Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 января 2003 года N 57

Қаулы · № 1234 · қабылданған 14.12.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2003-n-57/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 января 2003 года N 57 Күшін жойған Қаулы ·№ 1234 ·14.12.2007
15.12.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.12.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 января 2003 года N 57

Күшін жойған Қаулы ·№ 1234 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 января 2003 года N 57
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қаңтардағы N 57 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1234
Қабылданған күні
14.12.2007
Көрсетілген редакция
15.12.2011 AI36143_2.kaz
Соңғы өзгеріс
15.12.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P070001234_
ЭКБ идентификаторы
36143
Редакция идентификаторы
AI36143_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 14:36

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қаңтардағы N 57 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

1 1. "Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің ведомстволық наградалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қаңтардағы N 57 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 2, 21-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1, 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

1 "1. Мыналар:

1 1) Нәзір Төреқұлов атындағы "Қазақстан Республикасының сыртқы саясатына қосқан үлесі үшін" медалі;

2 2) "Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің еңбек сіңірген қызметкері" құрметті атағы;

3 3) Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің құрмет грамотасы Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің ведомстволық наградалары болып табылады деп белгіленсін".

2 2. Қоса беріліп отырған:

1 1) дипломатиялық қызметтің ведомстволық наградаларының сипаттамасы мен үлгілері;

2 2) "Қазақстан Республикасының сыртқы саясатына қосқан үлесі үшін" Нәзір Төреқұлов атындағы медальға берілетін куәліктің сипаттамасы мен үлгісі бекітілсін.";

осы қаулыға 1, 2, 3 және 4 қосымшаға сәйкес қосымшалармен толықтырылсын.

3 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

10 Нәзір Төреқұлов атындағы "Қазақстан Республикасының сыртқы саясатына қосқан үлесі үшін" медалінің сипаттамасы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 14 желтоқсандағы
N 1234 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 20 қаңтардағы
N 57 қаулысымен
бекітілген
Нәзір Төреқұлов атындағы "Қазақстан Республикасының сыртқы саясатына қосқан үлесі үшін" медалінің сипаттамасы
Нәзір Төреқұлов атындағы "Қазақстан Республикасының сыртқы саясатына қосқан үлесі үшін" медалі алтынға ұқсас жезден жасалады және диаметрі 34 мм дұрыс шеңбер нысанында болады.
Медальдің алдыңғы бетінде, ортасында Нәзір Төреқұловтың барельефтік бейнесі орналасқан. Суреттің айналасы лавр бұтақтарымен көмкерілген. Медальдің шеттеріндегі ернеуі мен лавр бұтақтарының арасында "Қазақстан Республикасының сыртқы саясатына қосқан үлесі үшін" деген жазу орналасқан. Медальдің төменгі бөлігінде Нәзір Төреқұловтың суретінің астында "Нәзір Төреқұлов" деп жазылған.
Медальдің сыртқы бетінде, ортасында "Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі" деген жазу орналасқан, жазудың астында екі лавр бұтағы орналасқан. Төменгі бөлігінде медальдің реттік нөмірі орналасқан.
Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар дөңес. Медальдің шеттері ернеумен жиектелген.
Медаль құлақша мен шығыршықтың көмегімен алтынға ұқсас жезден жасалған ені 30 мм және биіктігі 24 мм бес бұрышты тағанмен жалғанады. Тағанның тік бұрышты бөлігі Қазақстан Республикасының туы түстес ені 20 мм жібек қатқыл лентамен қапталған.
Медаль түйреуіштің көмегімен киімге тағылады.

11 "Қазақстан Республикасының сыртқы саясатына қосқан үлесі үшін" Нәзір Төреқұлов атындағы медаль үлгісі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 14 желтоқсандағы
N 1234 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 20 қаңтардағы
N 57 қаулысымен
бекітілген
"Қазақстан Республикасының сыртқы саясатына қосқан үлесі үшін" Нәзір Төреқұлов атындағы медаль үлгісі
Суретті қағаз мәтіннен қараңыз

12 Нәзір Төреқұлов атындағы "Қазақстан Республикасының сыртқы саясатына қосқан үлесі үшін" медаліне берілетін куәліктің сипаттамасы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 14 желтоқсандағы
N 1234 қаулысына
3-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 20 қаңтардағы
N 57 қаулысымен
бекітілген
Нәзір Төреқұлов атындағы "Қазақстан Республикасының сыртқы саясатына қосқан үлесі үшін" медаліне берілетін куәліктің сипаттамасы
Нәзір Төреқұлов атындағы "Қазақстан Республикасының сыртқы саясатына қосқан үлесі үшін" медалінің куәлігі екі парақты, 8х10 см көлемді кітапша болып табылады. Куәліктің тысы көк түсті бумвинилді негіздегі қатырма қағаздан жасалған. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы мен жазулар батыңқы түсірілген алтын түспен жасалған.

13 "Қазақстан Республикасының сыртқы саясатына қосқан үлесі үшін" Нәзір Төреқұлов атындағы медальға қоса берілетін куәліктің үлгісі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 14 желтоқсандағы
N 1234 қаулысына
4-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 20 қаңтардағы
N 57 қаулысымен
бекітілген
"Қазақстан Республикасының сыртқы саясатына қосқан үлесі үшін" Нәзір Төреқұлов атындағы медальға қоса берілетін куәліктің үлгісі
Суретті қағаз мәтіннен қараңыз

Қолданыстағы