Қолданыстағы ред. 14.07.2006 (Редакция 29091_311699.kaz)

Сарыағаш аудандық мәслихатының 20 желтоқсан 2005 жылғы № 19-1-241 шешімімен бекітілген «2006 жылға арналған аудандық бюджетке» өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы от 14.07.2006 г. № 25-1-294 (Сарыағаш аудандық мәслихатының 20 желтоқсан 2005 жылғы № 19-1-241 шешімімен бекітілген «2006 жылға арналған аудандық бюджетке» өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы)

0

Сарыағаш аудандық мәслихатының 20 желтоқсан 2005 жылғы № 19-1-241
шешімімен бекітілген «2006 жылға арналған аудандық бюджетке» өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Қазақстан Республикасының Заңына және 2004 жылғы 24 сәуірдегі №548-11 Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексіне, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2006 жылғы 30 маусымдағы №24/266-111 шешіміне және Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 5 шілдедегі № 658 қаулысымен 2006 жылға арналған аудандық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобасын қарай келіп, аудандық мәслихаттың сессиясы ШЕШТІ:

1

1. 2005 жылғы 20 желтоқсандағы аудандық мәслихаттың «2006 жылға арналған
аудандық бюджет туралы» (Сарыағаш аудандық әділет басқармасында 2005 жылдың 26 желтоқсанда № 14-11-36 нөмірімен тіркелген, «Сарыағаш» газетінің 2006 жылғы 4 қаңтардағы № 1 санында жарияланған және Сарыағаш аудандық әділет
басқармасында 2006 жылдың 24 қаңтарында № 14-11-43 нөмірімен тіркелген, «Сарыағаш» газетінің 2006 жылғы 1 ақпанындағы № 10 санында жарияланған № 20-2-253, Сарыағаш аудандық әділет басқармасында 2006 жылдың 4 сәуірінде №14-11-49 нөмірімен тіркелген, «Сарыағаш» газетінің 2006 жылғы 12 сәуіріндегі № 33 санында жарияланған № 21-7-261 шешімімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген, Сарыағаш аудандық әділет басқармасында 2006 жылдың 28 сәуірінде №14-11-51 нөмірімен тіркелген, «Сарыағаш» газетінің 2006 жылгы 7 мамырындағы № 42 санында жарияланған № 22-1-281 шешімімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген, Сарыағаш аудандық әділет басқармасында 2006 жылдың 15 маусымында №14-11-53 нөмірімен тіркелген, «Сарыағаш» газетінің 2006 жылгы 18 маусымындағы № 55 санында жарияланған № 23-1-282 шешімімен ішінара өзгерістер енгізілген) № 19-1-241 шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1

1) 1-тармақта
1) тармақшадағы:
«4017607» сандары «4050997» сандарымен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы:
«4040293» сандары «4073683» сандарымен ауыстырылсын.

2

2) Аталған шешімнің №1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

2

2. Осы шешім Сарыағаш аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен соң бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланғаннан кейінгі 10 күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізілсін.