О внесении изменений в решение Айыртауского районного маслихата от 20 апреля 2004 года № 3-6-3 "О Правилах предоставления малообеспеченным гражданам жилищной помощи на содержание жилья и оплату коммунальных услуг"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Айыртауского районного маслихата от 20 апреля 2004 года № 3-6-3 "О Правилах предоставления малообеспеченным гражданам жилищной помощи на содержание жилья и оплату коммунальных услуг"
- Атауы (қаз.)
- Айыртау аудандық мәслихатының 2004 жылғы 20 сәуірдегі "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну Ережелері туралы" № 3-6-3 шешіміне өзгертулер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 4-23-7
- Қабылданған күні
- 06.04.2010
- Көрсетілген редакция
- 25.07.2012 52410_119751.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.07.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10SC000118
- ЭКБ идентификаторы
- 52410
- Редакция идентификаторы
- 52410_119751
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:36
0 Айыртау аудандық мәслихатының 2004 жылғы 20 сәуірдегі "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну Ережелері туралы" № 3-6-3 шешіміне өзгертулер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 28-бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабының 2-тармағына сәйкес, Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. Аудандық мәслихаттың үшінші шақырылымдағы алтыншы сессиясының «Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну Ережелері туралы» 2004 жылғы 20 сәуірдегі № 3-6-3 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1272 тіркелген және 2004 жылғы 2 шілдедегі «Айыртау таңы» газетінде, 2004 жылғы 2 шілдедегі «Айыртауские зори» газетінде жарияланған) келесі өзгертулер енгізілсін:
кіріспеде «Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 қарашадағы «Халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгертулер енгізу туралы» № 477-1 ҚРЗ Заңының негізінде» деген сөздер Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97- бабының 2-тармағына сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген шешіммен бекітілген, аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну Ережелерінде:
2-тармақта «30 % көлемінде» деген сөздер «10 % көлемінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақта «Тұрғын үй көмегін алуға құқығы жоқ» деген сөздер «Тұрғын үй көмегін ала алмайды» деген сөздермен ауыстырылсын;
8, 10, 13-тармақтардағы «ауданның еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі» деген сөздер «жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
9 «9.Тұрғын үй жәрдемақыларын тағайындау үшін өтініш беруші Айыртау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне келесі құжаттармен өтінеді:
1 1) тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау туралы өтініш;
2 2) жеке басын куәландыратын құжат;
3 3) Қазақстан Республикасы ұлттық банкінің лицензиясы бар, екінші деңгейлі банктер мен ұйымдарда ашылған жеке есеп шоты, (көшірмесі);
4 4) салықтық тіркеу нөмірі (көшірмесі);
5 5) отбасы мүшелерінің қызмет түрі жөнінде мәлімет (еңбек кітапшасының көшірмесі (бұрынғы жұмыс орны туралы мәлімет), еңбек шартының көшірмесі, өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің табыстары жайлы анықтама, оқу орнынан анықтама және басқалар);
6 6) жұмыссыздар тұрғылықты жер бойынша жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті органның анықтамасын тапсырады;
7 7) дәрігерлік-әлеуметтік сараптама қорытындысы;
8 8) отбасы құрамын (азаматтарды тіркеу кітабы) және тіркеуін, мекен жайын растайтын құжат;
9
9) тұрғын үйге құқығын анықтайтын құжаттардың көшірмесі (ордер, тұрғын үйді жекешелендіру туралы шарт, сату-сатып алу шарты, сыйға беру шарты, мұрагерлік құқығы туралы куәлік, жалдау (жалға алу) шарты, пәтердің меншік құқығын тану жөніндегі сот шешімі, тіркеулік куәлігі, пәтердің техникалық төлқұжаты және басқалар);
10 10) өтініш берушінің отбасы жағдайын анықтайтын құжат (неке туралы немесе некені бұзу туралы, өлгені туралы куәлік, N 4 нысандағы азаматтық жағдайы жазбасынан анықтама, жалғызбасты 65 жастан асқан адамдарды қоспағанда);
11 11) тұрғын үйді ұстау бойынша, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация қызметтерінің түбіртектері немесе шарты, архитектура бөлімінен орталықтандырылған жылудың жоқтығы мен пешпен жылынатын үйге берілген анықтама;
12 12) тіркелген жылжымайтын мүліктерге құқының жоқтығы жайлы (арнайы комиссия шешімі бойынша, қажеттілігі жағдайында) анықтама;
Құжаттың түпнұсқасы мен көшірмесі салыстырып тексеру үшін тапсырылады, одан соң түпнұсқа өтініш берушіге қайтарылып беріледі.
Құжатты қабылдаған тұлға, құжаттарды қабылдағаны туралы талон береді.».