О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 20 апреля 2001 года № 120 "Об утверждении Правил осуществления актуарной деятельности на страховом рынке, выдачи, приостановления действия и отзыва лицензии актуариев, о порядке сдачи квалификационного экзамена актуариями и о полномочиях квалификационной комиссии уполномоченного государственного органа, осуществляющего регулирование и надзор финансового рынка и финансовых организаций»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 20 апреля 2001 года № 120 "Об утверждении Правил осуществления актуарной деятельности на страховом рынке, выдачи, приостановления действия и отзыва лицензии актуариев, о порядке сдачи квалификационного экзамена актуариями и о полномочиях квалификационной комиссии уполномоченного государственного органа, осуществляющего регулирование и надзор финансового рынка и финансовых организаций»
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру рыногында актуарийлік қызметті жүзеге асыру, актуарийлерге лицензия беру, қолданылуын тоқтату және қайтарып алу және сақтандыру қызметін реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның біліктілік комиссиясының өкілеттіктері туралы ережені бекіту жөнінде" 2001 жылғы 20 сәуірдегі № 120 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 320
- Қабылданған күні
- 27.11.2004
- Көрсетілген редакция
- 16.07.2014 AI22485_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.07.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V040003306_
- ЭКБ идентификаторы
- 22485
- Редакция идентификаторы
- AI22485_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 19:28
0
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру рыногында актуарийлік қызметті жүзеге асыру, актуарийлерге лицензия беру, қолданылуын тоқтату және қайтарып алу және сақтандыру қызметін реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның біліктілік комиссиясының өкілеттіктері туралы ережені бекіту жөнінде" 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 120 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру рыногында актуарийлік қызметті жүзеге асыру, актуарийлерге лицензия беру, қолданылуын тоқтату және қайтарып алу және сақтандыру қызметін реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның біліктілік комиссиясының өкілеттіктері туралы ережені бекіту жөнінде" 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 120 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1532 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" N 13 (210) басылымдарында 2001 жылғы 18 маусымда - 1 шілдеде жарияланған, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2753 тіркелген, Агенттік Басқармасының 2004 жылғы 16 ақпандағы N 38 қаулысымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру рыногында актуарийлік қызметті жүзеге асыру, актуарийлерге лицензия беру, қолданылуын тоқтату және қайтарып алу және сақтандыру қызметін реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның біліктілік комиссиясының өкілеттіктері туралы ережеде:
18-тармақта:
1) тармақшада ", қаржы саласында бір жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар," деген сөздер "және" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) актуарий деген мәртебесі бар және Актуарийлердің Халықаралық Қауымдастығының толық мүшесі деген мәртебесі бар актуарийлер қауымдастығының (қоғамның немесе өзге де бірлестіктің) мүшесі (толық мүшесі) болып табылатын жеке тұлға.";
19-тармақта:
5) тармақша алынып тасталсын;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"8) актуарийдің мәртебесін, актуарийлер қауымдастығына (қоғамына немесе өзге де бірлестікке) мүшелігін (толық мүшелігін) және осы қауымдастықтың Актуарийлердің Халықаралық Қауымдастығының толық мүшесі ретінде мәртебесін растайтын құжаттардың көшірмелері (осы Ереженің 18-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген адамдар үшін);";
43-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Біліктілік комиссиясы лицензияны алуға ниеттенген кандидаттың (осы Ереженің 18-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген адамдар үшін) білім деңгейі мен біліктілігінің оны біліктілік комиссиясының отырысына шақырмастан қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы шешімді қабылдай алады.";
45-2-тармақ мынадай мазмұндағы 5)-6) тармақшалармен толықтырылсын:
"5) біліктілік емтиханын тапсыру туралы өтінішті беру сәтіне актуарийлердің тиісті қауымдастығында (қоғамында немесе өзге де бірлестікте) оның мүшелігін (толық мүшелігін) растайтын құжаттар;
6) ол мүше (толық мүше) болып табылатын актуарийлердің тиісті қауымдастығының (қоғамының немесе өзге де бірлестіктің) не мемлекеттік қадағалау органының актуарийдің соңғы екі жыл ішінде заңдарды бұзуының және санкциялардың болмауы жөніндегі хаты.
5) және 6) тармақшалардың талаптары тек актуарий мәртебесі бар және Актуарийлердің Халықаралық Қауымдастығының толық мүшесі деген мәртебесіне ие актуарийлер қауымдастығының (қоғамның немесе өзге де бірлестіктің) мүшелері (толық мүшелері) болып табылатын актуарийлерге ғана қолданылады.";
45-7-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
"Біліктілік комиссиясы актуарий мәртебесі бар және Актуарийлердің Халықаралық Қауымдастығының толық мүшесі деген мәртебесіне ие актуарийлер қауымдастығының (қоғамның немесе өзге де бірлестіктің) мүшесі (толық мүшесі) болып табылатын актуарийдің біліктілік емтиханын тапсырғаны немесе тапсырмағаны туралы шешімді олар осы Ереженің 45-2-тармағында көрсетілген барлық құжаттарды тапсырған жағдайда әңгімелесуді және тестілеуді өткізбестен қабылдай алады.";
Ереженің 5 қосымшасында "2006 жылғы 1 қаңтардан бастап" деген сөздер "2007 жылғы 1 қаңтардан бастап" деген сөздермен ауыстырылсын.