Сарыағаш аудандық мәслихатының 20 желтоқсан 2005 жылғы № 19-1-241
шешімімен бекітілген «2006 жылға арналған аудандық бюджетке» ішінара өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Қазақстан Республикасының Заңына және 2004 жылғы 24 сәуірдегі №548-II Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексіне, Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 25 мамырындағы № 466 қаулысымен 2006 жылға арналған аудандық бюджетке ішінара өзгерістер енгізу жобасын қарай келіп, аудандық мәслихаттың сессиясы ШЕШТІ:
Сарыағаш аудандық мәслихатының 20 желтоқсан 2005 жылғы № 19-1-241 шешімімен бекітілген «2006 жылға арналған аудандық бюджетке» ішінара өзгерістер енгізу туралы от 03.06.2006 г. № 23-1-282 (Сарыағаш аудандық мәслихатының 20 желтоқсан 2005 жылғы № 19-1-241 шешімімен бекітілген «2006 жылға арналған аудандық бюджетке» ішінара өзгерістер енгізу туралы)
1. 2005 жылғы 20 желтоқсандағы аудандық мәслихаттың «2006 жылға арналған аудандық бюджет туралы» (Сарыағаш аудандық әділет басқармасында 2005 жылдың 26 желтоқсанда № 14-11-36 нөмірімен тіркелген, «Сарыағаш» газетінің 2006 жылғы 4 қаңтардағы № 1 санында жарияланған және Сарыағаш аудандық әділет басқармасында 2006 жылдың 24 қаңтарында № 14-11-43 нөмірімен тіркелген, «Сарыағаш» газетінің 2006 жылғы 1 ақпанындағы № 10 санында жарияланған №20-2-253, Сарыағаш аудандық әділет басқармасында 2006 жылдың 4 сәуірінде №14-11-49 нөмірімен тіркелген, «Сарыағаш» газетінің 2006 жылғы 12 сәуіріндегі № 33 санында жарияланған № 21-7-261 шешімдерімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген, Сарыағаш аудандық әділет басқармасында 2006 жылдың 28 сәуірінде №14-11-51 нөмірімен тіркелген, «Сарыагаш» газетінің 2006 жылғы 7 мамырындағы № 42 санында жарияланған № 22-1-281 шешімдерімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) № 19-1-241 шешіміне ішінара өзгерістер енгізілсін:
1) Аталған шешімнің №1 қосымшасы ішінара өзгерістер енгізілуіне байланысты осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы шешім Сарыағаш аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен соң бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланғаннан кейінгі 10 күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізілсін.