Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 20 июня 2001 года N 486 "Об утверждении Инструкции по применению Кодекса Республики Казахстан об административных правонарушениях в деятельности органов внутренних дел", зарегистрированный за N 1639

Бұйрық · № 43 · қабылданған 28.01.2003
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2001-n-486-n-1639-ekb-14434/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении дополнений в Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 20 июня 2001 года N 486 "Об утверждении Инструкции по применению Кодекса Республики Казахстан об административных правонарушениях в деятельности органов внутренних дел", зарегистрированный за N 1639 Күшін жойған Бұйрық ·№ 43 ·28.01.2003
12.01.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.01.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 20 июня 2001 года N 486 "Об утверждении Инструкции по применению Кодекса Республики Казахстан об административных правонарушениях в деятельности органов внутренних дел", зарегистрированный за N 1639

Күшін жойған Бұйрық ·№ 43 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 20 июня 2001 года N 486 "Об утверждении Инструкции по применению Кодекса Республики Казахстан об административных правонарушениях в деятельности органов внутренних дел", зарегистрированный за N 1639
Атауы (қаз.)
"Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін ішкі істер органдарының қызметінде қолдану жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 20 маусымдағы N 486 бұйрығына (N 1639 болып тіркелген) толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
43
Қабылданған күні
28.01.2003
Көрсетілген редакция
12.01.2016 AI14434_2.kaz
Соңғы өзгеріс
12.01.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V030002153_
ЭКБ идентификаторы
14434
Редакция идентификаторы
AI14434_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
04.08.2026 22:30

0 "Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін ішкі істер органдарының қызметінде қолдану жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 20 маусымдағы N 486 бұйрығына (N 1639 болып тіркелген) толықтырулар енгізу туралы

📌 Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 12.01.2016 № 16 бұйрығымен.
Жол қозғалысын тиімді бақылауды қамтамасыз ету, сот шешімдерін орындау мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" Заң күші бар Жарлығының , Жол қозғалысы туралы конвенцияны толықтыратын, 1993 жылғы 28 тамызда күшіне енген Европалық келісімнің талаптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін ішкі істер органдарының қызметінде қолдану жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 20 маусымдағы N 486 бұйрығына (N 1639 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетендерінде жарияланған, 2001 жыл, N 33. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 777 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген Бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін ішкі істер органдарының қызметінде қолдану жөніндегі нұсқаулықта:

1 1) 52-тармақ мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

8 "8) жүргізуші куәлігін алып қою"

2 2) мынадай мазмұндағы 70-1-тармақпен толықтырылсын:

70-1

"70-1. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында, Кодекстің 618-бабындағы талаптарға сәйкес жүргізуші куәліктерін алып қою жүргізушілер Жол қозғалысы ережелері талаптарын бұзған жағдайларда ғана, егер де Кодекстің Негізгі бөлігіне кіретін баптарға сәйкес оларды көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыру жауапкершілігі көзделген болса және Кодекстің 539-бабына сәйкес оларға қатысты сот органдары шара қабылдайтын болса жүзеге асырылады.";

3 3) мынадай мазмұндағы 70-2-тармақпен толықтырылсын:

70-2 "70-2. Алынған жүргізуші куәлігінің орнына жүргізушіге осы Нұсқаулықтың 14-қосымшасындағы нысанға сәйкес куәлік беріледі.".

4 4) осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакциядағы 14-қосымшамен толықтырылсын.

2 2. Астана және Алматы қалалары Ішкі істер бас басқармаларының, облыстардағы Ішкі істер бас басқармаларының, Ішкі істер басқармаларының бастықтары:

1 1) жол полициясы бөлімшелерінің жұмысын осы бұйрықтың талаптарына сәйкес ұйымдастырсын;

2 2) жол полициясы қызметкерлерінің жүргізушілер Жол қозғалысы ережелерін анық бұзған жағдайларда, көлік құралдарының және онда отырған адамдардың ішкі істер органдары бағдарларында көрсетілген белгілері болған кезде ғана көлік құралдарын тоқтатуы мен тексеруін жүзеге асыруды қадағаласын.

3 3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице министрі полиция генерал-майоры И.И.Оттоға және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Жол полициясы департаментінің бастығы Б.Н.Өмірзақовқа жүктелсін.

"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
2003 жылғы 30 қаңтар

14 Жүргізуші куәлігінің орнына берілетін куәліктің нысаны

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2003 жылғы 28 қаңтардағы
N 43 бұйрығына Қосымша
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2001 жылғы 20 маусымдағы
N 486 бұйрығымен бекітілген
"Қазақстан Республикасының
Әкімшілік құқық бұзушылық
туралы кодексін ішкі істер
органдарының қызметінде
қолдану жөніндегі нұсқаулыққа
N 14 қосымша"
Жүргізуші куәлігінің орнына берілетін куәліктің нысаны
____________________________________________________________________
ҚАЗАҚСТАН     KZ  РЕСПУБЛИКА         Куәлік көлік құралдарын басқару
РЕСПУБЛИКАСЫ      КАЗАХСТАН          үшін ҚР ӘҚБтК _______ бабы
PERMIS                  бойынша 200__ж. "___" ________
КУӘЛIК   DE CONDUIRE УДОСТОВЕРЕНИЕ   алынған________________сериялы
ААN000000                _____________нөмірлі жүргізуші
(куәліктің сериясы және нөмірі)     куәлігінің орнына берілді.

1 1. ________________________________  Жеке басын куәландыратын құжаты

(Тегі)                     бар болғанда берілгеннен бастап

2 2. ________________________________  60 тәулік мерзімге жарамды.

(Аты, әкесінің аты)           Кім берді ____________________

3 3. ________________________________   (куәлік берген адамның орган.

(туған күні және жері)        ______________________________

4 4. ________________________________     ның атауы, атағы, аты-жөні)

(Тұрғылықты жері)              "___"___________ 200_ж. М.О.

5 5. Рұқсат мерзімі:      ___________  (берілген күні және лауазымды

"___"________ 200___ж. |           |           адамның қолы)

6 Куәлікті қолдану жөніндегі түсініктеме және оның қысқаша сипаттамасы

6. Рұқсат етілген      | Фотоға    |  Жарамдылық мерзімі ұзартылды
категориялары:         | арналған  |  "___" ______ 200__ж.   М.О.
А;___В;___С;___Д;___Е  | орын      |  Жарамдылық мерзімі ұзартылды
(керек емесі сызылады) |           |  "___" ______ 200__ж.   М.О.
|           |  Куәлік Жол қозғалысы туралы
|           |  конвенцияны толықтыратын
|___________|  Европалық келісімнің N 6
_________________                     қосымшасындағы талаптарға
(иесінің қолы)                       сәйкестендірілген
Фотосурет иесінің қалауы
бойынша ұсынылады
____________________________________________________________________
Куәлікті қолдану жөніндегі түсініктеме және оның қысқаша сипаттамасы
Куәлік Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" кодексінде көзделген жағдайларда алынған жүргізуші куәлігінің орнына құқық бұзушыға берілетін құжат болып табылады және Жол қозғалысы туралы конвенцияны толықтыратын Европалық келісімнің 6 қосымшасындағы талаптарға сәйкес әзірленді.
Хаттаманың, қаулының және куәліктің нөмірленуі бірдей болады.
Әрбір облыс үшін хаттамаға, қаулыға және куәлікке облыстың литері жазылуы тиіс.
Куәлік иесінің фотосуреті қоса беріледі, оны иесі өз қалауы бойынша жапсырады және уәкілетті органның мөрімен куәландырылады.
Қатаң есептегі бланкілердің мазмұны мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылуы тиіс.

Қолданыстағы