Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 20 июня 2001 года № 486 "Об утверждении Инструкции по применению Кодекса Республики Казахстан об административных правонарушениях в деятельности органов внутренних дел"

Бұйрық · № 444 · қабылданған 12.09.2006
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2001-no-486/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 20 июня 2001 года № 486 "Об утверждении Инструкции по применению Кодекса Республики Казахстан об административных правонарушениях в деятельности органов внутренних дел" Күшін жойған Бұйрық ·№ 444 ·12.09.2006
12.01.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.01.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 20 июня 2001 года № 486 "Об утверждении Инструкции по применению Кодекса Республики Казахстан об административных правонарушениях в деятельности органов внутренних дел"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 444 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 20 июня 2001 года № 486 "Об утверждении Инструкции по применению Кодекса Республики Казахстан об административных правонарушениях в деятельности органов внутренних дел"
Атауы (қаз.)
"Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін ішкі істер органдарының қызметінде қолдану жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 20 маусымдағы № 486 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
444
Қабылданған күні
12.09.2006
Көрсетілген редакция
12.01.2016 AI29771_2.kaz
Соңғы өзгеріс
12.01.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V060004406_
ЭКБ идентификаторы
29771
Редакция идентификаторы
AI29771_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 16:53

0 "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін ішкі істер органдарының қызметінде қолдану жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 20 маусымдағы N 486 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша өндірісті жүзеге асыру кезіндегі әкімшілік практика, Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтауды қамтамасыз ету мәселелерінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі жол полициясының құқық қолдану қызметін одан әрі жетілдіру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жағдай туғызатын нормаларды болдырмау, ішкі істер органдарының бөлімшелерінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнаманы бірыңғай қолдану мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1

1. "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін ішкі істер органдарының қызметінде қолдану жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 20 маусымдағы N 486 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1639 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының нормативтік құқықтық актілері Бюллетенінде жарияланған, 2001 жыл N 33, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2093 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 777 , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2153 болып тіркелген 2003 жылғы 28 қаңтардағы N 43 , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2536 болып тіркелген 2003 жылғы 29 қыркүйектегі N 536 , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3378 болып тіркелген 2005 жылғы 5 қаңтардағы N 1 , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3556 болып тіркелген 2005 жылғы 9 наурыздағы N 151 , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3884 болып тіркелген 2005 жылғы 2 тамыздағы N 463 , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4217 болып тіркелген 2006 жылғы 5 сәуірдегі N 155 бұйрықтарымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
4-тармақтағы "Ішкі істер вице-министрі полиция генерал-майоры А.Ж.Шпекбаевқа" деген сөздер "жетекшілік ететін Ішкі істер вице-министріне" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін ішкі істер органдарының қызметінде қолдану жөніндегі нұсқаулықта:
70-1-тармақ алынып тасталсын;
70-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"70-2. Кодекстің 618-бабын қолданған кезде алынған жүргізуші куәлігінің орнына жүргізушіге нұсқаулықтың 14-қосымшасына сәйкес нысан бойынша куәлік беріледі. Мұндай жағдайда Кодекстің 628-бабының талаптары сақталуы керек.";
125-тармақтағы "сотқа жіберу үшін" және "120-тармақта көрсетілген адамдардың" деген сөздер алынып тасталсын.

2 2. Астана, Алматы қалаларының және облыстардың Ішкі істер департаменттерінің бастықтары жол полициясы бөлімшелерінің жұмысын осы бұйрықтың талаптарына сәйкес ұйымдастырсын.

3 3. Жол полициясы комитеті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының жетекшілік ететін Ішкі істер вице-министріне және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінің төрағасына жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы