Бәйдібек аудандық мәслихатының 20 желтоқсан 2005 жылғы № 21/104 «2006 жылға арналған аудан бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II Заңының 31 бабының 1 тармағының 1 тармақшасына, 2004 жылғы 24 сәуірдегі №548-II «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне» және 09 қазан 2006 жылғы аудан әкімдігінің №14 қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Бәйдібек аудандық мәслихатының 20 желтоқсан 2005 жылғы № 21/104 «2006 жылға арналған аудан бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы от 13.10.2006 г. № 30/151 (Бәйдібек аудандық мәслихатының 20 желтоқсан 2005 жылғы № 21/104 «2006 жылға арналған аудан бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы)
1. Бәйдібек аудандық мәслихатының 2005 жылғы 20 желтоқсандағы «2006 жылға арналған аудан бюджеті туралы» (Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек аудандық әділет басқармасында 2005 жылғы 28 желтоқсанда №14-5-13 нөмірімен тіркелген және 2006 жылғы 6 қаңтарда «Алғабас» газетінің 2 санында жарияланған, аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 16 қаңтардағы №23/119, 2006 жылғы 20 наурыздағы №25/134, 2006 жылғы 10 сәуірдегі №26/133, 2006 жылғы 9 маусымдағы №28/142, 14 шілде 2006 жылғы №29/146 шешімдерімен өзгеріс енгізілген) №21/104 шешіміне мына төмендегіше өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
2. Аталған шешімнің №1, 3 қосымшалары осы шешімнің №1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Осы шешім Бәйдібек аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енеді.