О внесении дополнений и изменений в приказ Председателя Агентства таможенного контроля Республики Казахстан от 20 мая 2003 года N 219 "О декларировании товаров и транспортных средств"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений и изменений в приказ Председателя Агентства таможенного контроля Республики Казахстан от 20 мая 2003 года N 219 "О декларировании товаров и транспортных средств"
- Атауы (қаз.)
- "Тауарлар мен көлік құралдарын декларациялау туралы" Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 20 мамырдағы N 219 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 278
- Қабылданған күні
- 25.07.2005
- Көрсетілген редакция
- 01.01.2011 AI25087_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.01.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V050003802_
- ЭКБ идентификаторы
- 25087
- Редакция идентификаторы
- AI25087_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 18:30
0 "Тауарлар мен көлік құралдарын декларациялау туралы" Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 20 мамырдағы N 219 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 379-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
1
1. "Тауарлар мен көлік құралдарын декларациялау туралы" Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 20 мамырдағы N 219 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2355 тіркелген, Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 1 желтоқсандағы N 537 , 2004 жылғы 10 маусымдағы N 261 , 2004 жылғы 30 шілдедегі N 328 бұйрықтарымен, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2005 жылғы 7 қаңтардағы N 6 , 2005 жылғы 23 мамырдағы N 199 бұйрықтарымен енгізілген өзгерістермен "Официальная газетада" 2003 жылғы 27 қыркүйектегі N 39 санында жарияланған) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы оңайлатылған немесе жеңілдетілген тәртіппен өткізу кезінде жолаушылардың кеден декларациясын ресімдеу ережесінде:
көрсетілген Ережеге 1-қосымшада:
3.1-тармақта "Ұлттық" деген сөздің алдында "Уақытша әкелінетіндерді (әкетілетіндерді) қоспағанда" деген сөзбен толықтырылсын;
3.4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3.4. Мәдени құндылықтар";
3.9-тармағындағы "мен байланыс құралдары" деген сөздер алынып тасталсын;
4.2-тармақтағы "Кузовы N" деген сөздерден кейін "немесе бірдейлендіру коды" деген сөздермен толықтырылсын.