О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 июля 2005 года № 754
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 июля 2005 года № 754
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі N 754 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 324
- Қабылданған күні
- 14.03.2009
- Көрсетілген редакция
- 25.04.2015 AI44785_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.04.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P090000324_
- ЭКБ идентификаторы
- 44785
- Редакция идентификаторы
- AI44785_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:34
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі N 754 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. "Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі N 754 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 30, 392-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету ережесінде:
73-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Бейнекомпьютерлер, көп функционалды дабылдату жүйелері, телефакстер, мәтіндік хабарламалы және хабар қабылдайтын жинақы телефондар, саңыраулар мен нашар еститін адамдарға арналған сағаттар, кемінде 5 жылдан кейін ауыстырылады.";
мынадай мазмүндағы 90-1-тармақпен толықтырылсын:
"90-1. Тифломагнитолалар, компьютерлік тифлокешендер, Брайль жүйесі бойынша жазуға арналған құрал, диктофондар, дыбыс жазбаны қайта тыңдауға арналған плейерлер, нашар көретін адамдарға арналған сағаттар кемінде 5 жылдан кейін ауыстырылады.
Оқитын машиналар кемінде 3 жылдан кейін, жіңішке таяқтар, Брайль жүйесі бойынша жазуға арналған грифель - 2 жылдан кейін ауыстырылады.";
2 2) көрсетілген қаулымен бекітілген Жеке оңалту бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін жеке көмекшінің және естімейтіндігі бойынша мүгедектер үшін жылына отыз сағат ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін көрсету ережесінде;
7-тармақтың сегізінші абзацы алып тасталсын;
10-тармақтың 1) тармақшасындағы ", бос уақытын, демалысын өткізуіне, тауарлар мен қызметтер сатып алуына" деген сөздер алып тасталсын;
көрсетілген Ережеге қосымшада:
1-тармақтың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"14) протездеуге жарамсыз жүріп-тұру құралдарын пайдалануды қиындататын, қолдардың білінетін функционалдық бұзушылықтары бар балтырлардың ампутациялық тұқылдары;";
2-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Ымдау тілінің машықтарын меңгерген мүгедекке ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін көрсетуге:";
3) тармақшадағы "III-" деген сан алып тасталсын.