О внесении изменения в постановление акимата города Астаны от 20 февраля 2004 года № 3-1-550п "Об утверждении Правил оказания социальной помощи семьям, имеющим детей-инвалидов, воспитывающихся и обучающихся на дому"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата города Астаны от 20 февраля 2004 года № 3-1-550п "Об утверждении Правил оказания социальной помощи семьям, имеющим детей-инвалидов, воспитывающихся и обучающихся на дому"
- Атауы (қаз.)
- "Үйде тәрбиеленетiн және оқытылатын мүгедек балалары бар отбасыларына әлеуметтiк көмек көрсету Қағидасын бекiту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 20 ақпандағы № 3-1-550қ қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 158-711
- Қабылданған күні
- 29.04.2014
- Көрсетілген редакция
- 06.04.2017 80190_177674.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.04.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14ABW00812
- ЭКБ идентификаторы
- 80190
- Редакция идентификаторы
- 80190_177674
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 19:50
0 "Үйде тәрбиеленетiн және оқытылатын мүгедек балалары бар отбасыларына әлеуметтiк көмек көрсету Қағидасын бекiту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 20 ақпандағы № 3-1-550қ қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы, «Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Үйде тәрбиеленетiн және оқытылатын мүгедек балалары бар отбасыларына әлеуметтiк көмек көрсету Қағидасын бекiту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 20 ақпандағы № 3-1-550қ қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 10 наурызда № 314 болып тіркелген, 2004 жылғы 30 наурызда № 41 «Астана хабары», 2004 жылы 30 наурызда № 35 «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген Үйде тәрбиеленетiн және оқытылатын мүгедек балалары бар отбасыларына әлеуметтiк көмек көрсету Қағидасында:
6-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Астана қаласындағы банктер бөлімшелеріндегі жеке есеп-шотының нөмірін көрсетумен әлеуметтік көмек тағайындау туралы өтініш;».
2
2. «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми және мерзімді баспа басылымдарында Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын интернет-ресурста, Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.