шағымын қанағаттандыруға және оны қайта тестілеуге жіберуге.
23-12. Компьютерлік тестілеу қорытындылары теріс болған жағдайда өтініш беруші бұрын өткен тестілеу күнінен бастап бір айдан бұрын емес, бірақ соңғы он екі ай ішінде үш реттен артық емес тестілеуден өтуге арналған құжаттарды қайталап тапсырады.";
25-тармақтың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"3) "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 60-бабы 1-тармағының 2)-4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша лицензияны қайтарып алу туралы деректер болса;
"4) тестілеудің теріс қорытындысы болса.";
26-тармақ алып тасталсын;
29-тармақ алып тасталсын;
30-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы бар актуарийлер растайтын құжаттарды қоса бере отырып, осы Ереженің 19-тармағының 2), 3), 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттардағы өзгерістер жөнінде уәкілетті мемлекеттік органды он күндік мерзімде хабардар етеді.";
36 және 41-тармақтардағы "екі республикалық газетте" деген сөздер "уәкілетті мемлекеттік органның ресми басылымдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тарау алып тасталсын;
45-1-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
Біліктілік емтиханы 40 сұрақ бойынша 60 минут ішінде өтеді.
Тест сұрақтарында жауаптардың кемінде бес нұсқасы болуы және олардың біреуі дұрыс болуы тиіс.
Тестілеуден өту рәсімі осы Ереженің 23-2, 23-3-тармақтарына сәйкес өтеді.
Тестілеу сұрақтарын уәкілетті мемлекеттік органның бірінші басшысы немесе оның орнындағы адам бекітеді.";
45-4-тармақ алып тасталсын;
45-7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Тест сұрақтарына дұрыс жауаптардың кемінде 60 процентін алған жағдайда біліктілік емтиханының қорытындылары оң деп саналады.
Актуарий тестілеуден өткеннен кейін дереу қол қоя отырып тест қорытындыларымен танысады.
Уәкілетті орган актуарий мәртебесі бар және Актуарийлердің Халықаралық Қауымдастығының толық мүшесі деген мәртебесіне ие актуарийлер қауымдастығының (қоғамның немесе өзге де бірлестіктің) мүшесі (толық мүшесі) болып табылатын актуарийдің біліктілік емтиханын тапсырғаны немесе тапсырмағаны туралы шешімді олар осы Ереженің 45-2-тармағында көрсетілген барлық құжаттарды тапсырған жағдайда компьютерлік тестілеуді өткізбестен қабылдай алады.";
45-8-тармақта:
"үш айдан" деген сөздер "30 күнтізбелік күннен, бірақ 45 күнтізбелік күннен кешіктірмей" деген сөздермен ауыстырылсын;
"бір күнтізбелік жыл" деген сөздер "соңғы он екі ай" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Актуарий көрсетілген мерзім ішінде хабарласпаған жағдайда, ол біліктілік емтиханын қайталап тапсырмаған деп танылады.";
мынадай мазмұндағы 45-10-тармақпен толықтырылсын:
"Актуарий біліктілік емтиханының қорытындысымен келіспеген жағдайда ол тестілеу рәсімі аяқталғаннан кейін уәкілетті органға шағыммен хабарласады. Аппеляциялық комиссияның жұмыс тәртібі мен талаптары осы Ереженің 23-6-23-11-тармақтарына сәйкес айқындалады.";
46-тармақта:
"немесе оның біліктілік комиссиясының" деген сөздер алып тасталсын;
1, 2, 5-қосымшалардың жоғарғы оң бұрышындағы "актуарийлерге лицензия беру, қолданылуын тоқтату және қайтарып алу және сақтандыру қызметін реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның біліктілік комиссиясының өкілеттіктері туралы" деген сөздер "актуарийлік қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қолданылуын тоқтату және қайтарып алу, актуарийлердің біліктілік емтиханын тапсыру тәртібі туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;
3 және 7-қосымшалар алып тасталсын;
4-қосымша мынадай редакцияда жазылсын:
"Сақтандыру рыногында актуарлық
қызметті жүзеге асыру, актуарлық
қызметті жүзеге асыруға лицензия
беру, қолданылуын тоқтату және
қайтарып алу, актуарийлердің
біліктілік емтиханын тапсыру
тәртібі туралы ереженің
4-қосымшасы
________
                                                    |        |
                                                    | Өтініш |
                                                    | иесінің|
                                                    | суреті |
                                                    |________|
Актуарийлік қызметті жүргізу үшін лицензия алуға өтініш иесі туралы мәліметтер

1 1. Жалпы мәліметтер:

Те­гі, аты,
әке­сі­нің аты
______________________________________________
______________________________________________
(же­ке ку­ә­лі­гі­мен (төл­құ­жа­ты­мен) то­лық
сәй­кест­і­гі, те­гі, аты, әке­сі­нің аты өзгер­ген
жағ­дай­да, көр­се­тіл­сін: қа­шан және қан­дай
се­беп­пен олар өзгер­тіл­ді)
Ту­ған кү­ні
мен же­рі
Тұр­ғы­лық­ты
ме­кен-жайы,
те­ле­фон
нө­мір­ле­рі
______________________________________________
______________________________________________
(ел­ді ме­кен­нің кодын қо­са оты­рып, то­лық
ме­кен-жайы, қыз­мет, үй, бай­ла­ныс
те­ле­фон­да­ры­ның нө­мір­ле­рі көр­се­тіл­сін)
Аза­мат­тығы
Же­ке ба­сын
ку­әлан­ды­ра­тын
құ­жат­тың то­лық
де­ректе­ме­ле­рі
Сақтандыру ұйымдарында немесе олармен аффилиирленген
ұйымдарда жұмыс істейтін жақын туысқандары, туыстары туралы
мәліметтер:
N
Те­гі, аты,
әке­сі­нің аты
Ту­ған
жы­лы
Туы­стық неме­се
жа­қын­дық тү­рі
көр­се­тіл­сін
Жұ­мыс ор­ны
және
ла­у­а­зы­мы
1
2
3
Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына тікелей немесе жанама
қатысуы:
N
Ата­уы және
тұ­ра­тын же­рі
Заң­ды тұл­ға қыз­ме­ті­нің
жар­ғы­лық түр­ле­рі
Сіз­дің қа­ты­су
со­ма­ңыз бен үле­сі­ңіз
1
2
3

2 2. Кәсіби деректері:

Бі­лі­мі
__________________________________________
__________________________________________
__________________________________________
(оқу ор­ны­ның, фа­куль­тет­тің неме­се бө­лім­нің
ата­уы мен тұ­ра­тын же­рі, оқы­ған ке­зе­ңі,
бе­рі­л­ген бі­лік­ті­лі­гі, бі­лі­мі ту­ра­лы
ди­плом­ның де­ректе­ме­ле­рі (кү­ні, нө­мі­рі)
көр­се­тіл­сін)
Ак­ту­а­рий­дің бі­лікті­лік ем­ти­ханда­рын
тап­сыр­ғанды­ғы
ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
Ем­ти­хан тап­сыр­ған кү­ні, ем­ти­хан
тап­сыр­ғанды­ғын рас­тай­тын құ­жат
Қо­сым­ша бі­лі­мі,
оның ішін­де жұ­мыс
іс­тей­тін са­ла­сын­да
бі­лік­ті­лі­гін кө­те­ру
кур­ста­ры, ғы­лы­ми
дә­ре­же­ле­рі
__________________________________________
__________________________________________
(оқу ор­ны­ның ата­уы мен тұ­ра­тын же­рі,
оқы­ған ке­зе­ңі, бі­лі­мі ту­ра­лы ди­плом­ның,
сер­ти­фи­кат­тың, ку­ә­лік­тің де­ректе­ме­ле­рі)
Қар­жы­лық қыз­мет көрсе­ту са­ла­сын­да­ғы,
оның ішін­де жұ­мыс
іс­те­у­ге ни­ет­ті
са­ла­сын­да­ғы жұ­мыс
тә­жі­ри­бе­сі
__________________________________________
__________________________________________
(қар­жы ұй­ым­да­рын­да іс­те­ген, ауди­тор,
қыз­мет тү­рі бой­ын­ша бух­гал­тер қыз­ме­тін
ат­қар­ған жыл­дар­дың са­ны көр­се­тіл­сін)
Же­ті­стікте­рі
__________________________________________
__________________________________________
(осы мә­се­ле бой­ын­ша ақ­па­рат, мы­са­лы,
ғы­лы­ми жа­ри­я­ла­ным­да­ры­ның ата­уы, ғы­лы­ми
әзір­ле­ме­лер­ге, заң жо­ба­ла­ры­на қа­ты­суы
көр­се­тіл­сін)
Кә­сі­би ұй­ым­дар­ға
мү­ше­лі­гі
__________________________________________
__________________________________________
(Осы мә­се­ле бой­ын­ша ақ­па­рат, мы­са­лы,
Ак­ту­а­рий­лер қо­ға­мы, Ауди­тор­лар па­ла­та­сы
көр­се­тіл­сін)
Осы мә­се­ле­ге қа­ты­сы
бар бас­қа ақ­па­рат
__________________________________________
__________________________________________
(Өті­ніш бе­ру­ші­нің кә­сі­би құ­зы­рет­ті­лі­гін
си­паттай­тын ақ­па­рат көр­се­ті­ле­ді)
Еңбек жолы туралы мәліметтер:
N
Жұ­мыс іс­те­ген
ке­зе­ңі
Ұй­ым­ның, ат­қар­ған қыз­ме­ті­нің және
ла­у­а­зым­дық мін­дет­те­рі­нің ата­уы,
ұй­ым­ның ко­ор­ди­нат­та­ры
1
2
3
Мен (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты), ____________,
осы ақпаратты мұқият тексергенімді және дұрыс әрі толық болып
табылатындығын растаймын, және мен берген күмәнді мәліметтердің
болуы актуарийлік қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияны
қайтарып алу үшін негіз болып табылатындығын мойындаймын.
__________________(қолы, күні).";
6-қосымша мынадай редакцияда жазылсын:
"Сақтандыру рыногында актуарлық
қызметті жүзеге асыру, актуарлық
қызметті жүзеге асыруға лицензия
беру, қолданылуын тоқтату және
қайтарып алу, актуарийлердің
біліктілік емтиханын тапсыру
тәртібі туралы ереженің
6-қосымшасы
(Қазақстан Республикасының мемлекеттік
елтаңбасы бейнеленген бланкқа жазылады)
Сақтандыру рыногында актуарийлік қызметті жүзеге асыруға
Лицензия
Лицензияның N ______________________
___________________________________________________________ берілді
        (актуарийдің тегі, аты, әкесінің аты)
Актуарийдің тұрғылықты мекен-жайы
____________________________________________
Лицензияның берілген күні - 200___ жылғы "___" _________
Лицензия Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады.
Лицензияның қолданылу мерзімі - мерзімсіз
Лицензияны берген орган: Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын
және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
Лицензияның берілген күні - 200___ жылғы "___" ___________
Төраға (Төрағаның орынбасары)
      Мөр орны
      Алматы қаласы".

2 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

3 3. Лицензиялау басқармасы (Жұмабаева З.С.):

1 1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

2 2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне жіберсін.

4 4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Қ.М. Досмұқаметовке жүктелсін.

Қолданыстағы