О внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 20 апреля 2001 года № 120 "Об утверждении Правил осуществления актуарной деятельности на страховом рынке, выдачи, приостановления действия и отзыва лицензии на осуществление актуарной деятельности, о порядке сдачи квалификационного экзамена актуариями"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 20 апреля 2001 года № 120 "Об утверждении Правил осуществления актуарной деятельности на страховом рынке, выдачи, приостановления действия и отзыва лицензии на осуществление актуарной деятельности, о порядке сдачи квалификационного экзамена актуариями"
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру рыногында актуарлық қызметті жүзеге асыру, актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қолданылуын тоқтату және қайтарып алу, актуарийлердің біліктілік емтиханын тапсыру тәртібі туралы ережені бекіту жөнінде" 2001 жылғы 20 сәуірдегі № 120 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 154
- Қабылданған күні
- 12.08.2006
- Көрсетілген редакция
- 16.07.2014 AI29612_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.07.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V060004384_
- ЭКБ идентификаторы
- 29612
- Редакция идентификаторы
- AI29612_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 16:59
0
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру рыногында актуарлық қызметті жүзеге асыру, актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қолданылуын тоқтату және қайтарып алу, актуарийлердің біліктілік емтиханын тапсыру тәртібі туралы ережені бекіту жөнінде" 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 120 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Сақтандыру рыногында актуарлық қызметті реттейтін нормативтік құқықтық кесімдерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының » "Сақтандыру рыногында актуарлық қызметті жүзеге асыру, актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қолданылуын тоқтату және қайтарып алу, актуарийлердің біліктілік емтиханын тапсыру тәртібі туралы ережені бекіту жөнінде" 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 120 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1532 тіркелген), Агенттік Басқармасының 2004 жылғы 16 ақпандағы N 38 қаулысымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2753 тіркелген), Агенттік Басқармасының 2004 жылғы 27 қарашадағы N 320 қаулысымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3306 тіркелген), Агенттік Басқармасының 2005 жылғы 28 мамырдағы N 153 қаулысымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3725 тіркелген) енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру рыногында актуарлық қызметті жүзеге асыру, актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қолданылуын тоқтату және қайтарып алу, актуарийлердің біліктілік емтиханын тапсыру тәртібі туралы ережеде:
"Актуарийлерді оқытудың ең төменгі бағдарламасы" деген 5-қосымшада:
екінші абзацтағы»"2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап" деген сөздер»"2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап" деген сөздермен ауыстырылсын.
2 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 3. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Қарақұлова Д.Ш.):
1 1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қолға алсын;
2
2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне,»"Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, сауда-саттықты ұйымдастырушыға, актуарийлерге және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жіберсін.