Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 мая 2005 года N 481

Қаулы · № 519 · қабылданған 27.05.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2005-n-481/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 мая 2005 года N 481 Күшін жойған Қаулы ·№ 519 ·27.05.2005
09.11.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.11.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 мая 2005 года N 481

Күшін жойған Қаулы ·№ 519 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 мая 2005 года N 481
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 20 мамырдағы N 481 қаулысына өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
519
Қабылданған күні
27.05.2005
Көрсетілген редакция
09.11.2010 AI24183_2.kaz
Соңғы өзгеріс
09.11.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P050000519_
ЭКБ идентификаторы
24183
Редакция идентификаторы
AI24183_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 18:41

0 Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 20 мамырдағы N 481 қаулысына өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. "Конкурстық өтiнiмнің демпингтiк бағасын айқындау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 20 мамырдағы N 481 қаулысына (2005 жылғы 24 мамырдағы "Казахстанская правда" N 132-133 (24742-24743)) мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:

жоғарыда көрсетілген қаулымен бекiтiлген Конкурстық өтiнiмнiң демпингтiк бағасын айқындау ережесiнде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Ықтимал жеткiзушiнiң тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге (консультациялық қызметтердi; өндiрiстiк және тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ өзге де көлемдi, жазықтағы немесе желілiк объектiлердi салуға, қайта жаңартуға, техникалық қайта жарақтандыруға және күрделi жөндеуге арналған мердiгерлiк жұмыстарды қоспағанда) арналған конкурстық өтiнiмнiң бағасы, егер ол конкурсқа қатысу үшiн ұсынылған барлық конкурстық өтінiмдердiң орташа арифметикалық бағасынан, сондай-ақ конкурсқа қатыспайтын және осы Ереженiң 3-тармағына сәйкес конкурс мәнiне ұқсас бiркелкi тауарлар, жұмыстар мен қызметтер (консультациялық қызметтердi; өндiрiстiк және тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ өзге де көлемдi, жазықтағы немесе желiлiк объектiлердi салуға, қайта жаңартуға, техникалық қайта жарақтандыруға және күрделi жөндеуге арналған мердiгерлiк жұмыстарды қоспағанда) бойынша баға туралы өз ақпаратын берген өзара аффилиирленбеген кемiнде үш жеке және/немесе заңды тұлғалардың бағасынан отыздан астам пайызға төмен болған жағдайда демпингтік болып танылады.";
мынадай редакциядағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
"5-1. Ықтимал жеткізушінің өндiрiстiк және тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ өзге де көлемдi, жазықтағы немесе желiлiк объектілердi салуға, қайта жаңартуға, техникалық қайта жарақтандыруға және күрделi жөндеуге арналған мердiгерлiк жұмыстарға берiлген конкурстық өтiнiмiнiң бағасы жобалау-сметалық құжаттамада көзделген, мемлекеттік сараптамадан өткен және белгіленген тәртіппен бекітілген бағадан отыз және одан көп пайызға артық болған жағдайда демпингтік болып танылады.".

2 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы